Облыс тұрғындарын туберкулез ауруына жаппай тексеруден өткізуді жалғастыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкiмінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 40 шешімі. Атырау облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 26 маусымда N 1531 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы N 111-1 "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың
шұғыл шаралары туралы" қаулысына, облыс әкімінің 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 30 "Тұрғындарды туберкулез ауруынан жаппай тексеруден өткізуді ұйымдастыру туралы" шешіміне сәйкес, туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштерді одан әрі тұрақтандыру және
азайту мақсатына шешім етемін:
      1. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы:
      1) ересек тұрғындарды 15 жастан бастап флюорография әдісімен және 1-15 жас аралығында балаларды туберкулинодиагностика әдісімен жаппай тексеру жұмыстарын жалғастырсын;
      2) туберкулез ауруына жаппай тексеруді өткізуде медициналық ұйымдардың емдеу алдын-алу қызметін бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз етсін;
      3) Атырау облыстық коммуналдық меншік басқармасы арқылы ересектерді профилактикалық тексеру мен балаларды туберкулинодиагностикалауға шығын материалдар алу үшін ашық
конкурс өткізсін.
      2. Атырау облыстық қаржы басқармасы қоса берілген есепке сәйкес қаржыландыруды бюджетке қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырсын.
      3. Атырау қаласы және аудан әкімдері шалғай елді мекендерге бару үшін жанар-жағар май материалдарын бөлумен тұрғындарды туберкулез ауруына жаппай тексеруді жүргізуде денсаулық сақтау ұйымдарына көмек көрсетсін.
      4. Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы тұрғындарды туберкулез ауруына жаппай тексеруден өткізуді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Мүрсәлиеваға жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыстың 15 жасқа дейінгі балаларын туберкулинодиагностикалауға және ересек тұрғындарын флюоро тексеруге байланысты шығындарының бір жылға арналған есебі

      139 183 бала (1 ден 15 жасқа дейінгі)
      254 640 ересек тұрғын (15 жастан бастап)

_______________________________________________________________
Шағын материалдарды             |Саны |Құны   |   Сомасы
                                |     |(теңге)| (мың.теңге)
________________________________|_____|_______|________________
Флюоропленка (Германия) 70х30,5 1200     2950     3540,0
Рентгенпленка (Германия) 30х40  150      7735     1160,2 
Рентгенпленка (Германия) 24х30  100      4625     462,5    
Рентгенпленка (Германия) 18х24  50       2745     137,3    
Кескінді айқындаушы (Германия)  300      1595     478,5
Бекітуші ерінді (Германия)      400      1595     638,0 
Шприцтер                        164366   3,55     583,5
_______________________________________________________________
Жиынтығы                                          7000,0
_______________________________________________________________

      Денсаулық сақтау басқармасының бастығы      А. Карасаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады