Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясы туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекiту туралы" қаулысына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31 бабы 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес, Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi аудандық комиссия құрылсын (қосымша). Нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi аудандық комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекiтiлуге ұсынылсын.
2. Қоса берiлiп отырған нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi аудандық комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Ж. Зейнеловке жүктелсiн.
Аудан әкiмi
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкiмиятының
2003 жылғы қаулысына қосымша
Нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен
күрес жөнiндегi аудандық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Зейнелов Қойшыбай Жүрмағанбетұлы |
аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссияның төрағасы |
Жайсанбаев Жанөбiл Сақтағанұлы |
"Науырзым аудандық iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi бастығының орынбасары, төрағаның орынбасары |
Қазыбаев Сәбит Сағитұлы |
аудан әкiмi аппаратының жетекшi маманы, комиссияның хатшысы |
Комиссияның мүшелерi: |
|
Бекбаев Жұматай Тiлепұлы |
"Науырзым ауданы мәдениет бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы |
Досмағамбетова Жұмакүл Мешелқызы |
"Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаментiнiң Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi |
Едiресов Халит Iлиясұлы |
аудан әкiмi аппаратының iшкi саясат бөлiмiнiң бастығы |
Төлебаев Әдiлхан Қарсақұлы |
"Науырзым аудандық iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң қылмысты iздестiру бөлiмiнiң төтенше уәкiлеттi өкiлi |
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 9 қазандағы
№ 155 қаулысымен бекiтiлген
Нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен
күрес жөнiндегi аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Комиссияның қызметiнiң негiзгi мақсаты Науырзым ауданында 2003-2005 жылдары нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрестi қамтамасыз ету болып табылады.
1. Аудандық нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi комиссия аудан әкiмiне қазiргi заңдар бойынша берiлген өкiлеттiгiн пайдалана отырып, нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттiк органдар, мекемелер және қоғамдық бiрлестiктердiң жұмысын үйлестiретiн кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өзiнiң жұмысын Конституцияға, қолданыстағы заңдарға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия өзiнiң құзырына қатысты мәселелер бойынша қорытынды жасайды, ұсыныстар әзiрлейдi, мәселе сипаты мен мазмұнына қарай комиссия хаттамасымен, немесе әкiмнiң Науырзым ауданы аумағында көшi бар шешiмiмен, өкiмiмен рәсiмделедi.
4. Комиссия аудан әкiмiнiң орынбасары болып табылатын төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Төрағаның орынбасары лауазымы бойынша ауданның iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары болып табылады.
5. Комиссияның сандық құрамы мен құрылымы әкiмияттың қаулысымен бекiтiледi.
6. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi.
7. Комиссия жұмысында алқалық және жариялылықты ұстанады.
8. Комиссия өзiнiң жұмысын Ережеде көрсетiлген негiзгi мiндеттер мен қызметтер негiзiнде мемлекеттiк органдар, мекемелер және қоғамдық бiрлестiктермен үйлестiредi.
9. Комиссия өзiнiң кезектi жиналыстарын тоқсан сайын өткiзедi. Кезектен тыс жиналыстар аудан әкiмiнiң, комиссия төрағасының немесе комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан көбiнiң бастамашылығымен шақырылады.
3. Комиссия төрағасының өкiлеттiлiгi
10. Комиссияның төрағасы:
1) комиссияның жұмысын ұйымдастырады және оның жұмысын басқарады, комиссия мүшелерi мен мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң лауазымды тұлғалары орындауға мiндеттi шешiмдер шығарады және нұсқау бередi;
2) мемлекеттiк және басқару органдарымен, қоғамдық бiрлестiктермен және азаматтармен құзырына кiретiн мәселелер бойынша бiрлесiп жұмыс iстейдi;
3) комиссияның жұмысы бойынша есеп бередi;
4) осы Ережеде, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен тапсырмаларында қарастырылған басқа да өкiлдiктердi орындайды.
4. Комиссия мүшелерiнiң өкiлеттiлiгi
11. Комиссияның мүшелерi:
1) комиссия алқасының құзырына кiретiн мәселелердi қарастыру кезiнде кеңесшi дауыс беру құқығына ие;
2) комиссияның қабылдаған шешiмiне келiспеген жағдайда, жазбаша немесе ауызша әкiмге жеткiзiлетiн ерекше пiкiр айтуға құқылы;
3) комиссия төрағасының тапсырмаларын орындауға мiндеттi;
4) комиссия төрағасының рұқсатымен мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң лауазымды тұлғаларынан нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыру мәселелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi сұрауға құқылы;
5) комиссия төрағасының тапсырмасымен нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, мекемелер мен қоғамдық бiрлестiктердiң жиналыстары мен отырыстарына қатысуға құқылы.
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi
12. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi:
1) Науырзым ауданында нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес бағдарламасын жүзеге асыру жөнiнде шараларды әзiрлеп, әрi қарай мәслихатта бекiту үшiн әкiмияттың отырысына жiбередi;
2) аудан аумағында нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi бағдарламада қаралған шаралардың тиiстi дәрежеде және уақытында орындалуын қамтамасыз етедi;
3) аудан аумағында есiрткi заттары мен психикаға әсер ететiн заттардың заңсыз таратылуына байланысты болатын қылмыстардың жағдайын, дамуын, құрылымы мен деңгейiн талдау және есiрткiге қарсы саясатты, сонымен қатар есiрткi заттары мен психикаға әсер ететiн заттарды қолдану деңгейiн төмендету бойынша ұсыныстар енгiзедi;
4) есiрткi заттары және психикаға әсер ететiн заттарға байланысты құқық бұзушылық және қылмыстық алдын алу бойынша жиынтық шаралар жүйесiн әзiрлеу, ұйымдастыру және орындауға қатысады;
5) құқық қорғау органдарымен бiрiге отырып есiрткi заттары мен психикаға әсер ететiн заттардың заңсыз дайындалуын, таралуын және пайдалануын табу, болдырмау және тоқтатуға бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады, сондай-ақ тұрғылықты жерi бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұрған есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту проблемаларын шешуге ықпал етедi;
6) мәдениет және адамгершiлiктi қалыптастыру саласында жұмыс iстейтiн бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау органдары, мәдениет, ғылым және бiлiм мекемелерi, қоғамдық бiрлестiктермен жастар арасында есiрткiге қарсы идеология жүйесiн және салауатты өмiр салтын насихаттау жүйесiн құрып, жүзеге асыру мақсатында бiрлесiп жұмыс iстейдi.
13. Комиссияның негiзгi құқықтары:
1) өзiнiң құзыры аясында нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күресу саясатын жүзеге асыруға қатысатын барлық мемлекеттiк органдар, мекемелер мен қоғамдық бiрлестiктерден ақпараттар сұрау және алу;
2) нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күресу саласында көкейтестi және қоғамдық маңызы бар мәселелердi әкiмияттың және мәслихат сессиясының қарауына ұсыну;
3) барлық мемлекеттiк органдар, мекемелер және қоғамдық бiрлестiктердiң лауазымды қызметкерлерiнiң баяндамалары мен есептерiн тыңдау;
4) нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күресу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Агенттiгiне нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес саласында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу болып табылады.
14. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) жұмысын үйлестiретiн мемлекеттiк органдардың қолданыстағы заңдарға сәйкес өздерiнiң құзырына жататын қызметтердi жүзеге асыру кезiнде дербестiгiн қамтамасыз етедi;
2) аудан әкiмiне комиссияның жұмысы, аудандағы нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жағдайы және оны дамыту жолдары туралы есеп бередi.