Жер қатынастары жөніндегі Айыртау аудандық комиссиясы бойынша Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қазандағы N 202 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 14 қарашада N 1056 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 33 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2006.02.06 N 33 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-ІІ Жер Кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасының«2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және ауданда жер қатынастарын реттеу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Айыртау аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін.

      Аудан әкімі

Аудан әкiмдiгiнiң
"Жер қатынастары жөнiндегi
Айыртау аудандық комиссиясы
бойынша Ереженi бекiту туралы"
2003 жылғы 22 қазандағы
N 202 қаулысымен бекiтiлдi

Жер қатынастары жөнiндегi
Айыртау аудандық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Жер қатынастары жөнiндегi Айыртау аудандық комиссиясы (әрi қарай - Комиссия) ауданда ауыл шаруашылық өндiрушiлер арасында жерлердi бөлу және жер мәселелерiн реттеу мақсаттарында құрылған, тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.
      2. Комиссия жергiлiктi басқару органының»тұсында - әкiмдiкте құрылады. Мәслихаттың кезектi сессиясының отырысында бекiту үшiн  комиссияның дербес құрамын аудан әкiмi ұсынады.
      3. Комиссия құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссияның 5-10 мүшесi аудандық мәслихат депутаттары арасынан, жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық комитеттің өкілдерінен, аудан архитекторынан және аудан әкімі аппаратында штаттық лауазымды қызмет атқаратын комиссияның жауапты хатшысынан құрылады. Аудан әкімінің қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.
      4. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-ІІ Жер Кодексі, жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және осы Ереже негізінде жүзеге асырады.
      5. Комиссия өз қызметiнде жергiлiктi атқарушы орган - әкiмдiк алдында жауапты.
      6. Комиссия қызметi:
      заңдылық;
      өз әрекеттерi және қабылданып жатқан шешiмдерiне жауапкершiлiк тарту принциптеріне негiзделедi.

2. Комиссияның негiзгi функциялары

      7. Өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жер пайдалану немесе меншікке беру мәселесі жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Комиссияның негізгі функциясы болып табылады.

3. Комиссиямен материалдарды қарау тәртiбi

      8. Комиссия жер қатынастарын реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдылығымен жер учаскелерін беру мәселесi жөнiндегi жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарайды.
      Өтiнiште көрсетiлуге тиiс: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты, оның болжамды көлемі, орналасқан жерi, сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы). Пайдалы қазбалар өндiрiлетiн жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың көшiрмесi қоса тiркеледi.
      Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап үш айға дейiнгi мерзiмде қаралады.
      9. Комиссия отырыстарын дайындау:
      Комиссия қарауына түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсаттарында оларды комиссияның төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын-ала зерттейдi.
      Комиссияның қарауына келiп түскен материалдарды алдын ала зерттеу процесiнде:
      сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймаққа бөлуге сәйкес өтініште аталған нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкiндiгi;
      осы материалдарды»қарау комиссия құзыретiне жататындығы;
      Комиссия отырысына шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберi анықталады.
      Материалдарды алдын ала зерттеу нәтижелерi бойынша Комиссия:
      материалдарды қарауға тағайындау және өтiнiш берушiнi немесе оның заңды өкiлдерiн және отырысқа қатысуы мiндеттi деп танылған басқа да тұлғаларды Комиссия отырысының күнi мен орны туралы хабардар ете алады;
      Комиссия отырысында қарауға жататын мәселелердiң мәнi  бойынша өтiнiштi қарау;
      өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту.
      Жер учаскесiне құқық беруден бас тарту жергiлiктi атқарушы орган - әкiмдiктiң - қаулысымен ресiмделiп, өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмiнде көшiрмесi тапсырылады.
      10. Комиссия отырыстарын өткiзу тәртiбi.
      Комиссия отырыстары қажетiне қарай өткiзiледi.
      Егер комиссия мүшелерiнiң кемiнде жалпы санының жартысы қатысса, Комиссия отырысы құқылы деп есептеледі. Комиссия отырысында оның төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссияның орынбасары төрағалық жасайды.
      11. Комиссия хаттамасы.
      Өтiнiштердiң қарау нәтижесi бойынша Комиссия отырысының хаттамасы ресiмделедi.
      Комиссия хаттамасы материалдарды қарау нәтижесi бойынша ресiмделедi және отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қорытынды шығарылады. Егер дауыстар тең бөлiнген жағдайда комиссия отырысында төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
      Комиссия хаттамасында:
      Комиссияның атауы және жеке құрамы;
      Комиссия отырысының күнi мен жерi;
      қаралып жатқан материалдарға қатысы бар тұлғаның немесе заңды тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты;
      өтiнiште көрсетiлген өтiнiш;
      Комиссия қорытындысын қабылдауға негiз болған деректер;
      Комиссиямен қабылданған қорытынды көрсетіледі.
      Хаттамаға төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдануға белгiленген мерзiм өткеннен кейiн, заңды күшiне енедi.
      Комиссия қорытындысы жер қатынастарын реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес шығарылады.
      Комиссия отырысының хаттамасының үзiндiсi өтiнiш берушiге тапсырылады.
      12. Комиссия хаттамасы бойынша шағым беру:
      Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді алған күннен бастап он күн ішінде тұлғамен, оған қатысты қабылданған жағдайда және оның заңды өкілі, адвокаты қаралған материалдар жөнінде комиссиямен қабылданған қорытынды бойынша осы комиссияны құрған атқарушы орган - аудан әкіміне шағым бере алады.
      Көрсетiлген мерзiмде шағым беру Комиссияның тиiстi хаттамасының орындалуын тоқтатады.
      Комиссияның қаулысы бойынша сотқа шағым беру мерзiмi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
      Прокурор Комиссия хаттамасына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қарсылық бiлдiре алады.
      Жер учаскелерiне тиiстi құқықтар беру туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi - аудан әкiмдiгiнiң қаулысы - өтiнiш берушiге шешiм қабылданған күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде жер учаскесiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы қаулысының үзiндiсi тапсырылып, жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады.

4. Комиссияның қызметiн материалдық-техникалық
қамтамасыз ету

      13. Комиссия қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету аудан әкiмiнiң аппаратымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады