Коммуналдық меншіктің жекешелендіру объектілерін сату мәселелері

Күшін жойған

Атырау облысы әкімиятының 2003 жылғы 13 қарашадағы N 244 қаулысы. Атырау облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 13 желтоқсанда N 1721 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2011 жылғы 28 шілдедегі N 219 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2011.07.28 N 219 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 "Жекешелендіру туралы" Заң күші бар  Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып облыс әкімияты  қаулы етеді:
      1. Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату Ережелері бекітілсін (жалғанды).
      2. Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын қала және аудан әкімдері, Атырау облысының коммуналдық меншік басқармасы, облыс басқармалары мен департаменттері осы қаулымен бекітілген Ережелерді кәсіпорындардың сақтауын қамтамасыз етсін.
      3. 2000 жылғы 21 қыркүйектегі N 588 облыс әкімінің шешімімен бекітілген коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату Ережелері (Атырау облысының әділет басқармасы 2000 жылы 19 қазанда 286-нөмірмен тіркеген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К.Нокинге жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімиятының     
2003 жылғы 13 қарашадағы 244
қаулысымен бекітілген   

Коммуналдық меншіктің жекешелендіру объектілерін сатудың ережелері

       Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сатудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің«"Жекешелендіру туралы"»1995 жылғы 23 желтоқсандағы 2721 Заң күші бар  Жарлығына сәйкес әзірленді, "Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы 942  қаулысы және аукцион, тендер және екі кезеңді жосық, сондай-ақ тікелей адрестік сату арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта жекешелендіру объектілерін сатудың тәртібін реттейді.

1. Жалпы ережеле

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Сатушы» - Атырау облысы коммуналдық меншік басқармасы;
      2) "Ұйымдастырушы" - жекешелендіру объектілерін дайындауды және сатуды ұйымдастырушы заңды немесе жеке тұлға. Сатушы Ұйымдастырушы бола алады;
      3) "Қаржы кеңесшісі" - жекешелендіру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөніндегі консультациялық қызметтер көрсету үшін екі кезеңді жосық арқылы конкурсты өткізу кезінде Сатушы тартатын тұлға;
      4) "Жекешелендіру объектісі" - мүліктік кешен ретіндегі мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме, жекешелендіруді тұйықталған технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік немесе өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктері; кәсіпорынның мүлкі; акциялар; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестер; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыс әкімиятының нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген өзге де мемлекеттік мүлік; қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік коммуналдық меншікке айналдырылған мүлік, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мүлік.
      5) "Қатысушы" - аукционға, тендерге немесе екі кезеңді жосық арқылы конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген заңды немесе жеке тұлға;
      6) "Сауда-саттықтар" - жекешелендіру түрі;
      7) "Аукцион" - қатысушылар өздерінің±ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттықтың нысаны;
      8) "Аукционшы" - қатысушылар жүргізуші және тиісті аукциондық сауда-саттық жүргізу техникасын меңгерген жеке тұлға;
      9) "Сауда-саттықтардың ағылшын әдісі" - сауда-саттықтардың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын әдісі;
      10) "Сауда-саттықтардың голланд әдісі" - сауда-саттықтардың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен төмендетілетін әдісі;
      11) "Тендер" - сауда-саттықтардың қатысушылары өздерінің ұсыныстарын Сатушының қалауы бойынша жазбаша жабық конвертте немесе жария мәлімдейтін нысаны;
      12) "Жабық тендер" - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қатысушылардың шектеулі шеңбері қатысатын тендер;
      13) "Коммерциялық тендер" - жекешелендіру объектісі үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылатын, тендердің шарттарын орындауға келіскен қатысушылардың арасындағы сауда-саттықтар;
      14) "Инвестициялық тендер" - комиссияның қорытындысы бойынша тендердің шарттарына сәйкес ең жақсы инвестициялық бағдарлама ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылатын сауда-саттықтар;
      15) "Екі кезеңді жосық арқылы конкурс" - кезең-кезеңді келіссөздер жүргізу арқылы қаржы кеңесшісінің қатысуымен Сатушы конкурс жеңімпазын анықтайтын сауда-саттық нысаны;
      16) "Тікелей адрестік сату" - жекешелендіру түрі;
      17) "Есептік баға" - жекешелендіру объектісінің бағасын реттейтін, қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес айқындалған жекешелендіру объектісінің бағасы;       18) "Алғашқы баға" - Сатушы бекіткен есептік баға не консалтингтік ұйымдардың немесе тәуелсіз аудиттің қорытындысы негізінде алынған баға;
      19) "Ең төменгі баға" - жекешелендіру объектісін одан төменге сатуға болмайтын баға;
      20) "Ағымдағы баға" - аукционда сауда-саттық барысында қалыптасатын жекешелендіру объектісінің бағасы;
      21) "Бастапқы баға" - жекешелендірудің әрбір объектісі бойынша сауда-саттықтар басталатын баға;
      22) "Сату бағасы" - жекешелендіру объектісінің сауда-саттықтардың нәтижесінде белгіленген түпкілікті бағасы;
      23) "Жеңімпаз" - жекешелендіру объектісі үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы; тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шартты ұсынған тендерге қатысушы; ең жақсы шартты ұсынған екі кезеңді жосық арқылы конкурстың екінші кезеңіне
қатысушы;
      24) "Сатып алушы" - Сатушымен сауда-саттық шартын жасасқан Жеңімпаз.
      2. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді облыс әкімі немесе Атырау облысы коммуналдық меншік басқармасы қабылдайды.
      3. Эмиссиялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген акцияларды сатуға рұқсат етілмейді.
      4. Акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері мен серіктестіктердегі мемлекеттік үлестерді сату Қазақстан Республикасының заңнамасы қоятын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Жабық акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері мен серіктестіктердегі мемлекеттік үлестер ашық сауда-саттықта сатылған жағдайда, оларды сату осы Ережемен реттеледі.
      5. Мемлекеттік мүліктің теңгерімін ұстаушы, жекешелендіру объектісі бойынша сатып алушыға меншік құқығы көшкенге дейін, жекешелендіру объектісінің сақталуы мен мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
      Акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттерін немесе серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату кезінде мүлкінің сақталуы мен мәліметтердің шынайылығы үшін акционерлік қоғамның немесе серіктестіктің басшылығы жауапты болады.
      6. Жеке тұрған ғимаратта және қосып салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендіру объектілері (жылжымайтын мүлік) бойынша сауда-саттықта объект тұтас, яғни ғимарат, үй-жай және жекешелендіру объектісінің барлық мемлекеттік мүлкі ол үшін бөлінген жер учаскесімен бірге сатылады.
      Қосып салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендіру объектілері (жылжымайтын мүлік) бойынша жекешелендіру объектісі орналасқан жер учаскесінің бір бөлігін сату үшін бөлу, учаске жер заңнамасына сәйкес бөлінетіндер разрядына жататын жағдайда ғана жүргізіледі.
      Бұл орайда жер учаскесінің құнын Сатып алушы жеке төлейді.
      Жекешелендіру объектісі бөлінбейтін жер учаскесіне орналасқан жағдайда, сату шартында жер учаскесін ортақ пайдаланудың тәртібі ескеріледі.
      7. Сатушы жекешелендіру объектісін сатуды осы Ережеде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

8. Сатушының функциялары:

      1) жекелеген сауда-саттықтар бойынша объектілерді бөлу, сондай-ақ оларды жүргізудің мерзімдерін белгілеу;
      2) Осы Ереженің 1-тармағы 12)- және 15)-тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысанын анықтау;
      3) жекешелендіру объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағасын белгілеу және бекіту;
      4) кепілдік жарналарды қабылдау;
      5) Ұйымдастырушылармен сауда-саттықтарды ұйымдастырудың және өткізудің шарттарын жасау;
      6) аукциондарды ұйымдастырудың және өткізудің барысын бақылауды ұйымдастыру;
      7) Сауда-саттықтардың жеңімпаздарымен, сондай-ақ кейіннен сатып алу құқығымен мүлікті сенімгерлікпен басқару немесе мүлік жалдау келісім-шартының шарттарын орындау бойынша сатып алу құқығына иеленуші сенімгерлікпен басқарушылар мен жалға алушылармен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау;
      8) Қатысушымен, Сатып алушымен және Ұйымдастырушымен сауда-саттық жүргізу рәсімдерімен байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру.
      9. Сауда-саттықтарға қатысуға жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.
      10. Мыналар сауда-саттықтардың қатысушысы бола алмайды:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне немесе құрылтайшылық құжаттарына сәйкес қызметтің жүзеге асырылуы объектілерді сауда-саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар;
      2) Аукционды ұйымдастырушы;
      3) Сатып алу-сату шартын жасасу және орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерін орындамаған бұрынғы сауда-саттықтардың жеңімпаздары, аталған объекті бойынша қайтадан сауда-саттық өткізілген кезде міндеттемелерді қайтадан бұзса, бұзушылық жасалған күннен бастап 2 жыл мерзімде алдағы сауда-саттықтардың қатысушысы бола алмайды.
      11. Акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату кезінде Сатып алушы - акционерлік қоғам, егер соңғысы Сатып алушының акцияларына ие болса, акционерлік қоғам акцияларының 25 пайызынан артығын сатып ала алмайды.
      12. Сауда-саттыққа қатысушы өтінімді қамтамасыз ету сомасын енгізуге міндетті. Өтінімді қамтамасыз ету мөлшері кепілдік жарна түрінде ұсынылуы мүмкін.

2. Комиссия

      13. Сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу үшін Сатушы құрамына Сатушының, Атырау облыстық қаржы басқармасының, облыстық әділет басқармасының және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері немесе олардың бөлімшелерінің өкілдері кіретін комиссияны құрады.
Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрауы тиіс. Комиссияның төрағасы Сатушының өкілі болып табылады.
      Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстардың теңдігі кезінде төрағаның даусы шешуші болып табылады.
      14. Комиссия:
      1. өз жұмысының дербес әзірлейді;
      2. жекешелендіру объектісінің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағасын бекіту үшін Сатушыға ұсыным жасайды;
      3. кепілдік жарнаның мөлшерін айқындайды;
      4. тендердің шартын белгілейді;
      5. тендер өткізеді;
      6. Сауда-саттықтардың жеңімпазын жариялайды.
     15. Сауда-саттықтарды өткізуге дайындықты сауда-саттықтарды өткізу туралы ақпараттық хабарламаның уақытылы жариялануын қамтамасыз ететін, өтінімдерді қабылдауды және қатысушыларды тіркеуді жүргізетін, келіп түскен материалдарды комиссияның қарауына беретін Сатушы жүзеге асырады.

3. Сауда-саттықтарды өткізуге дайындық

      16. Сауда-саттықтарды өткізуге дайындық мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) Қажетті материалдарды жинау жүргізіледі;
      2) жекешелендіру объектілерін алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағасы айқындалады;
      3) осы Ереженің 1-тармағы 12)- және 15)- тармақшаларында көзделген жағдайларды
қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісінің сатылу нысандары мен әдісі айқындалады;
      4) жекешелендіру объектілері жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөлінеді;
      5) кепілдік жарнаны енгізудің мөлшері мен тәртібі айқындалады;
      6) сауда-саттықтарды жүргізудің мерзімдері белгіленеді;
      7) қажет болған жағдайда жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукционды ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу құқығы үшін тендер өткізіледі;
      8) сату проспектісі және объектінің техникалық сипаттамасы жасалады;
      9) сауда-саттықтар өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланады және басқа да жарнамалық қызмет жүзеге асырылады;
      10) кепілдік жарналар қабылданады;
      11) қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.
      17. Жекешелендіру объектілерінің есептік бағасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерінің құнын бағалау туралы ережеге сәйкес Сатушы белгілейді. Осылайша, басқа мемлекеттік мүлікке қатысты мемлекеттік заңды тұлғаға бекітілген объектінің бағасы объектінің баланс±саушысының қолдаухатымен ол жоқ болған жағдайда Сатушының қолдаухаты бойынша Комиссиямен ұсынылады, бірақ ол бухгалтерлік есеп деректерімен расталған объектінің қалдық құнынан төмен болмауы тиіс.
      Сатушы жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды консалтингтік ұйымдардың немесе тәуелсіз аудиттің қорытындысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
      Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасын Сатушы бекітеді.
      18. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз етеді:
      1) сауда-саттықта жеңіске жеткен жағдайда сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюын;
      2) сауда-саттық нәтижесі туралы хаттамаға сәйкес сату-сатып алу келісім шартын жасасу;
      3) сатып алу-сату келісім-шарты бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындау.
      19. Кепілдік жарна Сатушының деректемелеріне ақпараттық хабарламада белгіленген нысан мен тәртіпте және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік
жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді. Кепілдік жарнаны қатысушының атынан кез-келген жеке немесе заңды тұлға енгізуі мүмкін. Кепілдік жарнаны алушы Сатушы болып табылады.
      20. Сауда-саттықтарда жеңіп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.
      21. Сатушының кепілдік жарнаны қайтармайтын кездері:
      1) Сауда-саттықтарға қатысушыға сауда-саттықтарға қатысудан ол өткізілуіне үш күннен аз қалғанда бас тартқан жағдайда немесе оның осы Ереже және Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда;
      2) Жеңімпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан, не сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқан жағдайда;
      3) Сатып алушыға ол сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті деңгейде орындамаған жағдайда.
      Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарна сауда-саттықтар аяқталған күннен бастап 10 банктік күннен кешіктірілмей, ал егер ақша Сатушының шотына сауда-саттықтардан кейін түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктік күннің ішінде қайтарылады.
      22. Сауда-саттықтар өткізілетіндігі туралы ақпараттық хабарлама олар өткізілгенге дейін кемінде 15 күн бұрын, ал акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді сату кезінде  сауда-саттықтар өткізілуге дейін 30 күннен кешіктірмей жариялануы тиіс. Ақпараттық хабарлама ресми басылымдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы тиіс.
      23. Ақпараттық хабарлама мынадай мазмұнда болуы керек:
      1) сауда-саттықтардың өткізілетін күнін, орнын және уақытын;
      2) сауда-саттықтардың нысаны мен әдісін;
      3) жекешелендіру объектісі туралы мәліметті;
      4) сатуға қойылатын жекешелендіру объектілерінің бастапқы және ең төменгі бағасын;
      5) Сатушының кепілдік жарнасының мөлшері мен банктік деректемелерін;
      6) өтінімді қабылдайтын орны мен мерзімдерін;
      7) сауда-саттықтарды өткізудің тәртібі мен сауда-саттықтардың Жеңімпазын анықтаудың артын;
      8) Сауда-саттықтарды ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерін;
      9) Сатушының шешімі бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиіс.
      24. Сатушы өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанша өз бастамасымен немесе қатысушының сұранысына түсіндірме жауап ретінде ақпараттық хабарламаға тиісті хаттама рәсімдеу арқылы өзгеріс енгізуге құқылы.
      Енгізілген өзгерістің міндетті күші бар және ол ресми басылымда мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиісті. Мұнда өтінімдерді ұсыну мерзімі соңғы өзгеріс енгізу жарияланған күннен есептеледі.
      25. Әрбір объекті бойынша ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін Сатушы мынадай құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттардың пакетін дайындауы тиіс:
      1)  егер сауда-саттықтарға қойылатын объект мемлекеттік кәсіпорын немесе акционерлік қоғам болса, жекешелендіру объектісінің жарғысын;
      2) акциялар эмиссиясының проспектісі мен эмиссиялардың тіркелгендігі туралы куәлігі;
      3) жекешелендіру объектісін сату туралы шешім қабылдаған күнге дейінгі есептік кезеңдегі және соңғы үш жылдағы бухгалтерлік теңгерімді;
      4) статистикалық кәртішкені;
      5) заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлігі;
      6) акционерлік қоғам акционерлерінің немесе серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірмені;
      7) олардың құнын көрсете отырып, жарғылық капиталға енген негізгі құрал-жабдықтардың тізбесін;
      8) кредиторлық немесе дебиторлық берешектердің таратылып жазылуын;
      9) әлеуметтік сала объектілерінің тізбесін, олардың құнын көрсете отырып, акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестері сауда-саттықтарға қойылатын акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер ұсынады;
      10) Сатушының ұйғарымы бойынша басқа да құжаттарды дайындауы тиіс.
      Құжаттардың пакетіне басқа да қосымша мәліметтер (инвестордың тәуекел факторларының талдауы, ұйымды техникалық қайта жарақтау нұсқауларының мүмкіндіктері туралы деректер, кіріс есептері, өндіріс үшін қажетті инвестициялардың көлемін, өндіретін өнімнің әлемдік немесе ішкі рыноктардағы перспективалығын бағалау және т.б.) де енгізілуі мүмкін.
      Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін Сатушы жекешелендіру объектісінің және сауда-саттықтарды өткізудің ережесі туралы ақпараттарды барлық тілек білдірушілердің еркін алуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Жарнамалардың басқа түрлері еркін нысанда жүзеге асырылады және қатысушыларды барынша кең тартуға бағытталуы тиіс.

