Қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет қағидалар туралы

Күшін жойған

Лебяжі аудандық әкімиятының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 11 шешімі. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 23 маусымда N 1894 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 33 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармақ 5 тармақшасына сәйкес және азаматтарды қоғамдық тәртiптi сақтауға қатыстыру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Учаскелiк бөлiмдер полициясы пункттерi негiзiнде барлық меншiк түрлерiнiң еңбек ұжымдары өкiлдерi, ұйымдар мен мекемелер, зейнеткерлер санатынан Ерiктi жасақтар құрылсын.
      2. Аудан әкiмi жанынан қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша Ерiктi жасақтардың аудандық штабы ұйымдастырылсын.
      3. Қоса берiлiп отырған қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет қағидалар бекiтiлсiн.
      4. Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң басшысы Қ.М.Садуақасовқа қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың аудандық штабына құқықтық көмек көрсету ұсынылсын.
      5. Осы шешiм Қазақстан Республикасы әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органында мемлекеттiк тiркеуден өткен уақытынан бастап 2 апта iшiнде ресми жариялансын.
      6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары В.В.Дубовицкийге жүктелсiн.

      Аудан әкiмiнiң
      мiндетiн атқарушы

      Келiсiлдi:

      Лебяжi аудандық iшкi
      iстер бөлiмiнiң басшысы

Аудан әкiмiнiң 2003 жылғы 3 маусымдағы
"Қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша  
Ерiктi жасақтардың қызмет ережелерi туралы"
N 11 шешiмімен бекiтiлген       

Лебяжi ауданының елдi-мекендерiнде қоғамдық тәртiптi
сақтау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелерi

      1. Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi Ерiктi жасақтар бөлiмшелерi құқық бұзушылардың алдын алу және iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi қорғауға көмек көрсету үшiн азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша барлық меншiк түрiндегi мекемелер мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, оқу мекемелерiнiң әкiмшiлiгiмен құрылады.
      2. Ерiктi жасақтар бөлiмшелерi қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтардың өз еркi негiзiнде еңбек ұжымдары, мекемелер мен ұйымдар, оқу мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң ұсынысы бойынша азаматтардың жеке өтiнiшi негiзiнде құрылады.
      3. Жасақтың құрамына қабылдау туралы азаматтардың өтiнiштерi қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтар штабы басшысының атына жазылады (бұдан әрi аудандық штаб).
      4. Жеке басы, қызмет және моральды қасиеттерi бойынша жасақшыларға қойылатын талапқа сай болса, штаб басшысының бұйрығымен ерiктi жасақтар құрамына алынады.
      5. Кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу мекемелерi Ерiктi жасақтар бөлiмшелерiне аудандық  штаб басшысы жалпы басшылық етедi.
      6. Аудандық Ерiктi жасақтар штабы Ерiктi жасақтар бөлiмшелерi мен iшкi iстер органдарының өзара iс-қимыл жасау мәселелерiн үйлестiредi.
      7. Меншiк түрiне қарамастан барлық заңды тұлғалар және азаматтар жасақшыларға қоғамдық тәртiптi қорғау мен құқық бұзушылықтың алдын-алуда көмек көрсетуге құқылы.

2. Негiзгi тапсырмалар мен мiндеттерi

      8. Ерiктi жасақшылардың ең негiзгi тапсырмасы iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi қорғауда  көмек көрсету, атап айтқанда iшкi iстер органдарының қызметкерлерiмен көшелерде, алаңдарда, тұрғын ұй кеңiстiгi мен басқа да, қоғамдық орындарда, сонымен қатар мәдени-массалық және спорттық-ойын сауық  iс-шараларын өткiзу кезiнде патрульдеу, iшкi iстер органдарының маскүнемдiктiң, наркомания мен токсикоманияның, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалар бақылаусыздығының алдын алу бойынша жұмыстарына қатысу.

3. Жасақтар құрылымы және олардың жұмыс қағидасы

      9. Ерiктi жасақтар аудандық штаб пен жасақшылар бөлiмшелерi, мекемелер мен ұйымдар, оқу мекемелерiнен құрылады.
      10. Аудандық штабқа iшкi iстер бөлiмi басшысының қызмет бойынша орынбасары (О.Т.Мырзабаев) басшылық етедi.
      11. Оқу мекемелерi, кәсiпорындар мен ұйымдар Ерiктi жасақтар бөлiмшелерiн штаб басшысы тағайындайтын және босататын командир басқарады.
      12. Аудандық штабтың басшысы келесi қызметтердi атқарады:
      1) Ерiктi жасақтардың iшкi iстер органымен қызметi, қоғамдық тәртiптi қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерi бойынша өзара iс-әрекет жасауды және  үйлестiрудi қамтамасыз етедi, Ерiктi жасақтар бөлiмшелерiнiң қызметiн жинақтап, сараптайды, сонымен қатар жұмыстың нәтижелiлiгiн арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
      2) Аудан әкiмi мен ауданның iшкi iстер бөлiмiнiң басшысының атына құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртiптi қорғауды жақсарту бойынша ұсыныстар енгiзедi, көтермелеу мәселелерiн қарастырады.
      13. Ерiктi жасақтар бөлiмшелерiнiң командирi келесi қызметтердi жүзеге асырады:
      1) Ерiктi жасақтарға басшылық жасайды;
      2) Ерiктi жасақтар мүшелерiн таңдау, оқыту жүргiзедi;
      3) Ерiктi жасақ мүшелерiнiң кезекшiлiк кестесiн құрады;
      4) Ерiктi жасақтардың құқықтық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша мiндеттерiн орындауды  ұйымдастырып, бақылайды;
      5) Ерiктi жасақтар бөлiмшелерiнiң қызметiн жетiлдiру бойынша iс-шаралар дайындап, қабылдайды.
      14. Кезекшiлiктi қабылдау  алдында командир Ерiктi жасақ  мүшелерi үшiн аудандағы оралымды жағдай, олардың атқаратын мақсаты мен мiндетi туралы нұсқаулық өткiзедi.
      15. Аудандық штаб  кемiнде айына бiр рет Ерiктi жасақ қызметiн сараптау олардың жұмысының нәтижелiлiгiн арттыру бойынша шара қабылдау, басқа да мәселелердi талқылап, шешу үшiн мәжiлiс өткiзедi.

4. Ерiктi жасақ  мүшелерiнiң құқығы мен мiндеттерi

      16. Ерiктi жасақ мүшелерi:
      1. қоғамдық тәртiптi қорғау мен құқық бұзушылықтың алдын алуда белсендi қатысуға;
      2. Ерiктi жасақтың командирi мен аудандық штаб басшысының нұсқаулары мен талаптарын орындауға мiндеттi.
      17. Ерiктi жасақ мүшелерi:
      1) Азаматтарға қоғамдық тәртiптi бұзуды тоқтату туралы талап пен үндеу тастауға;
      2) Керек болған жағдайда iшкi iстер органдарының қызметкерлерiмен құқық бұзушыны iшкi iстер бөлiмiне немесе учаскелiк бөлiмге апаруға құқылы.

5. Көтермелеу, ескерту, жаза қолдану

      18. Құқық бұзушылармен күреске белсендi қатысқан жасақшылар мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың құзыры шеңберiнде көтермеленедi.
      1) Алғыс жариялау;
      2) Ақшалы сыйлық немесе сыйлық беру;
      19. Жасақшыларды көтермелеу туралы хабарлау ұйымдар мен мекемелер ұжымының жиынында салтанатты түрде өтiледi
 

      6. Ерiктi жасақтардың бөлiмшелерiн қорғау шаралары

      20. Кезекшiлiк кезiнде ерiктi жасақтар бөлiмшелерiнiң мүшелерi жарақат алған кезде оларды емдеу Ерiктi жасақтардың қызмет етуiне  жергiлiктi бюджеттен қарастырылған қаржы есебiнен төленедi.

7. Ерiктi жасақтарды материалды-техникалық
қамтамасыз ету

      21. Ерiктi жасақтарды басқа аумаққа орналастыру қызмет телефоның қолдану құқығымен учаскелiк бөлiмнiң базасында жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады