Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің қалалық Үйлестіру кеңесі туралы

Жаңа

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 5/706 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 18 желтоқсанда N 568 тіркелді

      Мемлекеттік билік органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жүйесін жетілдіруге бағытталған қызметінің тиімділігін арттыру және азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту мақсатында қалалық Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің қалалық үйлестіру кеңесі (әрі қарай - Кеңес) құрылсын.
      2. Ұсынылып отырған Ереже (№N 1 қосымша) бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсін.

      Алматы қаласының Әкімі
     
      Әкімшілік хатшысы

Алматы қалалық Әкімшілігінің
2003 жылғы "27" қарашадағы
N 5/706 қаулысына қосымша

ЕРЕЖЕ
Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы
Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери
шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық
бірлестіктерінің қалалық Үйлестіру кеңесі туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің қалалық Үйлестіру кеңесі (әрі қарай - Кеңес) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы , республиканың заңдары және осы Ереже негізінде жүзеге асырылады.
      2. Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектерінің тіркелген қоғамдық ұйымдарының жетекшілері (немесе олардың орнын басатын лауазымды адамдары) Кеңеске мүше болып табылады. Кеңес ардагерлік қоғамдық ұйымдардың осы салада кемінде бір жыл жұмыс жасаған жаңа мүшелерін өз құрамына енгізу жолымен кеңейтілуі мүмкін.
      3. Кеңестің жұмысына сондай-ақ Ішкі саясат департаментінің қызметкерлері және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады.
      4. Кеңеске оның мүшелерінің басым көпшілігі сайлаған төраға жетекшілік етеді, оның осы Кеңес мүшелері санатынан сайланған үш орынбасары болады. Төраға Алматы қаласының Әкіміне Үйлестіру кеңесінің жұмысы туралы жүйелі хабарлайды.
      5. Кеңестің қызметін ұйымдастыру - әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы - Алматы қалалық Ішкі саясат департаментінің саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және діни ұйымдармен жұмыс бөлімі асырады.
      6. Қалалық Кеңестің жұмысы мәжілістер түрінде жүргізіледі.

2. Кеңестің негізгі міндеттері және функциялары

      7. Кеңестің негізгі міндеті мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу:
      1) мемлекеттік билік органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауының тетіктерін жетілдіру;
      2) әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық қатынастарды біріктіруге, тұрақтандыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру;
      8. Кеңеске жүктелген міндеттерге сәйкес оның функциялары мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу:
      1) мемлекеттік органдардың және қоғамдық институттардың жастарды азаматтыққа және елжандылыққа тәрбиелеу саласындағы бірлескен жұмысын жетілдіру;
      2) жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің проблемаларын шешуде негізгі бағыттарды анықтау;
      3) қоғамдағы халық пен азаматтық институттар арасындағы консультативтік - кеңес беру және ағарту жұмысын жақсарту.

3. Кеңестің құқықтары

      9. Үйлестіру кеңесі мынадай құқықтарға ие:
      1) Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық  бірлестіктерінің қызметіне байланысты проблемалар бойынша мемлекеттік органдармен консультациялар жүргізу;
      2) Үйлестіру кеңесінің қызметіне байланысты проблемалар бойынша заңдарды және басқа да мөлшерлемелік құқықтық актілерді әзірлеу және оларды қабылдау туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізу;
      3) Кеңестің құзыретіне енетін жекелеген мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс топтарын құру;
      4) Мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан Кеңестің міндеттерін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды және басқа да материалдарды сұрау және алу;
      5) Кеңестің қызметі туралы ақпаратты мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға жолдау;
      6) Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылау.

4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

      10. Кеңестің мәжілістері (әрі қарай - мәжіліс) қажетіне қарай, бірақ тоқсанына бір рет өткізіледі.
      11. Мәжілістің күн тәртібінің жобасы Кеңес арқылы, мәжіліске қатысатындардың ұсыныстары және бұрын қабылданған шешімдер негізінде әзірленеді, оны дайындау кезінде барлық қажетті материалдарды (анықтамалар, шешімдердің жобалары) Кеңестің жұмыс органының қарауына енгізген жөн. Жұмыс органы кемінде 7 күн бұрын Кеңестің кезекті мәжілісіне арналған материалдарды дайындайды.
      12 Мәжілістің ұсынылып отырған күн тәртібінің мәселелері бойынша Кеңестің жұмыс органына мыналар тапсырылады: түсіндірме хат, қалалық үйлестіру кеңесінің мәжілісінің ұсыныстарының жобасы, шақырылған адамдардың тізімі.
      13. Кеңестің кезекті мәжілісін өткізетін күнді төраға оның мүшелерімен келісе отырып, белгілейді.
      14. Мәжіліске Кеңестің құрамына енбейтін мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен мамандар, басқа да ұйымдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар шақырылуы мүмкін.
      15. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру жолымен, дауыс берушілердің басым көпшілігінің қолдауы арқылы қабылданады және оның барлық мүшелері үшін орындалуы міндетті болып табылады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға шешуші дауысқа ие болады. Дауыстардың басым көпшілігіне ие бола алмаған оның мүшелерінің пікірлері, олардың қалауы бойынша жазбаша рәсімделіп, Кеңестің шешіміне қоса тіркеледі.
      16. Мәжілістер Алматы қаласы Әкімінің аппараты ұсынған үй-жайларда немесе Кеңес басшылығының ұйғарымы бойынша кез-келген басқа үй-жайда өткізіледі.
      17. Кеңес мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, мәжіліс заңды деп саналады.
      18. Төраға мәжілісте:
      1) мәжілістің күн тәртібі және оның жұмысының регламенті туралы хабарлайды;
      2) мәжілістің осы Ережеге сәйкес өткізілуін қамтамасыз етеді;
      3) ұсыныстардың түсу тәртібіне сәйкес жарыссөзге шығатындарға сөз береді;
      4) мәжілістің бекітілген регламенті өзгерген жағдайда сөз сөйлеушіге ескерту жасауға немесе оны әрі қарай сөйлетпеуге құқылы.

      Әкімшілік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады