ІІ-ші шақырылған Алматы қалалық Мәслихатының XXVI-сессиясының 2003 жылдың 25 шілдедегі "ІІ-ші шақырылған Алматы қалалық Мәслихатының ХХІІ-ші сессиясының 2002 жылдың 26 желтоқсанындағы "Алматы қаласының 2003 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы" шешіміне сәйкес, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әділет Басқармасында 2003 жылдың 8 сәуірінде 524-ші нөмірімен тіркелген, 2003 жылдың 17 сәуірінде N 43-ші "Алматы ақшамы" және 2003 жылдың 19 сәуірінде N 58-60-ші "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған қала Әкімшілігінің 2003 жылдың 3 сәуіріндегі N 1/194-ші "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне арналған ағымдағы шығындардың нормативі туралы" қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізілсін.
1 тіркемеде:
1) "N 39. Санитарлы-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы" енгізілсін.
3 тіркемеде:
1) Қаланың Мемлекеттік жер инспекциясы бойынша "595,0" цифрі "577,0" цифріне өзгертілсін;
2) Сәулет және қала құрылысы Департаменті бойынша "331,0" цифрі "330,0" цифріне өзгертілсін;
3) Ішкі саясат Департаменті бойынша "333,0" цифрі "324,0" цифріне өзгертілсін;
4) "N 39. Санитарлы-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы 58,0" енгізілсін.
Алматы қаласының Әкімі
Әкімшілік хатшысы