"Аудандық жер комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 14 тамыздағы N 229 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы N 285 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 желтоқсанда N 2459 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 303 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 28.11.2016 № 303 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 және 43-1-баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Аудандық жер комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 14 тамыздағы № 229 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк Тiзiлiмiнде 2003 жылғы 4 қыркүйекте № 1003 тіркелген, "Колос" газетінің 2003 жылғы 3 қазандағы № 40, "Колос" газетінің 2003 жылғы 10 қазандағы № 5 газеттерiнде жарияланды) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiнiң 43-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, аудандағы жер қатынастарын реттеу мақсатында, Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:".
      2. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Қ. Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады