Ескерту: ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 18 қазан N 3-3333/06 хаты негізінде мемлекеттік тіркелуге жатпайды. №
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа алып, облыс әкімиятының 2003 жылғы 10 қарашадағы N 242 қаулысын талқылап, Атырау облыстық мәслихаты ІІІ сессиясында шешім етті:
1. Атырау облысы әкімиятының 2003 жылғы 10 қарашадағы N 242 "Атырау облысы Атырау, Құлсары қалаларында есірткіні инемен тұтынушылар арасында жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар мен АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу бағдарламасы" туралы қаулысы бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім беру, мәдениет және жастар істер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Өмірбекова) тапсырылсын.
Облыстық мәслихат ІІІ
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы
Атырау облыстық әкімиятының
2003 жылғы 10 қарашадағы N 242
қаулысымен бекітілген
"Атырау облысы Атырау, Құлсары тұтынушылар арасында жыныс
жолдарымен берілетін инфекциялар мен АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу"
бағдарламасы туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 6 ақпандағы N 191-ІІ "Атырау облысында жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны және оны жүзеге асырудың шаралар жоспарын бекіту туралы" шешімін жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Қоса берілген "Атырау облысы Атырау, Құлсары қалаларында есірткіні инемен тұтынушылар арасында жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар мен АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу" бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) мақұлданып, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына
бекітуге ұсынылсын.
2. Атырау облыстық қаржы басқармасы Бағдарламаны жүзеге асырудағы іс-шаралар жоспарына сәйкес қаражат бөлсін.
3. Жылыой ауданының әкімі, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы сенім пункттері үшін алынған орын-жайларға тиісті жөндеу жүргізіп, оларды мақсатқа сәйкес пайдалансын.
4. Атырау облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы қоғамдық жұмыстарға арналған қаражат есебінен аутрич жұмысы үшін (есірткіні инемен тұтынушылар арасында дала жағдайларында жүргізілетін жұмыс) ресми тіркелген жұмыссыздар саны арасынан қажетті адам санын бөлсін.
5. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы:
1) наркологиялық қызмет жұмысының тәжірибесіне алмастыру терапиясын енгізу үшін дайындықты;
2) облыстық ЖҚТБ алдын алу және күресу орталығының материалдық-техникалық базасының жақсартылуын және штатпен жиынтықталуын қамтамасыз етсін.
6. Атырау облысы ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) қызмет басымдығын есірткі тұтынушылардан есірткі сатушыларға аударсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсалиеваға жүктелсін.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы
Атырау облысы әкімиятының
2003 жылғы 10 қарашадағы№242
қаулысына қосымша
1. "Атырау облысы Атырау, Құлсары қалаларында есірткіні
инемен тұтынушылар арасында жыныс жолдарымен берілетін
инфекциялар мен АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу"
Бағдарламасының төлқұжаты
Атауы:
"Атырау облысы, Атырау, Құлсары қалаларында есірткіні инемен тұтынушылар арасында жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар мен АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу".
Денсаулық сақтау Министрлігі мен UNAIDS (United Nations Program on AIDS БҰҰ/ЖҚТБ бағдарламасының ағылшын әріптік қысқартуы) 2003 жылдың 8-17 наурыз аралығында біріккен іс-әрекеті шеңберінде өткізілген есірткіні инемен тұтыну жағдайын және жыныс жолдарымен
берілетін инфекцияларды жедел бағалау
Бағдарламаның негізі
болып табылады.
Бағдарламаны әзірлеуші
Атырау облысы жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісімен (әрі қарай - ЖҚТБ) күресу және оның алдын алу орталығы.
Бағдарламаның мақсаты:
Есірткіні инемен тұтынушылар арасында адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышының (әрі қарай - АҚТБ) таралуын 2005 жылда 5%-дан асырмау үшін әлсіз топ арасында АҚТБ/ЖҚТБ таралу қарқынын азайту.
Бағдарламаның міндеттері:
2005 жылы есірткіні инемен тұтынатындардың 95% жеке шприцтер мен инелер, еркүйектер пайдалануына жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардан толық емделу мүмкіншілігіне (әрі қарай - ЖЖБИ), АҚТБ инфекциясына тестіден өту және өз еріктерімен кеңес алуға жол жеткізу.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі
2004-2005 жылдар.
Бағдарламаны қаржыландыру:
Жергілікті бюджет қаражаты.
Күтілетін нәтижелер:
АҚТБ жұқтырған адамдар мен
есірткіні инемен тұтынушыларға төзімділік көрсетіп, оларды қорғаныш құралдарын пайдалануға үйрету және ерікті түрде кеңес алуға тарту.
Атырау қаласында АҚТБ инфекциясы алғашқы рет 1993 жылы тіркелген. 2003 жылдың 1 қазанына АҚТБ инфекциясының 19 жағдайы анықталды, оның тоғызы Атырау қаласының тұрғындары. АҚТБ-ның 75% - есірткіні инемен тұтыну арқылы жұқтырылған, 25% - жыныстық қатынаста
жұқтырғандар.
Есірткіні инемен тұтынушылар арасында залалды азайту стратегиясы шеңберінде алдын алуды дамыту есірткі тұтынушылар үшін сенім пункттерін ашуды реттеу, тиісті бағдарламаларды бекіткен Республика Үкіметі мен облыстық әкімияттың стратегияларының бірі болып саналады.
Атырау қаласында АҚТБ инфекциясы және есірткіні инемен тұтыну жөніндегі жағдайды жедел бағалау қорытындысы бойынша есірткіні инемен тұтынушылар арасында АҚТБ эпидемиологиялық тарауының және есірткіні тұтынбайтын тұрғындардың әрі қарай жыныс жолы арқылы жұқтырылуының жоғары әлеуеті орнатылды. Әлеует есірткі тұтынушылардың нақты білімінің жоқтығымен және олардың тәуекел мінез-құлықтарымен байланысты.
3. Мәселенің қазіргі жағдайын талдау
Осы Бағдарлама Атырау облысында АҚТБ/ЖҚТБ індеттік таралуындағы есірткіні инемен тұтынудың мәнін түсіну тұрғысынан жасақталып, іске асырылады.
Бағдарламада жұмысы қарастырылатын мақсатты топ- есірткіні инемен тұтынушылар және жалпы тұрғындар.
Атырау қаласында 2003 жылдың наурызында АҚТБ/ЖҚТБ жөніндегі Біріккен ұлттар ұйымы Бағдарламасының (әрі қарай - БҰҰБ) техникалық қолдауымен өткізілген жедел бағалау қорытындысы АҚТБ инфекциясының тарауы есірткіні инемен тұтынушы тұлғалардың тобымен байланысты екендігін дәлелдеді. Есірткіні тұтынушылардың көпшілігі 30 жасқа дейінгі жастар болып табылады. Жағдай жалпы Республикадағыдай сияқты қала аумағындағы героин экспансиясының күшеюінен шиеленісуде. Бағалау мәліметі бойынша Атырау қаласында есірткіні
инемен жүйелі түрде тұтынушылар саны 4100-ден 4300 адамға жуық. Есірткіні инемен тұтынушылардың көбеюі байқалуда, бұл героиндік есірткінің ерекшелігі және героинді қан тамыры арқылы қолданудың артықшылығымен байланысты болып отыр. Есірткіні инемен
тұтынушылардың ерекшелік сипаты нашақорлар тобының ортақ инені пайдалануы болып табылады. Соңғы айдың ішінде АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу үшін басым мүддені білдіретін есірткіні инемен тұтынушылардың 58% осындай тәжірибені пайдаланған. Барлық нашақорлар ұсталған шприцтер мен инелердің жұқпасыздандырылуын қамтамасыз етпейді. 2002 жылдың қараша айында облыстық ЖҚТБ күресу және оның алдын алу орталығымен өткізілген биологиялық қадағалау мәліметтеріне сәйкес, есірткіні инемен тұтынушылар арасында АҚТБ тарауы 1% құрады. Есірткіні инемен
тұтынушылар арасында АҚТБ/ЖҚТБ індетінің әлеуеті жоғары, жұқтырылғандардың бағалау саны 2003 жылдың ішінде 25-26 адам құрауы мүмкін. Жыл сайын жұқтырылғандар саны екі есеге көбейеді.
Есірткі тұтынушылардың сексуалдық мінез-құлықтарын талдау АҚТБ жыныс жолдары арқылы тарауының жоғары дәрежесін дәлелдейді, яғни қорғалған секстің тәжірибесі тұрақты емес. Осы кезең ішінде жыныс жолдарымен 3 адам жұқтыруы мүмкін.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында келесі іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр:
1) есірткіні инемен тұтынушылар арасында ақпараттық-білім беру жұмысы, соның ішінде теңбе-тең әдісі бойынша;
2) шприцтің алмасуын қамтамасыз ету, еркүйектер тарату;
3) қауіпсіз егу және сексуалдық мінез-құлықтың дағдысы мен себептерін қалыптастыру;
4) бағдарлама қызметкерлері мен серіктестерін залал мен қолдануды азайту стратегияларын жүзеге асыру әдісіне және нысанына оқыту;
5) денсаулық сақтау мәселелері бойынша мақсатты топ мүшелеріне кеңес беру.
6) мақсатты топ мүшелерін әлеуметтік қолдауға жұмылдыру;
7) денсаулық сақтау қызметіне жолығуын көтеру және басымдықтарын қалыптастыру.
Есірткіні инемен тұтынушылар арасында АҚТБ таралуын 2005 жылда 5 пайыздан асырмау үшін АҚТБ/ЖҚТБ таралу қарқынын азайту.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
1. 2005 жылы есірткіні инемен тұтынатындардың 95 пайызы жеке шприцтер мен инелер пайдалануына қол жеткізу.
(2003 жылдың көрсеткіші - 42%, 2004 жыл - 70%, 2005 жыл - 95%).
Іс-шаралар:
1) Есірткі тұтынушылар үшін іс жүзіндегі облыстық ЖҚТБ орталығы жанындағы сенім пунктіне қосымша Атырау қаласының Орталық аудандарында және Тұрғын үй қалашығы аумағында 2 сенім пунктін және Құлсары қаласында 1 сенім пунктін ашу.
2) Жұмыспен қамту орталығы қаражаты есебінен жұмысқа қабылданатын аутрич-қызметкерлер жұмысын ұйымдастыру.
3) Есірткі тұтынушылар үшін шприц алмастыруды ұйымдастыру. Ол үшін 2003 жылдың қажеттілігін жабуға 70 мың және 2004-2005 жылдардың қажеттіліктерін жабуға жыл сайын 100 мың сапалы шприцтер алуды жүргізу.
4) Есірткі тұтынушылар үшін АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу жөнінде жалпы таралымы 4000 дана 4 ақпараттық-білімдік құжаттардың атауын шығару (есірткіні инемен қолдану салдарынан болған АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, есірткі тұтынудың заңды аспектілері, сенім пункттері және көрсетілетін қызмет тізбесі жөнінде ақпарат).
5) Есірткіні инемен тұтынушылардың 95 пайызына АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу жөнінде сапалы біліммен қамтамасыз етіп, есірткі тұтынушылар үшін теңбе-тең»әдісі бойынша білім берумен тренингтерді қоса білім беру жүйесін ұйымдастыру (4 волонтерлік топ).
2. 2005 жылы есірткіні инемен тұтынушылардың 95 пайызы серіктесімен сексуалдық қарым-қатынасқа түскенде еркүйектер қолдануына қол жеткізу.
(2003 жылы - 33% , 2004 жылы - 75%, 2005 жылы - 95%).
Іс-шаралар:
1) 2003 жылы наша тұтынушылардың арасында таратылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 35 мың сапалы еркүйектер сатып алуын жүргізу.
2) Есірткі тұтынушылар үшін жыныс жолдары арқылы берілетін АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу жөнінде жалпы таралымы - 1000 дана ақпараттық-білім беру материалдың 1 атауын шығару.
3) Есірткіні инемен тұтынушылардың 95 пайызына АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу жөнінде сапалы білімнің ұсынуын қамтамасыз етіп,«теңбе-тең»әдісі бойынша білім беруді қоса, білім беру жүйесін ұйымдастыру (4 волонтерлік топ).
4) Сенім пункттерінде және аутрич-қызметі деңгейінде есірткі тұтынушыларға қауіпсіз сексуалды мінез-құлық және еркүйектерді дұрыс пайдалану әдісін қалыптастыру мәселелері жөнінде кеңес беру.
3. 2005 жылы есірткіні инемен тұтынушылардың 95 пайызы жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардан толық емделу мүмкіншілігіне қол жеткізу.
(2003 жылы - 2%, 2004 жылы - 70%, 2005 жылы - 95%).
Іс-шаралар:
1) Сенім пункттері негізінде есірткі тұтынушыларға кеңес беру және ем алуды ұйымдастыру үшін достық кабинетін ашу.
2) Достық кабинетін венеролог-дәрігер мен орта буынды медициналық қызметкерімен жиынтықтау.
3) Іс жүзіндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес халықтың әлсіз топ өкілдері үшін достық кабинеті қызметінің тәжірибесіне ЖЖБИ синдромдық емдеуді енгізу.
4) Есірткі тұтынушылар үшін жалпы таралымы -1000 дана ЖЖБИ клиникасы мен достық кабинетінің қызметі бойынша ақпараттың-білім беру материалының 1 атауын шығару.
4. 2005 жылы есірткіні инемен тұтынушылардың 90 пайызы АҚТБ инфекциясына тестіден өту және өз еріктерімен кеңес алуға қол жеткізу.
(2003 жылы - 10%, 2004 жылы - 60%, 2005 жылы - 90%)
Іс-шаралар:
1) Қаланың барлық емханалары және сенім пункттері негізінде өз еркімен тестіден өту және кеңес алу мүмкіншілігін қамтамасыз ету.
2) Аутрич-қызметкерлері және волонтерлік топ күштерімен тестілеудің түсіндірілуін қамтамасыз ету.
3) Сенім пункттерінде кесте бойынша психолог пен наркологтың консультативтік қабылдауын іске асыру.
4) Есірткі тұтынушылар үшін жалпы таралымы - 1000 дана өз еркімен кеңес алу және тестіден өту жөніндегі ақпараттық-білім беру материалының 1 атауын шығару.
5) Өз еркімен кеңес алу және тестіден өту жүйесіне енгізілген емханалар кабинеттерінің қызметкерлеріне, облыстық ЖҚТБ орталығының қызметкерлеріне, аутрич-қызметкерлеріне, сенім пунктінің қызметкерлеріне 5 күндік семинар өткізу.
5. Бағдарламаны жүзеге асыру тетігі мен негізгі бағыттары
1. Есірткіні инемен тұтынушылар арасында АҚТБ тарау қарқынына Бағдарламаның ағымдағы әсерін анықтау үшін есірткіні инемен тұтынушылар арасында биологиялық қадағалау жүргізіледі.
Биологиялық қадағалау қан сарысуын жасырын түрде тестілеу және шприцтегі егуден қалған қанды анықтау болып табылады. Бағдарлама шеңберіндегі қызмет жыл сайын биологиялық қадағалау жүргізуді қарастырады. Үлгілер таңбасында жынысы, жасы, есірткіні тұтыну мерзімі және Бағдарламаға қатысу уақыты тіркеледі.
2. Бағдарлама әсеріне мониторинг алғашқы және қайталап өткізілген мінез-құлық бақылауы негізінде өткізіледі. Есірткіні инемен тұтынушылардың мінез-құлқының өзгеруін талдау мақсатында сауалнама, сөйлесу, фокус топтарындағы жұмыс әдістері қолданылады.
Мінез-құлқын бақылау жыл сайын өткізіледі.
3. Мониторинг үшін сонымен қатар:
1) Сенім пункттері қызметінің қорытындылары (қабылдаған есепке алу-есептілік үлгілері бойынша) қызмет көрсетілетін есірткі тұтынушылардың саны, жеке және жалпы қабылдауда болғандар саны, аптасына, айына, жарты жылдықта және жыл ішінде шприцтерді алмастыру және еркүйектермен қамту туралы мәліметтер пайдаланылады.
Есептер:
2) Сенім пункттерінің қызметкерлеріне аутрич-қызметкерлері жыл сайын;
3) Сенім пункттерінің қызметкерлері мен кеңесшілер бағдарлама үйлестірушісіне ай сайын бағдарламаны орындаушы денсаулық сақтау басқармасына тоқсан сайын;
4) Бағдарламаны орындаушы үйлестіру кеңесіне жарты жылда 1 рет беріп отырады.
5) Медициналық мекемелерден жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциямен (әрі қарай - ЖЖБИ) тіркелген есірткіні инемен тұтынушылардың саны, парентералдық гепатиттердің тарауы туралы ақпараттарды ай және тоқсан сайын.
6) Аутрич-қызметкерлері мен волонтерлердің қызметінің ағымдағы мониторингі ай сайын беріледі.
7) Бағдарламаның тиімділігін бағалау 2005 жылы сыртқы сарапшының қатысуымен жүргізіледі.
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
№ |
Шығыстар атауы |
Саны |
Бірлік құны (теңге) |
Сомасы (теңге) |
1 |
Ақпараттық білім-беру материалдарын
|
7000 |
100 |
700000 |
2 |
Еркүйектер сатып алу |
35000 |
7,2 |
252000 |
3 |
Шприцтер сатып алу |
70000 |
6 |
420000 |
4 |
Аутрич-қызметкерлерге ақы төлеу |
4 |
5000 |
240000 |
5 |
Эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу |
|
|
30000 |
|
Барлық шығыстар: |
|
|
1642000 |
Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджетпен жүзеге асырылады. Бұдан басқа, сенім пункттері үшін коммуналдық, көлік қызметтерге, орын-жай ұсыну және күнделікті шығыстарды
жабу үшін қаражат бөлінеді.
Биологиялық қадағалауды өткізу үшін қажетті тест-жүйелер сатып алу облыстық ЖҚТБ орталығының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін қорытынды
Бағдарлама 2006 жылға дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі ішінде 2005 жылы есірткі тұтынушылардың 50 пайызына әсер етіледі.
Осы бағдарламаның орындаушысы болып Атырау облыстық АҚТБ/ЖҚТБ күресу және алдын алу орталығы табылады. Бағдарламаны жүзеге асыруда орындаушы өз қызметін серіктестермен тығыз қарым-қатынас жағдайында жүзеге асырады. Облыстық АҚТБ/ЖҚТБ орталығының бас маманы болып табылатын бағдарлама үйлестірушісі бағдарламаның ағымдағы қызметін және серіктестерінің қарым-қатынасын үйлестіреді.
Серіктестердің штаттағы қызметкерлер есебінен олардың негізгі функционалдық міндетін ұлғайту шартында Бағдарламаның кеңесшілер штатын жиынтықтау мүмкіншілігі бар. Сенім пункттерінің қызметкерлері, аутрич-қызметкерлері, дәрігер-кеңесшілер, ЖҚТБ орталығының мамандары қосымша дайындықты қажет етеді.
Қызметке ағымдағы басшылықты облыстық әкімияттың денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін келесі құрамда штат қаралады:
Сенім пунктіне 2 қызметкер;
"теңбе-тең"»әдісі бойынша ақпараттың және дала жұмысын іске асыру үшін 4 аутрич-қызметкер;
Кеңестік және медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін сенім пункттерінде кесте және негізгі жұмысы бойынша қызмет жасайтын келесі құрамда кеңесшілер тобы құрылады:
Нарколог-дәрігер;
Венеролог-дәрігер;
Психолог;
Гинеколог-дәрігер;
Кеңес беру қызметін жүзеге асыратын нақты мамандар денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен бекітіледі.
Осы бағдарлама шеңберінде тиімді әсер ету үшін төмендегі серіктестермен қарым-қатынас орнатылады:
1) облыстық наркологиялық диспансермен - есірткі тұтынушыларға кеңес беру мәселесі бойынша;
2) облыстық тері-венерологиялық диспансерімен - есірткі тұтынушыларды емдеу және кеңес беру мәселесі бойынша;
3) Атырау облыстық Ішкі істер басқармасымен - осы бағдарламаның ерекшеліктерінің есебімен басқарма қызметі ұйымдастыру мәселесі бойынша;
4) CDC мониторинг ұйымдастыру және өткізу мәселесі бойынша;
5) PSI қорды жұмылдыру мәселесі бойынша;
6) Атырау облысты қылмыстық-атқару жүйесі басқармасымен (әрі қарай - ҚАЖБ) - жазаны өтеу орындарында АҚТБ алдын алу бойынша;
7) облыстық Ішкі істер басқармасымен абақтыда ұстау орындарында АҚТБ алдын алу бойынша;
8) бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық-білім беру жұмысының мәселелері бойынша;
9) Біріккен ұлттар ұйымы бағдарламасының кеңесшісімен (әрі қарай - БҰҰБ)«"Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі бағдарламаны қолдау".
Техникалық және қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттарына сәйкес "Орындаушымен" іске асырылады.
8. Бағдарламаны жүзеге асырудағы іс-шаралар жоспары
___________________________________________________________________
N | Іс-шаралар |Аяқталу | Орындаушы (іске асырушы)
| |нысаны | жауаптылар
___________________________________________________________________
1 Атырау қаласындағы "Насиха" Атырау Атырау облысыденсаулық,
базары, Тұрғын үй қалашығы қаласында 2, сақтау басқармасы,
аумағында және Құлсары Құлсары Жылыой ауданының
қаласында пәтер бөлу қаласында 1 әкімияты
сенім пунктін
ашу
2 Бөлек кіру есікпен қоса Сенім Атырау облысы денсаулық,
пәтер жөндеуді жабдықтау пунктін ашу сақтау басқармасы,
Жылыой ауданының
әкімияты
3 Коммуналдық қызметтер Сенім Атырау облысы денсаулық,
және сенім телефонын пункттері сақтау басқармасы,
орнату Жылыой ауданының
әкімияты
4 Дәрі-дәрмектерді сатып Есірткіні Атырау облысы денсаулық,
алу Ревия препараты инемен сақтау басқармасы
тұтынушыларды
емдеу
5 Қорғаныш құралдарын Есірткіні Атырау облысы денсаулық,
сатып алу: инемен сақтау басқармасы
шприцтер - 70 000 дана тұтынушыларға
еркүйектер - 35 000 қорғаныш
құралдарын
тарату
6 Санитарлық ағарту Буклеттер Атырау облыстық СПИД
әдебиетін басып брошюралар, орталығы
шығару бейнероликтер,
жарнамалар
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
N| орындалу (іске асыру) | Болжамды | қаржыландыру
| мерзімі | шығыстар | көзі
___________________________________________________________________
1 2003 жыл 7 000 000 теңге Жергілікті бюджет
2 2003 жыл 360 000 теңге Жергілікті бюджет
3 2004 жыл 300 000 теңге Жергілікті бюджет
2005 жыл 150 000 теңге
2006 жыл 150 000 теңге
4 2004 жыл 500 000 теңге Жергілікті бюджет
2005 жыл 2 000 000 теңге
2006 жыл 4 000 000 теңге
5 2004 жыл 350 000 теңге Жергілікті бюджет
2005 жыл 252 000 теңге
500 000 теңге
6 2004 жыл 750 000 теңге Жергілікті бюджет
2005 жыл 750 000 теңге
2006 жыл 750 000 теңге
___________________________________________________________________
Барлығы 2003 жыл - 7 360 000 теңге
2004 жыл - 1 900 000 теңге
2005 жыл - 3 400 000 теңге
2006 жыл - 4 900 000 теңге
Барлық жоба құны - 17 560 000 теңге
Денсаулық сақтау басқармасының бастығы