Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 182/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31 бабы негiзiнде.
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 12 маусымдағы "Алкоголь өнімдерін өндіру мен оның айналымына бақылау жасауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" N 5/1 шыққан қаулысын орындау үшiн аудан аумағында алкоголь өнiмдерi айналымын реттеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, тұтынушылар нарығын сапалы өнiммен қамтамасыз ету, акциздердi толығынан жинау, өндiрушiлер мүдделерi мен тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ етедi:
1. Алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау жөнiндегi аудандық комиссия құрылсын:
Әлжанов Т.Ә. |
- аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы |
Комиссия мүшелерi: |
|
Қоңыржанов Ә.Б. |
- аудан әкiмiнiң экономика бөлiмiнiң бастығы |
Темiржанов Қ.Қ. |
- аудан салық комитетiнiң бастығы |
Сейiтахметов С.Қ. |
- аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы |
Өтеубаева А.Н. |
- аудандық СЭС-тiң бас дәрiгерi |
Литвинова Н.В. |
- аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң бастығы |
Уәлиева К.Б. |
- жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығының Май филиалының бастығы |
2. Алкоголь өнiмдерiн өндiру және оның айналымына бақылау жасау жөнiндегi аудандық комиссияның жұмыс жасау тәртiбiн реттейтiн қағида бекiтiлсiн (қосымша).
3. Аудан әкiмiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы "Аудан әкiмiнiң 2000 жылғы 21 ақпандағы N 42 шешiмiне өзгерту енгiзу туралы" N 287 шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
4. Актi қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Әлжановқа жүктелсiн.
Аудан әкiмi
Аудан әкiмдiгiнiң 2003 жылғы
19 мамырдағы "Алкоголь өнiмдерiн
өндiру мен оның айналымына бақылау
жасау жөнiндегi аудандық комиссия туралы"
N 92/14 қаулысымен бекiтiлдi
Алкоголь өнiмдерiн өндiру және оның айналымына бақылау жасау жөнiндегi аудандық комиссия туралы Қағида
1. Алкоголь өнiмдерiн өндiру және оның айналымына бақылау жасау аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк- кеңесшi орган болып табылды.
2. Комиссия өз қызметiн қазақстан Республика Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заңдарына, кесiмдерiне, облыс және аудан әкiмиятының қаулыларына, облыс әкiмiнiң және аудан әкiмiнiң шешiмдерiне және осы қағидаға сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия өз қызметiн мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынаста жүргiзедi, өз функцияларын алкоголь өнiмдерi айналымы саласында жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарын, ауыл әкiмдерiнiң қолданып жүрген заңнамаға сәйкес алкоголь өнiмдерi айналымы ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiредi және бақылайды.
4. Комиссияның шешiмдерi нұсқау берушiлiк сипатта болады.
2. Комиссия мақсаты, мiндетiмен мен функциялары
5. Комиссияның мақсаты әкiмият пен аудан әкiмiне аудандағы алкоголь өнiмдерi айналымы мәселелерi туралы ұсыныстар, ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
6. Мыналар:
1) аудан аумағында алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау саласындағы бiртұтас саясатты қалыптастыру;
2) аудан әкiмияты мен әкiмiнiң алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу;
3) мемлекеттiк органдардың алкоголь өнiмдерi өндiрiсiне бақылау жасау саласындағы қызметтерiн ведомствоаралық үйлестiру.
7. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Аудан әкiмияты мен әкiмiне аудан аумағындағы алкоголь өнiмдерi нарығының жай-күйi туралы мониторинг пен ақпараттық талдау материалдарын берудi жүзеге асырады;
2) Алкоголь өнiмдерi айналымы саласындағы өз қызметтерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының, ауыл әкiмдерiнiң алкоголь өнiмдерi айналымының ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерiн үйлестiредi және бақылайды;
3) Мемлекеттiк органдардың аудан аумағында алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау жөнiндегi өзара жұмыстарының қарым-қатынас нобайын бекiтедi;
4) құқық қорғау, салық және басқа мемлекеттiк органдардың алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымын бақылау жөнiндегi жұмыс нәтижелерiне талдау жасайды;
5) Алкоголь өнiмдерi айналымы саласындағы өз қызметтерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ауыл әкiмдерiнiң алкоголь өнiмдерi айналымының ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi өз функцияларын жүзеге асырудағы мемлекеттiк органдар басшыларының есептерiн тыңдайды.
8. Комиссияға жүктелген алкоголь өнiмдерi өндiрiсi мен айналымы саласындағы негiзгi мiндеттер мен функцияларды жүзеге асырған кезде ол:
1) аудан мемлекеттiк органдарынан, ауыл әкiмдерiнен комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпараттарды сұратуға;
2) алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасауды жақсарту жөнiнде аудан әкiмiмен мүдделi мемлекеттiк органдарға ұсыныстар жасауға;
3) комиссия құзыры мәселелерiне қатысты нормативтiк-құқықтық кесiмдерiн, жобаларын дайындауға қатысуға;
4) комиссия құзырына қатысты мәселелер бойынша ресми түсiнiктемелер беруге;
5) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Комиссияны төраға - аудан әкiмiнiң орынбасары басқарады. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және қызметiне басшылық жасайды, Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi, өз құзыры шеңберiнде Комиссияның барлық мүшелерiне, ауылдың әкiмдерiне мiндеттi болып табылатын тапсырмалар мен нұсқаулар бередi.