Алматы қаласы аумағында кең көлемдегi дератизацияның көктемгi және күзгi кезеңiн ұйымдастыру және өткiзу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімінің 2003 жылғы 4 наурыздағы N 1/135 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 14 наурызда N 518 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы қаласы аппарат әкімінің 2005 жылғы 1 тамыздағы N 7-916СК/05 хаты.

      "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361-11  Заңының  30 бабына сәйкес, Алматы қаласы аумағында сұр егеуқұйрықтардың көптеп қоныстануына байланысты және жұқпалы аурулардың тұрғындар арасында таралуының алдын алу мақсатында Алматы қаласының әкiмшiлiгi  қаулы етедi:

      1. Алматы қаласы аумағында кең көлемдегi дератизацияның көктемгi кезеңiн өткiзу-2003 жылдың сәуiр айына, күзгi кезеңiн өткiзу-2003 жылдың қазан айына белгiленсiн.

      2. Алматы қаласындағы аудандардың әкiмдерiне кемiргiштерге қарсы дәрiлеудiң көктемгi және күзгi кезеңiнде көшелердi, үй секторларын, тағам өндiретiн кәсiпорындар мен мекемелер, коммуналдық нысандар, базарлар аумағын, жертөлелiк және қоймалық жайларды санитариялық тазалау мен көркейту шараларын бiр мезгiлде өткiзiп, қоқыс үйiндiлерiн тасып әкету және қоқыс үйiндiлерiнiң пайда болуына жол бермеу мiндеттелсiн.

      3. Меншiк нысандарына қарамастан ұйым, мекеме және кәсiпорын басшылары кең көлемдегi дератизацияның көктемгi және күзгi кезеңiн жүзеге асыру кезiнде ғимараттар мен үй-жайларда дератизациялық шаралардың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн қамтамасыз етiп, оларды санитариялық-техникалық жағдайға келтiрсiн және үй-жайлардың егеуқұйрықтардан қорғалуын қамтамасыз етсiн.

      4. "Халықаралық Алматы Әуежайы" Ашық акционерлiк қоғамы (Ыдырысов Т.А.),«"Алматыметроқұрылыс" Ашық акционерлiк қоғамы (Үкшембаев М.Т.), Темiр жолдың Алматы бөлiмшесi (Агментаев С.Б.) және Алматы қаласы бойынша Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң аумақтық басқармасы (Ұлдарбеков Б.Ұ) ведомстволық кәсiпорындар мен мекемелерде дератизациялық жұмыстардың белгiленген мерзiмде өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

      5. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы (В.Н. Шеянов) кең көлемдегi дератизацияның көктемгi және күзгi кезеңiнiң ұйымдастырылуы мен өткiзiлу сапасына бақылауды қамтамасыз етiп, атқарылған жұмыс туралы есеп берсiн.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.З. Мурзинге жүктелсiн.

 
      Алматы қаласының Әкiмi
      
      Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады