Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Май аудандық әкімиятының 2003 жылғы 17 қазандағы N 153/15 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 24 қарашада N 2112 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 182/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 182/8 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссия құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа бекiтуге ұсынылсын.
      2. Комиссияның ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкiмiнiң орынбасары А.Закирьяновқа жүктеледi.

      Аудан әкiмi

Аудан әкiмдiгiнiң      
2003 жылғы "17"»қазандағы   
"Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы
тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен
белгiлеу жөнiндегi комиссиясының
құру туралы" N 153/15 қаулысымен
бекiтiлген         

Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк
тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясының
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясы - консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзгi Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және басқа нормативтiк-құқықтық актiлер құрайды.

2. Комиссияның мақсаты мен мiндеттерi

      3. Комиссияның негiзгi мақсаты:
      1) Комиссия мүшелерi тұрғын үй қажет ететiндердiң кезектiлiгiн ұйымдастыру.
      4. Комиссияның мiндеттерi:
      1) тұрғын үй қажет ететiндердiң кезектiлiгiн бақылау;
      2) қажеттi құжаттардың тапсырылуын бақылау;
      3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, тұрғын үй қажет ететiндерге кезексiз үй беру туралы шешiм қабылдау.

3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi

      5. Комиссия мәжiлiстерi қажет болғанда, өткiзiледi.
      6. Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгi қатысса , оның мәжiлiстерi құқықты болып саналады.
      7. Мәжiлiске қатысқан комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданып, ұсыныс сипатында болады. Комиссия мәжiлiсiне қатысып отырған мүшелердiң көпшiлiгi дауыс берсе, шешiм қабылданған болып саналады. Дауыс саны тең болса, төрағаның дауысы шешуi болады.

4. Комиссияның құрылуы

      8. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссияның құрамы, заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатында бекiтуге ұсынылады.
      9. Комиссияның төрағасы - аудан әкiмiнiң орынбасары басқарады.
      Комиссия төрағасының орынбасары аудандық коммуналды шаруашылық, көлiк және коммуникация бөлiмiнiң бастығы болады.<*>
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Май аудандық әкімиятының 2004 жылғы 4 мамырдағы N 67/1 қаулысымен.

5. Комиссия өкiлеттiгi

      10. Комиссия өкiлеттi:
      1) тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiн белгiлеу;
      2) тұрғын үйдi алу тәртiбiнiң iс-құжаттары толық болмаған кезде, заңнамаға сәйкес iс-құжаттарды түгелдей жинақтауға сұрау құқылы;
      3) комиссияның мәжiлiстерiнiң қорытындысы бойынша шешiмдер қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады