Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 30.06.2011 N 112/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы Нұсқаулық (бұдан әрi-Нұсқаулық) бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары В.З. Бочинге жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы "24" қыркүйек
"Коммуналдық заңды тұлғаларға
бекiтiлген мүлiктi есептен
шығарудың тәртiбi туралы
Нұсқаулықты бекiту туралы"
N 207/9 қаулысымен
бекiтiлген
Коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiктi есептен шығару тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнде, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарында қолданылмайтын қару жарақты, әскери техниканы, қорғаныс объектiлерi мен өзге де әскери мүлiктi қоспағанда, табиғи немесе сапалық тозуының салдарынан, табиғи апаттар мен авариялардың нәтижесiнде жарамсыздыққа келген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға (бұдан әрi - Мемлекеттiк кәсiпорындар) және коммуналдық мемлекеттiк мекемелерге (бұдан әрi - Мемлекеттiк мекемелер) бекiтiлген мүлiктердi есептен шығару тәртiбiн анықтайды.
2. Нұсқаулық Мемлекеттiк кәсiпорындар мен Мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi құрал-жабдықтарына (активтерiне) жататын мүлiкке таратылады.
3. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен Мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығаруға қажеттi құжаттаманы ресiмдеу осы Нұсқаулықтың 9-тармағында белгiленген шарттарды ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес құрылатын комиссия (бұдан әрi - Комиссия) тұжырымының негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Комиссия Мемлекеттiк кәсiпорын немесе Мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығымен құрылады.
Мемлекеттiк кәсiпорындарда құрылатын Комиссияның құрамына мiндеттi түрде:
Мемлекеттiк кәсiпорнының бас инженерi немесе басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
бас бухгалтер немесе оның орынбасары;
мүлiктiң сақталуына жауапкершiлiк жүктелген тұлғалар енгiзiледi.
Мемлекеттiк мекемелерде құрылатын Комиссияның құрамына мiндеттi түрде:
Мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы);
бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесi бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда бухгалтерлiк есеп жүргiзу жүктелген тұлға);
мүлiктiң сақталуына жауапкершiлiк жүктелген тұлғалар енгiзiледi.
Мүлiктiң жекелеген түрлерiн есептен шығаруда Комиссия құрамына тиiстi мамандар (сарапшылар) енгiзiледi.
2. Мүлiктi есептен шығару тәртiбi
5. Табиғи және сапалы тозудың салдарынан қызметiнiң белгiленген мерзiмдерi өтiлгеннен кейiн, дүлей апаттар мен авариялардың нәтижесiнде өндiрiстiк мәнiн толығымен жоғалтқан, егер оны қалпына келтiру экономикалық жағынан орынсыз немесе мүмкiн емес болғанда, мүлiк Мемлекеттiк кәсiпорындар мен Мемлекеттiк мекемелердiң балансынан шығарылады.
6. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 2010.01.21 N 3/1 қаулысымен.
7. Мемлекеттiк орган болып табылатын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығару олардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы әкімдігінің 2010.01.21 N 3/1 қаулысымен.
8. Жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталынатын және мемлекеттiк органдар емес Мемлекеттiк мекемелер мүлкiн есептен шығару мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiм бойынша iске асырылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы әкімдігінің 2010.01.21 N 3/1 қаулысымен.
9. Комиссия техникалық құжаттаманы, сонымен қатар бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiн қолдана отырып, есептен шығаруға жататын мүлiктi тексерiп қарайды және көрсетiлген мүлiктi қайта қалпына келтiру және одан әрi қолдануға жарамсыздығын анықтайды, осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген есептен шығарылудың себептерiн айқындайды, есептен шығарылып отырған мүлiктiң жекелеген түйiндерi, бөлшектерi, материалдарын қолдану мүмкiндiгiн анықтайды, оларды бағалайды, мүлiктiң мерзiмiнен бұрын қолданыстан шығарылуына айыпты болған тұлғаларды анықтайды және акт жасайды. Комиссияның қызметi арнайы бiлiмдердi қажет еткен жағдайда, оның құрамына тиiстi мамандарды (сарапшыларды) енгiзедi.
Есептен шығару актiлерi бекiтiлгенге дейiн мүлiктi ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етiлмейдi.
Мүлiктi жоюдан алынған барлық бөлшек, торап, қосалқы бөлшек, материал және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрi - материалдар) үш топқа бөлiнедi:
Бiрiншi топ - тiкелей қызметi бойынша олардың болжамалы пайдалануының бағасы бойынша бухгалтерлiк есептiң тиiстi шоттар кiрiсiне алынуға мiндеттi одан әрi қолдануға жарамды материалдар.
Екiншi топ - қайталама шикiзат ретiнде (қара, түстi және асыл материалдар, көнерген материал, отын және т.б.) кiрiске алынатын тiкелей қызметi бойынша одан әрi қолдануға жарамсыз материалдар.
Үшiншi топ одан әрi қолдануға жарамсыз материалдар. Осы топтың материалдары жойылуға жатады, бұл туралы акт жасалады.
10. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен Мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген себептердiң салдарынан есептен шығару белгiленген нысандағы (ОС-3, ОС-3 бюджет, ОС-4, 443, 444) актiлерiмен 3 данада ресiмделедi.
11. Комиссия 3 данада жасаған Мемлекеттiк кәсiпорындар мен Мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығару актiлерi осы Нұсқаулықтың 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес құжаттардың мына тiзiмiмен:
1) Комиссия хаттамасы;
2) авария жағдайында тиiстi лауазымды тұлға жасаған және бекiткен уақиға актiсiнiң көшiрмесi мемлекеттiк басқару органдарына келiсуге жiберiледi.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы әкімдігінің 2010.01.21 N 3/1 қаулысымен.
12. Мемлекеттiк мекеме мен Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкiн есептен шығару актiлерi келiсiлген жағдайда жоғарғы сол жақ бұрышта "Келiсiлдi" деген белгi, күнi, тиiстi мемлекеттiк басқару органының мөрiмен бекiтiлген басшының қолы қойылады.
Актiнiң, комиссия хаттамасының (уақиға актiсiнiң көшiрмесiнiң) бiр данасы тиiстi уәкiлеттi органда қалады, қалған екеуi Мемлекеттiк кәсiпорын немесе Мемлекеттiк мекемеге берiледi.
13. Келiсiлмеген жағдайда, мүлiктi есептен шығарудан бас тарту дәлелденуiмен құжаттардың пакетi Мемлекеттiк кәсiпорын немесе Мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
3. Қорытынды ережелер
14. Есептен шығарудың қолданылып жүрген тәртiбi бұзылған жағдайда бұған айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
15. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шешiледi.