Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы

Күшін жойған

Лебяжі аудандық әкімиятының 2003 жылғы 17 маусымдағы N 118/7 шешімі. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 19 тамызда N 2002 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 54/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 54/4 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында жалпы құқықтық оқуларды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" N 2347 қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
      2. Кеңестiң қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.
      3. Кеңестiң жеке құрамы заңнамада белгiленген тәртiпте аудандық мәслихаттың бекiтуiне ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкiмi аппаратының басшысы Н.Т.Қобайдаровқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi

Аудан әкiмiнiң   
2003 жылғы 17 шiлдедегi
"Ауданда құқықтық насихат
пен жалпы құқықтық оқуларды
үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi
туралы" 118/7 қаулысымен
бекiтiлдi     

Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесiнiң ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы Ережелер

      1. Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) аудан атқарушы органдарының мекемелерiнiң, ұйымдарының құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқыту жөнiндегi қызметiнiң ведомствоаралық үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Аудан прокуратурасы, аудан әкiмi аппараты, аудандық iшкi iстер бөлiмi, редакция өкiлдерi Кеңес мүшелерi болып табылады. Кеңес мүшелерiнiң өкiлеттiгiн өзге тұлғаларға беру тек кеңес төрағасының келiсiмi арқылы жүзеге асырылады.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

      3. Мыналар:
      1) Аудан атқарушы органдарының, мекемелерiнiң, ұйымдарының аудандық құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқулар жөнiндегi қызметiнiң өзара ведомствоаралық үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
      2) Аудан атқарушы органдарының, мекемелерiнiң, ұйымдарының аудандық құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқулар жөнiндегi қызметiн талдау.
      4. Аудан атқарушы органдарының, мекемелерiнiң, ұйымдарының аудандық құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқулар саласындағы жұмыстың жағдайын бiрлесiп талдау, аудан атқарушы органдарымен, мекемелерiмен және ұйымдарымен бiрлесе өткiзiлетiн iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу Кеңес қызметiнiң негiзгi түрлерi болып табылады.

3. Кеңестiң функциялары

      5. Кеңес мына функцияларды жүзеге асырады:
      1) Аудан мекемелерi мен ұйымдарында құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқулар жөнiндегi кәсiпорындар мен мекемелер басшыларының осы мәселелер бойынша ақпараттарын тыңдайды.
      2) Аудан атқарушы органдары, мекемелерi, ұйымдары дәрiстiк бағдарламаларының тақырыптық бағытын және кәсiптiк мазмұнын талдайды.
      3) Аудан атқарушы органдарына, мекемелерiне, ұйымдарына тақырыптық жоспарлар құрылған және құқықтық тақырыптағы материалдарды жариялауға тәжiрибелiк көмек көрсетедi.
      4) Кеңестiң құзыретiне енетiн өзге де қызметтердi атқарады.

4. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

      6. Кеңес жартыжылдық жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi. Кеңес мәжiлiсi тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
      7. Мәжiлiстер төрағаның басшылығымен немесе оның ұсынысы бойынша кеңес мүшелерiнiң бiрiнiң басшылығымен өтедi.
      8. Кеңестiң барлық мүшелерiнiң тең жартысы мәжiлiске қатысқан жағдайда ол заңды болып саналады.
      9. Талқылау нәтижелерi мен қабылданған ұсынымдар Кеңес мәжiлiсiнен кейiн екi күн iшiнде толтырылып, хаттамаға тiркеледi. Хаттамаға Кеңес төрағасы мен хатшы қол қойып, барлық қажеттi құжаттармен қоса Кеңес мүшелерiне жiберiледi.

Аудан әкiмiнiң          
2003 жылғы 17 шiлдедегi     
"Ауданда құқықтық насихат   
пен жалпы құқықтық оқуларды  
үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы"
N 118/7 қаулысына қосымша   

Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк Кеңес ҚҰРАМЫ

1. Бейсенов Қайрат Құдайбергенұлы

- аудан прокуроры, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша)

2. Жоламанов Мәди Қаламбекұлы

- аудан әкiмi аппаратының заңгерi, комиссия хатшысы

КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI

3. Сәдуақасов Қанат Манапұлы

- аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң басшысы(келiсiм бойынша)

4. Әмiрғалиев Шәкiрт Төленұлы

- аудан әкiмi аппаратының iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi

5. Iбiжанов Рымбай Байтөренұлы

- аудандық "Аққу үнi" газетiнiң редакторы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады