Аудандық жер комиссиясы жөніндегі Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 18 маусымдағы N 128 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 8 шілдедегі N 970 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 15 мамырдағы N 154 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2012.05.15 N 154 Қаулысымен

      Ауданда жер қатынастарын реттеу мақсатымен және "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы N 152-II Заңының 3435-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы№N 148-II Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса берiлген аудандық жер комиссиясы жөніндегі Ереже бекiтiлсiн.

      Аудан әкiмi

Аудан әкiмдiгiнiң
"Аудандық жер комиссиясы
жөніндегі Ереженi бекiту туралы"
2003 жылғы 18 маусымдағы
N 128 қаулысына
ҚОСЫМША

Аудандық жер комиссиясы жөніндегі
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы аудандық жер комиссиясы (әрi қарай комиссия) аудандағы жер қатынастарын реттеу мақсатымен құрылған (немесе жер учаскелерiн пайдалану құқығын беретiн), тұрақты түрде қызмет атқаратын орган болып табылады.
      2. Комиссия жергiлiктi атқарушы органның жанында - әкiмдікте құрылады. Аудан әкiмi комиссияның арнайы құрамын мәслихаттың кезектi сессиясына бекiтуге ұсынады.
      3. Комиссияның құрамында комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, 5-9 комиссия мүшелерi, жергiлiктi өкiлеттi органның депутаттары, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi аумақтық органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi қатарынан және ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық өнiмдерiн ұқсату басқармасында штаттық лауазымды қызметте отырған жауапты хатшы болады.
      4. Комиссия жер қатынастарын реттейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңды актiлерiнің, осы Ереженің негiзiнде өз қызметiн жүзеге асырады.
      5. Комиссия өз қызметiнде жергiлiктi атқарушы орган - әкiмдiктiң алдында жауапты.
      6. Комиссияның қызметi төмендегi қағидалармен негiзделеді:
      заңдылық;
      адамгершiлiк
      лауазымды адамдардың өз iс-қимылдарына және қабылдаған шешiмдерiне жауапкершiлiгi.

2. Комиссияның негiзгi қызметтерi

      7. Комиссияның негiзгi қызметтерi:
      өз құзыретiнiң шегiнде жердi пайдалану құқығы мәселесi бойынша жеке және заңды тұлғалардың арызын қарау болып табылады.

3. Комиссиямен материалдарды қарау тәртiбi

      8. Комиссия жер қатынастарын реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан түскен өтiнiштерiн қарайды.
      Өтiнiште жер учаскесiн пайдалану мақсаты, оның болжамды мөлшерi, орналасқан жерi, сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбалар өндiрiлетiн жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған Келiсiм-шарттың көшiрмесi ұсынысқа қоса берiледi.
      Жер учаскесiне құқық беру туралы ұсынған өтiнiш түскен кезiнен бастап үш айға дейiнгi мерзiмде қаралады.
      9. Комиссияның отырысына даярлық:
      Комиссияның қарауына түскен материалдарды уақытында және дұрыс қарау мақсатымен оларды Комиссияның төрағасы немесе оның тапсырмасымен төрағаның орынбасары алдын-ала оқып зерттейдi.
      Комиссияның қарауына түскен материалдарды алдын-ала зерттеу үрдiсiнде комиссия:
      сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймаққа бөлуге сәйкес  мәлiмделген мақсат бойынша нысаналы пайдалану мүмкiндiгiн;
      осы материалдардың деректерiн қарау оның құзыретiне жататындығын;
      комиссия отырысына шақыртып алуға немесе шақыртуға жататын адамдар шеңберiн анықтайды.
      Алдын ала материалдарды зерттеу нәтижесi бойынша комиссия:
      Комиссияның отырысына материалдарды қарауға ұсынады және өтініш берушіге немесе оның заңды өкілдеріне, отырысқа қатысуы міндетті болып табылатын басқа да тұлғаларға өтетiн орны мен күнi туралы хабарлай алады;
      Комиссияның отырысында қаралуға тиіс мәселенің барысы жөніндегі өтінішті қарастыра алады;
      өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарта алады.
      Жер учаскесiне құқық беруден бас тарту жергiлiктi атқарушы орган- әкiмдiктiң қаулысымен ресiмделiп, өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде көшiрмесi тапсырылады.
      10. Комиссияның отырысын жүргiзудің тәртiбi:
      Комиссияның отырысы жыл ішінде қажетіне қарай өткізіледі.
      Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан көбi жиналатын болса, комиссия отырысының заңды күшi бар деп саналады. Комиссия отырысына комиссияның төрағасы немесе оның тапсырмасымен орынбасары төрағалық етедi.
      11. Комиссияның хаттамасы.
      Қаралған өтiнiштердiң қорытындысы бойынша комиссия отырысының хаттамасы ресiмделедi.
      Комиссияның хаттамасы қаралған материалдардың нәтижесi бойынша ресiмделедi және комиссия отырысына қатынасушы комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен шешiледi. Егер дауыс бiрдей екiге бөлiнсе, төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
      Хаттамада көрсетiледi:
      Комиссияның атауы және жеке құрамы;
      Комиссияның өту күнi және өту орны;
      қаралып жатқан материал иесiнiң аты-жөнi, тегi;
      өтiнiште көрсетiлген тiлегi;
      Комиссияның қорытындысын қабылдауға негiз болған дәлелдер;
      Комиссияның қабылдаған қорытындысы.
      Төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы хаттамаға қол қояды, комиссияның отырысында жарияланады және шағым беруге бекiтiлген мезгiл аяқталғаннан кейiн заңды күшiне енедi.
      Комиссияның қорытындысы Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтiн заңдарына сәйкес шығарылады.
      Өтiнiш иесiне Комиссия отырысының хаттамасынан көшiрме берiледi.
      12. Комиссияның хаттамасына шағым беру.
      Қаралған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қорытынды ол кiмге қатысты қабылданса, сол адам оның заңды өкiлдерi, адвокаты шағым бере алады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Жамбыл ауданы әкімдігінің 2004.05.24 N 172 Қаулысымен.
      Комиссия отырысының хаттамасының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн iшiнде осы комиссияны құрған атқарушы органға шағым беруi мүмкiн.
      Көрсетiлген мерзiмде шағым беру Комиссияның тиiстi хаттамасының орындалуын тоқтатады.
      Комиссияның қаулысына сотқа шағым берудің мезгiлi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтiледi.
      Ескерту. 5 азат жолы алынып тасталды - Жамбыл ауданы әкімдігінің 2004.05.24 N 172 Қаулысымен.
      Жер учаскесіне сәйкес құқық ұсыну туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi - аудан әкiмдiгiнiң қаулысы өтiнiш берушiге жер учаскесіне меншік құқығын немесе жерді пайдалану құқығын беру туралы қаулының көшірмесін қаулы қабылданғаннан кейін жеті күндік мерзімде жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады.

4. Комиссияның қызметiн материалдық-техникалық
қамтамасыз ету

      13. Комиссияның қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету аудан әкiмi аппаратына жүктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады