Аз қамтамасыз етілген отбасыларға және оралмандар отбасыларына әлеуметтік қолдау беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 101 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 12 мамырда N 917 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 213 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008.07.30 N 213 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, "Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі Бағдарламаны бекіту туралы" облыстық мәслихаттың екінші шақырылған 24 сессиясының 2003 жылғы 27 наурыздағы N 24/3 шешімін орындау үшін және халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерінің еңбек белсенділігін ынталандыру, аз қамтамасыз етілген отбасылардың және оралмандар отбасыларының еңбекке жарамды мүшелері өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуі үшін жағдай жасау және кедейлік деңгейін төмендету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларға және оралмандар отбасыларына әлеуметтік қолдау беру Ережесі бекітілсін.

      2. Аудандар мен Петропавл қаласы әкіміне аз қамтамасыз етілген отбасылары және оралмандар отбасылары арасында әлеуметтік қолдау алу үшін контингент таңдауды, оны алу үшін қажетті құжаттар дайындауды және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылсын.

      3. Уәкілетті органдар болып мыналар айқындалсын:
      әлеуметтік қолдауды төлеуді қамтамасыз ету жөнінде - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті;
      әлеуметтік қолдауды тағайындау жөнінде - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аудандық бөлімдері (қалалық басқарма);

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 133 қаулысымен

      5. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы.Омаровқа жүктелсін.

      Облыс әкімі

      "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға
және оралмандар отбасыларына
әлеуметтік қолдау беру Ережесін
бекіту туралы" облыс әкімдігінің
2003 жылғы 29 сәуірдегі
N 101 қаулысымен бекітілген

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға және оралмандар отбасыларына әлеуметтік қолдау беру
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, "Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі Бағдарламаны бекіту туралы" облыстық мәслихаттың екінші шақырылған 24 сессиясының 2003 жылғы 27 наурыздағы N 24/3 шешімін орындау үшін және халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерінің еңбек белсенділігін ынталандыру, аз қамтамасыз етілген отбасылардың және оралмандар отбасыларының еңбекке жарамды мүшелері өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуі үшін жағдай жасау және кедейлік деңгейін төмендету мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже аз қамтамасыз етілген отбасыларға және оралмандар отбасыларына ақшалай әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін және шарттарын белгілейді.

      2. Әлеуметтік қолдауға жеке қосалқы шаруашылықты кеңейту немесе құру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларымен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылар мен оралмандар отбасыларының еңбекке жарамды жастағы мүшелері құқылы.

      3. Осы Ережеде мынандай ұғымдар пайдаланылады:
      әлеуметтік қолдау - аз қамтамасыз етілген отбасылардың және оралмандар отбасыларының өзін-өзі жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету және табысын арттыру үшін жағдай жасауға және кедейлік деңгейін төмендетуге бағытталған әлеуметтік төлем түріндегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір нысаны, бірмезгілдік сипатта беріледі;
      әлеуметтік қолдау көрсету құқын айқындау жөнінде комиссия (бұдан әрі аудандық (қалалық) комиссия) - аудан(қала) әкімі жанында аудан (қала) әкімі орынбасарының төрағалығымен, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аудандық білім (қалалық басқарма) өкілін міндетті түрде енгізе отырып, құрылатын және әлеуметтік қолдау көрсету мүмкіндігі туралы шешім шығаруды жүзеге асыратын комиссия.
      алушы - аз қамтамасыз етілген отбасының еңбекке жарамды мүшесі және оралмандар отбасы мүшесі;
      әлеуметтік қолдауды тағайындау жөнінде және әлеуметтік қолдау алу үшін контингент айқындау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі уәкілетті орган)- еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аудандық бөлімі (қалалық басқармасы);
      төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі департамент) - Солтүстік Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті;
      беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі банк) - банкілік операциялардың жеке (кейбір) түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейдегі банктер.

2. Әлеуметтік қолдауды тағайындаудың шарттары мен тәртібі

      4. Ақшалай қаржыларды алу үшін аз қамтамасыз етілген отбасылардың және оралмандар отбасыларының мүшелері уәкілетті органға мынандай құжаттарды ұсынады:
      1) нотариалды куәландырылған өтініш (1 қосымшаға сәйкес);
      2) тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) отбасы құрамы туралы анықтама;
      4) отбасының табысы туралы анықтамалар;
      5) ақшалай қаржыларды жұмсау жоспары.

      5. Әлеуметтік қолдау алуға қажетті құжаттар түпнұсқасында және көшірмесінде ұсынылады. Уәкілетті орган құжаттардың толық пакеті түскен күннен бес күндік мерзімде арызданушылар ұсынған құжаттарды қарастырады, істерді қалыптастырады және әлеуметтік қолдау тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасын (2 қосымшаға сәйкес) жасайды.

      6. Уәкілетті орган арызданушылардың қалыптастырылған істерін және әлеуметтік қолдау тағайындау не тағайындамау туралы шешім жобасын аудандық (қалалық) комиссияға жібереді.
      Аудандық (қалалық) комиссия әлеуметтік қолдау беру туралы шешім шығару барысында жеке қосалқы шаруашылықты дамыту жағдайларын (малды ұстауға арналған шаруашылық үй-жайының болуы) есепке алады. Аудандық (қалалық) комиссия арызданушылармен ұсынылған ақшалай қаржыны жұмсау жоспарларының сараптамасын жүргізеді және шешімде ол туралы белгі жасайды.
      Аудандық (қалалық) комиссия бес күндік мерзімде облыстық бюджетпен қарастырылған қаржылар шегінде әлеуметтік қолдау беру туралы өзінің шешімін шығарады, алушылар тізімін (аудан (қала) әкімімен бекітілген) жасайды, сондай-ақ мәжіліс хаттамасын дайындайды. Аудандық (қалалық) комиссия арызданушылардың қалыптастырылған істерін, шешімді және алушылардың тізімдерін уәкілетті органға жібереді.

      7. Оң шешім болған жағдайда уәкілетті органмен хабарландырылған алушылар банкте жеке шот ашады.
      Бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тарту себебін жазбаша көрсете отырып, арызданушыға құжаттарды қайтарады.
      Әлеуметтік қолдауды тағайындаудан бас тарту үшін негіздеме: отбасы табыстары туралы біле тұра жалған мәліметтер ұсыну және жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күнкөріс мөлшерінен артық болуы саналады.

      8. Уәкілетті органмен аудандық (қалалық) комиссияның шешімі және әлеуметтік қолдау алушылардың тізімі арызданушылардың қалыптастырылған істерінің қоса берілген көшірмелерімен департаментке төлеу үшін жіберіледі.

3. Әлеуметтік қолдауды төлеу тәртібі

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға және оралмандар отбасыларына әлеуметтік қолдау төлеуді жүзеге асыру үшін департамент аудандық (қалалық) комиссияның әлеуметтік қолдауды тағайындау туралы шешімі, арыз берушілердің қалыптастырылған істерінің қоса берілген көшірмесімен алушылардың бекітілген тізімдері негізінде екі данада тізім-ведомосін жасайды және белгіленген заңнама тәртібінде ақылы қызмет көрсетуге келісім жасалған банкке жібереді.

      10. Банк тізім-ведомосі негізінде сомаларды алушылар ашқан жеке шоттарға аударады.

4. Қаржыландыру механизмі

      11. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға және оралмандар отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шығындарды қаржыландыру облыстық бюджетте 6-2-258-51 "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасы бойынша осы мақсатқа қарастырылған қаржылар есебінен жүргізіледі.

      12. Әлеуметтік қолдау 50 000 (елу мың) теңгеден аспайтын сомада беріледі.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға және
оралмандар отбасына әлеуметтік қолдау беру
Ережесіне 1 қосымша

______________ауданының еңбек,   
жұмыспен қамту және халықты      
әлеуметтік қорғау бөліміне       
_________________________________
мекен-жайында тұратын            
_________________________________
_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)    

ТСН(РНН) ________________________
төлқұжат(куәлік)  _______________
_________________________________
(қашан, кім)         
_________________________________
берген.                          

ӨТІНІШ
(нотариалды куәландырылады)

      Жеке қосалқы шаруашылығын өркендету үшін маған ___________________________________________________________ теңге
                               (жазбаша)

сомасында ақшалай қаржы беруіңізді сұраймын және _________________ банк филиалында ашылған _________________ жеке шотыма аударуыңызды сұраймын.
 
        Мынандай құжаттар ұсынамын:
      тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
      отбасы құрамы туралы анықтама;
      отбасының табысы туралы анықтамалар;
      ақшалай қаржыны жұмсау жоспары.

                                  200__ жыл "____" ________________

                            Қолы:  __________________________

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға және
оралмандар отбасына әлеуметтік қолдау беру
Ережесіне 2 қосымша

      "Келісілді"                       Әлеуметтік қолдау алу құқын
                                         анықтау жөніндегі комиссия
__________________ әкімі                             төрағасына
(селолық округ)                          __________________________
200_ жыл  "___"__________                __________________________
                                             (облысы, ауданының)

ШЕШІМ

______________________             200__ жыл "____" __________
   (елді мекен)   

___________________________________________________________________
     (Елді мекен, көшесі, үйдің және пәтердің№N, телефоны)
мекен-жайында тұратын азамат (азаматша) ___________________________
____________________________________ әлеуметтік қолдау беру (беруден
     (тегі, аты, әкесінің аты)       бас тарту) туралы.

      Отбасының табысы туралы ұсынылған мәліметтерді, ақшалай қаржыларды жұмсау жоспарын қарастыра келіп, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықты кеңейтуге (құруға) (кәсіпкерлік қызметті іске асыруға) ынтасы бар  еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшесі (мүшелері) бар отбасы екенін ескере отырып, аудандық қалалық) комиссия ШЕШТІ:

      1. Азамат (азаматша) ___________________________________ жеке
                                 (тегі, аты, әкесінің аты)    
қосалқы шаруашылығын өркендету (кәсіпкерлік қызметті іске асыру) үшін _________________________________________ теңге сомасында ақшалай қаржы берілсін.

      2. _________________________________________________________
__________________________________________________________________
                      (оның себебі көрсетілсін)

ақшалай қаржы берілмесін.

      3. Аудандық (қалалық) комиссия ақшалай қаржыларды жұмсау жоспарын сараптау нәтижесі бойынша ШЕШТІ: _________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Қолдары:
      Комиссия төрағасы:                   _______________________
                                               (Тегі, аты, жөні)

      Комиссия мүшелері:                   _______________________
                                               (Тегі, аты, жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады