Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.
Айрықша маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру және күзет қызметін ретке келтіру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді :
1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 164
"
Атырау облыс аумағында орналасқан айрықша маңызды және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" (Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 5 шілдеде N 1037 тіркелді) қаулысына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулы қосымшасының:
ішкі істер органдарының арнаулы күзет бөлімшелерімен міндетті түрде күзетілуге жататын объектілердің тізбесінде:
реттік нөмірлері 27), 28), 34), 35), 36), 37), 38), 40), 42) жолдары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 41-1), 41-2) жолдармен толықтырылсын:
"41-1) "Ембімұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының "Прорванефть" мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай қоймасы";
"41-2) "Ембімұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының "Доссорнефть" мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай қоймасы".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөліміне жүктелсін.
Облыс әкімі