Орта білім беру оқу орындарының жасөспірім-түлектерімен далалық-оқу (лагерлік) жиындарын өткізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 26 шешімі. Атырау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 6 мамырда N 1485 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 "Бастапқы әскери дайындық туралы" қаулысын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып, кәсіптік-техникалық мектеп (лицей) және арнайы орта оқу орындарының (колледж) үшінші курс ер бала  оқушыларымен бастапқы әскери дайындық бойынша белгіленген оқу жоспарына сәйкес 2003 жылдың мамыр-маусым айларында далалық-оқу (лагерлік) жиындары өткізілсін.
      2. Атырау облыстық білім басқармасы Атырау облыстық әскери комиссариатымен (келісім бойынша) бірлесе отырып, бес күндік далалық-оқу (лагерлік) жиындарын өткізу жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы мен жоспарын әзірлесін.
      3. Атырау облыстық әскери комиссары далалық оқу (лагерлік) жиындарының табысты өткізілуіне көмек беру мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің әскери-техникалық мектеп»республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалымен (келісім бойынша), әскери бөлім командирлерімен байланысты қамтамасыз етсін.
      4. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері мүдделі ұйымдар және мекемелер басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңестер өткізілсін, өтілетін орындарды, жиынның уақытша штабын белгілеп, белгіленген іс- шараның өтілуіне жауапты адамдар белгіленсін. Далалық  оқу (лагерлік) жиындарының ұйымдастыруы мен өткізілуіне жұмсалатын шығын Атырау облыстық білім,  денсаулық сақтау басқармалары мен басқа да облыстық мемлекеттік органдардың ведомствоға қарасты ұйымдарын ұстауға бөлінген қаржы шегінде жүргізілсін.
      5. Бес күндік далалық - оқу (лагерлік) жиындарын өткізу кезінде кәсіптік-техникалық мектептердің (лицейлердің) 3 курс, арнайы орта оқу орындарының (колледж), жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптарында оқитын қыздардың практикасы медициналық емдеу мекемелерінде өткізілсін. Практикадан өту тәртібі мен орнын Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Атырау облыстық білім басқармасы, Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (өзара келісім бойынша)  белгілесін.
      6. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы далалық жиындар өткізетін орындарда оқушылардың көп жиналатындығына байланысты олардың жұқпалы, тағы да басқа аурулармен науқастануын және аурудың таралуына жол бермеу үшін медициналық шаралар белгілесін, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз етсін.
      7. Атырау облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) далалық - оқу жиындары өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      8. Атырау облысы әкімінің 2002 жылдың 12 мамырындағы N№421 «Жалпы орта білім беру оқу орнының ер балалар түлектерімен далалық-оқу (лагерлік) жиынының өткізілуі туралы»шешімінің заңды күші жойылды деп танылсын (Атырау облыстық әділет басқармасында 2002 жылдың 7 маусымында N 1000 санымен тіркелген.)
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Мүрсәлимоваға жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады