Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқарулар туралы"
Заңының
6 бабын басшылыққа алып, II сайланған облыстық Мәслихаттың ХХII сессиясы шешiм еттi:
Атырау облысы әкiмиятының 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 5 қаулысымен ұсынылған 2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында еңбектi қорғау жөнiндегi бағдарламасы бекiтiлсiн (жалғанды).
Облыстық Мәслихаты ХХII
сессиясының төрағасы
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
Атырау облыстық мәслихатының қаулысы
2003 жылғы 6 қаңтардағы N 5
2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында
еңбекті қорғау жөніндегі Бағдарлама туралы
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 285 "2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысы бойынша еңбектi қорғау Бағдарламасын әзiрлеу туралы" қаулысына сәйкес және облыс ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында облыстық әкімият қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Атырау облысында еңбекті қорғау жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама (әрі қарай - Бағдарлама) мақұлданып, облыстық Мәслихаттың кезекті сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
2. Атырау қаласы және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттері, жұмыс берушілер (келiсiм бойынша):
1) Бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментіне бағдарламаның орындалу барысы туралы тоқсан сайын есеп беру тоқсаннан кейінгі келесі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей ақпарат берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В.Супрунға жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыс әкімиятының
2003 жылғы 6 қаңтардағы
N 5 қаулысына қосымша
2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында
еңбекті қорғау жөніндегі бағдарлама
Бағдарлама атауы 2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында еңбекті
қорғау жөніндегі Бағдарлама.
Бағдарламаны Атырау облыстық әкімиятының 2002 жылғы 12 қарашадағы
әзірлеу негізі N 285 "2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында
еңбектi қорғау жөнiндегi бағдарлама туралы" қаулысы.
Бағдарлама Атырау облыстық әкімияты мен Еңбек және халықты
бастамашысы әлеуметтік қорғау Министрлігінің Атырау облысы бойынша
департаменті.
Бағдарламаның Облыстық барлық меншік түріндегі ұйымдарында адамдардың
мақсаты мен денсаулығын және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету,
міндеттері өндірісте қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу,
сәтсіз оқиғалары мен жарақаттанушылықтың алдын алу.
Негізгі Жұмыс берушілер.
орындаушылары
Бағдарламаның Бағдарлама еңбек ету кезінде адамдардың қауіпсіздігін,
негізгі денсаулығы мен жұмыс қабілеті сақталуын қамтамасыз
шаралары ететін ұйымдастыру-техникалық, гигиеналық, алдын алу
шараларды жүзеге асыру мен құралдарды енгізуді көздейді.
Шаралар жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін насихаттауға,
өнеркәсіпті ғимараттар мен құрылыстарды, жабдықтарды,
тетіктерді және жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі
жөніндегі стандарттардың, ережелердің, нормалардың
талаптарына сай келтіріп, жабдықтар мен технологиялық
процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық
құралдарды өндіріске енгізуге бағытталған.
Бағдарламаның 2003-2005 жылдар
орындалу
мерзімдері
Қаржыландырудың Бағдарламаны 9 млрд 24 млн. теңге сомасында жұмыс
түрлері мен берушілер есебінен қаржыландыру.
көлемі
Бағдарламаны Бағдарламаны жүзеге асыру қауіпті және зиянды
орындаудан өндірістік факторлардың мейілінше кемуіне, жұмыс
күтілетін істеушілердің еңбек жағдайларының жақсаруына қол
нәтижелер жеткізеді және адамдардың қауіпсіздігін, денсаулығы
мен жұмыс қабілетінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еркін еңбекке Конституциялық құқығын жүзеге асыру процессінде әрбір жұмыс істеуші қауіпсіздік талаптарына сай келетін еңбек жағдайын пайдалануға құқылы. Жұмыс берушілер өндірісте қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алуға, құқықтық ұйымдастыру-техникалық әлеуметтік-экономикалық шараларды дайындап жүзеге асыру есебінен адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға тиіс.
Еңбекті қорғау Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789
қаулысымен
бекітілген, Қазақстан Республикасында Бағдарламалар әзірлеу Ережесіне сай дайындалды және облыс экономикасы саласындағы 2000-2001-2002 жылдардағы еңбек келісімдер мен өндірістік жарақаттану жағдайы туралы есеп беру мәліметтерін ескере отырып әзірленді.
Облыс бойынша еңбекті қорғау және жарақаттанушылық ахуалын талдау құқықтық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-экономикалық шаралардың алынуына қарамастан облыс бойынша еңбек жағдайлар ахуалы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген еңбек қорғау талаптарына әлі де толық сай болмай отыр.
Шаруашылық субъектілердің меншік нысандарының өзгеруіне байланысты еңбекті қорғауға жұмсалатын шығындардың қысқаруы, өндірістік техникалық жабдықталу деңгейінің төмендеуі байқалуда. Облыстың экономикасын дамытудағы инвестициялардың күрт ұлғаюынан, азаматтық және өндірістік бағыттағы нысандар құрылысы көлемінің өсуінен, құрылыс техникасы мен тұрғызылатын конструкциялардың күрделіленуінен, автокөлік паркінің көбеюінен өндірістегі еңбекті қорғауда күрделі ахуал қалыптасуда. Өндірістегі жазатайым және жол-көлік оқиғаларынан болатын жарақаттанушылық төмендемей келеді.
Облыстың экономика салаларында барлық қызметкерлердің 17,6% санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес және еңбекке қолайсыз жағдайларда жұмыс істейді. 2002 жылы өндірісте 69 жазатайым оқиға орын алып, оларда 77 адам зардап шекті, соның ішінде 15 адам қаза тапты.
Құрылыс пен мұнайгаз кешенінде өндірістік жарақаттану деңгейі қауіп тудыруда. Өткен жылы құрылыс алаңдарында 18 адам өндірістік зардаптар шекті, бұл облыстағы барлық өндірісте зақымданудың 23% құрайды, оның iшiнде 6 адам қазаға ұшырады, бұл қаза тапқандардың - 40%-i. Мұнайгаз кешенінде 20 адам зардап шеккен, бұл барлық жарақат алғандардың 26%-i, бұның iшiнде 3 адам қаза тапты, немесе барлық қаза тапқандардың 20%-i.
Өндірістегі жарақаттану мен жазатайым оқиғаларының әлеуметтік және материалдық салдарлары төзгісіз тым жоғары. Соңғы екі жылда 30 адам еңбектегі зақымданудан өмірінде тұңғыш рет мүгедек деп танылды, жұмыс берушілер еңбектегі зақымданудың залалы үшін 40,0 млн. теңгеден астам өтемақы төледі.
Еңбек қорғау жөніндегі мамандарды кәсіби дайындау мен қайта оқытуға, біліктілігін көтеруге назар аудару осалсыған.
2003-2005 жылдарға арналған еңбекті қорғау Бағдарламасы облыс экономикасының салаларында еңбекті қорғау жағдайларын түбегейлі жақсарту мақсатында жасалған.
3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты:
- ұйымдарда адамдардың денсаулығы мен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыс орындары мен технологиялық процестерде кез-келген тәуекелдің жолын кесу, жазатайым оқиғалары мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу мен деңгейін төмендету болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:
- кәсіпорындарды, өндірістер мен нысандарды техникалық қайта жабдықтау;
- негізгі өндірістік қорларды жаңарту, жаңа және барынша жетілген өндірістік құралдар мен технологиялық процестерді енгізу;
- өндірісте зардап шеккендерді әлеуметтік, медициналық және кәсіби тұрғыдан оңалту;
- еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларын жақсарту, санитарлық-сауықтыру шараларын жүзеге асыру.
4. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
- жабдықтар мен жұмыс орындарын еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелер мен нормалар стандартының талаптарына сай келтіру жөніндегі жоспарларды әзірлеу мен іске асыру;
- қызметкерлерді қажетті санитарлық-тұрмыстық жағдайлармен, жеке қорғау құралдарымен, емдеу-сауықтыру мақсатындағы тамақтандырумен қамтамасыз ету, жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
- апаттың алдын алуға, өндіріс нысандарында апат орын алған кезде және оны жоюда ұйымдасқан іс-әрекетке дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу мен іске асыру;
- өндірістік тәуекел факторларын алдын алу шараларын әзірлеу мен іске асыру, қауіпті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру;
- еңбек қорғау ережелерін бұзушылық факторлары мен себептерін талдау және оларды жою шараларын пысықтау;
- кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек қорғау нормаларының сақталуын насихаттауды енгізу;
- еңбек қорғау кадрларын оқыту мен дайындау;
- жұмыс берушілермен еңбекті қорғауға ақшалай және материалдық қаржы бөлу.
5. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Еңбек қорғауды, жарақаттанудың алдын алуды техникалық қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған өндірістегі қол және ауыр дене еңбегінің үлесін азайтуға бағытталған қайта жарақтану мен жаңғырту жөніндегі инженерлік-техникалық шараларын жүзеге асырылуын көздейді, технологиялық процестерді жетілдіру, өндірістік жабдықтарды автоматты және дистанциялық басқару жүйесін енгізу, өнеркәсіп пен құрылыс алаңдарындағы өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, бөлмелерді, жұмыс орындарын еңбек қорғау талаптарына сәйкес келтіру, өндірістегі санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту, өрт-қопарылыс қауіпсіздігінің деңгейін көтеру, жұмыс орындарындағы шаңдануды, газдануды, шуды, тербелісті нормативтік талаптарға дейін төмендету, қауіпсіз жұмыс пен адамдардың зиянды факторлар әсерінен қорғалуын қамтамасыз ететін машиналар мен механизмдерді жетілдіру.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс берушілермен 9 млрд. 24 млн. теңге көлемінде өз есебінен қаржыландыру қарастырылуда. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар еңбекті қорғауға жыл сайын ақшаны өз мүмкіндіктерінен шыға отырып бөлуге тиісті.
6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асырудан мынадай нәтижелер күтіледі:
6.1. қолайсыз және зиянды жағдайда жұмыс істейтіндер санын 5591 адамға азайту;
6.2. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін 812 жұмыс орнын қысқарту;
6.3. Ауыр дене еңбегімен айналысатындар санын 1220 адамға азайту;
6.4. Өндірістегі жазатайым жағдайлар санын қысқарту;
6.5. Жұмыс істейтіндерді арнаулы сырт және аяқ киімдермен, жеке қорғау құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету;
6.6. Бейөндіріс жұмыс уақытының ысырабын қысқарту;
6.7. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер мен өтемақыларды азайту.
7. Атырау облысында еңбекті қорғау жөніндегі 2003-2005 жылдарға
арналған Бағдарламасын жүзеге асыру шараларының жоспары
N Шаралар Аяқтау Орындауға Орындалу Шамамен қаржыландыру
|
6. Өндірісте жұмысшыларды Қызметкерлерді Жұмыс 2003-2005 538,2 Жұмыс
жазатайым оқиғалардан әлеуметтік берушілер берушiлер
сақтандыруды енгізу. қорғау қаржысы
Соның ішінде: есебiнен
- "Ембімұнайгаз" ААҚ (келісім бойынша); Мақашев Н.М. 2003-2005 85,0
- Атырау мұнай құбырлары басқармасы
(келісім бойынша); Снхчян С.С. 2003-2005 305,7
- "Атырау мұнай өңдеу зауыты ААҚ
(келісім бойынша); Шишлов С.С. 2003-2005 20,5
- "Атыраужарық" ААҚ (келісім бойынша); Рахманов А.Д. 2003-2005 13,5
- "Атырауоблгаз" ААҚ (келісім бойынша). Балакин А.Н. 2003-2005 8,5
7. Зиянды еңбек жағдайында Аурулардың Жұмыс
жұмыс істейтін қызметкерлерді алдын алу берушілер 2003-2005 150,1 Жұмыс
медициналық тексеруден өткізу, және 14200 берушілер
оларды сүт өнімдерімен және қызметкерді қаржысы
дезинфекциялаушы құралдармен сауықтыру есебiнен
қамтамасыз ету. Соның ішінде:
- "Ембімұнайгаз" ААҚ 900 адам Мақашев Н.М. 2003-2005 27,0
(келісім бойынша);
- Атырау мұнай құбырлары 400 адам Снхчян С.С. 2003-2005 9,8
басқармасы (келісім бойынша);
- "Атыраужарық" ААҚ 250 адам Рахманов А.Д. 2003-2005 2,3
(келісім бойынша);
- "Атыраубалық" ААҚ 200 адам Долгих С.Н. 2003-2005 5,6
(келісім бойынша);
- "Атырау мұнай өңдеу зауыты 500 адам Шишлов С.С. 2003-2005 18,2
ААҚ" (келісім бойынша);
8. Санитарлық-тұрмыстық орындарды 15245 Жұмыс 2003-2005 615,8 Жұмыс
кеңейту, жаңғырту және жабдықтау жұмыс берушілер берушілер
(киім ілетін, жуынатын жерлерді, істейтін қаржысы
әйелдердің жеке тазалық бөлмелерін, адамның есебiнен
тамақ ішетін орындарды және санитарлық-
басқаларды санитарлық нормалар мен тұрмыстық
ережелер талаптарына сәйкестендіру) жағдайын
- асханаларда, санитарлық-тұрмыстық жақсарту
бөлмелерде жөндеу жұмыстарды жүргізу;
- киім ілетін шкафтарды жөндеу;
- әкімшілік-тұрмыстық, өндірістік
корпустар ғимараттары бойынша жөндеу
жұмыстарын атқару;
- санитарлық-техникалық қондырғыларды
жөндеу немесе алмастыру; Соның ішінде:
- "Ембімұнайгаз" ААҚ (келісім бойынша); Мақашев Н.М. 2003-2005 100,0
- Атырау мұнай құбырлары басқармасы Снхчян С.С. 2003-2005 308,0
(келісім бойынша);
- "Атыраужарық" ААҚ (келісім бойынша); Рахманов А.Д. 2003-2005 2,9
- "Қазақстан темір жолы Ұлттық Ізғұлов Ж.Т. 2003-2005 2,4
компаниясы" ЖАҚ Атырау тасымалдау
бөлімшесі (келісім бойынша).
9. Суық ауада жұмыс істейтіндердің Еңбек Жұмыс 2003-2005 27,0 Жұмыс
жылытылуын және ашық ауада күн жағдайларын берушiлер берушiлер
сәулесінен қалқалауды ұйымдастыру жақсарту қаржысы
есебiнен
10. Кәсіби білімі жоқ жұмысшыларды Апат Жұмыс 2003-2005 55,8 Жұмыс
оқу комбинаттарында еңбектің жағдайларға берушiлер берушiлер
қауіпсіз тәсілдеріне үйретуді соқтыратын қаржысы
ұйымдастыру. Соның ішінде: мүмкіндіктер есебiнен
- "Ембімұнайгаз" ААҚ мен ереже Мақашев Н.М. 2003-2005
(келісім бойынша); бұзушылықты 20,0
- Атырау мұнай құбырлары болдырмау,
басқармасы (келісім бойынша); қондырғылар Снхчян С.С. 5,7
- Атырау магистральды газ мен
құбырлары басқармасы (келісім жабдықтарда Әбушахманов К.И. 2,7
бойынша); білікті
- "Атырауоблгаз" ААҚ (келісім қызмет Балакин А.Н. 0,5
бойынша). көрсету
11. Қызметкерлерді арнаулы киіммен, Жұмыс Жұмыс 2003-2005 502,5 Жұмыс
аяқ киіммен және басқа сақтану істейтіндерді берушiлер берушiлер
құралдармен қамтамасыз ету. өндірістегі қаржысы
Соның ішінде: зиянды есебiнен
- "Ембімұнайгаз" ААҚ (келісім факторлардан Мақашев Н.М. 2003-2005 145,0
бойынша); қорғау
- Атырау мұнай құбырлары Снхчян С.С. 2003-2005 131,3
басқармасы (келісім бойынша);
- "Атырау мұнай өңдеу зауыты ААҚ Шишлов С.С. 2003-2005 18,6
(келісім бойынша);
12. Еңбек қорғау жөніндегі Еңбектің Жұмыс 2003-2005 10,2 Жұмыс
кабинеттерді, оқу орындарын қауіпсіз берушiлер берушiлер
жабдықтау. тәсілдеріне қаржысы
Соның ішінде: сапалы оқыту есебiнен
- "Ембімұнайгаз" ААҚ (келісім және Мақашев Н.М. 2003-2005 2,9
бойынша); нұсқау беру
- Атырау мұнай құбырлары Снхчян С.С. 2003-2005 0,9
басқармасы (келісім бойынша);
13. "Теңізшевройл" ЖШС-да еңбек Еңбек Том 2003-2005 2808,0 Жұмыс
қорғау жағдайларын жақсарту және жағдайлары Уинтертон берушiнiң
санитарлық-сауықтыру шараларын мен қорғауды қаржысы
жүзеге асыру. жақсарту есебiнен
14. Жұмысшыларды дербес жұмысқа Жарақаттанудың Жұмыс Тұрақты
қосу ережелерін сақтау (тәжірибеден, алдын алу берушілер
нұсқаудан өткізу, білімін жыл сайын мен оны
тексеру). төмендету
15. Ірі нысандарда жұмыс істеу Қалыпты және Жұмыс Тұрақты
мен қызмет көрсету үшін қауіпсіз еңбек берушiлердiң
жарияланатын тендер жағдайын тендер
талаптарында еңбекті қорғау қамтамасыз ету комиссиялары
заңдарын сақтауды ескеру
16. Мекемелердің ұжымдық Қызметкерлерге Жұмыс Келісім
шарттарына жұмыс орнындағы жағдайлар берушілер шарт
және технологиялық процестегі туғызу жасағанда
кез келген тәуекелді болдырмау
шараларын енгізу.
17. Өндірістік нысандарда зиянды Қауіпсіз Жұмыс Кесте
және қауіпті факторлар орын алмауы еңбек берушілер бойынша
үшін мезгілдік аттестациялаулар жағдайларын
өткізу. қамтамасыз ету
18. Жеке еңбек шарттарында еңбек Жұмысшыларға Жұмыс Үнемі
жұмыс берушінің қосымша жағдайлар берушілер
міндеттемелерін ескеру туғызу
19. Еңбек қорғау жөніндегі жаңа Еңбек қорғау Жұмыс Үнемі
нормативтік-құқықтық актілерді жөніндегі берушілер,
оқып-үйренуді ұйымдастыру білімін көтеру Еңбек және
ХӘҚ Мин.
департаменті
20. Ауыл шаруашылығы өндірісінде Жарақаттану мен Облыстық ауыл Үнемі
еңбек қорғау нормалар талаптарын жазатайым шаруашылық
сақтау. оқиғалар деңгейін басқармасы
төмендету
21. Мыналарды жұмыс берушілердің Жұмыс Еңбек және Үнемі
назарына жеткізу: істеушілердің ХӘҚ Мин.
- жеңілдік пен зейнетақы алуға әлеуметтік департаменті,
құқық беретін өндірістер, жұмыстар, кепілдері Облыстық
кәсіптер, лауазымдар тізімін; мен еңбек СЭС
- емдік-алдын алу мақсатындағы қауіпсіздігін
тамақтандыру нормаларын; қамтамасыз
- технологиялық процестерді ұйымдастыруға, ету
құрал-саймандарға қойылатын санитарлық
ережелер мен гигиеналық талаптар нормативін,
өндірістік ортаның физикалық, химиялық,
биологиялық әсерінің шектеулі мөлшерінің
гигиеналық нормативтерді.
22. Мекемелер мамандарының, басшыларының, Еңбек қорғау Жұмыс Жыл
инженерлік-техникалық қызметкерлерінің жөніндегі берушілер сайын
еңбек қорғау жағдайы жөніндегі кәсіби кадрлардың Жұмыс
білімін көтеруді ұйымдастыру кәсіби беруші
дайындығын көтеру қаржысы
23. Облыс мекемелерінде техника Еңбек қорғау Жұмыс Жыл Жұмыс
қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жағдайы заңнамасының берушілер сайын беруші
жөніндегі фото, бейне материалдар сақталуын қаржысы
көрмелерін ұйымдастыру. қамтамасыз ету
24. Шаруашылық тұлғалардың еңбек Еңбек Еңбек және Жоспарға
қорғау заңдарын сақтауына тексеруді қорғау үшін ХӘҚ Мин. сәйкес
күшейту және бұзушылыққа жол берген жауапкершілік департаменті
кінәлі лауазым иелері мен мекемелерге деңгейін
заңға сай әкімшілік ықпалы ету көтеру
шараларын қолдану.
25. Мемлекеттік бюджеттен Еңбек қорғау Құрылыс және Жыл
қаржыландырылатын басқармаларда, және тиісті коммуналдық сайын
департаменттерде ведомстволық жағдайлар шаруашылық
бағысындағы мекемелер туғызуды Департаменті,
қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту облыстық білім және
жақсарту үшін жыл сайын қаржы бөлу. денсаулық басқармасы
26. Облыстық телерадиокомпаниясы, Жарақаттану Облыстық Үнемі
"Прикаспийская коммуна", "Атырау" мен жазатайым телерадио-
газеттер редакциялары еңбек қорғау оқиғаларды компаниясы
шараларын насихаттау үшін эфир төмендету, (келісім бойынша)
уақыты мен газет беттерінен орын қызметкерлердің "Прикаспийская
беруді қарастырсын. білім деңгейін коммуна",
көтеру және "Атырау"
насихаттау газеттер
жұмыстары редакциялары
Бағдарламада қолданылған қысқартылған белгілер
ААҚ - ашық акционерлік қоғам
ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам
ЖШС - жеке шаруашылық серіктестігі
Еңбек және ХӘҚ Мин.департаменті - еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрлігінің департаменті
Облыстық СЭС - Облыстық санитарлық-эпидемиялық стансасы