Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңын орындау мақсатында XXIV сессиясында Атырау облыстық мәслихаты шешім етеді:
1. Қоса берілген облыс әкімиятының 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 98 қаулысымен енгізілген 2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау Бағдарламасы бекітілсін (жалғанды).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс мәслихатының әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Облыстық мәслихаты ХХIV сессиясының
төрағасы
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау Бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"
Заңына
сәйкес, және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасау, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешу, балалар мүгедектігінің
алдын алу мақсатында облыс Әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қоса берілген 2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау облыстық Бағдарламасы мақұлдансын және облыс мәслихатының кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын (әрі қарай -
Бағдарлама).
2) Бағдарламаның жүзеге асырылуын ұйымдастыру және көмек көрсету жөнінде мониторинг жүргізсін.
3. Атырау облыстық білім беру басқармасы Бағдарламаның тиісті орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Облыс әкімі
Атырау облысы әкімиятының
2003 жылғы 11»сәуірдегі
N
98 қаулысына қосымша
2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау Бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы |
Кемтар балаларды әлеуметтік, педагогикалық-медициналық түзеу арқылы қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы |
Бағдарламаны әзірлеудің негізі |
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II ҚРЗ "Кемтар балаларды әлеуметтік, педагогикалық-медициналық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңы; Атырау облысы әкімінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 3-ө "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін жүзеге асыру шаралары туралы" өкімі |
Негізгі әзірлеуші |
Атырау облыстық білім беру басқармасы |
Мақсаты |
Дамуында ауытқушылықтары бар балалардың проблемаларын кешенді шешу негіздерін қалыптастыру, олардың толыққанды өмір сүруіне жағдайлар жасау |
Негізгі міндеті |
Кемтар балаларды анықтау және тіркеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру; кемтар балаларды әлеуметтік бейімдеу; әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық, ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету; |
Іске асу мерзімі |
2003-2005 жылдар |
Қаржыландыру көздері |
Жергілікті бюджет қаржысы есебінен 22856,0 мың теңге, оның ішінде 2003 жылға 8706,0 мың теңге, сонымен қатар бюджеттен тыс көздерден (келісім бойынша) |
Күтілетін нәтижелер |
Туа біткен және тұқым қуалау аурулары бар балалар, мүгедек балалар және мүгедектікке әкелетін функционалдық бұзылыстары бар балалар санының азаюы, қажетті жағдайлар жасау. |
Бағдарлама психикасы мен дене бітімінің дамуында әртүрлі ауытқушылықтары бар кемтар балалар санының өсу беталысына байланысты, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектігінің алдын алуға бағытталған, кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдістері айқындалған Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
1. Атырау облысында Қазақстан Республикасының өзге де аймақтарындағыдай, мүгедек балалар санының өсуі байқалып отыр. Экологиялық жағдайдың нашарлауы, ядролық сынақтардың салдары, әйелдердің еңбек ету жағдайларының қолайсыздығы, жарақаттанудың өсуі, ата-аналардың, әсіресе, аналардың ауру-сырқауы деңгейінің жоғарылығы балалар мүгедектігіне мүмкіндік туғызатын себептердің негізгілері болып табылады. Өмір сүру, медициналық қызмет көрсету жағдайларын жақсартудың, білім беру, балалар мен мүгедек жасөспірімдердің еңбекке және кәсіби даярлау сапасын көтерудің шаралары жүргізіліп отырса да, әлеуметтік, экономикалық, педагогикалық, медициналық мәселелердің бүтіндей бір кешені шешілмеген күйінде қалып отыр.
2. 2002 жылы Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының қабылдануы балалар мүгедектігі проблемасының маңыздылығы мен өткірлігін мойындау актісі болып табылады.
Кемтар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдары желісін дамыту мақсатында Атырау қаласында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін ашу үшін қаражат бөлінді.
Барлық босанатын әйелдерге дәрігерлік көмек беретін және амбулаториялық-поликлиникалық ұйымдарда қатер»тобындағы және психологиялық медициналық-педагогикалық консультацияларда кемтар балаларды ерте бастан айқындау жүргізіледі. 2001-2002 оқу жылында
психологиялық медициналық-педагогикалық консультациядан барлығы 1288 бала өтті, оның ішінде 290 бала үйде оқытылады, 514 бала оқытуға жатпайды.
3. Бағдарлама соқыр болып қалған және нашар көретін, саңырау болып қалған және нашар еститін балаларды жеке және ұжымдық пайдалануға арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылады.
2000 жылы облыс аудандарының және қаланың церебральді паралич ауруымен ауыратын, түрлі деңгейде есту қабілеті бұзылған, ақыл-ойы кенжелеп қалған балаларды психологиялық-педагогикалық түзеу, медициналық қалпына келтіру және әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу мақсатында балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы ашылды. Бір баланы күтуге бюджеттен ай сайын 16 757 теңге бөлінеді, ол бір жылда 201 090 теңгені құрайды. Балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы ашылғаннан бері (2000 жылдың қараша айы 2002 жылдың қыркүйек айы) 636 бала түзеу көмегін алды.
Алайда балалар денсаулығын қалпына келтіру орталықтарын, мектеп және үй-интернаттарды тиімділігі жоғары қалпына келтіру дәрілерімен, отандық және шетелдік құралдармен жабдықтау проблемасы шешілмеген күйінде қалып отыр.
4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
Бағдарламаның мақсаты дамуында ауытқушылықтары бар балалар проблемаларын кешенді түрде шешудің негізін қалыптастыру, олардың толыққанды өмір сүруіне жағдайлар жасау болып табылады. Бағдарлама төмендегі міндеттердің шешілуін қамтиды: балалар мүгедектігінің алдын алу жөніндегі сақтандыру жұмысын күшейту; мүгедек балаларды кешенді медициналық, педагогикалық және әлеуметтік қалпына келтіру үшін жағдайлар жасау; мүгедек балаларды қалпына келтірудің техникалық құралдарымен және өзіне-өзі тұрмыстық қызмет көрсетуді
жеңілдететін құралдармен қамтамасыз ету; балалар мүгедектігінің көкейкесті проблемалары жөнінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру; мүгедек балалармен жұмыс жасайтын кадрлардың біліктілігін жүйелі көтеріп отыруды қамтамасыз ету; мүгедек балаларға арналған арнаулы
мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі
Туа біткен және тұқым қуалау ауруларын, есту және көру қабілетінің, орталық нерв жүйесінің бұзылуын ерте бастан анықтауға бағытталған шаралар қарастырылады.
Базалық типтік кешенді қалпына келтіру бағдарламаларын, дене бітімі және ақыл-ойы дамуындағы ауытқушылықтарымен дүниеге келетін балалар мен мүгедек балалар санын азайтудың, мүгедектікке әкелетін функционалдық бұзылулардың ауырлығын азайтудың, созылмалы аурулармен
ауыратын балаларды мүгедек болудан сақтап қалудың қазіргі әдістерін жасау, дамуында ауытқушылықтары бар балаларды психологиялық, дене бітімінің және жеке ерекшеліктеріне ерте бастан диагноз қою және оларды қалпына келтіру әдістерін меңгеру мақсатында балалар мүгедектігі проблемалары жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу ұйғарылады.
Мүгедек балалардың және балалар мүгедектігінің проблемалары жөнінде бейнефильмдерді қоса, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар және ақпараттық материалдар шығару қарастырылады. Балалар үй-интернаттары мен қалпына келтіру орталықтарын түрлі қажеттіліктері: ауруларды емдеу мекемелері мен қалпына келтіру орталықтарына тасымалдау, мәдени-көпшілік шаралар,
медициналық-педагогикалық консультациялар өткізу үшін автокөлікпен қамтамасыз ету ұсынылады.
Мүгедек балалармен әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарды қайта даярлау шаралары, мүгедек балалардың және балалар мүгедектігі проблемалары жөніндегі семинарлар мен конференциялар өткізу, ақыл-ойы және дене бітімі дамуында ауытқушылықтары бар балаларды
белсенді демалыс пен мәдени өмірге қатысуға тарту жөніндегі шараларды іске асыру қарастырылады.
Ақыл-ойы мен дене бітімінде ауытқушылықтары бар баланың шығармашылық әлеуетін анықтау оның мүмкіндіктерін жетілдіруге және қоғам өміріне белсенді араласуға тарту мүмкіндігін береді. Облыс аудандарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін
біртіндеп ашу, қосымша арнаулы сыныптар, логопед пункттерін ашу қарастырылады.
Бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуға атқару билігінің жергілікті органдары, ұйымдар, соның ішінде әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау басқармалары тартылады.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2003-2005 жылдар аралығында іске асырудың барлық кезеңіне Бағдарламаны қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 22856,0 мың теңге талап етіледі. Облыстық бюджеттің жыл сайынғы шығындары орта есеппен 2003 жылы - 8706,0 мың теңгені, 2004 жылы - 6900,0 мың теңгені, 2005 жылы - 7250,0 мың теңгені құрайды.
Бағдарламаның іс-шараларын жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдері жыл сайын сәйкесті жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу және қалыптастыру кезінде нақтыланады, сонымен қатар Бағдарламаның бірқатар іс-шараларын жүзеге асыру үшін бюджеттен
тыс көздерді тарту жоспарланып отыр.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаның негізгі нәтижесі болып бәрінен бұрын мүгедектікке әкелетін туа біткен және тұқым қуалау аурулары, даму кемістіктері бар балалардың туылу оқиғаларының азаюы табылады.
Қалпына келтірудің барлық түрлерінің жаңа технологияларын енгізу және кемтар балаларды жеке техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүгедек балалардың білім алуға, спорт пен мәдениетке араласуына қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, қалпына келтіру шараларының
тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.
8. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық
түзеу арқылы қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ № |
Іс-
|
Аяқталу ныса-ны |
Орындалуына жауап-ты |
Орында-лу мерзімі |
Шамаланған шығындар |
қаржылан
|
||
2003
|
2004
|
2005
|
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
||
1 |
Балаларға жаппай кешенді медициналық, психологиялық және педагогикалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу |
Ведомстволық бұйрық |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық білім беру басқармасы |
Жыл сайын кесте бойынша |
Штат-
|
|
|
Жергілікті бюджет |
2 |
Атырау қаласында қалалық психологиялық-педа-
|
Облыс әкімінің шешімі |
Атырау қаласының әкімі, Облыстық білім беру басқар-масы, қалалық білім беру бөлімі |
2003 жыл |
3168,0 |
|
|
Жергілікті бюджет |
3 |
Облыс аудандарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін ашу:
|
Облыс әкімінің шешімі |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық білім беру басқармасы |
2003 жылдың қаңтар айы 2004 жыл 2005 жыл |
3738,0 |
3500,0 |
3500,0 |
Жергілікті бюджет |
4 |
Қаланың мөлтек аудандарында психикалық дамуында кідірістер бар балаларға арналған сыныптар желісін кеңейту (Авангард, Вокзал маңы, Маслопром) |
Білім беру басқарма-сының бұйрығы |
Атырау қаласының әкімі, Облыстық білім беру басқармасы, қалалық білім беру бөлімі |
2003-2005 жылдар |
500,0 |
600,0 |
Жергілікті бюджет |
|
5 |
Мақат және Махамбет
|
Білім беру басқармасының бұйрығы |
Атырау облысының әкімі, Облыстық білім беру басқармасы, қалалық білім беру бөлімі |
2004-2005 жылдар |
500,0 |
600,0 |
Жергілікті бюджет |
|
6 |
Біліктілігін көтеру институты базасында түзеу мекемелері мамандарының курстарын және қайта даярлауды ұйымдастыру |
Білім беру басқарма
|
Облыстық білім беру басқармасы, Облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты |
2003-2005 жылдар |
300,0 |
400,0 |
550,0 |
Жергілікті бюджет |
7 |
Кемтар балаларды жұмысқа орналастыруға көмектесу |
Облыс әкімінің шешімі |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, қала және аудан әкімдері |
2003 жылдың мамыр айы 2004 жыл 2005 жыл |
Шығындарды талап етпейді |
Шығын
|
Шығындарды талап етпейді |
Жергілікті бюджет |
8 |
Бастауыш кәсіптік оқу орындары жанынан психикалық дамуында кідірістер
|
Білім беру басқарма-сының бұйрығы |
Облыстық білім беру басқармасы |
2003-2005 жылдар |
500,0 |
500,0 |
Жергілікті бюджет |
|
9 |
Кемтар балалары бар ата-аналарға арналған лекциялар жүргізу және жалпыға міндетті құқықтық оқу ұйымдастыру |
Білім беру басқармасының бұйрығы |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық білім беру басқармасы |
2003-2005 жылдар |
Шығындарды талап етпейді |
Шығындарды талап етпей-ді |
Шығын
|
|
10 |
Мүгедек балаларды белсенді өмір
|
Білім беру басқарма-сының бұйрығы |
2003-2005 жылдар |
500,0 |
500,0 |
500,0 |
Жергілікті бюджет |
|
11 |
Мүгедек балалардың облыстық "Біздің қолымыздан бәрі келеді"» фестивальдерін өткізу |
Білім беру басқарма-сының бұйрығы |
Облыстық білім беру басқармасы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
500,0 |
500,0 |
500,0 |
Жергілікті бюджет |
|
12 |
Үй-интернаттарда тұратын мүгедек балалар арасында спорттық жарыстар өткізу және оларды республикалық спартакиадаларға даярлау жөнінде шаралар алу |
Білім беру басқарма
|
Облыстық білім беру басқармасы,Облыстық спорт және туризм басқармасы, Қалалық білім беру бөлімі, аудандық білім беру бөлімдері |
2003-2005 жылдар |
500,0 |
500,0 |
500,0 |
Жергілікті бюджет |