      26. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарламалар жарияланған күнінен бастап жүргізіледі және аукционның басталуына бір сағат және тендердің және/немесе екі кезеңді жосық арқылы конкурс өткізілетін күннің алдындағы күні жергілікті он сегіз сағатта аяқталады.
      27. Сауда-саттықтардың қатысушысы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) Сауда-саттықтарға қатысушының жазбаша міндеттемесін қамтитын сауда-саттықтарға қатысудың, ал, ол Жеңімпаз деп жарияланған жағдайда ақпараттық хабарламада белгіленген шарттармен жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартын жасасудың өтінімін;
      2) төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатты;
      3) белгіленген нысанда салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатының көшірмесі мен көшірмелердің шынайылығын растау үшін төлем құжаттарының түпнұсқасын;
      5) жабық конвертте берілетін коммерциялық тендер өткізудің өтінімінде жекешелендіру объектісін сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсынысты көрсетеді;
      6) инвестициялық тендерге қатысу үшін жекешелендіру объектісін сатып алу бағасы туралы ұсыныс көрсетілген өтінім және инвестициялық бағдарлама (бизнес-жоспар) жабық конвертте беріледі;
      7) инвестициялық және коммерциялық тендерге қатысу үшін сауда-саттық қатысушысының қаржылық жағдайын растайтын құжаттар (тиісті салық комитетінің салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқтығы туралы белгіленген
нысандағы анықтама; банк алдында мерзімі өткен берешегі жоқтығы туралы банктен алынған анықтама).
      8) өкілдің уәкілеттігін растайтын құжат.
      Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жарғының, статистикалық кәртішкенің және заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалдық расталған көшірмелерін қосымша ұсынады.
      Акционерлік қоғамдар олардың акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлердің тізімінен көшірмені (ақпараттық хабарлама жарияланған сәттегі) қосымша ұсынады.
      Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын орыс тіліндегі нотариалдық расталған аудармасымен ұсынады.
      28. Объектінің ерекшеліктеріне байланысты Комиссияның шешімі бойынша қатысушылардан қажеттілігі осы Ереженің 10 тармағынан туындайтын басқа да ұсыныстар мен құжаттар талап етілуі мүмкін.
      29. Сауда-саттықтарға қатысуға тілек білдірген тұлғалардың өтінімдерін қабылдау мен тіркеу, талап етілетін құжаттардың толық жинағы бар болған жағдайда жүргізіледі.
      30. Сатушы мен ұйымдастырушының құқығы жоқ:
      1) қатысушыдан аукционға қойылғандардың ішінен белгілі бір объектіні оның сатып алу тілегі туралы ақпаратты талап етуге;
      2) Сауда-саттықтарға қатысушыларға қатысы бар ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделгендерден басқа жағдайларда, сауда-саттықтарды дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде жария етуге;
      3) осы Ереженің 27, 28-тармағында аталғандарды қоспағанда, қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге.
      31. Қатысушылардың құжаттары арнаулы журналда тіркелгеннен кейін арнайы сейфте сақталады, сауда-саттықтар өткізілетін күні қатысушылардың құжаттары қаралып, сауда-саттықтарға жіберілу үшін комиссияға беріледі.
      32. Аукционға жіберілген қатысушы аукциондық нөмірін алады. Сауда-саттықтардың процесі кезінде оның аукциондық нөмірді басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салынады.

4. Аукционды өткізу

      33. Сауда-саттықтардың ағылшын әдісін қолдана отырып, аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең.
      Сауда-саттықтардың голланд әдісін қолдана отырып, аукционды өткізу кезінде бастапқы баға алғашқы бағаны арттыратын коэффициентке көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициентті Сатушы белгілейді, бірақ 10-нан кем болмауы тиіс.
      Ең төменгі баға белгіленген жағдайда, жекешелендіру объектісі одан төмен бағаға сатыла алмайды.
      34. Аукционға қатысуға арналған кепілдік жарна аукционға қойылатын барлық жекешелендіру объектілері үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және мынадай әдістеме бойынша есептеледі.
      1) әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасынан 1 пайыздан 15 пайызға дейін (Сатушының ұйғарымы бойынша) айқындалады;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында алынған орташа арифметикалық шамасы айқындалады;
      3) аукционға қойылатын жекешелендіру объектілерінің ішінен жекешелендіру объектісінің ең төменгі бастапқы бағасы айқындалады;
      4) кепілдік жарнаның мөлшері осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында алынған ең төменгі шамасына тең мөлшерде қабылданады.
      35. Қатысушылар кепілдік жарнаны кез-келген санда енгізуге құқылы, бұл орайда бір кепілдік жарна бір жекешелендіру объектісін сатып алуға құқық береді.
      36. Жекешелендіру объектісі алғашында аукционға сауда-саттықтардың ағылшын әдісі қолданыла отырып шығарылады. Екінші және одан кейінгі аукциондардағы сауда-саттықтардың әдісін Сатушы белгілейді.
      37. Аукционды Аукционшы жүргізеді. Аукцион оның өткізу тәртібін жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған тұлғалар аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткізу ережесін бұзуға құқығы жоқ, басқаша жағдайда оларды Аукционшы аукцион өткізіліп отырған залдан шығарып жіберуі мүмкін.
      Жекешелендіру объектілерін сауда-саттықтарға қоюдың реті ақпараттық хабарламада белгіленген тәртіпке сәйкес келуі тиіс.
      38. Әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтар Аукционшының сату объектісін, қойылып отырған жекешелендіру объектісінің қысқаша сипаттамасын сауда-саттықтарды өткізудің әдісін, бастапқы бағасын және бағаның өзгеру қадамын жариялауынан басталады. Аукционшы сауда-саттықтар процесі кезінде қадамды осы туралы хабарлай отырып, өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы жекешелендіру объектісінің 5 пайыздан 10 пайызға дейінгі ағымдағы бағасы шегінде белгіленеді. Аукционшының объект бағасын қайталап жариялау арасындағы үзіліс 5 секундтан кем болмауы тиіс.
      39. Сауда-саттықтар төменде сипатталған екі әдістің бірі бойынша өткізіледі:
      1) Сауда-саттықтардың ағылшын әдісі:
      Аукционшы жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын және бағаның арттырылу қадамын жариялайды. Сауда-саттықтардың қатысушылары нөмірді көтере отырып бастапқы бағаны арттырады, бірақ жарияланған қадамнан кем болмауы тиіс. Аукционшы сауда-саттықтарға
қатысушылардың аукциондық нөмірлерін жариялайды, бағаларын бекітеді және оны көтеруді ұсынады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтар ұсынылған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісі үшін біршама жоғары баға ұсынған қатысушыны Аукционшы жариялайды. Аукционшы жекешелендіру объектісінің соңғы бағасын үш мәрте қайталайды және басқа нөмір көтерілмеген жағдайда балғаны соғып, жекешелендіру объектісінің сатылғандығы туралы жариялайды.
      Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын, егер ең болмағанда екі қатысушы бағаны арттырудың кемінде екі арттырған жағдайда ғана, жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтар өткізілген болып саналады.
      2) Сауда-саттықтардың голланд әдісі:
      Аукционшы жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлімделген қадаммен төмендетеді. Аукционшы баға жарияланған кезде аукциондық нөмірді бірінші көтерген қатысушының нөмірін атайды және балғаны соғып, осы жекешелендіру объектісі бойынша оны Жеңімпаз деп жариялайды. Егер Аукционшы жекешелендіру объектісінің ең төменгі бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бірде-бірі осы жекешелендіру объектісін сатып алуға ниет білдірмесе, онда бұл жекешелендіру объектісі сауда-саттықтардан алынады.
      Егер, бағаны жариялаған сәтте екі немесе одан көп нөмір көтерілген жағдайда, онда Аукционшы бағаны Жеңімпаз анықталған сәтке дейін тіркелген қадам көлеміне көтере береді. Жарияланған қадам сауда-саттықтардың голланд әдісі бойынша белгіленген қадамына, бірақ ұлғайту жағына тең болуы тиіс. Егер, бағаны арттыру кезінде өз нөмірлерін бір мезгілде көтерген сауда-саттықтарға қатысушы тұлғалардың бірде-бірі оны арттырылған баға бойынша сатып алуға тілек білдірмесе, онда Аукционшы жеребе тастау рәсіміне жүгінуге құқылы.
      Үшінші және одан кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда, егер оның өту сәтінде жекешелендіру объектісі бір ғана қатысушыға сатылуы мүмкін, пайдаланылмаған кепілдік жарнасы бар тек бір гимн тіркелген қатысушы қалса, жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтар өтпеген болып саналады.
      40. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтардың нәтижелері сауда-саттықтар аяқталғанда әрбір жекешелендіру объектісі бойынша комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшесі, Аукционшы және Жеңімпаз қол қойған сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамамен рәсімделеді. Комиссия мүшесі өзінің айрықша пікірін хаттамада жазбаша баяндауға немесе хаттамаға қоса беруге құқығы бар. Аукционшы хаттамаға қол қою үшін 10 минуттан аспайтын уақытқа үзіліс жариялауға құқылы. Хаттама Сатушыға Сатып алушыға және Ұйымдастырушыға арналып, бір-бір данада жасалады. Ұйымдастырушы, аукцион өткізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей, сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттаманың бір данасын
Сатушыға беруге міндетті.
      41. Сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттама сауда-саттықтардың нәтижелері мен Жеңімпаздың және Сатушының сату бағасы бойынша жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату
шартын жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Хаттамаға қол қойылған күннен бастап, мерзімі біткенде бұл құқық жойылатын, он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге сатып алу-сату шартын жасасуға Жеңімпаздың құқығы бар.
      42. Аукционды ұйымдастыру мен өткізу үшін бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтерді жүзеге асыруға (брокерлік және дилерлік қызметтерді жүзеге асыруға) бірінші санаттағы лицензиясы бар, конкурстық негізде іріктелген, аукционды дербес өткізетін
Ұйымдастырушыны тартуға Сатушы құқылы. Сатушы мен Ұйымдастырушы жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукционды ұйымдастыруға шарт жасасады.
      43. Жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукционды ұйымдастыру шарты Сатушы мен Ұйымдастырушы арасында жазбаша нысанда жасалады және мыналарды:
      1) Ұйымдастырушы лицензиясының күнін, нөмірін және әрекет ету мерзімін;
      2) жекешелендіру объектілерінің жекелеген аукциондар бойынша бөліп-бөліп көрсетілген тізбесін;
      3) аукционды өткізудің шекті мерзімін;
      4) әрбір жекешелендіру объектісін сату кезіндегі сауда-саттықтарды жүргізудің әдісін;
      5) әрбір жекешелендіру объектісінің бастапқы және ең төменгі бағасын;
      6) кепілдік жарнасының мөлшері мен оны енгізудің тәртібін;
      7) Ұйымдастырушыға әрбір жекешелендіру объектісі бойынша берілетін құжаттардың тізбесін;
      8) аукционды дайындау мен өткізудің барысы туралы Ұйымдастырушы есебінің кезең-кезеңдігін және нысанды;
      9) Ұйымдастырушылардың сыйақыларының мөлшері мен алу шарттарын және Сатушымен өзара есеп айырысудың тәртібін;
      10) Ұйымдастырушы мен Сатушының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін;
      11) шарттық әрекет ету мерзімін және оны бұзу шарттарын;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да міндетті талаптарды қамтуы тиіс.

5. Тендерді өткізу

      44. Тендерді ұйымдастыру мен өткізуді Сатушы жүзеге асырады. Объектіні бірінші тендерге қойған кездегі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы, жекешелендіру объектісі одан төмен сатылуы мүмкін емес алғашқы бағаға тең.
      45. Тендерге қатысуға арналған кепілдік жарна жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасынан 1-15 пайыз шегінде әрбір жекешелендіру объектісі үшін жеке белгіленеді.
      46. Жекешелендіру объектісінің ерекшеліктеріне байланысты тендердің шарттары бола алады:
      жекешелендіру объектісіне тартылатын инвестициялардың көлемі, түрі және мерзімі бойынша міндеттемелер;
      өндіріс көлемінің, шығарылатын өнімдер номенклатураларының немесе көрсетілетін қызметтердің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету;
      белгілі бір тұтынушыларға өнімдерді жеткізу;
      баға жасау шарттары, оның ішінде бағаның шекті деңгейі бойынша шектеу;
      табиғат қорғау шараларын жүргізу;
      жұмыс орындарының санын сақтау немесе жаңа жұмыс орындарын құру;
      өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің орын алып отырған тәртібі мен пайдалану шарттарын сақтау;
      кредиторлық берешектерді белгіленген мерзімінде өтеу;
      жалақы төлемдері бойынша берешектерді өтеу;
      мәмілелерді жасауды шектеу (қайта сату, кепілге, сенімді басқаруға беру және т.б.) және/немесе жекешелендіру объектісіне қатысты белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір іс-қимылдарға тыйым салу;
      комиссияның қалауы бойынша басқа да шарттар болуы мүмкін.
      47. Комиссия Сатушының тендер шарттарын, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын бекіту үшін ұсыныс жасайды, кепілдік жарнасының көлемін белгілейді және тендерді ұйымдастыру жөнінде өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
      48. Егер тіркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендіру объектісі бір ғана қатысушыға сатылуы мүмкін, үшінші және одан кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда, тендер өтпеген болып саналады.
      49. Комиссияның отырысында қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтінімдерді комиссияның барлық мүшелері зерделейді және салыстырады. Комиссия барлық ресми жағдайлардың сақталуын тексереді, талап етілетін мәліметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды.
      50. Коммерциялық тендерді өткізу барысында комиссия ұсынысы жекешелендіру объектісі үшін біршама жоғары мәнге ие болған және тендердің шарттарын қанағаттандырған қатысушыны тендердің Жеңімпазы деп жариялайды.
      Егер коммерциялық тендерде екі және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей бағаға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда Жеңімпазды анықтау үшін олардың арасында
жекешелендіру объектісінің бағасы бойынша сауда-саттықтардың ағылшын әдісі қолданыла отырып, аукцион өткізіледі.
      51. Инвестициялық тендер өткізу кезінде ұсынысы біршама тиімді инвестициялық бағдарламаға ие және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушы Жеңімпаз деп жарияланады.
      Егер, инвестициялық тендерде екі және одан көп қатысушының инвестициялық бағдарламалары инвестициялар және басқа да факторлар бойынша бірдей ұсыныстарға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда Жеңімпазды анықтау үшін олардың арасында жекешелендіру объектісінің бағасы бойынша сауда-саттықтардың ағылшын әдісі қолданыла отырып аукцион өткізіледі.
      52. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша тендердің нәтижелері сауда-саттықтар аяқталғанда әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшесі және тендердің Жеңімпазы қол қойған сауда-саттықтардың
нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшесі өзінің айрықша пікірін хаттамада жазбаша баяндауға немесе хаттамаға қоса беруге құқығы бар.
      Тендер аяқталғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, комиссия барлық қатысушыларға тендердің нәтижелерін жариялайды.
      53. Хаттама Сатушы және Сатып алушы үшін бір-бір данада жасалады.
      54. Сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттама сауда-саттықтардың нәтижелері мен Жеңімпаздың және Сатушының тендердің нәтижесі болып табылатын шарттармен жекешелендіру
объектісінің сатып алу-сату шартын жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Объектінің тендер нәтижесі бойынша сату немесе табыстаудың жеке кездерін анықтау қажеттілігінен басқа жағдайларда, хаттамаға қол қойылған күннен бастап, мерзімі біткенде
бұл құқық жойылатын, он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге сатып алу-сату шартын жасасуға Жеңімпаздың құқығы бар.
      55. Егер объекті тендерде сатылмаса, Сатушы комиссияның ұсынысы бойынша оны сатудың әдісін, бағаны және тендер шартын өзгерту туралы шешім қабылдайды.
      56. Мемлекеттің қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қамтитын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ерекше жағдайларда тендер жабық өткізілуі мүмкін.
      Жабық тендерді өткізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық хабарлама жарияланбайды. Жабық тендерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қатысушылардың шектеулі тобы қатысады. Жабық тендерге қатысуға арналған жазбаша шақыруды жабық тендердің барлық шарттарымен қоса Сатушы жібереді. Жабық тендерге қатысуға шақыру жіберілген және қатысуға тілек білдірген тұлғаларды тіркеу жазбаша шақыру жіберілген күннен бастап жүргізіледі және жабық тендердің өткізілуіне бір күн қалғанда аяқталады.
      57. Жабық тендерді өткізудің тәртібі осы Ереженің 41-54 тармақтарымен реттеледі.

6. Екі кезеңді жосық арқылы конкурс

      58. Екі кезеңді рәсім арқылы конкурс жекешелендіру бағасының басымдығын және/немесе өзге де шарттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша қаржы кеңесшісінің қатысуымен өткізіледі.
      59. Екі кезеңді жосық арқылы конкурс мынадай іс-шаралар жоспарын қамтиды:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы кеңесшісін тарту;
      2) жекешелендіру объектісін жан-жақты талдау, оның құнын бағалау және ықтимал сатып алушылар (инвесторлар) үшін жекешелендіру объектісі туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру;
      3) Сатушының жекешелендіру объектісін сату туралы хабарламаны ресми басылымдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялауы, сондай-ақ қаржы кеңесшісінің ықтимал сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсыныстар жіберуі;
      4) Қаржы кеңесшісінің ықтимал сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстарын қамтитын өтінімдер тізбесін қалыптастыруы;
      5) Сатушының қаржы кеңесшісінің қатысуымен келіссөздер барысында ең жақсы ұсыныстар (конкурстың бірінші кезеңі) ұсынған кемінде екі ықтимал сатып алушыларының (инвесторларының) анықтау мақсатында өтініміндер тізбесі бойынша ықтимал сатып алушылармен
(инвесторлармен) келіссөздер жүргізуі;
      6) Сатушының қаржы кеңесшісінің қатысуымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту мәніне бірінші кезеңнің жеңімпаздарымен келіссөздер жүргізуі (екінші кезең).
      60. Сатушы, қаржы кеңесшісі және екі кезеңді жосық арқылы конкурстың барлық қатысушылары келіссөздің әрбір кезеңінің өткізілу қорытындылары бойынша оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.
      61. Екі кезеңді жосық арқылы конкурстың екінші кезеңі барысында ең жақсы шарттарды ұсынған ықтимал сатып алушы (инвестор) екі кезеңді жосық арқылы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
      62. Екі кезеңді жосық арқылы конкурстың Жеңімпазы сатып алу-сату шартына Сатушы белгілеген мерзімде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, сатып алу-сату шартына ұсынысы Жеңімпаздың ұсынысынан кейін ең жақсы деп танылған ықтимал сатып алушы (инвестор) қолын қояды.

7. Тікелей адрестік сату

      63. Сенімгерлікпен басқарушыны немесе жалға алушыны мүлікті сенімгерлікпен басқару немесе жалдау келісім-шартының шарттарын орындаған деп таныса кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқарушыға немесе жалға алушыға қатысты жекешелендіру объектісін осы Ереженің 65-73 баптарына сәйкес тікелей адрестік сатылу жүзеге асырылады.
     64. Тікелей адрестік сатылу кезінде объектінің бағасы тараптардың келісім бойынша анықталады, бірақ ол объектіні сенімгерлікпен басқарушыға немесе жалға алушыға табыстау кезінде белгіленген бағадан төмен болмауы тиіс.

8. Сатып алушылармен есеп айырысудың тәртібі және меншік құқығын ресімдеу

      65. Сатып алу-сату шарты жазбаша түрде Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалады және келісім-шарт жасасудың негізі ретінде сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамаға жасалған сілтемені қамтуы тиіс.
      66. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар түрде Сатушы мен Сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл орайда Сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртіппен жүргізеді:
      1) аванстық төлем жекешелендіру объектісін сату бағасынан кемі 15 пайыз мөлшерінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 банктік күннен кешіктірілмей енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;
      2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бірақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізілуі тиіс.
      67. Аванстық немесе түпкілікті төлемнің мерзімі өткен жағдайда Сатушы шартты бір жақты тәртіппен бұзуға және Сатып алушыдан іс жүзіндегі зиянның кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігін өтеуді талап етуге құқылы.
      68. Ықтимал бөліп-бөліп төлеудің шарты сауда-саттықтарға қатысушылардың назарына алдын-ала жеткізілген жағдайда ғана бөліп-бөліп төлеуге рұқсат етіледі. Бұл орайда бастапқы жарнаның мөлшері сату бағасынан 15 пайызға кем болмауы, ал бөліп-бөліп төлеудің кезеңі 3 жылдан аспауы тиіс.
      Бастапқы жарнаны Сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде енгізуі тиіс. Одан кейінгі соманы енгізген жағдайда, әлі енгізілмеген сомаға тараптардың келісімімен белгіленген мөлшерде пайыз есептеледі.
      Егер қамтамасыз етудің өзге тәсілі сатып алу-сату шартымен көзделмесе, сатып алушы алған жекешелендіру объектісіне Сатушының кепіл құқығы төлемдердің уақытылы өтелуін қамтамасыз етуге қызмет етеді.
      69. Акциялардың мемлекеттік пакеттерін қоспағанда, объектілерді беру Сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша Сатып алушы Сату бағасын толық төлегеннен кейін меншік иесінің сатылған жекешелендіру объектісін өзгерткендігі туралы мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін негіз болып табылатын жекешелендіру объектісінің қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.
      Акциялардың мемлекеттік пакеттерін беру Сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша Сатып алушы Сату бағасын толық төлегеннен кейін бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою арқылы жүргізіледі.
      70. Сатып алушы жекешелендіру объектісінің меншік құқығына Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіппен мәміленің тіркелген сәтінен бастап ие болады.

9. Жекешелендіру объектісін сатудан алынған қаражат

      71. Объектілерді сатудан алынған қаражат жергілікті бюджетке жіберіледі.
      72. Ұйымдастырушыға тиесілі сыйақы Сатушының аукционды даярлау мен өткізуге арналған шығыстарына жатқызылады.
      73. Аукциондар мен тендерлерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады