Атырау облысының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N№28-ІІІ шешімі. Атырау облысының әділет басқармасында 2004 жылғы 13 қаңтарда N 1743 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" қаулысын , орындау мақсатында облыстық мәслихат ІІІ сессиясында шешім етті:

      1. Қоса берілген облыс әкімиятының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 157 қаулысымен енгізілген "Атырау облысының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы" бекітілсін (жалғанды).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Облыстық мәслихат
      ІІІ сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

Атырау облыстық әкімиятының
2003 жылғы 10 шілдедегі
N 157 қаулысымен бекітілген

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" қаулысына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабы  1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) мақұлданып, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
      2. Атырау қаласы және аудан әкімдері Бағдарлама бекітілгеннен кейін бір ай мерзімінде үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзірлесін.

      3. Атырау облыстық қаржы басқармасы жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде Бағдарламаны қаржыландыру мәселесін шешсін.

      4. Атырау қаласы және аудан әкімдері, облыстық департамент пен басқарма басшылары есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 10 күнiнен кешiктiрмей облыс әкiмінің аппаратына осы Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

      5. Облыс әкімі аппараты әрбір жарты жылдың қорытындылары бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      6. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары  Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

Облыс әкiмiнiң   
2003 жылғы 10 шілдедегі
N 157 қаулысына қосымша

Атырау облысының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

Атырау облысының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың
2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу үшін
негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы 253
Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік
қолдаудың Бағдарламасы туралы' қаулысы

Бағдарламаның негізгі  әзірлеушісі

Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы

Бағдарламаның міндеттері

- мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл
және ынтымақтастық жүйесiн  жетілдіру; әлеуметтік мәселелерді
шешетін Атырау облысының үкіметтік емес ұйымдарын ақпараттық,
консультативтік, әдістемелік, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау;
үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін құқықтық
базаны  жетілдіру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесiн
қалыптастыру; облыста азаматтық бастаманың артуына жағдай жасау;
үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау
мәселелерi бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау және
біліктілігін көтеру жүйесiн құру; үкіметтік емес ұйымдардың
қызметіне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргiзу; облыс аумағында
қимыл істейтін халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту

Бағдарламаны қаржыландыру көздерi

- 2004 жылдан бастап қаржыландыру облыстық бюджетте көзделген
қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған
өзге де қаржыландыру көздерi шегiнде жүзеге асырылатын болады.
Аймақтық Бағдарлама бюджетінің негізгі бөлігі үкіметтік емес
ұйымдардың әлеуметтік мәні бар жобаларына конкурс өткізуге
жұмсалады. Бағдарламаны іске асыруға облыстық бюджеттен
қаржыландырудың жалпы көлемі 23 000 000 теңге жоспарлануда, оның
ішінде: 2004 жылға - 12 200 000 теңге, 2005 жылға -10 800 000 теңге.

Бағдарламаны iске
асырудан күтiлетiн
нәтиже

- облыстық мемлекеттiк органдары мен үкiметтiк емес ұйымдар
арасындағы әрiптестiк қатынастардың тұрақты және тиiмдi жүйесiн
әзiрлеу және енгiзу;                                     
- Атырау аймағының үкiметтiк емес секторын одан әрi дамыту үшiн
құқықтық, әдiснамалық жағдайлар жасау;
- облыс халқының азаматтық бастамасы өсуi үшiн жағдайлар жасау;
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту

Бағдарламаны іске
асыру мерзімдері

- 2003-2005 жылдар

І. Кіріспе

      Атырау облысының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
17 наурыздағы N 253 "Қазақстан Республикасының Үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың Бағдарламасы туралы" қаулысына  сәйкес әзiрленген және 3 жылға есептелген.
      Осы бағдарламаны әзiрлеу үкiметтiк емес секторды қолдау әрi онымен өзара iс-қимылдың кешендi және мақсатты бағытталған мемлекеттiк саясатын әзiрлеу қажеттiлiгiнен туындап отыр. Азаматтық қоғамның ажырамас құрамдас бөлiгi бола отырып, үкiметтiк емес сектор елдегi қоғамдық-саяси процестердiң одан әрi демократияландырылуына оң әсер етедi. Үкiметтiк емес ұйымдар ерiктi негiзде әрекет жасай және бастама көтере отырып, қазiрдiң өзiнде облыстағы әлеуметтiк саланың  проблемаларын шешуге белгілi үлес қосып отыр. Қазiргi уақытта үкiметтiк емес ұйымдардың мемлекеттiк құрылымдармен нақты ынтымақтастығы тең құқылы әрiптестi қағидаттарда маңызды мәнге ие болып отыр.
      Бағдарлама аймақтағы мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдар (бұдан әрі - ҮЕҰ) арасында орнықты әрi тиiмдi әрiптестiк қатынастар жүйесiн құруға бағытталған.

3. Атырау облысының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк
қолдау проблемаларының қазiргi жай-күйiн талдау

3.1. Атырау облысының үкiметтiк емес секторының қалыптасуы
және оның қазiргi жағдайы

      Атырау облысында үкiметтiк емес сектордың пайда болуы, бүкiл елiмiздегi сияқты, Қазақстан мемлекеттiгiнiң қалыптасуымен, Қазақстанның демократиялық, нарықтық экономикасы бар әлеуметтiк мемлекет ретiнде даму кезеңiмен тұспа-тұс келедi. Республикада тәуелсiздiк жылдары iшiнде қоғамның әлеуметтiк маңызы бар проблемаларын шешетiн қоғамдық бiрлестiктерден, қорлардан, мемлекеттiк емес коммерциялық емес мекемелерден тұратын үкiметтiк емес сектор қалыптасты.
      Үкіметтік емес ұйымдар бұл азаматтар заңнамаға қайшы келмейтiн өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған, қоғамдық қатынастарды реттеу тетiктерiнiң бiрi болып табылатын, әлеуметтiк проблемаларды шешуде, азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде мемлекет пен азаматтардың арасында дәнекерлiк рөл атқаратын, саяси партиялар, кәсіподақтар, діни бірлестіктерден басқа, коммерциялық емес ұйымдар. Үкіметтік
емес ұйымның қызметi азаматтық бастаманы дамытуға, әлеуметтiк проблемаларды шешудегi қоғамдық ұйымдардың рөлiн арттыруға, қоғамды тұрақты дамытуға жол жеткiзуге бағытталған.
      Атырау облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметiн талдау аймақтағы қоғамдық сектордың дамуын және оның мемлекет органдарымен өзара iс-қимылын 3 кезеңге бөлуге мүмкiндiк бередi.
      Үкiметтiк емес сектордың қалыптасуының 1-кезеңi 1990-шы жылдардың басынан бастап 1996 жыл кезеңiн қамтиды. Ол кезеңде бұл тұрақты негiзi жоқ, жеке-дара адамдардың жiгерiне сүйенген негiзiнен экологиялық бағыттағы жеке бастамалар болды.
      Бұл кезең үкімет органдарының үкіметтік емес ұйымдарға қатысты жалпы көзқарасы мен басымдықтарын әзірлеу процесiмен сипатталады. Өкіметтік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың оң және тұрақты ынтымақтастылығының мысалдары сирек едi.
      2-кезең 1996-2002 жылдар. Бұл үкіметтік емес ұйымдардың сапалық және сандық өсу кезеңi, сонымен бiрге қызмет түрлерi бойынша да сараланды. Үкiметтiк емес ұйымдардың сан
жағынан біршама өсуi халықаралық қорлар мен ұйымдардың гранттар жүйесi арқылы қаржылық қолдау есебiнен болды.
      Шетелдiк қорлар мен ұйымдардың гранттық қолдауы оқыту әрi әдiстемелiк сипатта болды және үкiметтiк емес сектордың қалыптасу процесiне белгілi әсер еттi.
      1996 жылы қоғамдық бiрлестiктердiң заңдық мәртебесiн, құқықтары мен мiндеттерiн анықтаған, жаңа үкiметтiк емес ұйымдардың пайда болу процесiн жандандыра түскен "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  қабылдануы да үкiметтiк емес сектордың дамуына өз ықпалын тигiздi.
      Бұл кезең сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың құрылымдық және ұйымдастырушылық қалыптасуымен, үкiметтiк емес секторға қатысты бiрыңғай мемлекеттiк саясаттық әзiрленуiмен сипатталады.
      3-шi кезеңнің бастамасы ретінде қазiргi кезге дейiн жалғасып жатқан 2002 жылы облыстағы мемлекеттік емес ұйымдарының iс-әрекеттерiн үйлестiрiп, оларға ақпараттық, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету үшiн облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы жанынан "Инфо-Центр НПО" құрылуын көрсетуге болады. Бұл облыстық мемлекеттік құрылымдарының үкіметтік емес ұйымдармен  өзара iс-қимылының тетiгiн iске асыру туралы мәселенiң нақты қойылуымен сипатталатын, жаңа сапалы кезең. Бүгiнде қоғамдық санада үкiметтiк емес ұйымдар елдегi демократия мен азаматтық қоғамның дамуының көрсеткiшi екенi туралы түсiнiк қалыптасқан.
      2003 жылдың 1 қаңтарына Атырау облысында 200-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар тiркелген, оның iшiнде белсендi жұмыс iстеп жүргенi - 30. Талдау қазiргi уақытта қызметтiң әр түрлi бағыттары бойынша үкiметтiк емес ұйымдардың жеткiлiктi тұрақты топтарының
қалыптасқанын көрсетедi: экологиялық, социологиялық, әскери-патриоттық, гендерлік, спорттық, жастар, қоғамтанулық, зерттеушiлiк тағы басқалары.
      Атырау облысындағы үкіметтік емес ұйымдарының қызметiнiң өзiндiк ерекшелiктерi бар.
Жалпыға мәлiм, Атырау - табиғи ресурстармен, бәрiнен бұрын мұнаймен бай аймақ. Бұнда кен орындарын дайындап және пайдаланатын халықаралық корпорациялар шоғырланған, бұл қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен байланысты. Сондықтан бiздiң аймағымызда экологиялық
ұйымдардың қызметi аса өзектi болып табылады.
      Облыстағы "Каспий табиғаты", "Каспий-XXI век", "ЭКОС" үкіметтік емес ұйымдары экологиялық қызметінде көптеген алуан түрлi iс-шаралар өткiзген: акциялар, конференциялар, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша қоғамдық тыңдаулар, Атырау қаласының ықшам
аудандарын көгалдандыру жөнiнде жобалар мен акциялар, "Уралу - чистые берега" акциясы тағы басқалары. Атырау университеті студенттерінің "ЭКОС" бастамалық тобы Каспий аймағының проблемаларын көрсететін экологиялық бюллетендер шығарады, қоршаған ортаны қорғау және халықтың денсаулығы бойынша жобалар үшін шағын гранттар бағдарламасына қатысады.
      "ИСАР-Атырау" халықаралық ұйымының өкілдігі және экологиялық үкіметтік емес ұйымдар мектеп оқытушылары үшін экологиялық білім беру бойынша семинарлар, "День земли" акцияларын өткізуде.
      Атыраудың шетелдік ұйымдармен байланысы орнатылған. 2000 жылы мамырда Колумбия университетiнде (Нью-Йорк, АҚШ) Атырау аймағының экологиялық үкіметтік емес ұйымдарының өкiлдерiнiң қатысуымен, "Поиск гражданского общества: экологические неправительственные
организации Каспия" тақырыбында халықаралық конференция өттi. 2001 жылы 12-13 қарашада облыстық экологиялық үкіметтік емес ұйымдары Атыраудағы Каспий экологиясы жайлы халықаралық конференцияға қатысты. 2001 жылы 22-23 желтоқсанда Атырау облысының экологиялық үкіметтік емес ұйымдары өкiлдерi Тегерандағы Каспийдің экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конференциясына қатысты. 2002 жылдың жазында 'Глобус' үкіметтік емес ұйым ИСАР-Вашингтон,
SEEN (США), BankWatch (Чехия) халықаралық ұйымдарымен бiрлесiп Каспий құбыр консорциумы желiсiмен "Каспийский караван" халықаралық жобасына қатысты. "Глобус" үкіметтік емес ұйымы 2003 жылы ақпан айында Порту-Аллегридегi (Бразилия) Бүкiл әлемдiк әлеуметтік форумның жұмысына қатысты.
      Жалпы алғанда бүгінгі күнде мемлекет үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуде. Оның куәсі үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың Тұжырымдамасының және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған
Бағдарламасының қабылдануы болып табылады.
     "Үкіметтік емес ұйымдар туралы" және "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" заң жобалары жасалып, қабылдану кезеңінде тұр.
      Сонымен, қазіргі кезде үкімет органдары үкіметтік емес ұйымдардың толыққанды жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасауда.

4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты азаматтық қоғамның бiр бөлiгi ретiнде Атырау облысындағы үкiметтiк емес ұйымдарды тұрақты дамыту үшiн жағдайлар жасау және өзара iс-қимыл мен мемлекеттiк билiк органдары тарапынан қолдау негiзiнде әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды
шешудегi олардың рөлiн күшейту болып табылады.
      Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:

      1) Үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн қамтамасыз ететiн құқықтық базаны жетiлдiру;

      2) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастық жүйесiн жетiлдiру;

      3) әлеуметтік мәселелердi шешетiн Атырау облысының үкiметтiк емес ұйымдарына ақпараттық, консультативтік, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету;

      4) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жүйесiн қалыптастыру;

      5) облыста азаматтық бастамалардың өсуi үшiн жағдайлар жасау;

      6) Үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру;

      7) Үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргiзу.

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi

      Бағдарламаны iске асыру мынадай басым бағыттар бойынша:

      1) ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар;

      2) әртүрлi әлеуметтiк топтар арасында азаматтық бастамаларды дамыту;

      3) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жасау жөнiндегi органдар құру;

      4) Үкiметтiк емес ұйымдардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;

      5) үкiметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк қолдау;

      6) үкiметтiк емес ұйымдарды ұйымдастырушылық техникалық қолдау;

      7) Үкiметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі іс-қимылдардың жүйелілігі мен кезеңділігін көздейді.
      Бағдарлама үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың тиiмдiлiгiн арттыруға, мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың ынтымақтастығын одан әрi дамытуға бағытталған.

5.1. Ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар

      Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін тиісті нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру мен жетілдіру үкіметтік емес секторға пәрменді мемлекеттік қолдау көрсетудің аса маңызды шарты болып табылады.
      Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен үкiметтiк емес ұйымдар туралы, "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" заңдардың жобалары дайындалған. Бұл заң жобаларының қабылдануы елiмiзде, соның iшiнде Атырау облысында да, үкiметтiк емес сектордың одан керi дамуы үшiн сенiмдi құқықтық база болуы тиiс.
      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс келісім-шарттар (шарттар) жасасу жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілген, республикалық және
аймақтық деңгейлердегі басым мақсатты әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудың экономикалық-құқықтық нысаны. Тапсырыс беруші мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар орналастыруды жариялы ашық конкурстар (тендерлер) өткізу негізінде қамтамасыз ететін
болады.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыстық әкімияттық үкіметтік емес±ұйымдар ұсынған әлеуметтік маңызы бар жобаларына конкурстар өткізуі жоспарлануда. Конкурстардың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың ұсынған әлеуметтік маңызы бар жобаларына конкурс өткізудің ережесін әзірлеу қажет.
      Үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесі мен қызметіне байланысты ұйымдарға қатысты заңнаманың терминологиялық үйлестігі маңызды.
      Облыстық мәслихатқа, облыстық әкiмиятқа, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу көзделуде.
      Үкіметтік емес сектор проблемаларын, оның даму үрдістерін мемлекеттік органдармен іс-қимылын анықтау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар проблемалары бойынша социологиялық зерттеулер, Бағдарламаның орындалу барысына мониторинг жүргізілетін болады.

5.2. Халықтың азаматтық бастамасын дамыту

      Атырау облысында, әсіресе ауылдық жерлерде, үкіметтік емес секторды дамыту, билік органдарының әлеуметтік проблемаларды шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тартуы әлеуметтік шиеленiстiң түсуiне, халықтың өзіне өзі көмек көрсетуі мен өзін өзі жұмыспен қамтуын
ұйымдастыруда азаматтық бастамалардың өсуіне, әлеуметтік қызмет көрсету сапасы мен көлемінің артуына ықпал ететін болады.
      Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларына тендерлер (конкурстар) ұйымдастыру және өткізу арқылы  жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды аймақтық әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуге тарту көзделуде.
      Жергілікті атқарушы билік органдарының үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып аймақты дамытудың өзекті проблемалары бойынша оқыту семинарларын, тренингтерін, "дөңгелек үстелдерін" өткізуі ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды көтермелеуге жәрдемдесетін болады.
      Ұлттық-мәдени орталығы мен үкіметтік емес ұйымдары тарта отырып қайырымдылық, еріктілік, мәдени-көпшілік және өзге де акцияларды өткізу ауыл халқының әлеуметтiк белсендiлiгiнiң артуының маңызды шарты болып табылады.
      Халықтың неғұрлым әлсіз жіктерін қолдау, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды тиімді әрі сапалы іске асыру үшін коммерциялық сектор әлеуетін барынша толық пайдалану есебінен жеке көздерден қайырымдылық саласына түсетін ресурстар көлемін
елеулі түрде ұлғайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау қажет.
      Мемлекеттік билік органдары жеке тұлғалардың үкіметтік емес ұйымдар қызметі шеңберінде іске асырылатын әлеуметтік маңызы бар қызмет ретінде өтеусіз ерікті қызметін дамытуға жәрдем көрсетуі тиіс.
      Еріктілер көмегі әртүрлi нысандарда iске асырылады: халыққа қызмет көрсету түрінде көмек көрсету, қоғамдық пайдалы еңбекті жүзеге асыру, қайырымдылық бағдарламаларын іске асыруға қатысу.
      Азаматтық бастамаларды дамыту проблемаларының табысты шешiлуi Атырау облысындағы әлеуметтік саладағы үкіметтік емес ұйымдардың тиімді қызметі үшін жағдайлар жасайды.

5.3. Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау
жөнiндегi органдар құру

      Жергілікті атқарушы билік органдары жанынан консультативтік-кеңесшi мәртебесі бар үкіметтік емес ұйымдармен өзара iс-қимыл органдарын құру үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттiк қолдаудың маңызды сәтi болып табылады. Олар мемлекеттік үкімет органдарының үкіметтік емес сектормен қарым-қатынасының оңтайлы жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді. Атырау облысында бұндай орган облыс әкiмi жанындағы  үкiметтiк емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөнiндегi Кеңес болып табылады.
      Облыс әкiмi жанындағы Атырау облысының үкiметтiк емес ұйымдарымен қарым-қатынас жасау жөнiндегi Кеңес туралы үлгі ереже әзiрленген.
      Үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік маңызы бар заң жобаларын және мемлекеттік органдар бағдарламалық құжаттарын әзірлеу процесіне кеңінен тарту Бағдарламаны іске асырудың маңызды тетігі болып табылады.

5.4. Үкiметтiк емес±ұйымдар қызметiн ақпараттық
қамтамасыз ету

      Үкіметтік емес±ұйымдар қызметін ақпараттық қолдау бұқаралық ақпарат құралдарында үкіметтік емес сектордың Атырау аймағындағы әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудегі жұмыс тәжірибесін, оның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңінен жария етуді көздейді. Үкіметтік емес ұйымдар қызметі туралы мамандандырылған айдарлар, тақырыптық радио және теле хабарларын жасау, қоғамда үкіметтік емес сектордың жағымды бейнесін қалыптастыруға жәрдемдесуге тиіс.
      Үкіметтік емес ұйымдардың проблемаларын, әлеуметтік маңызы бар қызметтің даму практикасын, қоғамдық-азаматтық бастамаларды мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру көзделген.
      Ақпараттың қолдау шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік жарнамалар рыногын дамыту үшін құқықтық және қаржылық жағдайлар қалыптастыру қажет.

5.5. Үкiметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк
қолдау

      Үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік қолдау үкіметтік емес ұйымдар қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерін түсіндіруді; оларға үкіметтік емес сектормен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың, отандық және шетелдік грант берушілердің жұмыс әдістері, бағыттары туралы ақпарат, елдегі үкіметтік емес ұйымдар туралы деректер мен өзге де ақпарат беруді көздейді.
      Атырау облысы үкіметтік емес ұйымдарының деректер банкін жасау көзделген.
      Облыстық үкіметтік емес секторын одан әрi жандандыру мен топтастыру мақсатында тұрақты түрде Атырау облысының үкіметтік емес ұйымдарының даму үрдістері мен перспективалары талқыланатын, тәжірибе алмасу болатын, мемлекеттік органдармен тиімді ынтымақтастық жолдары сараланатын "дөңгелек үстелдер" өткiзiп тұру қажет.
      Әдістемелік қолдау үкіметтік емес сектор қызметіне жүргізілетін мониторинг пен зерттеулер, оның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы проблемаларын талдау негізінде үкіметтік емес ұйымдар үшін әдістемелік ұсынымдар, материалдар, анықтамалықтар, оқу құралдарын жасауды көздейді.

5.6. Үкiметтiк емес ұйымдарды
ұйымдастырушылық-техникалық қолдау

      Ұйымдастырушылық-техникалық қолдаудың маңызды бағыты практикалық сипаттағы іс-шаралар: "дөңгелек үстелдер", семинарлар, конференциялар, тренингтер, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп өзге де акциялар өткізу, сондай-ақ іс-шараларды өткізуге техникалық
көмек көрсету (үй-жайларды, техникалық құралдарды беру, мүдделі органдарды, адамдарды шақыру және т.б.) болып табылады.
      Үкіметтік емес секторды дамытудың өзекті проблемалары бойынша "дөңгелек үстелдерді" жүйелі негізде ұйымдастыру мен өткізу үкіметтік емес ұйымдардың даму процесінің, олардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын көтермелеу мен кедергілерін анықтауға
жәрдемдесетін болады.
      Облыстық "Инфо-Центр НПО" мен жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi консультативтiк Кеңес ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiретiн, мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың қарым-қатынасын нығайту және ұлғайту қызметiн жоспарлы түрде жүзеге асыратын орган болуға тиiс.
      Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдарды экологиялық проблемаларды шешуге тарту, қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру қажет.

5.7. Үкiметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша
мемлекеттiк қызметшiлердi дайындау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру

      Осы бағыт үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жүйелерін жетілдірудің әртүрлі мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін жүйелі семинарлар, оқыту тренингтерін ұйымдастыруды және өткізуді көздейді.
      Үкіметтік емес секторды дамыту саласындағы тәжірибе, әдістемелік және теориялық әзірленімдер Атырау облысында әзірше жеткіліксіз болғандықтан, бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыс көбінесе инновациялық сипатта болады. Осыған байланысты Бағдарлама бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың қызметкерлерін даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға едәуір көңіл бөлу қажет.
      Үкіметтік емес ұйымдармен бiрлесiп қимылдайтын қызметкерлер үшiн білiктiлiктi арттыру семинарларын өткiзiп, Қазақстанның басқа аймақтарындағы ұқсас бөлiмшелерiмен тәжiрибе алмасу жүйесін жолға қойып, қызметкерлердің халықаралық және ұлттық оқыту іс-шараларына қатысуына жәрдемдескен жөн.
      Халықаралық ұйымдармен әріптестік қатынастар негізіндегі ынтымақтастық демократиялық реформалардың алға басуының, азаматты қоғам құрудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен бағдарламаларды орындау
Атыраудың үкіметтік емес секторын дамытуға оң ықпал етеді. Халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржылық және техникалық қолдауы үкіметтік емес ұйымдардың нығаюы мен дамуына жәрдемдесетін болады.

5.8. Бағдарламаны iске асыру тетiгi

      Бағдарламаны іске асыру үшін белгіленген іс-шаралардың кезең-кезеңiмен орындалуын көздейтін, Атырау облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі -
Жоспар) әзiрленген.
      Жоспар Бағдарламаны орындау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мен бақылауға мүмкіндік береді.
      Бағдарламаны іске асыру процестерін үйлестіру Атырау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына жүктелген. Бағдарламаны іске асыру тетігі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен іс-қимылын, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастықты көздейді.
      Бағдарламаның орындалуын үйлестіру мен бақылау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар тиімділігін бақылаудың айқын көрсеткіштерін (индикаторларын) қамтитын оның мониторингі мен бағалау жүйесі жасалатын болады.
      2003 жылдың iшiнде мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың өкiлдерiнен құралған сарапшылар қатысатын Атырау облысындағы үкіметтік емес сектордың даму проблемалары жөнінде сараптамалық сұрау салуды өткізу жоспарланып отыр. 2004
жылы Бағдарламаны іске асыру барысы туралы кешенді әлеуметтік зерттеу өткізілетін болады.
      Бағдарлама мониторингін талдау нәтижелері жекелеген бағыттарға түзету енгізу, Бағдарлама мен Жоспарға тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ кейінгі бағдарламаларды әзірлеу үшін негіз болады.

6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері

      Бағдарламаны іске асыру мынадай қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылатын болады:

      1) жергілікті бюджеттен;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржыландырудың өзге де көздерінен.
      Бағдарламаны қаржыландыру білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты, демографиялық саясат, гендерлік саясат, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек, мәдениет, ақпарат, спорт, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар салаларындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың бір бөлігін орындауға облыстық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.
      Халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қорлардың техникалық және гранттық көмегін, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың өз қаражаттары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдермен тыйым салынбаған өзге де көздерді тарту көзделеді.
      Бағдарламаны іске асыруды қаржыландырудың жалпы көлемі 23.000.000теңге, оның ішінде: 2004 жылға 12.200.000 теңге, 2005 жылға 10.800.000 теңге көлемінде көзделеді.

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже

      Бағдарламаны толық іске асыру және онда көзделген барлық шараларды қабылдау нәтижесінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық сектор арасында әріптестік қатынастардың тиімді жүйесi, сондай-ақ облыс халқының азаматтық белсендiлiгiнiң дамуы қамтамасыз етілетін
болады.
      Осы Бағдарламаның іске асырылуы Атырау облысының үкіметтік емес секторына нақты ұйымдастырушылық-техникалық, әдістемелік, консультативтік, ақпараттың қолдаудан көрінетін болады, қайырымдылық қызмет үшін жағдайлар жасайды, халықаралық ±ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыра түседі.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін үкіметтік емес сектор дамуындағы оң өзгерістерді сипаттайтын негізгі көрсеткіштер (индикаторлар): үкіметтік емес ұйымдардың
сандық және сапалық құрамы, кадрлық әлеуеті, ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстары, олардың қоғамдық рейтингі, облыста үкіметтік емес сектордың өсуі, үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қатысуы, мемлекеттік құрылымдармен әріптестік қатынастар.
      Бағдарламаны толық іске асыру және онда көзделген шараларды қабылдау нәтижесінде:
      - Атырау облысының үкіметтік емес секторын одан әрі дамыту үшін құқықтық, әдiснамалық, ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар жасалатын;
      - халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемін арттыруға жәрдемдесетін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы әріптестік қатынастардың тиімді жүйесі жасалатын және енгізілетін;
      - облыс халқының азаматтық бастамаларының өсуіне жағдайлар жасалатын;
      - халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі әдіснамалық база нығайтылатын болады.
      Көрсетілгендер, тұтастай алғанда азаматтық қоғамды дамыту мен нығайтуға, аймақтық әлеуметтiк және гуманитарлық әлеуетiн арттыруға жәрдемдесетiн болады.

Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары

      Ескерту:  Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің қалыптастырылуына қарай iс-шараларды қаржыландыру көлемi нақтыланады.

Қабылданған қысқартулар:

МАҚКМ     - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және
            қоғамдық келісім министрлігі
ОАҚКБ     - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы
ОМҚБКО    - облыстық Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқармасы
ОМҚБКО    - облыстық мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін
            көтеру орталығы
ОКДБ      - облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқармасы
ОТурСБ    - облыстық туризм және спорт басқармасы
ОДСБ      - облыстық денсаулық сақтау басқармасы
ОҚОҚБ     - облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы
ОЕХҚМ     - облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
ОӘдБ      - облыстық әділет басқармасы
ОББ       - облыстық білім беру басқармасы
ҮЕҰ       - үкіметтік емес ұйымдар
ХҰ        - халықаралық ұйымдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады