Аудандық ономастика комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 175 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 29 қазанда N 1045 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қазандағы N 170 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 16.10.2009 N 170 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151-1 Заңының 1920-баптарын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"»1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігі жанынан ономастика комиссиясы құрылсын.
      2. Аудандық ономастика туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғ.Имановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі

"Аудандық ономастика комиссиясын
құру туралы" аудан әкімдігінің
2003 жылғы 30 қыркүйектегі
N 175 қаулысымен бекітілген

Уәлиханов ауданы әкімдігі жанындағы аудандық
ономастика комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) географиялық объектілердің атауына бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен олардың есебін жүргізуді реттеу, ауданның тарихи-мәдени мұрасының  құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультациялық кеңесу органы болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Тіл туралы""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібі туралы" қаулысын және осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Комиссия құрамы аудан әкімінің ұсынуы бойынша Уәлиханов ауданы мәслихатымен бекітіледі.
      4. Комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктер, физикалық-географиялық объектілер және мемлекет меншігіндегі объектілер атауларына қатысты ұсыныстар береді.

2. Негізгі міндеттері

      Комиссияның негізгі міндеттері:
      географиялық атауларды жинақтау және зерделеу, ономастика мәселелеріне байланысты материалдарды бір жүйеге келтіру;
      бұрын жоғалған тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      жаңа объектілерге атау беру туралы ұсыныстар жасау;
      ономастикаға географиялық және тарихи-мәдени пәндеме ретінде қолдау көрсету болып табылады.

3. Негізгі функциялары мен өкілеттігі

      Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында:
      мемлекеттік меншіктегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, темір жол және автомобиль жолдары станцияларының, пошта бөлімшелерінің, мекемелердің, кәсіпорындардың, жоғарғы, жалпы білім беру, арнаулы орта және кәсіптік оқу орындарының, көлік және басқа да объектілердің аттары, қайта аталуы және транскрипциясының нақтылануы бойынша қорытындылар ұсынады;
      жергілікті ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіреді, комиссияның атына әкімшілік-аумақтық бірліктерге, әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық объектілерге ат қою және олардың атауын өзгерту, атауларының транскрипцияларын өзгерту бойынша түскен құжаттарды қарайды. Олар бойынша шешім қабылдап, құжаттарды облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолдайды;
      ұйымдардың, жекелеген азаматтардың топонимдерін қалпына келтіру немесе ауыстыру мәселелері жөніндегі хаттарын қарайды және тиісті ұсынымдар береді;
      жергілікті халықтың аудандық тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретіндегі байырғы халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыруға белсенді ықпал етеді;

4. Жұмысын ұйымдастыру

      1. Комиссияның отырысы жергілікті жерлерден материалдардың келіп түсуіне және қажетіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің кемінде жартысы қатысса күші бар деп саналады.
      2. Комиссияның шешімі оның отырысына қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс берумен қабылданады.
      3. Комиссияның хатшысы отырыстың құжаттарын әзірлеп, күн тәртібін дайындайды. Комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады және қағаздарын жүргізуге жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады