Аудандық жер комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімиятының 2003 жылғы 14 тамыздағы N 229 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 4 қыркүйекте N 1003 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 303 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 28.11.2016 № 303 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiнiң 43-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, аудандағы жер қатынастарын реттеу мақсатында, Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 04.12.2013 N 285 қаулысымен (алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. Қоса беріліп отырған Аудандық жер комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Аудандық жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" (2002 жылғы 15 қарашадағы тіркеу нөмірі N 763) 2002 жылғы 14 қазандағы аудан әкімиятының N 226 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
      Аудан әкімі

  "Аудандық жер комиссиясы туралы
  ережені бекіту туралы" аудан
  әкiмиятының 2003 жылғы
  14 тамыздағы N 229 қаулысымен
  БЕКIТIЛГЕН

Аудандық жер комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже

      1. Аудандық жер комиссиясы (әрі қарай - Комиссия) Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында ауыл шаруашылық өндірушілер арасында жерлерді бөлу және ауданда жер мәселелерін реттеу мақсатында құрылған, тұрақты қызмет ететін орган болып табылады.
      2. Комиссия жергілікті басқару органының тұсында - әкімиятта құрылады. Мәслихаттың кезекті сессиясының отырысында бекітуіне комиссияның дербес құрамын аудан әкімі ұсынады.
      3. Комиссия құрамы жергілікті аудандық мәслихат депутаттары, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар құрылған болса) өкілдері арасынан құрылады. Жергілікті атқарушы органның қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.
      4. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясының, жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілерінің, осы ереженің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырады.
      5. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган - әкімияттың алдында жауапты.
      6. Комиссияның қызметі:
      заңдылық;
      адамгершілік қарым-қатынас;
      лауазымды тұлғалардың өз әрекеттерін және қабылданған шешімдеріне жауапкершілік қағидаттарына негізделеді.

2. Комиссияның негізгі функциялары

      7. Комиссияның негізгі функциялары мыналар: жер учаскелеріне меншік және жер пайдалану құқығын беру мәселесі жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау болып табылады.

3. Комиссиямен материалдарды қарау тәртібі

      8. Комиссия жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жер учаскелерін меншікке және (немесе) жер пайдалану құқығын беру мәселесі жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарайды.
      Өтініште жер учаскесін пайдаланудың мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері, сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетілуге тиіс. Пайдалы қазбалар өндірілетін жағдайда өтінішке Жер қойнауын пайдалануға арналған Келісім-шарттың көшірмесі қоса беріледі.
      Жер учаскесіне құқық табыстау туралы өтініш түскен кезден бастап үш айға дейінгі мерзімде қаралады.
      Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар атқарушы органың тапсырмасымен (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды.
      9. Комиссияның отырыстарын дайындау.
      Комиссия қарауына түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын ала зерттейді.
      Комиссияның қарауына келіп түскен материалдарды алдын ала зерттеу процесінде ол:
      сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймаққа бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін;
      осы материалдардың деректерін қарау оның құзыретіне жататындығын;
      комиссия отырысында шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберін анықтайды.
      Комиссия материалдарды алдын ала зерттеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдай алады:
      материалдарды қарауға тағайындау және өтініш берушіні немесе өзге де заңды өкілдерін, отырысқа қатысуы міндетті деп танылған басқа да адамдарды Комиссия отырысының күні мен орны туралы хабардар ету;
      Комиссия отырысында қарауға жататын мәселелер бойынша өтінішті қарау;
      өтінішті қанағаттандырудан бас тарту.
      Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту жергілікті атқарушы органның - әкімияттың - қаулысымен ресімделіп, өтініш берушіге шешім қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде көшірмесі тапсырылады.
      10. Комиссия отырыстарын өткізу тәртібі.
      Комиссия отырыстары қажетіне қарай жылдың ішінде өткізіледі.
      Комиссия отырысы егер оған комиссия мүшелерінің кемінде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысында оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссияның орынбасары төрағалық жасайды.
      11. Комиссияның хаттамасы.
      Өтініштерді қараудың қорытындысы бойынша Комиссияның хаттамасы ресімделеді.
      Комиссия хаттамасы материалдарды қарау қорытындысы бойынша ресімделеді және отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қорытынды жасалады. Егер дауыстар тең бөлінген жағдайда комиссия отырысында төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссияның хаттамасында:
      комиссияның атауы және жеке құрамы;
      комиссия отырысының күні мен жері;
      материалдар қаралуға қатысты тұлғаның ТАӘ;
      өтініште көрсетілген өтініш;
      Комиссияның қорытындысын қабылдауға негіз болған дәлелдер;
      Комиссиямен қабылданған қорытынды.
      Комиссияның хаттамасына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдануға белгіленген мерзім өткеннен кейін, заңды күшіне енеді.
      Жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес Комиссия қорытындысы жасалады.
      Комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі өтініш берушіге тапсырылады.
      12. Комиссияның шешіміне шағым беру:
      Қаралған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қорытынды ол кімге қатысты қабылданса, сол адам, оның заңды өкілдері, адвокаты шағым бере алады.
      Комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін алған күннен бастап он күн ішінде осы комиссияны құрған атқарушы органға шағым беру мүмкін.
      Көрсетілген мерзімде шағым беру тиісті хаттаманың орындалуын тоқтатады.
      Комиссияның хаттамасы бойынша сотқа шағым беру мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      Комиссияның хаттамасына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте прокурор қарсылық білдіре алады.
      Жергілікті атқарушы органның шешімі жер учаскелеріне тиісті құқықтар беру туралы аудан әкімиятының қаулысы жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданып, өтініш берушіге шешім қабылданған кезден бастап жеті күн мерзімде жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы қаулының көшірмесі тапсырылады.

4. Комиссия қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

      13. Комиссия қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі аудан әкімі аппаратына жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады