Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi еркiн жасақтар туралы

Күшін жойған

Ақсу қалалық әкімиятының шешімі 2003 жылғы 9 сәіурдеге N 12. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 25 сәуірде N 1765 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімінің 2005 жылғы 27 мамырдағы N 8 шешімімен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімінің 2005 жылғы 27 мамырдағы N 8 шешімімен.

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 5 тармақшасына сәйкес және тұрғындарды қоғамдық тәртiптi сақтауға тарту мақсатында ШЕШIМ қабылдамын:
      1. Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiнде меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың ұжымдарының өкiлдерi iшiнен, полицияның учаскелiк пункттерiнiң базасында еркiн жасақтар құрылсын.
      2. Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiнде еркiн жасақтардың ұйымдастырылуы мен қызметiнiң қоса берiлiп отырған қағидасы бекiтiлсiн (әрi қарай - Қағида).
      3. Ақсу қаласы әкiмi жанында қағидаға сәйкес қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi қалалық еркiн жасақтар штабы ұйымдастырылсын (әрi қарай - Еркiн жасақтар штабы)
      4. Қалалық iшкi iстер бөлiмiне еркiн жасақтар штабына тәжiрибелiк, әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетуi ұсынылсын.
      5. Қала әкiмiнiң осы шешiмi облыстық әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап екi апта iшiнде "Ақжол Новый путь" қалалық газетiнде жариялануға жатады. қала әкiмiнiң осы шешiмiнiң жариялануын бақылау қала әкiмi аппараты мемлекеттiк - құқықтық бөлiмiнiң бастығы И.В. Кудашкинаға жүктелсiн.
      6. Қала әкiмдiгiнiң осы шешiмiнiң орындалуын бақылау қала әкiмi аппаратының басшысы Р.Н. Сүленоваға жүктелсiн.

      Қала әкiмi

"Қоғамдық тәртiптi  
сақтау жөнiндегi еркiн
жасақтар туралы" қала әкiмiнiң
2003 жылғы 9 сәуір  
N 12 шешiмiмен БЕКIТIЛДI

Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi еркiн жасақтардың ұйымдастырылуы мен қызметiнiң
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi еркiн жасақтар бөлiмшелерi (әрi қарай - Еркiн жасақтар бөлiмшелерi) меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың еңбек ұжымдары, қалалық iшкi iстер бөлiмiне қоғамдық тәртiптi сақтауда, қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алуда бiрлесiп көмек көрсететiн азаматтардың жұмыс орындары бойынша құрылады.
      2. Еркiн жасақтар бөлiмшелерi қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтардың санынан жеке меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың еңбек ұжымдарының ұсыныстары бойынша еркiн түрде және азаматтың жазған арызының негiзiнде қалыптасады.
      3. Еркiн жасақтар бөлiмшесiнiң мүшесiне (әрi қарай Жасақшылар) қабылдау туралы азаматтардың өтiнiшi Еркiн жасақтар штабы бастығының атына жазылады.
      4. Егер үмiткер өзiнiң жеке iскерлiк және адамгершiлiк қасиетi бойынша жасақшыларға қойылған талаптарға сәйкес болса, онда Еркiн жасақтар штабы бастығының ұсынысы болған кезде үмiткердiң жұмыс орны бойынша кәсiпорын, мекеме, ұйым басшыларының бұйрығымен Еркiн жасақтар бөлiмшесiнiң мүшесiне енгiзiледi.
      5. Еркiн жасақтар бөлiмшесiнiң жалпы басшылық пен iшкi iстер органдарымен өзара үйлесiмдiлiгiн Еркiн жасақтар штабының басшысы жүргiзедi.
      6. Меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және азаматтар қоғамдық тәртiптi сақтауға, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға жасақшыларға бiрлесiп көмек көрсетедi.

2. Негiзгi мiндеттер

      7. Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi еркiн жасақтардың негiзгi мiндетi қалалық iшкi iстер бөлiмiне қоғамдық тәртiптi сақтауға мыналар арқылы көмек көрсетедi:
      қалалық iшкi iстер бөлiмi қызметкерлерiмен көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, көпшiлiк және басқа қоғамдық жерлерде және мәдени көпшiлiк пен спорттық - көрiнiс шараларын өткiзу кезiнде бiрлесiп патрульға шығу;
      қылмыс пен құқық бұзушылықты, оның iшiнде кәмелетке толмағандар арасында алдын алу және ескерту жөнiнде бiрлесiп жұмыс iстейдi.

3. Жасақтар құрылымы және жұмысын ұйымдастыру

      8. Еркiн жасақтар Еркiн жасақтар штабы мен Еркiн жасақтар бөлiмшелерiнен тұрады.
      9. Еркiн жасақтар штабын қалалық iшкi iстер бөлiмi қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң бастығы басқарады.
      10. Әрбiр Еркiн жасақтар бөлiмшесiн қалалық iшкi iстер бөлiмi бастығымен лауазымға тағайындалатын және босатылатын командир басқарады.
      11. Еркiн жасақтар штабының басшысы келесi функцияларды атқарады:
      1) Еркiн жасақтар бөлiмшесi қызметi, қоғамдық тәртiптi сақтау, құқық бұзушылық пен алдын алу мәселелерi бойынша қалалық iшкi iстер бөлiмiмен өзара үйлесiлiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
      2) Еркiн жасақтар бөлiмшесi қызметiн жинақтайды;
      3) қала әкiмi мен қалалық iшкi iстер бөлiм бастығына қоғамдық тәртiптi сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуды жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      4) Меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар басшыларына жасақшыларды көтермелеу мәселесi бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      5) қалалық iшкi iстер бөлiмi бастығына Еркiн жасақтар бөлiмшесiнiң командирлерiн жазалау және көтермелеу мәселесi бойынша ұсыныстар енгiзедi.
      12. Еркiн жасақтар бөлiмшесiнiң командирi келесi функцияларды атқарады:
      1) Еркiн жасақтар бөлiмшесiн басқарады;
      2) Еркiн жасақтар бөлiмшесi мүшелерiн iрiктейдi және оқытады;
      3) Еркiн жасақтар бөлiмшесi мүшелерiнiң кезекшiлiк кестесiн құрады;
      4) Еркiн жасақтар бөлiмшесi мүшелерiнiң қоғамдық тәртiптi сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мiндеттерiн ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды;
      5) Еркiн жасақтар бөлiмшесiнiң қызметiн жетiлдiру жөнiнде шаралар әзiрлеп қолданады;
      6) Кезекке шығудың алдында Еркiн жасақтар бөлiмшесi мүшелерiне қаладағы жедел жағдай туралы, олармен орындалатын мақсаттары мен мiндеттерi нұсқама жүргiзедi.
      13. Еркiн жасақтар штабы айына бiр рет Еркiн жасақтар бөлiмшесiнiң қызметiн талдауға және олардың жұмысын iске асыру жөнiнде шаралар қолдануға отырыстар өткiзедi.

4. Еркiн жасақтар бөлiмшесi мүшелерiнiң мiндеттерi мен құқықтары

      14. Еркiн жасақтар бөлiмшесiнiң мүшесi:
      1) Қоғамдық тәртiптi сақтауға, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға белсендi қатысуға;
      2) Еркiн жасақтар штабының бастығы мен Еркiн жасақтар бөлiмшесi командирiнiң тапсырмалары мен талаптарын адал орындауға мiндеттi.
      15. Еркiн жасақтар бөлiмшесi мүшесiнiң:
      1) Азаматтарға қоғамдық тәртiптi бұзуын тоқтату жайлы өз талаптарын қоюға;
      2) Қажет болған жағдайда қалалық iшкi iстер бөлiмi қызметкерлерiнiң қатысуымен құқық бұзушыны iшкi iстер бөлiмiне немесе полиция учаскелiк пунктiне әкелуге құқығы бар.

5. Көтермелеу және жазалау шаралары

      16. Қоғамдық тәртiптi сақтауға, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға белсендi қатысқан жасақшылар, меншiк нысанына қарамастан жұмыс орны бойынша мекемелер, кәсiпорындар мен ұйымдардың құзыры шегiнде мыналар:
      1) алғыс жариялау;
      2) сыйлық немесе ақшалай сыйлық беру арқылы марапатталады.
      17. Жасақшыларды көтермелеу еңбек ұжымдарының жиындарында салтанатты түрде өткiзiледi.

6. Еркiн жасақтар бөлiмшесiнiң мүшелерiн қорғау шаралары

      18. Еркiн жасақтар бөлiмшесiнiң мүшелерi кезекшiлiк қызметiн атқару кезiнде жарақат алғанда, оларды емдеуге негiзгi еңбек қызметiнiң орны бойынша мекеме, кәсiпорын, ұйымдармен төленедi.

7. Еркiн жасақтар бөлiмшесiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      19. Еркiн жасақтар бөлiмшесiн орналастыру полиция учаскелiк пункттерiнiң базасында жасалады, олардың қызметтiк телефон арқылы жұмыс жасауға құқы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады