Алматы қаласының тұрғындарын, меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдарды, жеке кәсiпкерлердi "Көгалдандыру-2003" iс-қимыл жоспарын орындауды қамтамасыз етудегi көрiктендiру жұмысына қатысуға тарту және Алматы қаласындағы гүлзарларды дамыту, шағын сәулет құрылыстарын жүргiзу бағдарламасын жүзеге асырудағы көгалдандыру және көрiктендiру мен тазалық жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатында Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2003 жылы Алматы қаласының аудандарында, көшелерiнде, тұрғын орамдарда, ең үздiк үйлер мен ғимараттарды көрiктендiру және көгалдандыруды анықтау жөнiндегi қарау-байқау жұмыстары жүргiзiлсiн.
2. Көрiктендiру департаментi (Б.М.Ташбаев) Алматы қаласын көгалдандыруға жұмылдырылған кәсiпорындар мен қызметтердiң, мердiгерлiк ұйымдардың осы жұмысқа белсендi қатысуын қамтамасыз етсiн.
3. "Алматыжарнама" қазыналық мемлекеттiк кәсiпорны (М.Т.Ерман) байқау жеңiмпаздарына арналған ынталандыру тұрғысында алғыс хаттар, дипломдар мен куәлiктер әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
4. "Алматы ақшамы" (Е.С. Сағат) және "Вечерний Алматы" (Э.Р. Пашина) газет редакторлары, "Оңтүстiк астана" телекомпаниясы (И.Я. Дворкин) бұқаралық ақпарат құралдарында байқаудың барысы туралы материалдарды жариялауды ұйымдастырсын.
5. Аудан әкiмдерi мыналарды қамтамасыз етсiн:
1) аудандық байқауларды өткiзсiн және аудан тұрғындарын қалалық қарау-байқау шараларына белсендi қатыстыруды;
2) аудандық байқау жеңiмпаздарын марапаттауды.
6. Қарау - байқауды өткiзудiң шарттары бекiтiлсiн ( N 1 қосымша).
7. Қарау - байқау өткiзудiң алқа құрамын бекiтсiн ( N 2 қосымша) және қарау-байқауды ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн ( N 3 қосымша).
8. Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 1/56 "Алматы-2003-Бақша қала" көрiктендiру және көгалдандыру жөнiндегi қарау - байқауды өткiзу туралы" қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И.Заяцқа жүктелсiн.
Алматы қаласының
Әкiмi В. Храпунов
Әкiмшiлiк хатшысы К.Тәжиева
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 ж. "26" мамырдағы
N 2/318 қаулысына
N 1 қосымша
"Алматы-2003-Бақша қала"
қарау - байқауды өткiзу
Шарты
1. Жалпы ережелер
1.1. "Алматы-2003-Бақша қала" көрiктендiру жөнiндегi қарау - байқау Қазақстан Республикасы оңтүстiк астанасының сыртқы келбетiн әдемiлеу мақсатында өткiзiледi, осы жұмыстар "Алматы қаласының аумағын көрiктендiру, тазалықта ұстау және қоқыстарды жинауды ұйымдастыру ережесiне", "Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргiзу ережесiне", "Алматы қаласында жарнамалық-ақпараттық өнiмдердi орналастыру ережесiне", "Алматы қаласының жасыл желек қорын қорғау, сақтау және ұстау ережесiне" сай ұстанады, осы мәселелер бойынша Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң қаулыларын орындау мақсатында көшелердiң, тұрғын орамдардың, үйлер мен ғимараттардың, жалпы пайдаланылатын қоғамдық орындардың ұстануын жақсарту, оларды көгалдандыруды орындау, заманғы талапқа сай сыртқы жарықтандыруды енгiзу, қаланың сыртқы келбетiне сай барлық жарнамалардың әдемiлiгiмен ерекшеленедi.
1.2. Қарау - байқау ашық, көпшiлiкке жария ретiнде өткiзiледi, оған Қазақстанның басқа аймақтарынан және басқа мемлекеттерден қатысушылар тартылады, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, жүлдегерлер ынталандырылады.
2. Қарау - байқауды ұйымдастыру
2.1. Қарау - байқау 2003 жыл аралығында өткiзiледi, ол жалпықалалық шараларды өкiлдейдi.
2.2. Қарау - байқау үш кезеңнен тұрады:
I кезең 1 маусымнан 1 тамызға дейiн;
II кезең 1 тамыздан 1 қарашаға дейiн;
III кезең 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейiн.
2.3. Қарау - байқауға мыналар кiредi: көрiктендiру және көгалдандыру ғимараттары арасындағы байқау; "Шеберлер қаласы", "Алматы-әсем қала" кәсiпкер құрылысшылар мен бейнелеушiлер арасындағы байқау; "Алматы Гүл қала" гүлдер фестивалi. "Алматы-Бақша қала" балалар творчествосының байқауы, Гүлдер мен өсiмдiктер көрмесi.
2.5. Көрiктендiру және көгалдандыру ғимараттары арасындағы қарау - байқау мыналарды қарастырады:
1) жасыл желекке оранған аулалар;
2) аула маңы, саяжай бақтары мен гүлзарлар;
3) қысқы бақтар мен оларды iрiлендiру;
4) үйдiң ауласын, кiре берiс ауланы, дәлiздердi, балкондарды, терезелердi, шатырларды безендiру жөнiндегi ең әдемi шешiмдер;
5) ең қиын сәулет жұмыстарының орындалуы: қабырғаларды, баспалдақтарды әрлеу, қабырғаларды пластикалармен жабу және безендiру;
6) жасыл желекке бөленген ғимараттардың маңындағы бұрқақтарды безендiру;
7) гүлзарлардың әдемi жасыл желекке және гүлмен көмкерiлуi;
8) шағын сәулеттiк безендiру жұмыстары;
9) өсiмдiк сипаттағы демалыс орындары мен бау-бақшаларды безендiру;
10) бау-бақшалар мен демалыс орындарындағы басқа да үздiк атқарылған жұмыстар.
2.6. Қарау - байқау мына бағыттарда өткiзiледi:
1) Алматы қаласының ең әдемi ауданы, шағын ауданы, орамы;
2) Алматы қаласының ең әдемi көшесi, гүлзары, бақшасы;
3) ең әдемi үйлер мен ғимараттардың безендiрiлуi;
4) ең әдемi аумақтың безендiрiлуi;
5) ауланы және аумақты көрiктендiру және безендiрудегi ең үздiк шешiмдер;
6) Алматы қаласы тұрғындары арасындағы ең үздiк безендiрушiлерi мен сәндеушiлерi;
2.7. Қарау - байқауға қатысушылар өтiнiмдерiн ұйымдастыру комитетiне әрбiр кезең алдындағы 15 күн бұрын бередi.
2.8. Қарау байқау тегiн өткiзiледi, бiрақ барлық жеке шығындарды қатысушылар өздерi көтередi.
3. Қарау -байқауды өткiзу және оның
қорытындысын шығару
3.1. Қарау - байқау қортындылағанда мыналар ескерiледi:
1) аумақты уақтылы тазалау;
2) жаңа жасыл желектердi отырғызу, атап айтқанда гүлдер мен жабайы өсiмдiктер;
3) қоқысты уақтылы шығару;
4) ғимаратты сапалы жөндеу және ауланы күтiп-баптау;
5) ауланың жарықтануы және оның атқарылған жұмыстары;
6) жасыл желектердi уақтылы суғару, атап айтқанда гүлдер мен жабайы өсiмдiктер, бұрқақтардың жұмысы;
7) маңдайша жазулары мен жарнама қалқандардың сыртқы келбетi.
3.2. Қарау - байқаудың қорытындысын қазылар алқасы оның атына жiберiлген кино-бейне материалдарын бағалау мен жұмыс бабымен аралау арқылы шығарады.
3.3. Қарау - байқауды алғашқы кезеңдерiнiң қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми сайтте gorodsad. academy kz жариаланады.
3.4. Байқау жеңiмпаздары мен белсендi қатысушылар Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен және қатысушылар куәлiктерiмен аталып өтiледi.
4. "Алматы-гүл қала" гүл фестивалiн өткiзу
4.1. Гүл фестивалi 2003 жылдың тамыз айында қалалық қарау - байқау шеңберiнде өткiзiледi.
4.2. Гүл фестивалiне мына бағыттағы дипломдар мен куәлiктер берiледi:
1) "Ең үздiк әрлеу және әдемiлеу"
2) "Ең үздiк кәсiби орындаушылық"
3) "Ең үздiк әуесқой орындаушылық"
4) "Ең үздiк кәсiби гүл шоқтары"
5) "Ең үздiк әуесқой гүл шоқтары"
6) "Ең үздiк кәсiпқой гүлдер мен өсiмдiктердi топтау шешiмдерi"
7) "Ең үздiк әуесқой гүлдер мен өсiмдiктердi топтау шешiмдерi"
8) "Гүлдердi өз бетiнше топтаудағы үздiк шешiмдер"
Қазылар алқасы басқа да шешiмдердi ескеруi мүмкiн.
4.3. Бұған қоса Гүл фестивалiне белсене қатысқандар аталып өтiледi:
1) Алматы қаласының белсендi кәсiпкерлерi;
2) Алматы қаласының белсендi ардагерлерi;
3) өсiмдiктер мен әдемiлеудiң белсендi қатысушылары;
4) қаланың ең белсендi жас тұрғыны;
5) Алматы қаласы қонақтарының белсендi қатысушылары.
4.4. Фестивалға және қарау - байқауға Алматы қаласының тұрғындары, Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары және басқа мемлекеттерден келген қонақтар қатыса алады.
4.5. Фестивалға қатысу өтiнiмi 2003 жылдың 15 мамырына дейiн берiледi. Қатысушыларға орын берiлiп, оларға жайлы жұмыс жағдайы қарастырылады.
4.6. Фестиваль тегiн өткiзiледi, бiрақ барлық жеке шығындарды қатысушылар өздерi көтередi.
5. "Алматы - әдемi ғимарат қаласы" байқауы
5.1. "Алматы - әдемi ғимарат қаласы" байқауы 3 кезеңде ғимараттар иелерi арасында өткiзiледi.
I кезең (1 маусым-1тамыз)
II кезең (1 тамыз-1 қараша)
III кезең (1 қараша-31 желтоқсан) Жаңа жылдық қортындылау
5.2. Байқауға қатысу ғимараты мыналар:
1) жеке тұрған әкiмшiлiк және тұрғын үй ғимараты, қонақ үй, кинотеатрлар, банкiлер, мейрамханалар және басқалар.
2) қосымша жайлы құрылыстың ауласының әрленуi
3) Алматы қаласы тұрғындарының көпшiлiк демалатын орындары саябақтар, аква және дендросаябақтар, әртүрлi қызықты ойын алаңдары.
5.3. Жеңiмпаздар былай анықталады:
1) жақын ауланың сыртқы жарықтануының жағдайы;
2) ғимарат ауласының сәулет-көркемдiк әдемiленуi;
3) заманғы жарық беру технологиясы мен материалдарын қолданып жарнамамен безендiру сапасы;
4) аула мен жақын ауланың аумағын мерекелiк безендiру.
5.4. Қарау - байқаудың қорытындысын қазылар алқасы оның атына жiберiлген кино-бейне материалдарын бағалау мен жұмыс бабымен аралау арқылы келесi кезең қорытындысына дейiнгi 15 күн бұрын шығарады.
5.5. I-III кезеңге қатысушы жеңiмпаздар мен белсендi қатысушылар Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен аталып өтiледi. Ақшалай жүлделi орындар беру I¶кезеңде қаланы Жаңа жылдық безендiрумен қорытындыланады. Ең басымдылық барлық кезеңдердiң жеңiмпаздарына берiледi.
6. "Шеберлер қаласы" қарау-байқауы
6.1. "Шеберлер қаласы" қарау - байқауы мүсiншiлер мен әрлеушiлер және басқалар арасында 2003 жылдың тамыз-қыркүйегiнде өткiзiледi.
6.2. Байқауға қатысушылар аталған тақырыптар бойынша байқаулық жұмыстарын (өздерi әзiрлеген материалдардан) даярлайды.
6.3. Қатысу өтiнiмдерi 2003 жылдың шiлдесiне дейiн жеке тұлғалардан және ұйымдардан қабылданады.
6.4. Байқау тегiн өтедi, бiрақ барлық жеке шығындарды қатысушылар өздерi көтередi.
6.5. Байқау жеңiмпаздары мен белсендi қатысушылар Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен және қатысушылар куәлiктерiмен аталып өтiледi.
7. "Алматы-бақша қала" балалар
творчествосының байқауы
7.1. "Алматы-бақша қала" балалар творчествосының байқауы 18 жасқа дейiнгi жас суретшi, әрлеушi, мүсiншi және басқалар арасында 2003 жылдың маусым-қазан айларында.
7.2. Байқауға қатысушылар (өздерi әзiрлеген материалдан) берiлген тапсырма бойынша байқау жұмыстарын әзiрлейдi.
7.3. Қатысу өтiнiмi жеке тұлғалардан, сондай-ақ ұйымдардан әрбiр кезең аяқталғанға дейiн 15 күн бұрын қабылданады.
7.4. Байқауға қатысу тегiн, бiрақ барлық шығырған жеке шығынды қатысушылар өздерi өтейдi.
7.5. Байқау жеңiмпаздары мен белсендi қатысушылар Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен және қатысушылар куәлiктерiмен аталып өтiледi.
8. Гүлдер мен өсiмдiктердiң
тақырыптық көрмесi
8.1. Гүлдер мен өсiмдiктердiң тақырыптық көрмесi 2003 жылдың маусымынан қазанына дейiн қалалық байқау шеңберiнде өткiзiледi.
8.2. Көрме бiрнеше тақырыпты қамтып мына мерекелiк мейрамдарға дәстүр бойынша арналады:
1) Наурыз мерекесi
2) Жеңiс күнi
3) Қоршаған ортаны қорғау күнi
4) Қала күнi.
8.3. Көрме диплом, куәлiк, жолдама беру марапатымен бiрнеше бағытта өткiзiледi.
8.4. Қатысу өтiнiмi жеке тұлғалардан, сондай-ақ ұйымдардан әрбiр кезең аяқталғанға дейiн 15 күн бұрын қабылданады.
8.5. Байқауға қатысу тегiн, бiрақ барлық шығырған жеке шығынды қатысушылар өздерi өтейдi.
8.6. Байқау жеңiмпаздары мен белсендi қатысушылар Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен және қатысушылар куәлiктерiмен аталып өтiледi.
9. Баспасөз
9.1. Бұқаралық ақпарат құралдарының осы шараларды өткiзу барысына қатысып оны жариалағаны үшiн Алматы қаласы Әкiмiнiң алғыс хатымен, иегер дипломдарымен және қатысушылар куәлiктерiмен мына дәрежеде аталып өтiледi:
1) "Алматы-2003 -Гүл қала" Гүл фестивалiн өткiзудегi ең үздiк жариялау;
2) жеке кезеңдердiң барысы жайлы ең үздiк репортаж;
3) конкурсқа қатысушылар туралы ең үздiк репортаж және байқау-конкурсы қазылар алқасының басқа ұйғарымы бойынша басқалар.
9.2. Қарау- байқауы шеңберiнде қазылар алқасының шешiмi бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Алматы қаласын көрiктендiруге көгалдандыруға арналған музыкалық фестивалi өткiзiлуi мүмкiн.
10. Қорытынды
10.1. Қарау-байқаудың және оның кезеңдерiнiң қорытындысын шығарғанда, iрi қалалар тәжiрибесi, заманғы Алматы қаласының көркi мен оның дамуындағы болашағы ескерiледi.
10.2. Қарау- байқауға ұсынылған ең үздiк жұмыстар, үлгiлер мен кесiндiлердi қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетi интернетте, көгiлдiр экранда және баспасөзде автордың келiсiмiнсiз таратуға құқылы.
10.3. Қарау-байқаудың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының оңтүстiк астанасы Алматы қаласының сыртқы келбетiн нұрландырып, бұрынғы гүл-қала даңқын одан сайын арттыра түсу.
Әкiмшiлiк хатшысы К.Тәжиева