Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мүлікті жалға беруді одан әрі жетілдіру және тәртіпке келтіру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы "Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғындық емес қор нысандарын жалға беру Ережесін бекіту туралы" N 95 қаулысына (2002 жылғы 8 ақпандағы "Солтүстік Қазақстан", 2002 жылғы 29 қаңтардағы "Северный Казахстан", 2002 жылғы 14 қаңтардағы т/к N 499) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген облыс әкімдігінің қаулысындағы атау және қоса берілген Ережеде "коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғындық емес қор нысандары" сөзі "мемлекеттік коммуналдық мүлкі" сөзімен ауыстырылсын;
2 тараудың 1 тармағы 6) тармақшасы коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғындық емес қор нысанын жалға беру Ережесіндегі "коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғындық емес қор орны" сөйлемі алынсын және келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: коммуналдық меншіктегі жабдықтар, көлік құралдары және басқа мүліктер.
4 тараудың 13 тармағы 7-1) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"кепілдік жарнаны енгізу мөлшері, мерзімі және тәртібі".
4 тараудың 14 тармағына келесі мазмұнда бірінші сөйлем енгізілсін:
"Конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізу конкурс өткізілетіні жөніндегі хабарлама жарияланған күннен басталады және конкурс өткізілуге үш күн қалғанда аяқталады".
4 тараудың 14 тармағы 5) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын: "кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі".
4 тарау келесі мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
"15-1. Конкурсқа қатысушылар кепілдік жарнаны жалға берушінің депозиттік шотына конкурс өткізілуі туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіпте енгізеді. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi. Кепілдік жарнаны алушы Жалға беруші болып табылады;
15-2. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна нысанның баланстық құнынан (Жалға берушінің қарауымен) 1-ден 5 пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді;
15-3. Мүліктік жалдау (жал) келісім-шартын жасаушы және конкурсты жеңіп алған конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы мүліктік жалдау (жал) келісім-шарты бойынша тиесілі төлем есебіне жатқызылады;
15-4. Жалға беруші осы Ереженің 15-5 тармағында белгіленген жағдайлардан басқа жағдайларда, конкурс аяқталған соң қатысушыларға кепілдік жарнаны қайтарады;
15-5. Жалға беруші: 1) конкурсқа қатысушы конкурс өткізу мерзімнің өтуінен бұрын өз ұсынысынан бас тартса немесе өзгертсе;
2) жеңіп алушы конкурс бастамашысымен - конкурс жеңімпазы ұсыныстарына сәйкес шарт жасаудан бас тартқан жағдайда кепілдік жарнаны қайтармайды.
Басқа жағдайларда кепілдік жарна конкурс аяқталған күннен кейінгі 10 банктік күн мерзімінен кешіктірілмей, егер конкурс өткізілгеннен кейін Жалға берушінің шотына ақша түссе, түскен күннен кейін 10 банктік күнде қайтарылады;
15-6. Конкурсқа қатысушы қанша мөлшерде болса да кепілдік жарна енгізуге құқылы, бір кепілдік жарна бір нысан бойынша конкурсқа қатысуға құқық береді;
15-7. Конкурстық комиссия конкурс өткізілетін күні отырыста конкурсқа қатысушылардың ұсынысы бар конвертті ашып, ұсыныстарын жариялайды. Комиссия конвертті ашар алдында оның тұтастығын тексеріп, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында бекітеді.
Конвертті ашар және ұсынысты жариялар алдында, конкурсқа қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қажетті жүйеде ресімделген құжаттарымен қатысуға құқылы;
15-8. Егер конкурстық комиссияның отырысына 2/3 кем емес мүшелері қатысса конкурстық комиссия құқыққа өкілетті болып табылады;
15-9. Егер жеңіп алушы конкурс жеңімпазы ұсыныстарына сәйкес Нысанды мүліктік жалдау (жал) шартын жасаудан бас тартса, Жалға беруші қалған конкурсқа қатысушылардың арасынан жеңіп алушыны анықтауға (егер қалғаны екі қатысушыдан кем болмаса), немесе жаға конкурс өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы;
5 тарау 22-1 тармақпен толықтырылсын:
"Соңынан сатып алу құқығымен жалға берілген Нысандарды екі жылдан кем емес мерзімде жал келісім-шарты орындалған жағдайда немесе бюджетке жал көлемінің сомасы мерзімінен бұрын енгізілгенде жалгерлер сатып алулары мүмкін";
6 тараудың 26 тармағы "Жалға беруші" деген сөзден соң "баланс ұстаушы" сөзімен толықтырылсын;
6 тараудың 27 тармағы "екі" сөзі "үш" сөзімен ауыстырылсын, "Жалгерге беріледі" сөзінен кейін "үшінші - баланс ұстаушы" сөзімен толықтырылсын;
6 тараудың 29 тармағының екінші сөйлемі "немесе баланс ұстаушыға" сөзімен толықтырылсын;
6 тарау келесі мазмұндағы 30-1 тармақшамен толықтырылсын:
"Төлем қолданыстағы мемлекеттік мүлік үшін, барлық жалданған мүлікке толығымен немесе оны құрайтын әр бөлікке тұтас сомада белгіленеді.
Білім беру мекемелері үшін каникул кезінде, сондай-ақ жұмыс күні толық болмаған жағдайда, нақты жұмыс уақыты үшін төлем жүргізіледі";
6 тараудың 30 тармағы "мемлекеттік" сөзінен кейін "сәйкес жергілікті" сөзімен толықтырылсын;
7 тараудың 32 тармағының екінші сөйлемі келесі мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"ұсынылған құжаттардың негізінде: Жалға берушімен келісілген ақау ведомосы, Жалға берушімен келісім, құрылыс-монтаж жұмысын жүргізу сметасы, сараптау ұйымының сметалық құжаттарды тексеруінің дара қорытындысы, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға құқықты мемлекеттік лицензиясы бар, мердігерлік ұйымдардың істеген жұмысына N 2 және № 3 формалары, тиісті нұсқада ресімделген орындалған жұмысты қабылдау актісі".
2. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізілген мезеттен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі |