Атырау облысы өңiрiне құрылыс салу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының ІІІ сессиясының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 30-ІІІ шешімі. Атырау облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 22 қаңтарда N 1829 тіркелді. Күші жойылды - Облыстық Мәслихаттың 2011 жылғы 29 шілдедегі № 448-II шешiмімен

      Ескерту. Күші жойылды - Облыстық Мәслихаттың 2011.07.29 № 448-II шешiмімен.

      Облыс әкiмiнiң "2003 жылғы 25 қарашадағы № 81 "Атырау облысы өңiрiне құрылыс салу ережесi туралы" шешiмiн талқылап, Қазақстан Республикасының" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, облыс Мәслихаты III сессияда шешім еттi:
      Облыс әкiмiнiң 2003 жылғы 25 қарашадағы № 81 шешiмiмен ұсынылған Атырау облысы өңiрiне құрылыс салу ережесi бекiтiлсiн.

      Облыстық Мәслихат
      II сессиясының төрағасы

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

Облыс әкімінің    
2003 жылғы 25 қарашадағы
N 81 шешiмiне қосымша

Атырау облысы аумағында құрылыс салу ережелерi
I бөлiм.
1. Жалпы ережелер

      1. Атырау облысы аумағында құрылыс салу ережелерi (iлгерi қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы , 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 249-II "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"Заңы және 2002 жылғы 13 қаңтардағы N 1313 "Жаңа объектiлер салуға және қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат беретiн тәртiптердi өткiзу Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы негiзiнде әзiрленген.

      2. Ережелер елдi мекендердiң»аумақтарын жобалау және құрылыс салуды»сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құрылыс қызметi жөнiндегi жер телiмдерiн пайдалану, елдi мекендер аумағына құрылыс салу жағдайлары мен талаптарын белгiлейдi, жаңа
немесе қолда бар жылжымайтын мүлiк объектiлерiн өзгерту (өнiм бағытын өзгерту, күрделi жөндеу), құрылысын өзгерту немесе құрылысын өзгертуге жосықтардан өту тәртiбiн белгiлейдi.

      3. Осы Ереженi бекiту және күшiне енгiзу немесе оған өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының»заңдылығымен белгiленедi.

      4. Осы ережеде келесi негiзгi ұғымдар қолданылады:
      Қала құрылысындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерi (iлгерi қарай - жылжымайтын мүлiк объектiлерi) - пайдалану, құрылысын салу және жаңғырту жөнiндегi жүзеге асырылатын объектiлер, осы объектiлер орналасатын үйлер,№ғимараттар және жер телiмдерi;
      инженерлiк, көлiктiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдар -№ғимараттарды»және инженерлiк жабдықтар коммуникациялары, байланыс, көлiк, сонымен қатар облыстың»орнықты дамуын және
қызмет етуiн қамтамасыз ететiн, халыққа әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететiн объектiлер кешендерi;
      құрылыс нормалары және ережелерi - аумаққа құрылыс салуды жүзеге асырған кезде мiндеттi түрде атқарылуға жататын нормативтiк-техникалық құжаттар;
      қала құрылысын салу реттемелерi - жер телiмдерi мен басқа жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалану режимдерi, рұқсаттары, шектеулерi (қиындықтарды, тыйым салуларды және сервитуттарды қоса), сондай-ақ оларды»кез-келген рұқсат етiлетiн заңнамалық тәртiппен
белгiленген жағдайы;
      қызыл сызық - кварталдарды, шағын аудандарды, елдi мекендердi жоспарлау құрылымындағы өзге элементтердi аумақтарын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөлiп тұратын шекаралар. Әдетте қызыл сызық құрылыс салу шекарасын реттеу үшiн қолданылады;
      сары сызық - жойқын жер сiлкiнiстерi, өзге де табиғи немесе техногендiк сипаттағы зiлзалалардың»салдарынан үйлердiң (ғимараттардың, құрылыстардың) үйiндiлерге (қиратындыларға) айналуы барынша мүмкiн болатын өңiрлер шекаралары. Әдетте сары сызықтар
үйлермен ғимараттар арасындағы қашықтықты реттеу үшiн қолданылады.
      Сәулет қызметi (iлгерi қарай - сәулет) - объектiнiң iшкi және сыртқы келбетiн жасаудың, шығармашылық үрдiсiмен қоса, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтiру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлiгiнде кеңiстiктi, композициялық, көлемдiк-жоспарлық және қызметтiк ұйымдастырудың шығармашылық процесiн, жобаны iске асыру
кезiнде авторлық қадағалауды жүргiзудi қамтитын сәулет объектiлерiн жасау жөнiндегi қызмет.
      Қала құрылысы қызметi (iлгерi қарай - қала құрылысы) - ұйымдардың қала құрылысын жоспарлау және аумақтар мен елдi мекендердi дамыту, аумақтарды қала құрылысына пайдалану
түрлерiн анықтау, қала құрылысы кеңiстiгiн қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың»шығармашылық процесiн, қала құрылысы құжаттамасының барлық шектес бөлiмдерiн үйлестiрудi қамтитын қалалар мен селолық елдi мекендердi кешендi жоспарлау жөнiндегi қызмет.
      Жоба - жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтiндiк материалдар, инженерлiк және сметалық есептеулер) нысанында ұсынған, адамның» мекендеуi мен тiршiлiк етуiнiң қажеттi
жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi түпкi ойы.
      Жобалар сараптамасы - тапсырысшының (инвестордың) жобаны инвестициялаудың орындылығы және оны iске асыру туралы шешiм қабылдауының»алдындағы жобалаудан бұрынғы немесе жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезеңi. Сараптама инвестициялар құжаттамасына талдау жүргiзуге және оның тиiмдiлiгiн анықтауға, сондай-ақ жобалардың сапасын олардың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке мүдделердi, адамның тiршiлiк етуiне қолайлы және қауiпсiз жағдайлар жасауды, жобаланып отырған объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк нормативтердiң шарттары мен талаптарына сәйкестiгiн не сәйкес еместiгiн анықтау болып
табылады.
      Сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектiнiң мақсатына, негiзгi параметрлерiне және оның нақты жер телiмiне (қалаға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешенi, сондай-ақ жобалау мен құрылысқа қойылатын, осы елдi-мекен үшiн қала құрылысының регламенттерiмен белгiленетiн мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл орайда түсi жөнiндегi шешiм мен үйлердiң (ғимараттардың) қасбеттерiн өрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiкке»iстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiлмейдi.
      Елдi мекеннiң бас жоспары - қаланы, кенттi, ауылды (селоны) не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы, онда өңiрлерге бөлудi, оны»аумағының жоспарлы құрылымы мен жұмыс iстеуiн ұйымдастыру, көлiк және инженерлiк
коммуникациялар, көгалдандыру мен абаттандыруды белгiлейтiн басқа елдi мекендер.
      Қала аумағын өңiрлерге бөлу - қала құрылысын жоспарлау кезiнде аумақтарды жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерi мен оларды пайдалану жөнiндегi мүмкiн болатын шектеулердi белгiлей отырып жұмыс iстелетiн аймақтарға бөлу.
      Қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-әскерлiк) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарының жекелеген бөлiктерiн, басқа да объектiлердi орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметi арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететiндей әсер етпейтiн елдi мекен аумағының бiр бөлiгi.
      Санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсiп орындары мен елдi мекендегi басқа да өндiрiстiк, коммуналдық және қоймалық объектiлердi жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен
ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуiн әлсiрету мақсатында бөлiп тұратын аумақ.
      Қабылдау комиссиясы - объектiнiң (кешеннiң) дайындығына кешендi тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылау сынағын жүргiзетiн және салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган.
      Жұмыс комиссиясы - нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайындығына кешендi тексеру жүргiзетiн уақытша алқалы орган.
      Өтiнiш берушi - өзiнiң»мақсаты үшiн (тұру, қызмет көрсету, өнiмдер шығару, пайда табу және тағы сол сияқтылар үшiн) жаңа құрылысты жүзеге асыруға ниетi бар немесе қолда бар ғимараттардың (құрылыстардың) жекелеген үй-жайларын немесе қайта жабдықтау жүргiзуге мүдделi жеке немесе заңды тұлға (меншiк иесi, тапсырысшы, құрылыс салушы).
      Рұқсат беретiн құжаттар - өтiнiш берушiге жаңа объектi салу немесе қолда бар объектiнi өзгерту жөнiнде өзiнiң»ойын iске асыруға құқық беретiн құжаттар, олар мыналарды қамтиды:
      ведомстволық бағыныстағы жер телiмiн (аумағын, трассаны) өтiнiш берiлген объектiнiң құрылысына беру туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiн не өтiнiш берушiнiң меншiк немесе жер пайдалану құқығында болатын телiмдi құрылысқа пайдалануға арналған
рұқсаты;
      қосымша жер телiмiн (аумақты) берумен (бөлiп берумен) байланысты емес қолда бар объектiге (объектiнiң жекелеген бөлiктерiне) сұратылған өзгерiстер жүргiзуге тиiстi жергiлiктi атқарушы органның рұқсаты;
      мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы мен оның бөлiмшелерi беретiн құрылыс алаңында (жер телiмiнде, аумақта, трассада) осы құрылысқа арналып белгiленген мақсаттағы объектi бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға арналған рұқсат. Бiрақ қолда бар тұрғын үйлердегi үй-жайларды қайта жаңғыртуға, қайта жоспарлауға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсатты жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органы (қызметi) бередi.
      Қайта жаңғырту - әдетте, өзгертiлетiн объектiлердi жаңарту әрi жаңғырту қажеттiлiгiне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттарды және өзге де бөлiктердi немесе тұтастай ғимаратты өзгерту.
      Қайта жоспарлау - осы үй-жайдың жоспарын өзгертуге байланысты тұрғын немесе ғимараттың»шекарасын өзгерту.
      Қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайды (үй-жайларды) функционалдық мақсатын өзгертуге байланысты оны (оларды) өзгерту, тiршiлiктi қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бiр өнiмдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшiн iшкi технологиялық және
(немесе) инженерлiк жабдықтардың iшкi жүйесiн толық немесе iшiнара өзгерту.
      Сындарлы шешiмдердi өзгерту - қолда бар объектiлердi тiреу және (немесе) сыртқы қоршау құрастырмаларын (iргетастарды, негiздердi, қаңқаларды, бағандарды, тiреулердi, арқалықтарды, ригельдердi, фермаларды, сыртқы қабырғаларды, аражабындыларды, баспалдақ алаңшасы мен марштарын, лифтiлiк шахталарды және тағы сол сияқтыларды) қамтитын өзгерiстер не құрылыс жобасында бұрын бекiтiлген сындарлы шешiмдердi өзгерту.

2. Аумақты»құрылысын жүзеге асыру кезiндегi азаматтардың
және заңды тұлғалардың мiндеттерi

      5. Азаматтар және заңды тұлғалар мiндеттi:
      1) Тiршiлiк ету ортасын қорғауға;
      2) жобаларға сәйкес құрылыс салуды жүзеге асыруға;
      3) үшiншi тұлғалардың заңды мүдделерiн қозғайтын, инженерлiк, көлiктiк инфрақұрылымдарға және аумақтарды абаттандыруға, қалалық, ауылдық және табиғи ландшафттарға, табиғат, тарих және мәдениет ескерткiштерiне, қоршаған табиғи ортаға зиянды ықпал ететiн
және белгiлi бiр жер телiмдерiнiң және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi меншiк иелерiнiң, иелiк етушiлердiң, жалға алушылардың немесе пайдаланушылардың құқықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн әрекеттер жасамауға;
      4) сәулеттiк-қала құрылыстық құжаттамаға, құрылыстық нормаларға және ережелерге, экологиялық, санитарлық, өрт қауiпсiздiгi және басқа да арнайы нормативтерге сәйкес жер
телiмдерiн абаттандыру және үйлердi, ғимараттарды және құрылыстарды тиiстi ұстау бойынша жұмыстар жүргiзуге;
      5) қала құрылысы саласында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк қадағалау органдарының»үй№арымдарын орындауға;
      6) өздерiне тиiстi жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң өзгерiстерi жөнiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық түгендеулер, Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын және аумақта құрылыс салу мониторингiн жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымдарға сенiмдi мәлiметтер беруге.

3. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының және аумақта
құрылыс салу мониторингiнiң»мақсаты

      7. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры - аумақта құрылыс салуды жүзеге асыру, сонымен қатар жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң өзгерiстерiн жүзеге асыру үшiн қажеттi мемлекеттiк ақпараттық мәлiметтер жүйесi.

      8. Аумақта құрылыс салу мониторингi - жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жай-күйiне және өзгерiстерiне байқау жүргiзу жүйесi, олар тiршiлiк ету ортасының жағдайын зерделеу арқылы бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзiледi.

      9. Аумақта құрылыс салу мониторингiнiң мәлiметтерi Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрына енгiзiлуi тиiс.

II бөлiм. Облыс аумағында құрылыс салуды реттеу 1. Облыс бойынша жер телiмдерiн пайдалануға қойылатын
қала құрылысын салу талаптары

      10. Құрылыс үшiн жер телiмдерiн берген кезде, оларды пайдалануға қала құрылысы талаптары бас жоспарларды, жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын, сондай-ақ функционалдық-қала құрылысы аймақтандыру жоспарын және құрылыс салу ережелерiн ескере отырып бекiтiледi.

      11. Тапсырысшының қаражаты есебiнен кешендердi болсын, жеке объектiлердi болсын орналастыру үшiн сәулеттiк-қала құрылысы желiлерiнiң құрылысын салу және жоспарлау жобалары түрiнде әзiрленедi.

      12. Объект салуды жүзеге асыруға ниетi бар тапсырысшы Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң»43,44-баптарына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардан осы объектiнi салуға жер
телiмiн беру туралы шешiм не тапсырысшыға меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер телiмiн құрылыс салуға пайдалануға рұқсат алуға мiндеттi. Бұл ережеге тапсырысшыға меншiк құқығымен тиесiлi жеке үй жанындағы, саяжай, бау-бақша телiмдерiне уақытша құрылыстар шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсы және абаттандыру элементтерiн, сондай-ақ тапсырысшы жер пайдалану құқығымен пайдаланатын телiмдерде (аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар қосылмайды.

      13. Белгiленген тәртiпте объектi құрылысы үшiн сұратылып отырған жер телiмiн пайдалану мүмкiндiгi Атырау, Құлсары қалаларының және елдi мекендердiң дамуының бас жоспарларына және басқа да жобаларға сәйкес анықталады.

      14. Облыс бойынша жер телiмдерiн беру Қазақстан Республикасының»жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Жер телiмдерi меншiк құқығына немесе ұзақ мерзiмді жалға беру құқығына берiлген жағдайда Атырау, Құлсары қалаларымен мен аудандар әкiмдерi конкурстар немесе аукциондар жариялауға құқылы.

      16. Құрылыс салу үшiн жер телiмдерiн азаматтарға және заңды тұлғаларға сату жөнiндегi конкурстарды және аукциондарды өткiзген кезде олардың қатысушыларына келесi қосымша талаптар бекiтiлуi мүмкiн:
      1) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бұзуға, тұрғындарды қайта қоныстандыруға, байланыс және инженерлiк жабдықтарды, құрылғыларды және көлiк коммуникацияларын қайта қозғауға арналған залалдардың және басқа да шығындардың орнын толтыру;
      2) инженерлiк объектiлердi, көлiктiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдарды салу;
      3) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құрылысының»мерзiмдерiн сақтау;
      4) жалпы пайдалану аумақтарын абаттандыру.

      17. Көрсетiлген талаптар жер телiмiне құқықтар басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.

      18. Жер телiмiн ұзақ мерзiмдi жалға алу немесе меншiк құқығында иеленетiн заңды тұлға оны игерудi қала құрылыстық төлқұжатқа сәйкес жүзеге асырады, оған келесi ақпарат кiредi:
      1) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрындағы тiркеу кодтары;
      2) меншiк иесi (жалға алушы) туралы жалпы мәлiметтер;
      3) жер телiмi туралы жалпы мәлiметтер;
      4) құрылыс салу ережелерiмен белгiленген аумақтық аймақ кодтары;
      5) жер телiмi шегiндегi аумақтық аймақтың функционалдық-мақсаттық негiздемесi;
      6) инженерлiк-геологиялық сейсмикалық жағдайлар туралы мәлiметтер;
      7) қала құрылысы жағдайлары туралы мәлiметтер;
      8) жер телiмiнiң белгiленген шекараларының жоспары;
      9) олар параметрлерiн көрсету арқылы меншiк иесiне, пайдаланушыға немесе жалға алушыға тиесiлi үйлер, құрылғылар және№ғимараттар;
      10) жер телiмi шекарасында параметрлерiн және пайдалануға арналған шектеулерiн көрсете отырып инженерлiк жүйелердiң және құрылғылардың болуы;
      11) жер телiмдерiн пайдалану жөнiндегi қала құрылысының регламенттерi және сервитуттары;

      19. Жер телiмдерiн бөлген немесе олардың шекаралары және параметрлерi өзгерген кезде құрылыс салуды реттеудiң қызыл сызықтары және қала құрылысы регламенттерiнiң талаптары сақталады. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бөлген жағдайда олардың»бөлiмдерi жылжымайтын мүлiктiң жеке объектiлерi ретiнде қызмет ететiндей жағдай қамтамасыз етiлуi тиiс.

2. Құрылыс-монтаж жұмыстары өндiрiсiне арналған рұқсат

      20. Құрылыс салуға рұқсат-меншiк иесiнiң, жылжымайтын мүлiк объектiсiн пайдаланушының немесе жалға алушының аумақты абаттандыруға, құрылым және ғимаратты, үйдi қайта жаңғыртуға, жер телiмiнде құрылыс салуға құқығын куәландыратын құжат.

      21. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен (қызметтерiмен) келiсiлген жоба (нобайлық жоба), сондай-ақ сараптаманың оң»қорытындысы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн негiз болып табылады.

      22. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат берудi (рұқсат беруден дәлелдi бас тартуды) мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдары жүргiзедi.

      23. Тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлердегi, жатақханалардағы) жекелеген үй-жайларды немесе оның жекелеген бөлiктерiн қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөнiндегi құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсатты жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары бередi.

      24. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсат жаңа объектiнi салуға, не қолда бар объектiнi өзгертудi ұйғарған мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша берiледi.
      Жазбаша өтiнiште:
      1) жеке тұлғалар үшiн-өтiнiш берушiнiң»тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы және телефоны;
      2) заңды тұлғалар үшiн-ұйымның»атауы, оның»мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, басшының»тегi, аты, әкесiнiң аты, поштаның мекен-жайы мен телефоны;
      3) салынуы ұйғарылған объектiнiң»мақсаты;
      4) өзгертiлуi ұйғарылған объектiнiң мекен-жайы (орналасқан жерi) және оны өзгертудiң»мақсаты;
      5) объектiнi салуға жер телiмiн беру (жердi пайдалануға рұқсат беру) немесе қолда бар объектiнi өзгертуге рұқсат беру туралы жергiлiктi атқарушы орган берген құжаттардың көшiрмесi;
      6) белгiленген тәртiппен келiсiлген, әрi бекiтiлген жоба, сондай-ақ Қазақстан Республикасының»заңнамасында көзделген жоба сараптамасының»оң»қорытындысы көрсетiледi;
      Қажет болған жағдайларда өтiнiшке өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қадағалау органдарымен (қызметтерiмен) жобаны келiсу туралы тұжырымдар және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де құжаттар қоса тiркеледi.

      25. Мыналар:
      1) құрастырмалар мен функционалдық мақсатын өзгертпей-ақ жер телiмiнiң (аумақтың, трассаның) қазiргi шекарасында жүзеге асырылатын объектiлердi қайта жаңғырту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, техникамен қайта жарақтандыру, күрделi жөндеу кезiнде;
      2) көшелердiң, алаңдардың, өткелдердiң»жол жабындылары мен көше төсемдерiне ағымдағы жөндеу жүргiзу, шағын сәулет нысандарын, ашық жасанды бассейндердi, фонтандарды, қалалық безендiру қондырғыларын, сәулет және көгалдандыруды»жер бедерi элементтерiн салу және жайластыру кезiнде;
      3) уақытша мақсаттағы көмекшi және қосалқы құрылыстар салған кезде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат талап етiлмейдi.

3. Қала құрылысы саласындағы сервитуттар

      26. Қала құрылысындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiне қатысты жариялы және жеке сервитуттар белгiленуi мүмкiн.

      27. Жариялы сервитут Атырау, Құлсары қалалары және аудандар әкiмдерiнiң»нормативтiк құқықтық актiлерiмен бекiтiлген қала құрылысы жобасының»негiзiнде белгiленедi, егер бұл мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделермен (көшелердi салу және кеңейту, инженерлiк
құрылымдарды салу, негiзгi қала құрылысы желiлерiн құру және тағы сол сияқтылар) анықталса.

      28. Қала құрылысы саласындағы жеке сервитуттар бөтен (көршi) жер телiмiн, басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерiн шектеулi пайдалану мақсатында мыналарды қамтамасыз ету үшiн белгiленуi мүмкiн:
      1) үйлердi, құрылғыларды және ғимараттарды салу, қайта жаңғырту, жөндеу және пайдалануды;
      2) инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу, қайта жаңғырту, жөндеу және пайдалануды;
      3) аумақтарды инженерлiк дайындау, аумақтарды су тасқынынан және су басуынан қорғау жөнiндегi жұмыстарды, тiреу қабырғаларын құруды;
      4) бөтен (көршi) жер телiмi арқылы өтуге, жүруге, егер де жер иесi немесе мүлiк иесiнiң өз жер телiмiне басқа жолмен өтуге мүмкiндiк болмаса, аса қиын немесе мөлшерсiз шығын талап етiлгенде жағдай жасауды;
      5) үйлердi, құрылғыларды және ғимараттарды көтеру кезiнде белгiлi бiр биiктiкте бөтен (көршi) жер телiмiне кiрмелi қондырғыларды қолдануды;
      6) сервитут белгiленбей жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң меншiк иелерiнiң қамтамасыз етiлмеуi мүмкiн басқа да мұқтаждықтарды.

      29. Жеке сервитуттарды белгiлеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының»заңнамасына сәйкес белгiленедi.

III бөлiм. Атырау облысы аумағында құрылыс салу тәртiбi 1. Аумақта құрылыс салуға қойылатын жалпы талаптар

      30. Атырау облысы аумақтарында құрылыс салу тәртiбi қолданыстағы нормативтiк актiлер негізiнде әзiрленген және сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру бөлiгiнде жергiлiктi
атқару органдарының шешiмдерiне негiзделедi.

      31. Тәртiп ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан Атырау облысы аумақтарында сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

      32. Тәртiп Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтер, жобалау мен құрылыс жөнiндегi ережелер ескерiле отырып қолданылады.

      33. Атырау облысы аумақтарында құрылыс жұмыстарының барлық түрлерi белгiленген тәртiпте, жергiлiктi атқарушы органдармен (Атырау, Құлсары қалалары және аудандар әкiмдерiмен) азаматтарға және заңды тұлғаларға берiлетiн рұқсат етушi құжаттар болғанда
жүргiзiледi.
      Объект құрылысына және жобалауға рұқсат етушi құжаттар:
      1) нақты мақсаттық негiздемесiн көрсете отырып құрылысқа жер телiмiн беру туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi;
      2) азаматтарға немесе заңды тұлғаларға меншiк құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi участкенi құрылысқа пайдалануға жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi;
      3) жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
      4) құрылысқа жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының қорытындысы;
      5) құрылыс-монтаж жұмыстарын (құрылыс) жүргiзуге мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органының»рұқсаты.

      34. Жаңа объектiнiң құрылысын жүзеге асыру, не қолда бар объектiнi өзгертудi ұйғарған тұлғаның жазбаша өтiнiшiнде, тиiсiнше көрсетiледi:
      1) жеке тұлғалар үшiн-өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы және телефоны, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН, отбасылық анықтама);
      2) заңды тұлғалар үшiн - ұйымның»атауы, оның»мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, басшының»тегi, аты, әкесiнiң»аты, поштаның мекен-жайы мен телефоны, салық төлеушiнiң»тiркеу нөмiрi (СТН);
      3) құрылысы көзделетiн объектiнiң»негiзгi параметрлерi, мақсаты (есептелген қуаты, жалпы алаңы, сыйымдылығы, өткiзу мүмкiндiгi және тағы сол сияқтылар);
      4) жаңа құрылыс учаскесiн орналастыру болжанған (қалап алынған) жер негiздемесi;
      5) өзгертуге жататын қолда бар объектiнiң»(үй-жайдың, ғимарат немесе құрылыс бөлiктерiнiң) мекен-жайы (орналасқан жерi), өзгертудiң»мақсаты және көзделген өзгерiстi»негiзгi параметрлерi.
      Қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат алу үшiн өтiнiшке өзгертiлетiн объектiге өтiнiш берушiнiң меншiк құқығын растайтын құжаттың»нотариалдық куәландырылған көшiрмесi, не белгiленген өзгерiстер мен оның»параметрлерiне объектiнiң меншiк иесiнiң (меншiк
иелерiнiң) жазбаша келiсiмi қоса берiледi.

      35. Егер өтiнiш берушi сұратылып отырған жер телiмiнiң нақты орнын және оның мөлшерiн (шекарасын) көрсеткен жағдайларда, онда жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) телiмнiң орналасқан жерi жөнiнде олардың»тiлектерiне және құрылыс салу көзделген объектiнiң негiзгi параметрлерiне негiзделген ықшамдалған алдын ала жобалау материалдарын (нобайларды) сұратуға құқығы бар.

      36. Түскен өтiнiш бойынша жергiлiктi атқарушы орган тиiстi жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органына (қызметiне) жаңа құрылыс объектiсiн орналастыру үшiн жер телiмiн (аумақты, трассаны) таңдауды, бекiтiлген қала құрылысы құжаттамаларына және қала құрылысы регламенттерiне сәйкес жер телiмiнiң»мөлшерi мен шекарасы жөнiнде ұсыныстар дайындауды тапсырады.

      37. Өтiнiш берiлген объектiнiң құрылысын салуға жер телiмiн (аумақты, трассаны) не өтiнiш берушiнiң меншiк немесе жер пайдалану құқығына тиесiлi телiмдi құрылысқа пайдалануға рұқсат беру туралы өтiнiш берiлген сәттен бастап шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 10
күнтiзбелiк күнiнен әрi қалған заңды және жеке тұлғалар үшiн 30 күнтiзбелiк күндер кезеңiнде қаралады.

      38. Меншiк, немесе жер пайдалану құқығына тиесiлi жер телiмiн беру, не жер телiмiн құрылыс салуға пайдалануға рұқсат беру туралы оң»шешiм мүмкiн болмаған жағдайларда, жергiлiктi атқарушы органдар өтiнiш берiлген сәттен бастап 10 күн iшiнде өтiнiш берушiге (тапсырысшыға) оның ұйғарымына қайшы келетiн заңнамалық нормаларды (ережелердi, талаптарды, шектеулердi, сервитуттарды) көрсете отырып, бас тартуды дәлелдеп, жауап қайтаруы тиiс.
      Өтiнiш берушiнiң жергiлiктi атқарушы органға жеткiлiксiз, дұрыс емес, не заңнама, немесе мемлекеттiк нормативтерге сәйкес келмейтiн өзге де негiздердi (өтiнiш құжаттарын) ұсынуы рұқсат беру құжаттарын беруден бас тарту үшiн себеп болып табылады.
      Оң»шешiм беруден бас тартуға өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шағымдануы мүмкiн.

      39. Өтiнiш берiлген объектiнi салуға жер телiмiн беру (бөлiп беру) туралы жергiлiктi атқарушы орган берген шешiм не өтiнiш берушiнiң меншiк немесе жер пайдалану құқығына тиесiлi телiмдi құрылыс салуға пайдалануға арналған рұқсат заңнамалық кесiмдерде көзделген жағдайларда қайтарып алынуы мүмкiн.

      40. Атырау облысы аумақтарында құрылыс салу жөнiнде белгiленген тәртiптi бұзушылыққа жол берген (әртүрлi құрылыс жұмыстарын орындау) азаматтар және заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасының»әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне сәйкес жауапқа тартылады.

      41. Рұқсат етушi құжаттар жобалық және құрылыс жұмыстарының келесi түрлерiне рәсiмделедi:
      1) үйлердiң, ғимараттардың және әртүрлi мақсаттағы кешендердiң»жаңа құрылысы, қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделi жөндеу;
      2) тарих, археология, мәдениет және сәулет ескерткiштерiне жатқызылған№ғимараттарды және объектiлердi қорғау аймақтарын анықтау, жаңғырту және консервациялау, күрделi жөндеу;
      3) қоғамдық көлiк аялдамаларын, троллейбус сызықтарын және ғимараттарын, трамвай жолдарын және ғимараттарын, метрополитендi және олардың ғимараттарын, темiржолдарды және ғимараттарын, өткелдер және көлiктiк ғимараттардың, автомагистралдарды, жер асты және жер үстi инженерлiк коммуникацияларын және ғимараттарын техникалық қайта жарақтандыру және күрделi жөндеу, кеңейту, қайта жаңғырту, жаңа құрылысы;
      4) ақпараттық құрылғыларды және жол көрсеткiштерiн, түрлi жарнамаларды, үйлердi, ғимараттарды және кешендердi жарықтандыру, қоршауларды және кiшi сәулет нысандарын, көше жарығын, бассейндердi және фонтандарды, алаңдарды, саябақтарды және басқа да мақсаттағы
жасыл аймақтарды қайта жаңғырту және күрделi жөндеу, жаңа құрылыс және қоғамдық мақсаттағы аумақтарды абаттандыру жөнiндегi басқа да жұмыстар;
      5) карьерлердi өңдеу және әртүрлi мақсаттағы бұрғыларды бұрғылау, геотехникалық зерттеулер үшiн жердi бұрғылау және қазу;
      6) табиғи ландшафты қалпына келтiру;
      7) уақытша инженерлiк жүйелердi, қоршауларды құруды, қосымша құрылғыларды және әртүрлi мақсаттағы ғимараттарды, көлiктердi техникалық қарау және диагностикалау, бекеттердi, жанар-жағар май құю станцияларын, гараждарды, көлiк тұрақтарын, базарларды,
жазғы алаңдарды, дүңгiршiктердi, павильондарды, уақытша мақсаттағы объектiлердi және басқа да объектiлердi орналастыру және абаттандыру;
      8) құрылғыларды және жасыл желектердi бұзу, аумақтарды жоспарлау жөнiнде жер жұмыстары, үйлердiң,№ғимараттардың және құрылғылардың сыртқы және iшкi тiреу қабырғаларын бөлу, негiзгi адам өтетiн учаскелердi және алаңдарды бетондау, төсеу және нәтижесiнде объектiнiң сыртқы параметрлерi және функционалдық пайдаланылуын өзгертетiн жұмыстардың басқа да түрлерi.

      42. Рұқсат етушi құжаттарынсыз жергiлiктi сәулет, қала құрылысы органдарының мiндеттi түрдегi бақылауымен келесi құрылыс жұмыстары орындалады:
      1) конфигурациясын, түсiн және жабын түрiн өзгертпей, шатырды жөндеу;
      2) мөлшерiн және нысандарын өзгертпей, ағаш бұйымдарын ауыстыру;
      3) iшкi әрлеу жұмыстары;
      4) қасбет және тұс элементтерiн өзгертпей, сыртқы әрлеу жұмыстары;
      5) үй-жайларды және қасбеттердi жоспарлауды, инженерлiк қамтамасыз етудiң қолда бар сұлбаларын өзгертпей, үйлерде және ғимараттарда санитарлық-техникалық құрылғыларды және жабдықтарды жөндеу және ауыстыру;
      6) мерекелiк жаппай шараларды өткiзу кезеңiнде халыққа қызмет ету үшiн сауда нүктелерiн орналастыру.
      Қасбет және тұс элементтерiн өзгерту жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен мiндеттi келiсiлуге жатады.

2. Атырау облысы аумақтарында құрылыс және
қайта жаңғырту объектiлерiн жобалау

      43. Қазақстан Республикасы Президентiнiң»1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес облыс аумағында жобалық және құрылыс қызметiн жүргiзудi ұйғарған немесе жүзеге асыратын меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан азаматтар және заңды тұлғалар осы жұмыс түрлерiне лицензия алуы тиiс.

      44. Жергiлiктi атқарушы органның жер телiмiн жаңа құрылыс салуға, не қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат беру (бөлiп беру) (өтiнiш берушiде бар телiмдi пайдалануға рұқсат беру) туралы шешiмi тапсырысшының, не оның уәкiлеттi адамының (құрылыс салушының)
жобалауға арналған тапсырманы жасауы мен бекiтуi әрi оларды инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу үшiн техникалық шарттар алуға техникалық жағдай жасауы үшiн негiз болып табылады.

      45. Өтiнiштiң негiзiнде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жеткiзушiлер он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде өтiнiш берушiге сұратылған (есептiк)
параметрлер шегiнде техникалық жағдайлар жасау, не сұратылып отырған параметрлер шегiнде техникалық жағдайлар жасаудан бас тарту туралы жауап қайтарады.
      Өтiнiш берушi техникалық жағдайлардан бас тартуға Қазақстан Республикасының»заңнамасында көзделген тәртiппен шағымдануы мүмкiн.

      46. Тапсырысшының»өтiнiшi бойынша жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) үш жұмыс күнi iшiнде:
      1) жаңа құрылыс үшiн-жер телiмiн беру (бөлiп беру) (қолда бар телiмдi пайдалануға рұқсат беру) туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi;
      2) қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшiн қолда бар объектiлердi өзгертуге жергiлiктi атқарушы органның шешiмi;
      3) бекiтiлген жобалауға арналған тапсырма;
      4) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттар негiзiнде тапсырысшыға, не оның» уәкiлеттi адамына (құрылыс алушыға) сәулет-жоспарлау тапсырмасын бередi.

      47. Берiлген сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгiленген тәртiппен жобаны әзiрлеуге рұқсат берiлгендiгiн бiлдiредi. Сәулет-жоспарлау тапсырмасында табиғи-климаттық, сейсмикалық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып, әртүрлi мақсаттағы объектiлердi жобалау жөнiндегi жалпы ұсыныстар кiредi.

      48. Жасақталған жоба сәулет-жоспарлау тапсырмасының жалпы талаптарына және ұсыныстарына сәйкес келуi тиiс. Жобалық әзiрлеулер сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқыған жағдайда азаматтар және заңды тұлғалар жобаны түпкi келiсуге бергенге дейiн оларды жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен келiсiм алуға мiндеттi.

      49. Жаңа объектi салуға немесе қолда бар объектiнi қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға, жаңғыртуға, қалпына келтiруге) жер телiмiн беру (бөлiп беру) талап етiлмеген жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу немесе жүктеменi арттыру қажет болмаса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасына тиiстi жазба жасалады.

      50. Жаңа объектi салу (қолда бар объектiлердi өзгерту) жобаларына сараптама жүргiзудiң қажеттiлiгi не сараптаманың мiндеттi еместiгi сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетiледi.
      Тапсырысшы:
      1) лицензиялары бар адамдар орындаған және қосымша жер телiмiн (аумақты бөлiп беру) бөлiп берудi талап етпейтiн, құрастырмалардың есептiк берiктiгiн төмендетпейтiн, сәулеттiк-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитарлық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезiнде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлерiндегi) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта
жабдықтау);
      2) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық жағынан күрделi емес басқа да құрылыс жобаларын сараптамаға ұсынбауға құқылы.

      51. Сәулет-жоспарлау тапсырмасында мынадай жобалар бойынша сараптама жүргiзу үшiн талаптар мен шарттар белгiлеуге рұқсат берiлмейдi:
      1) жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерiнiң) сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиялары бар адамдар орындаған жеке тұрғын үйлер. Бұл ереже сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайларды, арнайы жобалау шешiмдерi мен оларды сату кезiндегi iс-шараларды талап ететiн аудандардағы (аймақтардағы) жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды;
      2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын үйлер мен тұрмыстық үй-жайлар;
      3) жеке үй жанындағы телiмдердiң»аумағындағы, сондай-ақ бау-бақша серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) телiмдерiндегi шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
      4) жұмыс iстеп тұрған инженерлiк желiлердi өзгертудi талап етпейтiн үй жанындағы және саяжай телiмдерiн абаттандыру;
      5) контейнердi және блоктарды пайдалану арқылы жасалатын ұтқыр кешендер, сондай-ақ жиналмалы-бұзылмалы құрастырмалардан тұрғызылған және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi талап етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет
көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлер (ғимараттар);
      6) саны 50 бiрлiктен аспайтын автомашинасы бар ашық үлгiдегi автотұрақтар, сондай-ақ 2-ден аспайтын автомашинаға арналған бокстерi бар гараждар:
      7) Қолда бар ғимараттарда жүзеге асырылатын және тiреу құрастырмаларын өзгертудi талап етпейтiн өндiрiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
      5) инженерлiк желiлердi электр коррозиясынан сақтау;
      9) желiлi инженерлiк желiлер мен оларға арналған құрылыстарға олардың жағдайын, салыну белгiлерiн, құбырлардың диаметрiн өзгертудi қажет етпейтiн күрделi жөндеу жүргiзу;
      10) шағын сәулеттiк нысандар мен аумақтардың қоршаулары;
      11) ғимараттардың»(құрылыстардың) маңындағы ашық спорт алаңдары, тротуарлар, төселген тастар;
      12) технологиялық ресурстары таусылған және кәсiпорынды (цехты) қайта жаңғыртуды немесе қайта бейiмдеудi талап етпейтiн бiрлi-жарым технологиялық немесе инженерлiк жабдықтарды жөндеу және ауыстыру.
      Осы тармақта көрсетiлген жобалар бойынша сараптама жүргiзу туралы шешiмдi тапсырысшы қабылдайды.

      52. Сәулет-жоспарлау тапсырмасына реңдiк шешiмдер және№ғимараттардың»(құрылыстардың) қасбетiн әрлеуге материалдар пайдалану, сондай-ақ олардың көлемдiкке»iстiктiк шешiмдер бойынша талаптар белгiлеуге рұқсат берiлмейдi.

      53. Жобалауға берiлген тапсырмаға және сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес әзiрленген жоба оны бекiткенге дейiн қажеттi келiсулерден өтедi.
      Объектiнiң құрылысына көзделген техникалық күрделiлiк деңгейiне немесе қолда бар объектiнiң жоспарланған өзгерiстерiне, құрылыс салу (қайта жаңғырту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) процесiнде адамдар мен қоршаған орта үшiн олардың ықтимал қаупiне, сондай-ақ кейiнiрек пайдаланған кезде тұтастай объектiнiң»тұрақты жұмыс iстеуiнен күтiлетiн ықпалға, құрастырмалардың төзiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiне, қоршаған ортаға немесе санитарлық жағдайға байланысты жобаларды:
      1) өртке қарсы қызмет;      
      2) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет;
      3) экологиялық қызмет органдарымен келiсуi қажет.
      Егер Қазақстан Республикасының»заңнамасында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген инстанцияларда келiсу мерзiмi ведомстволық нормативтермен белгiленедi.

      54. Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) жобаны»сәулет-жоспарлау тапсырмасына әрi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға арналған техникалық шарттарға сәйкестiгi бөлiгiнде жобамен келiседi.

      55. Егер Қазақстан Республикасының»заңнамасында және осы ережеде өзгеше көзделмесе, келiсiлген жоба сараптамадан өтедi.

3. Жалпы құрылыс аудандарында жеке үй құрылысын салуды
жобалау

      56. Жеке құрылыс салу ауданының сәулеттiк бейнесi, оны»жоспарлық құрылымы, үйлердiң»тұрпаттары, қатарлылығы, абаттандыруы жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес жасақталған сол ауданының»құрылыс алу жобасымен анықталады.

      57. Жеке тұрғын үйлердi жобалау және құрылысын салу белгiленген тәртiпте құрылыс нормаларына және құрылыс салу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      58. Жеке құрылыс салу аудандарында бекiтiлген жобаға сәйкес шаруашылық құрылыстардың»және сыртқы дәретханалардың»құрылысына рұқсат етiледi.

      59. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер телiмiнiң»мөлшерi нормативтiк-құқықтық актiлерге және бекiтiлген жобаға сәйкес белгiленедi.

4. Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қайта жаңғырту
(қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)

      60. Қосымша жер телiмiн бөлудi (аумақты бөлiп берудi) немесе оның мақсаттық бағытын өзгертудi талап ететiн ғимараттарда және тұрғын үйлерде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезiнде меншiк иесi жер заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың қосымша жер телiмiн беру туралы шешiмiн немесе оған меншiк немесе жер пайдалану құқығына жататын телiмнiң мақсаттық белгiсiн өзгертуге рұқсатын алуға мiндеттi.

      61. Тұрғын үй№ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ тұрғын үй ғимараттарының өзге де бөлiктерiн өзгертуге мүдделi және жергiлiктi атқарушы органдарды»тиiстi шешiмi бар адам объектiнiң орналасқан жерi бойынша сәулет және қала құрылысы органдарына (қызметтерiне) өтiнiш бередi.
      Өтiнiшке өзгертiлетiн үй-жайға өтiнiш берушiнiң»меншiк құқығын растайтын құжаттың»нотариалдық куәландырылған көшiрмесi не үй-жайлардың»немесе ғимараттарды»өзге де бөлiктерiн өзгертуге меншiк иесiнiң»(меншiк иелерiнiң) жазбаша келiсiмi қоса берiледi.

      62. Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды қарағаннан кейiн сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен үй-жайлардың (ғимараттың бөлiктерiн) өзгерту жобасын әзiрлеуге қажеттi бастапқы деректердi беру немесе оларды беруден дәлелдi бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      63. Мынадай жағдайларда:
      1) Өзгертiлетiн объектiге өтiнiш берушiнiң тиiстi меншiк құқығы не үй-жай меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) нотариалдық куәландырылған жазбаша келiсiмi болмаған кезде;
      2) егер жоспарланған өзгерiстерде нормативтiк-құқықтық келiсiмдермен және нормативтiк-техникалық құжаттармен тыйым салынған әрi шектелген қызметтiң»түрi үшiн үй-жайды пайдалану белгiленген болса, өзгертуге рұқсат беруден, сондай-ақ сәулет-жоспарлау тапсырмасын және бастапқы материалдарды (деректердi) беруден бас тартылуы мүмкiн.
      Дәлелдi бас тарту өтiнiш берушiнiң құжаттары сәйкес келмейтiн нақты нормативтiк-құқықтық кесiмдердi және нормативтiк-техникалық құжаттарды көрсете отырып, өтiнiш берушiге жазбаша түрде берiледi.

      64. Бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу барысында дәлелдi бас тарту алуға негiз болған ескертпелердi өтiнiш берушi жойған кезде қайта берiлген өтiнiш жалпы негiздерде қаралады.

      65. Бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын берген кезде жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) болжанып отырған өзгерiстердiң күрделiлiгiне байланысты мынадай тәртiппен:
      1) егер техникалық жағына күрделi емес өзгерiстерде, қосымша жер телiмiн (аумақ телiмiн) бөлiп берудi талап етпейтiн, құрастырмалардың»есептiк берiктiгiн төмендетпейтiн, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитарлық және сәулет-эстетикалық сапаны
нашарлатпайтын, пайдалану кезiнде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн, жобаларға мемлекеттiк сараптама жүргiзiлетiн объектiлерге жатпайтын үй-жайларды немесе ғимаратты»өзге де бөлiктерiн өзгертудi жүзеге асыру туралы шешiм қабылдаса, онда жұмыстар кез келген
тұлға орындаған ықшамдалған жоба (нобай) бойынша жергiлiктi сәулет қала құрылысы органының (қызметiнiң) келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      Жоспарланған өзгерiстердi техникалық жағынан күрделi еместердiң»қатарына жатқызу туралы шешiмдi жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) қабылдайды;
      2) үй-жайларды»барлық өзге де жоспарланған өзгерiстерi кезiнде жұмыстар тиiстi лицензиясы бар тұлға орындаған жоба бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасында белгiленген көлемде жүзеге асырылуы тиiс.

      66. Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) қабылдаған, 68-тармақта көрсетiлген шешiмдер нұсқаларының»бiреуi сәулет-құрылыс тапсырмасында тiркеледi.
      Сәулет-құрылыс тапсырмасында, сондай-ақ заңнамалық нормалармен белгiленген үй-жайлардың»(ғимарат бөлiктердiң) ұйғарылған өзгерiстерiнiң жобаларына сараптама жүргiзудiң»қажеттiлiгi де не мұндай қажеттiлiктiң»болмауы да көрсетiледi.

      67. Үй-жайларды немесе тұрғын үй ғимараттарының»өзге де бөлiктерiн қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзiрлеуге бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру (немесе оларды беруден дәлелдi бас тарту) үшiн өтiнiш берушiлердiң»жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарына (қызметтерiне) ұсынылған құжаттарын қарау мерзiмдерi үш жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

      68. Жобаны әзiрлеушiлер үй-жайларды немесе ғимараттардың өзге бөлiктерiн өзгерту жөнiндегi жұмыс процесiнде, сондай-ақ өзгертiлетiн объектiнi одан әрi пайдалануға беру кезiнде басқа меншiк иелерiнiң»мүддесiн қозғайтын жобалық шешiмдердi болуы немесе болмауы туралы мәлiметтердi құжаттамаларда көрсетуге тиiс.
      Егер үй-жайларды жоспарланған қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайларды»шекарасын ауыстыру басқа меншiк иесiнiң»(меншiк иелерiнiң) мүддесiне қайшы келмейтiн болса, онда жобаға осы өзгерiстер үшiн нотариалдық куәландырылған жазбаша келiсiмi берiлуге тиiс.
      Басқа меншiк иелерiнiң көрсетiлген келiсiмдi алу қажеттiлiгi:
      1) өтiнiш берушiнiң жоспарланған өзгерiстерiне - сәулет-жоспарлау тапсырмасын берген кезде жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарына (қызметтерiне);
      2) қабылданған жобалау шешiмдерiне - жобаны әзiрлеушiлерге байланысты белгiленедi.

      69. Үй-жайларды (ғимараттың бөлiктерiн) өзгерту жөнiнде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуден бас тарту үшiн негiз тек мына жағдайларда:
      1) егер қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы жергiлiктi атқарушы органдарды»шешiмi өтiнiштi қараған уақыт iшiнде күшiн жойса;
      2) егер жоба бекiтiлмеген болса немесе белгiленген тәртiптi бұза отырып бекiтiлсе;
      3) Ереженiң 53 тармағында көрсетiлгендей органдар жобаның келiсiлуiнен бас тартса, немесе жобалар сараптамасының терiс қорытындысында;
      4) жоба нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес болмаған орын алуы мүмкiн.

      70. Үй-жайларды (ғимараттардың бөлiктерiн) өзгерту жөнiнде құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту мерзiмдерi бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

5. Инженерлiк желiлердi және ғимараттарды жобалау

      71. Магистральды инженерлiк желiлердi және№ғимараттарды жобалау ұйымдардың»және қызметтердiң»тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
      Атырау облысында магистральды инженерлiк желiлердi»және№ғимараттарды»құрылысына мүдделi жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ кейiннен желiлердi облыстың сәйкес қызметтерiнiң»балансына берумен оларды»жобалауына және құрылысына тапсырысшылар бола алады.

      72. Объектiлердiң қызмет етуiн қамтамасыз ететiн таратушы және алаң»iшiндегi инженерлiк желiлердi, сондай-ақ олардың ұзындығына қарамастан үйлердiң және ғимараттардың»iшiндегi желiлердi, жобалау жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен берiлген сәулеттiк жоспарлау тапсырмасына және облыстың инженерлiк қызметтерiнiң»техникалық жағдайларына сәйкес құрылыс салушылардың»тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
      Инженерлiк желiлердi және ғимараттарды жобалау тиiстi лицензиялары бар жобалау ұйымдармен немесе жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.

      73. Инженерлiк желiлердiң жобалары барлық түрлерiнде және сатыларында 1:500 масштабында толыққанды және түзетiлген топогеодезиялық негiзде орындалуы тиiс. Инженерлiк желiлердi және ғимараттардың дайындалған жобалары жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен мiндеттi келiсiлуге жатады.
      Инженерлiк ғимараттарды»жобалары (сорғыш, шағын станциялар және басқа объектiлер) белгiленген тәртiпте сараптама органымен келiсiледi.

      74. Инженерлiк желiлердiң»және ғимараттардың»құрылысын салу жұмыстарын жүргiзуге рұқсатты жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен келiсiлген жоба негiзiнде мемлекеттiк сәулет-құрылысы бақылау органымен берiледi.

      75. Инженерлiк желiлер мен ғимараттардың құрылысы аяқтағанда құрылыс салушы немесе құрылыс ұйымы оларды топырақпен төсегенге дейiн кейiннен облыстық кадастр қызметiнде тiркеумен, лицензия алған топогеодезиялық ұйымның»күшiмен жаңадан салынған инженерлiк
желiлер телiмiнiң 1:500 М орындаушылық геодезиялық түсiрудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

      76. Инженерлiк желiлердi пайдалануға қабылдау олардың құрылысы немесе қайта жаңғыртылуы аяқталған бойынша белгiленген тәртiпте қабылдаушы комиссиямен жүзеге асырылады. Комиссия Актiсiнiң»бiр данасы мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органына ұсынылады.
      Инженерлiк бағыттағы ғимараттар мен құрылымдар мемлекеттiк комиссиямен қабылданады.

      77. Келiсiлмеген жобалық құжаттамамен не жұмыстар жүргiзуге мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органының»рұқсатынсыз инженерлiк желiлердi»және ғимараттардың»құрылысы немесе жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзудi жүзеге асыратын құрылыстық ұйымдар Қазақстан Республикасының»әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне сәйкес әкiмшiлiк шараға тартылады.

6. Объектiлердiң құрылысы

      78. Азаматтар және заңды тұлғалар (тапсырысшылар), жобалау құжаттама бойынша сараптаманың»оң»қорытындысы негiзiнде мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органынан жұмыстар жүргiзуге рұқсат алады.

      79. Тапсырысшының қажеттi құжаттарды ұсынуы бойынша мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органы жұмыстар жүргiзуге рұқсат бередi (жыл сайын осы шешiмнiң»пролонгациясы жүргiзiледi).

      80. Құрылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсаты бар азаматтар және заңды тұлғалар мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органына объектiнiң»құрылысы басталғаны туралы хабарлайды. Жұмыстарды жүргiзу жобада белгiленген құрылыс мерзiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады. Құрылыс кезiнде құрылыс-монтаж жұмыстарының»жобасын және әрлеу жұмыстарының»сапасын бұзуға жол берген азаматтар және заңды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

      81. Iргелес аумақтарда, үйлерде және ғимараттарда тiршiлiк iс-әрекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ыңғайлы технологиялық процестi ұйымдастыру және құрылыстың»эстетикалық қабылдауын қалыптастыру мақсатында объектiлердiң немесе кешендердiң құрылысы кезеңiнде мiндеттi түрде құрылыс алаңын абаттандыру - жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен келiсiлген құрылыстың»бас жоспарына және жұмыстарды жүргiзу жобасына сәйкес қоршаулар жасау, кiрме жолдар мен жаяу жол  өткелдерiн ұйымдастыру, автокөлiктi жуу және басқа да шаралар көзделедi.

      82. Объектiнiң немесе кешеннiң құрылысы аяқталысымен тапсырысшылар объектiнi пайдалануға қабылдауға дейiн мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының мәлiметтер базасына енгiзу үшiн орындаушылық топографиялық түсiру үшiн тапсырыс беруге және облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына ұсынуға мiндеттi.

7. Құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдау

      83. Салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен, Қазақстан Республикасындағы "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңымен реттеледi.

      84. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды мемлекеттiк қабылдау комиссиясы немесе қабылдау комиссиясы оның»бекiтiлген жобаға сәйкес толық әзiрлiгi және жұмыс комиссиясының оң»қорытындысы болған жағдайда жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасындағы "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"»Заңының»74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды меншiк иесi (тапсырысшы, инвестор, құрылысты салушы) дербес жүргiзедi.

      85. 2001 жылғы 16 шiлдедегi N№242-II Қазақстан Республикасындағы "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"» Заңының »74-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда,
мемлекеттiк қабылдау комиссиясының»немесе қабылдау комиссиясының»оң шешiмi болмайынша, салынған объектiнi пайдалануға жол берiлмейдi.

      86. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы өтiнiш түскен күннен бастап бiр апта мерзiм iшiнде тағайындалады немесе бiр жыл күнтiзбелiк мерзiм (1-қаңтардан 31-желтоқсанға дейiн) iшiнде облыс аумағында тұрақты қызмет етуi мүмкiн.

      87. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы, оны тағайындаған күннен бастап екi апта мерзiм iшiнде орындалған жұмыстардың»құрылыс нормаларына және ережелерге, жобалық құжаттамаға сәйкестiгiн және сапасын, объектiнiң қалыпты пайдалануға әзiрлiгiн тексеруге және тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.

      88. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының»салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау туралы актiсi (ал мемлекеттiк нормативтерде белгiленген жағдайларда - қабылдау комиссиясының»актiсi) дайын құрылыс өнiмiне мүлiктiк құқықты тiркеу кезiндегi бастапқы
ерекше құжат болып табылады.

      89. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн мемлекеттiк комиссия бекiтуге тиiс. Қабылдау актiсiн бекiтудi мемлекеттiк қабылдау комиссиясын тағайындаған инстанция
жүргiзедi.
      Атырау қаласы бойынша құрылыс объектiлерiн пайдалануға қабылдау актiлерiн бекiту облыстың»кадастр қызметiнде тiркеуден өткеннен кейiн жүргiзiледi.
      Қабылдау актiсiн бекiту:

      1) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер бойынша - актiге қол қойылған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде;

      2) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлер бойынша - актiге қол қойылған күннен бастап жетi күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.

      90. Комиссияны тағайындаған инстанцияның»объектiнi пайдалануға қосу туралы актiнi бекiткен күнi мемлекеттiк қабылдау комиссиясы қабылдаған объектiнiң»пайдалануға қосылған күнi деп есептеледi.
      Объектiнiң пайдалануға қосылғандығы туралы актiге қол қойылған күн қабылдау комиссиясы қабылдаған объектiнiң»пайдалануға қосқан күнi деп есептеледi.

      91. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының»немесе қабылдау комиссиясының»нақты объект бойынша өкiлеттiктерi олардың»тағайындалған кезiнен басталады және объектiлердi пайдалануға қабылдау туралы акт бекiтiлген кезден бастап тоқтатылады.

      92. Жұмыс комиссиясының»нақты объект бойынша өкiлеттiктерi оның»тағайындалған кезiнен басталады және пайдалануға қосылған объектiнi кешендi тексеру жөнiнде заңдарда белгiленген тәртiппен рәсiмделген қорытынды тапсырысшыға берiлген кезден бастап тоқтатылады.

8. Инженерлiк желiлердi және ғимараттардың»құрылысын
салу және жөндеу жұмыстарын жүргiзу ережесi

      93. Инженерлiк желiлердi және ғимараттарды зақымданулардан сақтық және сақтандыру шараларын қабылдау үшiн жұмыстар жүргiзуге мiндеттi ұйым жұмыстар басталғанға дейiн 24 сағат iшiнде жұмыс орнына мүдделi ұйымдардың»өкiлдерiн шақыруға, олармен бiрге қолда бар желiлердi»және ғимараттарды»нақты орналасқан орнын белгiлеуге және оларды»толық сақталуына шаралар қабылдауға мiндеттi.
      Мүдделi ұйымдардың»басшылары өздерiнiң»өкiлдерiн жұмыстар жүргiзiлетiн орынға келуiн қамтамасыз етедi және жұмыстар жүргiзу кезiнде оларды»иелiгiндегi желiлер мен ғимараттардың»сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жағдайларды»нақты жазбаша нұсқауын
бередi.

      94. Жұмыстардың»жүргiзiлуiне мiндеттi ұйым жұмыстар басталғанға дейiн төмендегiлердi орындауға мiндеттi:
      а) қазылған шекаралар бойынша бекiтiлген үлгiдегi ескертушi жол белгiлерiн және қоршау қоюға;
      б) жолаушылар қозғалысы орындарында тұтқалармен бiрге жолаушылар көпiрлерiн дайындауға және түнгi уақытта қазылған учаскенi жарықтандыруды қамтамасыз етуге;
      в) механизмдер жұмысы аймағында жасыл желектер болған жағдайда, олардың сақталуына кепiлдiк беретiн бiтеу қалқандармен қоршауға.

      95. Жол жабынының барынша күтiлiп сақталуына кепiлдiк беретiн алдын-ала дайындықсыз траншеяларды дайындауды бастауға тыйым салынады.

      96. Материалдарды жұмысты орындау орнына жеткiзуге жұмыстар басталғанға дейiн 24 сағат бұрын уақытта жол берiледi.

      97. Көшелерде, алаңдарда және басқа абаттандырылған аумақтарда жер асты коммуникацияларын төсеу үшiн қазаншұңқырларды және траншеяларды қазу шарттарын сақтаумен жүргiзiлуi тиiс:
      а) жұмыстарды жүргiзу жобасына сәйкес жұмыстар қысқа телiмдерде орындалады;
      б) кейiнгi телiмдерде жұмыстар бастауға алдыңғы телiмде аумақты тазалау және қалпына келтiру жұмыстармен қоса, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейiн ғана рұқсат етiледi;
      в) траншеялардан және қазаншұңқырлардан алынған топырақ жұмыс орнынан тез арада шығарылуы тиiс;
      г) траншеяларды қайта көму оң»тайлы-малтатасты қоспаны қабат-қабат нығыздаумен жүргiзiлуi тиiс;
      д) көшелер бойынша магистральды инженерлiк желiлердi төсеген кезде, асфальт-бетондық жабындының енi 4-7 метр құрайтын асфальт-бетон жабыны сол көшенiң барлық енi бойынша қалпына келтiрiледi, ал енi 7 метрден асатын болса асфальт-бетондық жабынды қалпына келтiру жұмыстары құрылыс механизмдер жұмысының аймағында және траншея бойынша орындалады;
      е) асфальт-бетондық жабынның»енi 1,5-2 метрге жететiн тротуарлар бойынша телефондық канализацияны, злектркабельдер мен басқа инженерлiк желiлердi төсеген кезде асфальт-бетондық жабыны тротуарлардың»барлық енi бойынша қалпына келтiрiледi.

      98. Траншеяларды даярлауды аяқтаған кезде жұмыстар жүргiзуге жауапты ұйым мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органының өкiлiне траншеяны әзiрлеудiң инженерлiк жобаға сәйкестiгiн куәландыруға және осы сәйкестiктi актiмен рәсiмдеуге мiндеттi.

      99. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу немесе аяқталған кезiнде инженерлiк желiлер трассалары жобаларының»сәйкессiздiк еместiгi жағдайында мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органымен осы желiлердi қайта төсеуге нұсқама берiледi. Жобаға сәйкес келтiру үшiн инженерлiк желiлердi және олардың»жабдықтарын қайта қондыру шығындары осы жұмыстарды жүргiзушi ұйымның есебiнен орындалады.

      100. Инженерлiк ғимараттардың»құрылысы және инженерлiк желiлердiң»монтаждауы аяқталған соң, бiрақ соңғыларын топырақпен төсегенге дейiн құрылыс ұйымы облыстың»кадастр қызметiнде кейiннен тiркеумен орындаушылық түсiрiмдi жүргiзедi.

      101. Құрылысы аяқталған инженерлiк желiлердi пайдалануға қабылдау мемлекеттiк, қабылдау және жұмыс комиссияларымен жүргiзiледi, оларға тапсырысшының, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының»(қызметтерiнiң), бас мердiгердiң, қосымша мердiгерлiк ұйымдардың, жобалық ұйымдардың, Техникалық инспекцияның»және қажет болған жағдайда басқа да мүдделi ұйымдардың»өкiлдерi кiредi.

      102. Ұсынылған құжаттаманы қарап, комиссия салынған ғимараттарды натурада қарауды жүргiзедi және мыналарды белгiлейдi:
      1) орындалған жұмыстардың орындаушылық сызбаларға сәйкестiгi;

      2) орындалған жұмыстардың сапасы;      
      3) бiтпеген iстер.

      103. Инженерлiк желiлердi пайдалануға қабылдау, люктердi, құдықтарды қондыру және абаттандыру элементтерiн толық қалпына келтiру жұмыстарды қоса, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiлуi тиiс.

      104. Облыстың»iшкi квартал аумақтарын және көшелердегi люктердiң, жылу камералардың, құдықтардың»жағдайына жауапкершiлiк пайдаланушы ұйымға немесе бағынысында осы инженерлiк желi тұрған ведомствоға жүктеледi.

9. Инженерлiк желiлердiң»аварияларын жою бойынша
қалпына келтiру жұмыстары

      105. Сәтсiз жағдайларға, өндiрiстi тоқтауына себеп болған жерасты инженерлiк желiлердiң»және№ғимараттардың»зақымдануы кезiнде осы№ғимараттар пайдалануында тұрған ұйымдардың»басшылары және басқа да уәкiлеттi өкiлдерi авария туралы белгi алғаннан кейiн:
      а) зақымданған желiлердi айыру және қайта қосу үшiн жауапты тұлғаны»басшылығымен авариялық топты жедел шақыруға;
      б) жергiлiктi атқарушы органдарына, жол полициясына, сондай-ақ авария орнына жақын жерастылық шаруашылығы бар басқа да ұйымдарға авария туралы хабарлауға мiндеттi.
      Ескерту. Егер iрi авария түнгi уақытта болса, телефонограмма Атырау, Құлсары қалалары, аудан орталықтарының»әкiмдер аппаратының кезекшiсiне жолданады.

      106. Техникалық инспекция және жол полициясы авария туралы хабарлама алған кезде оны жою бойынша жұмыстар жолды жабуға әкелетiн болса, жолды жабу және залалдарды жою мерзiмiн анықтау туралы мәселенi шешу үшiн авария орнына жауапты тұлғаларды жедел жiберуге мiндеттi.

      107. Аварияны жою бойынша жұмыстар инженерлiк желiлердiң және ғимараттардың»зақымдануына жол берген ұйымға жүктеледi.
      Аварияны жою бойынша жұмыстар жүргiзудiң»барлық жағдайларында, жұмыстар жүргiзушi ұйым, жұмысты тоқтатпай, оны жүргiзуге ордер алуға мiндеттi.

      108. Жерастылық ғимараттар тозған жағдайда немесе олардың»орнына басқа ғимарат салынса, бiрiншi ғимарат пайдаланудан шығарылып топырақтан алынуы тиiс.

      109. Жер қазу жұмыстарымен байланысты жұмыс iстемейтiн ғимараттарды жою жұмыстары Қазақстан Республикасының»заңнамасында белгiленген тәртiпте техникалық инспекциядан ордер алғаннан кейiн№ғана жүргiзiледi.

10. Тұрғын аумақтардың»құрылысын салу

      110. Тұрғын аумақтарға құрылысы салу бекiтiлген Атырау, Құлсары қалалары және елдi мекендердiң бас жоспарларына сәйкес орындалған құрылыс салу жобасы бойынша жүзеге асырылады.

      111. Жаңа тұрғын үй құрылысы құрылыс салудың сол не басқа түрi үшiн экономикалық негiзделген, инженерлiк қамтамасыз ету деңгейiнiң және халыққа әлеуметтiк қызмет етудi»кепiлдiк етiлген минимумын, өмiр сүрудiң»жайлы жағдайларын қамтамасыз ететiн қала құрылысы кешендерi түрiнде тұрғын ортаны құруды көздеуi тиiс.

      112. Тұрғын аумақтарға құрылысы салу сәулет-қала құрылысы құжаттамасы негiзiнде жүзеге асырылады.
      Тұрғын аумақтарды жобалау және тұрғын үйлердi орналастыру кезiнде олар орналасатын жер телiмдерiн және үйлердi ұстау әрi қызмет ету мақсатында көп пәтерлi тұрғын үйлердi»тұрғын және тұрғын емес үй-жайларына алдағы уақытта меншiк иелерiнiң»кондоминиумдарын құру мүмкiндiгiн қарастыру қажет.

      113. Көп пәтерлi тұрғын үйлердiң»кешендерiн жобалау кезiнде санитарлық және өртке қарсы талаптарды ескере отырып үстiңгi қабатта балалар ойнайтын, спорттық және шаруашылық алаңдарын қондырумен бiрге инженерлiк жабдықтар ғимараттарын және гараждарды орналастыру үшiн барынша жер асты кеңiстiгiн пайдалану қажет.

11. Жеке тұрғын үй (қоныстық) құрылыс салу
аумағын ұйымдастыру

      114. Жеке тұрғын үй қоныстық құрылыс салу аумағын ұйымдастыру белгiленген тәртiпте дайындалып, бекiтiлген құрылыс салу жобасы бойынша жүргiзiледi.

      115. Жеке тұрғын үй (қоныстық) құрылысын салу деп қоныстық (коттедждiк) және блокталған құрылыс салу түсiнiледi, онда әрбiр тұрғын үй (пәтер) өзiнiң» қоныстық жер телiмi болады.

      116. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 50 бабына сәйкес бөлек тұрған үй (коттедж) құрылысы үшiн жер телiмiн бөлу кемiнде 0,1 га көлемiнде жүргiзiледi.
      Сәулет-қала құрылысы құжаттамасына сәйкес қоныстық жер телiмiн ұлғайтуға жол берiледi; азаматтарға телiмдердi шектi мөлшерлерiнде тұрақты жер пайдалануға және меншiкке тегiн берiлетiн мөлшерден асатын қосымша жер телiмдерi ақысына алынады.

      117. Жеке шағын қатарлы құрылыс салу аудандарында тұрғын көшелердiң»енi«қызыл сызықтарда кемiнде 12 метр, көлiк өтетiн бөлiгiнде - 5,5 метр болуы тиiс.
      Тұйық жолдарды»100 метрден аспайтын ұзындығы болып, бұрылатын алаңдармен аяқталуы тиiс.

      118. Жеке шағын қатарлы құрылыс аудандарында:
      1) әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi орналастыру үшiн аумақ сақталуға;

      2) көше-жол желiлерiнiң»және инженерлiк инфрақұрылымның»озық құрылысы жүзеге асырылуы тиiс.

      119. Инженерлiк жабдық орталықтандырылған қалалық жүйелерге қосумен қатар, локальдық және кварталдық дербес№ғимараттарды қондыруды болжауы тиiс.

12. Атырау облысы аумағында сауда дүңгiршiктерiн
және павильондарын орналастыру

      120. Атырау, Құлсары қалалары және елдi мекендердiң әсем сәулеттiк бейнесiн сақтау және құру әрi көшелердi тиiстi эстетикалық және санитарлық түрде ұстау мақсатында облыс аумағында сауда дүңгiршiктерiн және павильондарын орнату атқарушы органмен бекiтiлген сауда дүңгiршiктерiн және павильондарын орналастыру схемасына сәйкес жүргiзiледi.

      121. Бекiтiлген орналастыру схемасына сәйкес орнатылған жұмыс iстейтiн дүңгiршiктер, оларды бұзу немесе басқа телiмге ауыстыру туралы ескерту берiлгенге дейiн қызмет етедi.

      122. Сауда дүңгiршiктерi және павильондары орналасқан жер телiмдерi сауда дүңгiршiктерiнiң»және павильондарының»иелерiне тек жалгерлiкке берiлуi мүмкiн. Сауда блогы және аялдама қалқанының»арақатынасы аялдама павильонының»жалпы ауданынан тең»үлесте құрылуы тиiс.

13. Тұрғындар иелiгiндегi көлiк құралдарын сақтау және
      қызмет ету үшiн ғимараттарды орналастыру

      123. Тұрғын кварталдарда, мөлтек аудандарда, тұрғын аудандарда автомобильдердi тұрақты сақтау үшiн гараждарды және алаңдарды орнату жергiлiктi атқарушы органдармен бекiтiлген облыс аумағында гараждар және автотұрақтар орналастыру схемасына сәйкес
жүргiзiледi.

      124. Мүгедектерге тиiстi автомобильдердi сақтау үшiн гараждарды орнату белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi. Азаматтардың осы санаттарына жер телiмдерiн беру үшiн дайындық
материалдарын рәсiмдеудi жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары жүзеге асырады.

      125. Кооперативтiк гараждар мен автотұрақтарды жобалау және құрылысы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерiнiң сақталуымен жергiлiктi атқарушы органдар белгiленген
тәртiпте жүргiзiледi.
      Өз бетiмен гараждардың, автотұрақтардың құрылысын салуға, сондай-ақ жұмыс iстейтiн автотұрақтарда қалқаларды орнатуға жол берiлмейдi.
      Гараждар мен автотұрақтардың құрылысының белгiленген тәртiбiн бұзған азаматтар және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының»заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

      126. Әрi сауда және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезiнде iшiнен салынған және жанынан жапсыра салынған жерасты гараждарды қарастыру қажет.

      127. Автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету станциялары тұрғын үй құрылысынан қашық, өнеркәсiп-коммуналдық және көлiктiк кәсiпорындарынан санитарлық-қорғаншылық аймақтарының»оқшауланған телiмдерде, өндiрiстiк базалардың қоғамдық
магистралдарына жақын орналастырылады.

      128. Стационарлық май құю және техникалық қызмет ету станциялары ыңғайлы көлiк кiрме жолдарын ұйымдастырумен жалпықалалық магистралдарында арнайы бөлiнген алаңдарда орналасуы
тиiс.
      Контейнерлiк май құю станциялары өртке қарсы және экологиялық талаптарды сақтаумен уақытша резервке сақталатын аумақтарда орналасуы мүмкiн.
      Бiр алаңда техникалық қызмет көрсету станциясы (ТІБ), стационарлық май құю станциясы, автомобильдердi жуу пунктi және басқа да қызмет көрсететiн объектiлердi бiрiктiруге болады.

      129. Май құю және техникалық қызмет көрсету станциялардың орналастыру оларды»бекiтiлген орналасу схемасына сәйкес жүргiзiледi.

14. Мүгедектердi»ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында
арнайы құрылғыларды жобалау және құрылысын салу

      130. Объектiнiң немесе кешеннiң құрылысын жүзеге асыруды ұйғарған жеке және заңды тұлғалар (тапсырыс берушiлер) мүгедектердiң ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында
арнайы құрылғыларды қарастыруға мiндеттi.
      Объектiлерде және кешендерде мүгедектердiң қозғалысы үшiн арнайы құрылғыларды орнату қажеттiлiгi жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен (қызметтерiмен) дайындалған сәулет-жоспарлау тапсырмасымен анықталады.

IV бөлiм. Қала құрылысы қызметiн жүзеге асыруды бақылау 1. Қала құрылысы қызметiн жүзеге асыруды бақылау

      131. Қала құрылысы қызметiне бақылау жасау мемлекеттiк қала құрылысы нормативтерi мен ережелерiне, құрылыс салу ережелерiне, бас жоспарға және басқа қала құрылысы құжаттамасына сәйкес қала құрылысы саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

      132. Қазақстан Республикасы құрылыс iстерi жөнiндегi аумақтық басқармасының, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының»(қызметтерiнiң) лауазымды тұлғалары өз құзыреттерi шегiнде:
      1) қала құрылысы қызметi субъектiлерiнiң»құрылысқа рұқсаттарын, мемлекеттiк қала құрылысы нормативтерiн және ережелерiн, қала құрылысы және жобалау құжаттамасының»талаптарын орындау туралы ақпарат алу мақсатында жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жөндеуге, қайта жаңғыртуға, құрылысына бақылау жасауға;
      2) Қазақстан Республикасының»сәулет және қала құрылысы туралы заңнамасын бұзған кiнәлi тұлғаларды белгiленген тәртiпте әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
      3) Қазақстан Республикасының»сәулет және қала құрылысы туралы заңнамасын бұзған кiнәлi тұлғаларды тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн уәкiлеттi органдарға материалдар жолдауға;
      4) зиян Қазақстан Республикасының»сәулет және қала құрылысы туралы заңнамасын бұзу жолымен келтiрiлген жағдайда, сотқа тiршiлiк ету ортасына келтiрiлген зиянның»орнын толтыру туралы талаптар беруге;
      5) Қазақстан Республикасының»сәулет және қала құрылысы туралы заңнамасының»бұзылуымен жүзеге асырылатын қала құрылысы қызметiн тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешiм қабылдауға құқылы.

2. Атырау облысы аумағында жеке объектiлердi жобалау, келiсу
және құрылыс тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      133. Атырау облысы аумағында құрылыс салу Ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының»заңнамасына сәйкес белгiленедi.

      Облыстық сәулет және
      қала құрылысы саясаты
      басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады