Павлодар облысы әкімдігінің коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы N 3/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 қаңтарда N 3153 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 112/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 30.06.2011 N 112/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 50-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі "Коммуналдық мүлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 70/4 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3112 болып тіркелген, "Звезда Прииртышья" газетінің 2008 жылғы 24 мамырдағы N 56 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті мүліктік жалға беру жөніндегі нұсқаулықта:
      37-тармақтағы "міндетті" деген сөз "құқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      40-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "40. Тендер жеңімпазы мүліктік жалдау шартын жасасудан бас  тартқан жағдайда жалдаушы жаңа тендер өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.";
      46, 47, 48-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
      "46. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы кәсіпорындардың балансындағы мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) тапсырудан түскен ақшалай қаражатты жалдаушы тиісті жергілікті бюджеттердің кірісіне жібереді.
      47. Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) тапсырудан түскен қаражатқа және тиімді пайдаланылуына есеп жүргізу мақсатында коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар әрбір тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейін облыс қаржы басқармасына қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті ұсынады.
      48. Мүліктік жалға (жалдауға) түскен мүлікті тапсырудан түскен  ақшалай қаражаттың дұрыс есептелуіне және аударылуын бақылауды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар жүзеге асырады.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықта:
      10-тармақтың 1)-тармақшасы алынып тасталсын;
      24-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "24. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін Жалдаушы Объектілер мен тендер өткізу ережелері туралы ақпаратты ұсынады.";
      48-тармақтың 5-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "5) Объектіні Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 29-бөлімімен белгіленген шарт талаптарына сәйкес пайдалану Жалдаушының міндеті болып табылады.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен өтеуін төлеп алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі нұсқаулықта:
      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "2. Мүлікті кейіннен өтеуін төлеп алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруді Құрылтайшы уәкілетті органның шешімі негізінде іске асырады.
      Шешімде:
      1) Пайда алушы туралы нұсқау;
      2) пайда сипаты;
      3) беру тәсілі көрсетілуі тиіс.";
      Уәкілетті орган шешімін әзірлеуші балансында тапсырылатын мүлік бар ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғаға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады.";
      6-тармақ:
      "әлеуметтік бағыттағы" деген сөздерден кейін "немесе Қазақстан  халқының ұлтаралық келісім, ұлттық мәдениеттерін, тілдері мен дәстүрлерін жаңғырту, сақтау және дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүргізетін" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сеніп берілген мүлікті ұстау және сақтау" деген сөздерден кейін, "жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерден басқасы";
      6-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті органдар әлеуметтік бағыттағы объектілер бойынша қаржы пайдасының мөлшеріне қатысты төмендететін коэффициенттерді белгілей алады, бірақ олар осы Мүлік үшін төленетін жалдау ақысының базалық (ең төмен) мөлшерлемесінен 10%-дан төмен болмау керек.";
      7-тармақтағы "қолдаухаттар" деген сөз "шешімдер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармақтың 1-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "1) тендер шарттарын әзірлеу және Құрылтайшының бекітуіне енгізу".
      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі "Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" N 207/9 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2067  болып тіркелген, "Звезда Прииртышья" газетінің 2003 жылғы 30 қазандағы N 121 нөмірінде, "Сарыарқа самалы" газетінің 2003 жылғы 30 қазандағы N 124 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықта:
      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша жүзеге асырылады.";
      7-тармақтағы "департаментінің келісімі бойынша" деген сөздер "олардың шешімі бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы "және департаментімен" деген сөздер алынып тасталсын;
      11-тармақтағы "Мемлекеттік басқару органымен келісілген  есептен шығару құжаттары Департаментке жазбаша рұқсат алу үшін жіберіледі" деген сөздер алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы           А. Вербняк

Павлодар облысы әкімдігінің   
2010 жылғы 21 қаңтар N 3/1 қаулысына
қосымша             

N

Үй-жай сипаты, мекенжайы

Жалдаушының толық атауы

Үй-жайды  пайдалану мақсаты

Жалдаушы қызметінің түрі

Жалдаушының СТН

Жалдау шартының нөмірі, оны жасасу күні

Жалдау шартының мерзімі

1 2 3 4 5 6 7 8

Кестенің жалғасы

Үй-  жайлардың  жалпы аумағы Айлық жалдау ақысы Ағымдағы жылдың басындағы қарыз (+) асыра төлем (-) Ағымдағы  жылдың басындағы есептеулер Өсімақы Ағымдағы жылдың басындағы түсімдер Есепті кезеңнің басындағы қарыз, асыра төлем Ескерту
9 10 11 12 13 14 15 16

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады