Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту" туралы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы"» қаулысын іске асыру мақсатында, Алматы қаласының әкімшілігі қаулы етеді:
1. 2003 жылға ұйымдар және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізімдері бекітілсін ( N 1 қосымша).
2. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті (Нұрланов А.Ж.):
1) қала бюджетінің 2003 жылы қоғамдық жұмыстарын өткізуге қарастырылған қаражат шегінде бекітілген тізімдерге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жүргізілсін;
2) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екінші дәрежелі банктердегі жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргізілсін.
3. қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы ең аз айлық екі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
4. қалалық қаржы басқармасы (Тәжібаев Қ.К.) қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге уақытында қаражат бөлінуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі
Әкімшілік хатшысы
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 жылғы 13 қаңтардағы N 1/20
қаулысына№N 1 қосымша
Алматы қаласындағы 2003 жылдағы ұйымдар,
қоғамдық жұмыс көлемдерi мен түрлерiнiң
ТIЗБЕСI*
N№ Жұмыс түрлерi ! iстейтiн адам саны ! Жұмыс берушiлер
|
* Тiзбе, қоғамдық жұмыстарды өткiзу мерзiмi - 0,5 айдан бiр айға дейiнгi есебiнен құрылған. Жұмыс түрлерiне қатысатын адам саны, қатысу ұзақтығы қоғамдық жұмыстарды өткiзуге 2003 жылы қала бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде өзгеруi мүмкiн.
Жұмыссыздардың еңбекақысы жергiлiктi бюджет есебiнен ең аз екi жалақыны құрайды. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Қолданыстағы халықты жұмыспен қамту заңының қоғамдық жұмыстарда еңбекке ақы төлеу бөлiгiнде өзгерiстер болған жағдайда еңбекақыны мөлшерi өзгеруi мүмкiн.
Әкiмшiлiк хатшысы