Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясы туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі N 1/228 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 8 мамырда N 530 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 2/211 қаулысымен

      Ескерту: Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 2/211 қаулысымен
_________________________________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы "Жер туралы"  Заңының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының қабылдануына байланысты, өкілетті мемлекеттік органдардың жерге арналған тиісті құқықтарды беру мәселесі бойынша қызметін үйлестіру мақсатында Алматы қалалық Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясы құрылсын.

      2. Бекітілсін:
      1) Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясы туралы Ереже (N 1 қосымша);
      2) Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясының құрамы (N 2 қосымша);
      3) Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясы жұмыс органының құрамы (N 3 қосымша)
      4) Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясы қорытындыларының, нысанды жобалауға және салуға арналған жер учаскесін таңдау және келісу, жер учаскесін мақсатты пайдаланудың өзгеруінің және жер учаскіне арналған құқықтарды рәсімдеу актілерінің түрлері (N 4, N 5 қосымшалар).

      3. Алматы қаласы Әкімінің 1998 жылғы 17 қыркүйектегі "Қала құрылысы және жерді пайдалану бойынша комиссиясы туралы" N 892 шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

       Алматы қаласының
      Әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 ж. "17" сәуірдегі
"Алматы қалалық Қала құрылысы
комиссиясы туралы" N 1/228
қаулысына N 1 қосымша

Алматы қалалық©Қала құрылысының
комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Алматы қалалық©Қала құрылысы комиссиясы (бұдан әрi мәтiн бойынша "Комиссия") Алматы қаласындағы сұраған жер учаскесi бойынша құқық беру немесе одан бас тарту жөнiндегi қорытындыны беру мақсатында құрылады.
      2. Комиссия өз қызметi барысында©Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарды және осы Ереженi басшылыққа алады.

   2 тарау. Комиссияның құрамы

      3. Комиссия Алматы қалалық жергiлiктi атқару органының шешiмiмен құрылады.
      Комиссия құрамына комиссия төрағасы, оның орынбасары және 5 (бес) адамнан тұратын комиссия мүшелерi кiредi.
      Комиссияның төрағасы Алматы қаласының Әкiмi болып табылады.
      4. Комиссия жер учаскенi келiстiру және таңдау актiсi (бұдан әрi мәтiн бойынша - "Таңдау актiсi") негiзiнде қорытынды шығарады.
      5. Таңдау актiсi сәулет және қала құрылысы, көрiктендiру, жол полициясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауiпсiздiгi, экология және биоресурстар және су ресурстары басқармалары жергiлiктi органдары, жер ресурстары жөнiндегi аумақтық орган мамандарының қатысуымен жинақталып, олар комиссияның жұмысшы органын құрайды.
      Жұмысшы органды қала құрылысы жұмыстарына жетекшiлiк ететiн Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары басқарады.
      Комиссия жұмысшы органы өз мәжiлiсiн аптасына бiр рет өткiзедi.

   3 тарау. Комиссияның жұмысшы органының қызметi

      6. Комиссияның жұмысшы органы Алматы қалалық Жер ресурстарын басқару комитетiне және Сәулет және құрылысы департаментiне (бұдан әрi - "Қалалық жер комитетi", "СжҚҚД") жер учаскесiн мақсатты пайдалану жөнiндегi өтiнiшiнiң мүмкiншiлiгi туралы берген ұсыныстарын қарайды.
      Қажет болған жағдайда, жұмысшы органының маманы осы учаске бойынша материалдарды қарау үшiн 7 күн iшiнде сұраған жер учаскесiне барып, Таңдау актiнi келiстiредi немесе өтiнiш берген мақсатта учаскенi пайдалануға болмайтыны жайлы жазбаша түрде қорытындысын бередi.
      7. Жұмысшы органының төрағасы, комиссияның жұмысшы органына кiретiн барлық мамандардың өкiлеттiгiнiң дұрыс пайдаланылуын қадағалайды.

  4 тарау. Комиссияның қызмет мiндетiнiң
құқықтары

      8. Комиссия жұмысшы орган берген Таңдау актiсi негiзiнде сұраған жер учаскенi өтiнiш берген мақсатта пайдалануға мүмкiншiлiгi бар немесе жоқ деп өзiнiң қорытындысын ресiмдейдi.
      9. Өз қорытындысын беру туралы шешiмдi қабылдау үшiн комиссия мүдделi ұйымдарда қосымша ақпарат алуға құқығы бар.
      10. Комиссия қорытындысын ресiмдеу мерзiмi 7 күн.

  5 тарау. Комиссия төрағасының өкiлеттiгi

      11. Комиссия төрағасы:
      1) комиссия қызметiне басшылық жасайды;
      2) комиссияның мәжiлiсiн жүргiзедi;
      3) комиссияның қорытындысына қол қояды.

  6 тарау.©Қорытынды ережелер

      12. Жер учаскесiн өтiнiш берген мақсатқа сай беру үшiн комиссия қорытындысы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiнiң жобасын әзiрлеу үшiн сәулет және қала құрылысы департаментiне жiберiледi.

       Әкiмшiлiк хатшысы

Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 ж. "17" сәуірдегі
"Алматы қалалық Қала құрылысы
комиссиясы туралы" N 1/228
қаулысына N 2 қосымша

Алматы қалалық©Қала құрылысы
комиссиясы құрамы

      Виктор Вячеславович     Комиссия төрағасы,
      Храпунов                Алматы қаласының Әкiмi
 
             Яков Игнатьевич Заяц    Комиссия төрағасының 
                              орынбасары, Алматы
                              қаласының Әкiмiнiң бiрiншi
                              орынбасары
 
             Тiлектес Исабайұлы      Алматы қалалық
      Есболов                 Мәслихатының депутаты
 
             Сұлтан©Қабиұлы          Сәулет және қала құрылысы
      Баймағамбетов           департаментiнiң бастығы
 
             Абай Есболұлы           Алматы қалалық жер 
      Сапаров                 ресурстарын басқару
                              жөніндегi комитеттiң
                              төрағасы

Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 ж. "17" сәуірдегі
"Алматы қалалық Қала құрылысы
комиссиясы туралы" N 1/228
қаулысына N 3 қосымша

Алматы қалалық Қала құрылысы комиссиясы
жұмысшы органының құрамы

      1. Яков Игнатьевич      Алматы қалалық©Қала
         Заяц                 құрылысы комиссиясы жұмысшы
                              органының төрағасы, Алматы
                              қаласы Әкiмiнiң бiрiншi
                              орынбасары
 
             2. Шәмiл Еркебұланұлы   Төрағаның орынбасары,
         Нысанбаев            Алматы қалалық сәулет және
                              қала құрылысы департаментi
                              бастығының бiрiншi
                              орынбасары
 
             3. Балтабай             Көрiктендiру
         Мәуленжанұлы Ташбаев департаментiнiң Директоры
 
             4. Вячеслав Павлович    Алматы қалалық сәулет және
         Кулькин              қала құрылысы
                              департаментiнiң бас
                              инженерi, Алматы қалалық
                              сәулет және қала құрылысы
                              департаментi бастығының
                              орынбасары
 
             5. Ермек Бердiбекұлы    Алматы қалалық iшкi iстер
         Құсайынов            бас басқармасының жол
                              полициясы басқармасы, жол
                              инспекциясы бөлiмiнiң
                              бастығы
 
             6. Василий Эрихович     қалалық санитарлық-
         Ренкевич             эпидемиологиялық
                              басқарманың бөлiм
                              меңгерушiсi
 
             7. Берiк Сатымбекұлы    қалалық өртке қарсы
         Құтпанов             қызметiнiң бастығы
 
             8. Галина Михайловна    Алматы қалалық қоршаған
         Телелькова           ортаны қорғау басқармасы
                              экологиялық сараптама және
                              аудит бөлiмiнiң бастығы
 
             9. Эдуард Кенжебекұлы   Балқаш-Алакөл су-бассейнi
         Мұхамедов            басқармасының бастығы

      10.Асылмұрат            Алматы қалалық Жер
         Тұрғанбекұлы         ресурстарын басқару
         Тұрғанбеков          аумақтық комитеті
                              бастығының орынбасары

       Ескерту: Комиссия жұмысының қажеттiлiгi бойынша қаланың басқа да қызметтерi де қатыстырылады .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады