"Атырау облысында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 желтоқсандағы N 294 қаулысына енгізілген өзгерістерді талқылап, Атырау облыстық мәслихаты ІІІ сессиясында шешім етті:
1. Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 3 желтоқсандағы N 294 "Атырау облысында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" қаулысына облыстық әкімияттың 2003 жылғы 10 шілдедегі N 155 қаулысымен енгізілген өзгерістер бекітілсін (жалғанды).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім, мәдениет және жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Өмірбекова) тапсырылсын.
Облыстық мәслихат ІІІ
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы
Атырау облыстық әкімиятының
2003 жылғы 10 шілдедегі N 155
қаулысымен бекітілген
Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 3 желтоқсандағы
N 294 "Атырау облысында кедейлікті төмендету жөніндегі
2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 "Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" қаулысына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабы 1 тармағының 16 тармақшасына сәйкес облыстық әкімият қаулы етеді:
1. Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 3 желтоқсандағы N 294 "Атырау облысында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
қаулының қосымшасындағы:
4.3 "Бағдарламаны іске асыру индикаторлары" ішкі бөлімі жаңа редакцияда мазмұндалсын;
5. "Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері" бөлімі:
5.1.1. "Мақсатты топтарда кедейлік көлемін азайту жөніндегі шаралар" ішкі бөлімінің:
"Мүгедектер" бөлімдегі екінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау".
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
10 шілдедегі N 155
қаулысына қосымша
4.3 Бағдарламаны іске асыру индикаторлары
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірліктері |
2002 жыл |
Болжам, жылдар |
||
баға |
2003 |
2004 |
2005 |
|||
Экономикалық көрсеткіштер |
||||||
1 |
Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім |
мың теңге |
680,0 |
718,0 |
756,0 |
797,0 |
2 |
Кедейлік шегінен төмен тұратын халықтың үлес саны |
мың адам |
67,0 |
53,6 |
42,9 |
34,3 |
3 |
Экономикалық белсенді халықтың арасындағы жұмыссыздар үлес саны |
% |
12,3 |
11,7 |
11,4 |
11,1 |
4 |
Тіркелген жұмыссыздардың кәсіби қайта оқытылғандары |
адам |
1585 |
1600 |
1700 |
1800 |
5 |
Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны |
адам |
6226 |
6500 |
7000 |
7500 |
Әлеуметтік индикаторлар |
||||||
6 |
Жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 3-ші ауысымда оқитын оқушылар үлес саны |
% |
1,1 |
1,0 |
0,9 |
0,8 |