Тілдерді қолдану дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы

Жаңа

Атырау облыстық Мәслихатының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 26-III шешiмi және Атырау облысы әкімінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N№200 қаулысы. Атырау облысының әділет басқармасында 2004 жылғы 21 қаңтарда N 1787 тіркелді

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы" 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 344 қаулысын  жүзеге асыру мақсатында Атырау облыстық мәслихаты 3 сессиясында шешім етті:

      1. Қоса берілген облыс әкімиятының 2003 жылғы 30 қыркүйектегі 2003 қаулысымен енгізілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы" бекітілсін (жалғанды).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Облыстық мәслихат ІІІ
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

Атырау облыстық әкімиятының
2003 жылғы 30 қыркүйектегі
N 200 қаулысы

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға
арналған өңірлік бағдарламасы туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы" 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 344 қаулысын  жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:

      1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы қосымшаға сәйкес мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне ұсынылсын (бұдан әрі - Бағдарлама).

      2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, тиісті атқарушы органдар басшылары:
      1) Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етсін;
      2) Бағдарламаның жүзеге асу барысы жөніндегі ақпаратты облыс әкімінің аппаратына жыл сайын 1 маусым мен 1 желтоқсанға беріп тұрсын.

      3. Облыстық қаржы басқармасы жыл сайын облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде осы бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат қарастырсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

      Облыс әкімі                     

Облыс әкiмiнiң
30.09.2003 жылғы N 200
қаулысына қосымша

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004
жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты
(бағдарламаның негізгі параметрі)

Атауы:

Атырау облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған  өңірлік бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 450
қаулысымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының" 3-тармағына сәйкес
әзірленген.

Негізгі  әзірлеушілер

Атырау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы

Бағдарламаны іске асыру мерзімі:

1-кезең - 2003 жыл; 2-кезең - 2004 жыл.

Мақсаттары:

Қазақстан халықтарының тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатты белгілейді: облыс көлемінде мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этникалық
топтардың тілдерін дамыту

Міндеттері:

Мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- облыс көлемінде мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- "Атырау облысында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру
туралы" облыс әкімінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 351 шешімінің орындалуын бақылау;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттің,±ұйымдардың қаржылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы актілерімен тиым салынбаған басқа да көздері есебінен азаматтарға мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарының бірыңғай
жүйесін құру;
- Орыс тілінің қолданылуын ғылыми-лингвистикалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
- этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін оқытуына мемлекеттік қолдау көрсету.

Қаржыландыру көздері:

Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету осы Бағдарламаны іске асыруға бөлінетін республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.

Күтілетін нәтижелер:

Бағдарламаны іске асыру облыс аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 19, 93-баптарына сәйкес облыс әлеуметтік-
лингвистикалық кеңістік құруды көздейді.

2. Кіріспе

      Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2 жылға арналған.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 19, 93-баптарына, "Қазақстан  Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы N 3186 өкімімен  мақұлданған Қазақстан Республикасының Тіл саясаты тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 450 қаулысымен  бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 2001-2002 жылға арналған іс-шаралар жоспарының" 3-тармағына сәйкес әзірленген.

3. Тілдік ахуалдың бүгінгі таңдағы жағдайына талдау

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 450 қаулысымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын" және осы заңнамаларды жүзеге асыру жөніндегі аймақтық бағдарламаны 2001-2002 жылдар аралығында іске асыру барысында біршама жұмыс атқарылды.
      Облыстық барлық атқарушы және өкілетті органдарында іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілді. Облыс әкімі 2001 жылдық 26 желтоқсанында "Атырау облысында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы" N 351 шешім алды. Облыстағы мемлекеттік мекемелер мен
кәсіпорындарда 150-ге тарта аудармашы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының 93, 7, 19-баптарына сәйкес мемлекеттік тілді тегін оқып-үйренуге кең жағдай туғызылған. Облыста 164 үйірмеде 3 мыңға тарта азаматтар мемлекеттік тілді, 11 мәдени-ұлттық орталықтар
өкілдері өз ана тілдері мен ұлт тарихын оқып үйренуде.
      Облыс көлемінде "Қазақстан Республикасының тіл туралы" Заңын орындауға әлі де немқұрайлы қарайтын мекемелер мен кәсіпорындар бар. Көптеген шетелдік компаниялар мен біріккен кәсіпорындар Қазақстан азаматтарынан жұмысқа орналастыру үшін ағылшын, түрік,
италиян тілін білуді талап етіп отыр. Облыстық, аудандық, қалалық мемлекеттік мекемелерде, қаржы бөлімдерінде, банктерде, әскери құрамаларда, мемлекеттік емес ±ұйымдарда іс қағаздары орыс тілінде жүргізіледі.
      Мемлекеттік тілді дамытуға облыстық мәдениет мекемелері, кітапханалар жүйесі, Махамбет атындағы қазақ драма театры, Н.Жантұрин атындағы облыстық филармония, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Дина Нұрпейісова атындағы халықтық саз 
академиясы үлкен үлесін қосып келеді.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңда көрініс тапқан, облыста лингвистикалық өрісті қалыптастырудың функционалдық принциптеріне сәйкес сараланған айқындама негізінде тіл құрылысын үш бағытта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін көбейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту жөнінде жүзеге асыру орынды болмақ.
      Бағдарламаның басым бағыттары "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" тілдік дамудың басым бағыттары талаптарына сәйкес қалыптастырылды:
      1-басымдық : Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкесті қабылдануы тиісті мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай мемлекеттік тілді қолданатын мемлекеттік органдар, ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерін материалдық ынталандыру шаралары туралы, аудармашылық қызметті реттеудің құқықтық негіздері туралы, тіл заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы заң
актілерін іске асыруды қамтамасыз ету.

      2-басымдық: Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің іскерлік тіл ретінде қолданылуын дамыту
      Осы мақсатта мемлекеттік қызметкерлердің бірыңғай оқу-әдістемелік бағдарламаға негізделген оқу курстарының жұмысын жалғастыру, барлық санаттағы кадрлардың мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде меңгеру талаптарына сай олардан тиісті тіл даярлығын талап ету қажет.
      Шетелдік компаниялармен қарым-қатынаста және басқа да халықаралық кездесулерде мемлекеттік тілдің мемлекеттік аса маңызды атрибуттардың бірі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету.

      3-басымдық: Білім беру және тілдерді оқыту салаларындағы тілдік даму

      Балалар әлеуметтік коммуникациялардың алғашқы дағдысын құрдастарымен араласу кезінде алатынын ескере отырып, олардың бастапқы тіл даярлығында мектепке дейінгі мекемелер зор рөл атқаруы тиіс. Сондықтан олардың санын көбейту жөнінде мүмкін болатын барлық шараларды қолдану керек. Атап айтқанда, қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі мекемелер жүйесін көбейтуге назар аударған жөн. Бұл жерде маңызды проблемалардың бірі оқушыларды отандық оқулықтардың жаңа буынымен қамтамасыз ету болып табылады.
      Қолданыстағы заңдарға сәйкес ресми пайдаланылатын тілдің қолданылуы қоғамдық өмірдің барлық саласында, іс жүзінде тұрақты болып отыр және мемлекеттің күш-жігері бұл жерде осы жағдайды қолдануға бағытталуға тиіс.

      4-басымдық: Тілдік дамуды ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету

      Мемлекеттік тілдің мәртебесін іске асыру әлем тілдерін дамыту тәжірибесіне сәйкес жаңа әлеуметтік-мәдени және ғылыми болмыс аясында оның лексикалық және семантикалық тынысының мүмкіндіктерін кебейтуді талап етеді. Аталған саладағы негізгі міндет, терминологиялық шығармашылықты қоса алғанда, жаңа лексикалық бірліктерді енгізу процестерін бірыңғайлау болып табылады.

      5-басымдық: Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету салаларында тілдік даму

      Мәдениет саласында жұмыстың бұқаралық және көпшілік көріністік түрлеріне, кино, мультипликация, телешоу, сазды бағдарламалар, жастар журналдарына айрықша назар аудару қажет. Мемлекеттік тілде шығарылатын теле және радио хабарлар, журналдар, көркем және анимациялық фильмдердің жалпы саны мен сапасын арттыру қажет.
      Халыққа қызмет көрсететін денсаулық сақтау, сауда, көлік, байланыс, коммуналдық қызмет салаларында, банктерде мемлекеттік тілдің іс жүзінде қолданылуына барынша ықпал жасау қажет.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

      Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын" іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары) көзделген іс-шаралар жүйесін жыл сайын кезең-кезеңімен орындау болып табылады.

6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері

      Бағдарламаның 2003-2004 жылдарға арналған іс-шараларын іске асыруға қаражат жыл сайын облыстық бюджетте көзделеді. Қалалық, аудандық, және салалық бағдарламалар жергілікті бюджеттердің есебінен және тиісті мекемелер мен ұйымдарға облыстық бюджеттен көзделген қаражат шегінде қаржыландырылады.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Тілдерді қолдану мен дамытудың өмірлік бағдарламасын іске асыру облыс аумағында:
      - қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты іске асыру, оның Заң жүзінде бекітілген әлеуметтік функцияларын облыс аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыруды;
      - орыс тілінде Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген негізгі функцияларды толық көлемде сақтауды;
      - облыс аумағындағы басқа да халықтардың ±ұлттық тілдерін оқып-үйренуі мен дамыту үшін жағдай жасауды көздейді.

8. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі
2003-2004 жылдарға арналған іс-шараларының жоспары

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралары

1

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Облыс әкімі қаулысының жобасы

Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
(келісім бойынша)

2004 ж.
3-тоқсаны

2

Атырау облысындағы тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасының іске асырылу барысы туралы социологиялық зерттеу

Облыс әкімі
аппаратына,
Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігіне ақпарат

Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
(келісім бойынша)

2004ж.
3-тоқсаны

Білім беру және тілдерді оқыту салаларындағы тілдерді дамыту

3

Облыстағы жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында қазақ тілінде оқытылатын бөлімдердің және оқытылатын пәндердің санын көбейту жөнінде қосымша шаралар қабылдау

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық
білім беру басқармасы, облыс  жоғары оқу орындары
(келісім бойынша)

ІУ- тоқсан, жыл сайын

4

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қазақ тілінде оқытатын ұйымдар  желісін көбейту

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық білім беру басқармасы, қала, аудан әкімдері

ІУ- тоқсан, жыл сайын

5

Қазақ тілінде оқытатын және тәрбие беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары
санын көбейтудің шараларын
алу

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық білім беру басқармасы, қала, аудан әкімдері

ІУ- тоқсан, жыл сайын

6

Ана тілдерін оқытатын жексенбілік мектептер арқылы ұлттық-мәдени орталықтар жұмыстарын жандандыру

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), облыстық білім басқармасы

ІУ- тоқсан, жыл сайын

Ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету

7

Кітапханаларды қазақ және  басқа да тілдердегі әдебиетпен қамтамасыз етіп отыру

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық мәдениет басқармасы

ІУ- тоқсан, жыл сайын

8

Атырау облысы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің және физикалық-жағырафиялық атаулардың әліпбилік көрсеткіштерін шығару

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық әкімият

ІУ- тоқсан, жыл сайын

9

Атырау облысының әкімшілік-аумақтық картасын шығару

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық әкімият

ІУ- тоқсан 2004ж.

10

Облыстық ономастика комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша)

ІУ- тоқсан, жыл сайын

11

Облыстағы тілдерді дамыту мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу

Облыс әкімі не, Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне ақпарат

Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша)

ІУ- тоқсан, жыл сайын

Мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет көрсету саласында тілді дамыту

12

Облыс халықтары тілдерінің фестивалін өткізіп тұру

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық ақпарат және қоғамдық келі- сім басқармасы (келісім бойын ша), Қазақстан ның Халық Ассамблеясының облыстық филиа лы (келісім бойынша),қала, аудан әкімдері

ІІІ- тоқсан, жыл сайын

13

Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық дәстүрлі конкурсын өткізу

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық ақпа- рат және қоғам дық келісім басқармасы (келісім бойын ша), облыстық мәдениет бас қармасы, қала, аудан әкімдері

ІУ- тоқсан 2004ж.

14

"Үздік аудармашы" облыстық конкурсын өткізіп отыру

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне ақпарат

Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), қала, аудан әкімдері

ІІІ- тоқсан, жыл сайын

15

Облыстық телерадиохабарларда
"Қазақ тілін  үйренеміз" айдарымен бағдарламалар ұйымдастырып
тұру

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне ақпарат

Облыстық ақпа рат және қоғам дық келісім басқармасы (келісім бойын ша), облыстық телерадиокомпа
ния (келісім бойынша)

Жыл ішінде

16

Мемлекеттік және басқа тілдердегі хабарлар көлемінің арасалмағы сақталуы жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне ақпарат

Облыстық ақпа рат және қоғам дық келісім басқармасы (келісім бойын ша), қала, аудан әкімдері

Жыл ішінде

17

Облыста тілдерді дамытудың өзекті проблемаларына арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар өткізіп тұру

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық ақпа рат және қоғам дық келісім басқармасы (келісім бойын ша), қала, аудан әкімдері

Арнайы жоспар
бойынша

18

Көлік пен байланыс, сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету анықтама- ақпаратының қызмет көрсету салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету

Облыс әкімиятына ақпарат

Облыстық ақпа рат және қоғам дық келісім басқармасы, қала, аудан әкімдері, басқармалар

Жыл ішінде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады