Аудандық ономастика комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы.

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімиятының 2003 жылғы 14 тамыздағы N 228 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 4 қыркүйекте N 1002 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 02.03.03-29/369 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 1920-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"»1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 368 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген аудан әкімияты жанындағы аудандық ономастика комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Р.Ридеге жүктелсін.

      Аудан әкімі

"Аудандық ономастика комиссиясы
туралы Ережені бекіту туралы"
аудан әкімиятының
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 228 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Аққайың ауданы әкімиятының жанындағы аудандық ономастика комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Аққайың ауданы әкімияты жанындағы аудандық ономастика комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) географиялық объектілердің атауына бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен олардың есебін жүргізуді реттеу, ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультациялық-кеңесші органы болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Конституцияны"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін", сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Комиссияның жеке құрамы аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясымен бекітіледі.
      4. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.

2. Негізгі міндеттері

      1. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) географиялық атауларды жинақтау, жүйелендіру және зерделеу, ономастика мәселелеріне байланысты материалдарды жүйелендіру;
      2) бұрын жоғалтылған тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      3) жаңа объектілердің атаулары бойынша ұсыныстар енгізу;
      4) ономастикаға географиялық және тарихи-мәдени пәндеме ретінде қолдау көрсету болып табылады.

3. Негізгі қызметі мен өкілеттігі

      1. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында:
      1) орфографиялық, ғылыми транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтік факторлардың қолданылып жүрген нормаларының негізінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, темір жол және автомобиль жолдары станцияларының, почта бөлімшелерінің, мекемелердің, кәсіпорындардың, жалпы білім беретін, кәсіптік оқу орындарының, көлік және басқа бағыныстық объектілер атауларының аталуы, қайта аталуы, нақтылануы және транскрипциясы туралы қорытындылар ұсынылады.
      2) аудан картасын жасау, анықтамалықтар, сөздіктер, атластар шығару процесінде пайда болған мәселелерді шешуге консультациялық көмек көрсетеді, оларда ауданның географиялық атаулары номенклатураларының дұрыс транскрипциялануын қадағалайды;
      3) ономастика мен топонимика жөнінде анықтамалықтар мен сөздіктер шығаруды үйлестіреді;
      4) елді мекендердің, көшелердің, даңғылдардың, алаңдардың тұғырлы атауын сақтауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
      5) аудан халқының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде байырғы халықтың және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыруға белсенді ықпал етеді;
      6) ұйымдардың, жекелеген азаматтардың тарихи топонимдерін қалпына келтіру немесе ауыстыру мәселелері жөніндегі хаттарын қарайды және сәйкесті ұсыныстар береді;
      7) атқарушы және өкілді жергілікті органдардың хабарлауы және ақпараттары бойынша ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың жай-күйін талдайды.

4. Жұмысын ұйымдастыру

      1. Комиссияның отырысы тоқсанында бір реттен жиі емес өткізіледі. Егер оған оның мүшелерінің жартысы қатысса Комиссия отырысының күші бар деп саналады.
      2. Комиссияның шешімі оның отырысына қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс берумен қабылданады.
      3. Қажет болған жағдайда Комиссияның құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін жұмыс топтары құрылады.
      4. Комиссияның хатшысы қажетті құжаттарды дайындайды, отырыстардың күн тәртібін жасайды, Комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады және іс қағаздарын жүргізуге жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады