Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 313/9 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңына
, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру шаралары туралы" N 377
Жарлығына
сәйкес, атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы Президентi алға қойған мiндеттердi шешу жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жақсарту мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi Кеңес) құрылсын.
2. Кеңестiң қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмi аппараты басшысының мiндетiн атқарушы М.К.Ержановқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi Қ.Нұрпейiсов
Келiсiлдi:
Облыс прокуроры М.Ахметжанов
Облыс бойынша ұлттық қауiпсiздiк
Комитетi департаментiнiң бастығы Ә.Шаяхметов
Облыс бойынша Әдiлет
басқармасының бастығы Т.Қожамжаров
Облыс iшкi iстер
басқармасының бастығы М.Тұмарбеков
Облыс бойынша қаржы
полициясы департаментiнiң бастығы Н.Түзелбаев
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
"Қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi
үйлестiру кеңесi туралы"
N 259/11 қаулысына қосымша <*>
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 19 ақпандағы N 54/3 қаулысымен.
Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң
құрамы
Нұрпейiсов Қайрат
|
- облыс әкiмi, төраға |
Әбiкешова Сәуле Серiкқызы |
- облыс әкiмi аппараты
|
Комиссия мүшелерi: |
|
Ахметжанов Марат Мұратұлы |
- облыс прокуроры (келiсiм бойынша) |
Әкiмханов Халел Хайроллаұлы |
- облыс әкiмi аппаратының басшысы |
Қожамжаров Темiрболат Жанайдарұлы |
- облыс бойынша әдiлет департаментiнiң бастығы (келiсiм бойынша) |
Түзелбаев Нұрғали Ошпанбайұлы |
- облыс бойынша экономикалық және сыбайлас қылмыспен күрес жөнiндегi департаменттiң (қаржы полициясы) бастығы (келiсiм бойынша) |
Тұмарбеков Мұрат Ахметұлы |
- облыс iшкi iстер басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) |
Шаяхметов Әдiл Шаяхметұлы |
- облыс бойынша ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы (келiсiм бойынша) |
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
"Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi
туралы" N 259/11 қаулысымен бекiтiлдi
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады және облыстың атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi үйлестiру мәселелерi жөнiндегi қызметтерiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн құрылды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен үкiметiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
3. Мыналар:
1) облыстың атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қызметтерiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз ету, құқық тәртiбi мен заңдылықты нығайту;
2) облыстағы криминогендiк жағдайды талдау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi iс-шараларды қарау және бекiту;
3) облыстың атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi қазақстан Республикасы заңдарын, қазақстан Республикасы Президентi мен үкiметiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiн, басқа да нормативтiк актiлерiн орындауының жай-күйiн зерделеу;
4) облыстың атқарушы, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдарының облыста құқық тәртiбi мен заңдылықты қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар дайындауы Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
4. Кеңес мынадай функцияларды:
1) өз мәжiлiстерiнде облыс атқарушы органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастырудың жай-күйiн қарастыруды;
2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ұсыныс дайындауды;
3) өзiнiң құзыретiне жататын басқа да қызметтердi жүзеге асырады.
5. Кеңес негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру барысында:
1) заңнамамен белгiленген тәртiпте атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардан жұмысқа қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастыру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеуге;
3) Кеңес мәжiлiсiне материалдар дайындау үшiн облыс атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдары қызметкерлерiн (келiсiм бойынша) тартуға құқылы.
5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
6. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi, мәжiлiстер қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кем дегенде бiр рет өткiзiледi.
7. Кеңес мәжiлiстерiн төраға, немесе оның тапсырмасы бойынша Кеңестiң бiр мүшесi өткiзедi және олар Кеңес мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысқан уақытта заңды деп есептеледi. Кеңес мәжiлiстерiнiң қорытындылары хаттамалармен ресiмделедi. Кеңес қажетiне қарай талқыланған мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
8. Кеңестiң шешiмдерi мәжiлiске қатысқан Кеңес мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк даусымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып саналады.