Жылыой ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихаты ХХХ сессиясының 2003 жылғы 21 мамырдағы 30-4 шешімі. Атырау облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 26 маусымда N 1530 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 19.12.2007 № 3-5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес
ауданда аз қамтылған отбасыларына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесінің жобасын талқылап аудандық Мәслихаттың ХХХ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Жылыой ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже бекітілсін.

      Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс
      ХХХ сессиясының төрағасы
      Аудандық Мәслихат хатшысы
      Аудандық қаржы бөлімі меңгерушісі
      Аудандық еңбек жұмыспен және халықты
      әлеуметтік бөлімі меңгерушісі

Аудандық Мәслихаттың 21.05.2003 ж.
30-4 шешіміне 1 қосымша    

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға), тұрғын үй ұстағаны (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметпен пайдаланғаны үшін төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі) тәртібін белгілейді.
      2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықты аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау көрсету болып табылады.

2. Тағайындау тәртібі

      3. Тұрғын үй көмегін жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат шегінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі тағайындайды.
      4. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй жалдаушысының (иесінің) жанұя құрамы, тұрғын үйдің нақты иеленген көлемінің пайдалы алаңы, отбасының жиынтық табысы, коммуналдық қызметке (жылумен қамтамасыз ету, салқын және ыстық сумен қамту, канализация және газ) төленген
шығындар көлемі көрсетілген сауалнама-арызы негізіне тағайындалады. Сауалнама-арызда енгізілген мәліметтер тұрғын-үй көмегін есептеудің негізі болып табылады. Келесі тоқсанның бірінші айында 15-інен кешіктірмей тұрғын үй көмек тағайындалған азаматтардың тізіміне,
сонымен қатар жыл бойынан бері азаматтардың тұрғын үй көмегін алу құқығына ие болу немесе жоғалтуын ескере отырып, өзгерістер енгізілді:
      Сауалнама-арызға жанұя құрамы үй кітапшасы бойынша енгізілді, тек даулы жағдайларда ғана мәлімет қосымша анықтамамен расталады.
      Сауалнама-арыз беруші қолданыстағы заңдарға сәйкес сауалнама арызда көрсетілген мәліметтердің, тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.
      Сауалнама-арызға міндетті түрде жалғанатын құжаттар:
      1. Өткен үш ай ішіндегі еңбекақысы туралы мәлімет.
      2. Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар туралы анықтама.
      3. Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде анықтама.
      4. Жеке меншігіндегі тұрғын үй (үй,пәтер) бар екендігін растайтын құжат. <*>
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой аудандық Мәслихаты XXXII сессиясының 2003 жылғы 9 қыркүйектегі N 32-3 шешімімен.
      5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік үй иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз барлық қажетті құжаттармен бірге түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралады.
      7. Тұрғын үй көмегінен бас тартылған жағдайда еңбек, жұмыспен қамту халықты әлеуметтік қорғау бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімнің көшірмесін қосып арыз берушіге барлық құжаттарын қайтарады.
      8. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығына жауап береді.
      9. Тұрғын үй көмегі, тоқсан ішінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй көлемінің нормасы және тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының нормативтері шегіндегі, бірақ нақты пайдаланып отырған жалпы көлемнен және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару т.б.) шығындарды нормативтерінен артық емес тоқсандағы
шығындары отбасының сол тоқсандағы осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы үлесі отбасының жиынтық табысының 30 пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленеді.
      Көмек мөлшері үй иесінің (жалға алушының) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты (немесе есептелген) төлемі мен  отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы шығындар
деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
      10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй аумағының нормасы:
      - Отбасы құрамында екі және одан көп адамы бар, екі және одан көп бөлмелі тұрғын үйде тұратын отбасылары үшін тұрғын үй заңдылығымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне
тиісті тұрғын үй нормасына сәйкес, бірақ нақты пайдаланып отырған аумақтан аспайтын болуы керек.
      - Жалғыз тұратын азаматтар үшін 31 шаршы метр;
      - Бір бөлмелі пәтерде тұратын отбасылары (азаматтар) үшін тұрғын үйдің нақты пайдаланып отырған аумағы.
      Есепке алынған тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтермен пайдалану (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару т.б.) нормалары жергілікті атқарушы органдармен белгіленеді.
      11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тоқсанға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға есептелген нақты сомасының 90 пайызынан аспауы керек.
      12. Жұмыссыз ретінде тіркелген, ешқандай кіріс көзі жоқ, жағдайы өте ауыр, отбасыларына осы мәселе бойынша құрылған комиссияның шешімімен тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметке тұтынуға есептелген нақты сомасының 100 пайыз мөлшерінде көмек
көрсетіледі.
      13. Белгіленген нормадан тыс тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жалпыға бірдей негізде төленеді.
      14. Тұрғын үй көмегі егер осы көмекті тағайындауға барлық қажетті құжаттармен бірге арыз ағымдағы тоқсанның ішіндегі өтініш жасау мерзімінің күніне қарамастан алдыңғы тоқсанның үш айына, тоқсан басынан тағайындалады.
      15. Егер жанұяда жұмыс жасамайтын, оқымайтын, не әскери қызмет атқарып жүрмеген, тиісті органда жұмыссыз ретінде есепте тұрмаған еңбекке қабілетті адамдары бар болса ол отбасыларының тұрғын үй көмегін алуға құқылары болмайды.
      Мыналардан басқа:
      - Көмекті қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асыратындар;
      - Бір баласы бар отбасындағы баланың 1,5 жасқа дейінгі тәрбиесімен айналысатындар;
      - 45 жастан асқан және екі жылдан аса тұрақты жұмысы жоқ азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау коммуналдық қызмет төлемақысын өтеу түрінде жүргізіледі, бірақ ол коммуналдық қызметтің осы түрлеріне есептелген нақты төлемнен аспауы керек;
      - екі және одан да көп, бірақ кіші баласы 7 жастан аспайтын бала тәрбиесімен айналысатындар;
      - Жұмыстан босату жөніндегі жазбасымен еңбек кітапшасы бар, айлық табысы бір есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіп ерікті түрде арыз берген жұмысқа жарамды азаматтар;
      - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерінің қорытындысымен куәландырылған аурудың күрделі түрімен ауыратын мүшесі бар жанұяларға тұрғын үй көмегін тағайындау. <*>
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой аудандық Мәслихаты XXXII сессиясының 2003 жылғы 9 қыркүйектегі N 32-3 шешімімен.
      16. Мұра немесе айырбастау, жалға алу, келісімдері бойынша пәтерді, үйді тіркеу мен қайта ресімдеу кешіктірілген жағдайда жергілікті атқару органдардың нотариалды куәландырылған анықтамасы негізінде тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      17. Тұрғын үй көмегі алушыларға коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің есеп шоттарына аудару арқылы төленеді. Олар өздеріне тағайындалған тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтегі борыштарын өтеуге аударуға келісімдерін білдірген арыздарын тапсырады.
      18. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша көмекті есептеу құжаты жасалады, оның бір данасы тұрғын үй жалдаушысында (меншік иесінде) сақталады.
      19. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі берілген мәліметтің дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табысы туралы мәліметтерді сұрауға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметтерді беруге
міндетті.
      20. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға жұмсалатын шекті шығындарының бөлігі, отбасының табысы, тұрғын үй коммуналдық қызмет ставкалары мен тарифтері өзгерсе, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі бұрын
тағайындалған жәрдемақыларды қайта есептейді.
      Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тұрғын үй жәрдемақысы қате тағайындалған жағдайда, сонымен бірге тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін немесе алу құқығын өзгертуге негіз болатын кез келген өзгерістер (тұрғын үй меншігінің формасының, отбасы құрамының т.с.с.) мен жағдайларды 10 күн ішінде хабарлауы тиісті.
      21. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған шешім Заңмен белгіленген тәртіп бойынша шағым беруге жатады.
      22. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы барлық тіркелген құжаттарымен бірге арыз, және тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім хаттамасы, немесе шешімнен суырма алушының жеке ісінде сақталады.

3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын
есептеу тәртібі

      23. Тұрғын үй көмегін алуға  үміткер отбасының (азаматтардың), жиынтық табысы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімімен есептеледі.
      24. Жиынтық табысты есептегенде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай және заттай табыстарының барлық түрлері (атаулы әлеуметтік және тұрғын үй жәрдемақысынан басқалары) есептеледі.
      25. Жиынтық табыс арыз берушінің алған табыстары жөнінде берген мәліметі негізінде есептеледі.
      26. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамы туралы анықтамада көрсетілген отбасының барлық мүшелерінің тоқсандағы табыстарын қосу арқылы есептеледі.
      27. Тоқсаннан артық мерзімге төленуге тиісті бір жолғы табыс алған жағдайда, ол алған айлар санына бөлініп, 3 айға көбейтілген табыс сомасы мөлшерінде жиынтық табысқа есептеледі.
      28. Шетел валютасында алынған табыстар тұрғын үй көмегін тағайындауға отбасының жиынтық табысын есептеу кезеңіне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің анықтаған курсы бойынша ұлттық валютаға есептеледі.
      29. Жиынтық табысты есептеудің басқа тетіктері атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін заңмен анықталған тәртіпке ұқсастырылып есептеледі.
      30. Арыз беруші беріп отырған табысы туралы мәліметтерінің дұрыстығына заңмен белгіленген тәртіппен жауап береді.

4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      31. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі әр айдын 10-на дейін өткен тоқсанға тағайындалған тұрғын үй сомасын және алушылар санын анықтап, аудандық қаржы бөліміне алушылардың жиынтық тізімін тапсырып, қаржыландыруға сұраныс береді.
      32. Аудандық қаржы бөлімі сұраныс негізінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тұрғын үй көмегін төлеуге бюджетте қаралған қаржыны бөледі. Бөлім өзінің ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін 3 күннің ішінде екінші деңгейдегі
банкілердің шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын және екінші деңгейдегі банкілер мен бөлім арасындағы агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады.
      33. Тұрғын үй көмегін төлеу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі берген алушылар тізімдері негізінде екінші деңгейдегі банкілер арқылы коммуналдық қызмет көрсеткен мекемелердің есеп шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.

5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі

      34. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп, бақылау және есептілік жүргізу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне жүктеледі.
      35. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі әр тоқсанның бірінші айының 15-не дейін екінші деңгейдегі банкілерімен коммуналдық қызметті жүргізушілермен өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасайды. Салыстыру
актілерінің негізінде тұрғын үй көмегіне төленген сомалар бойынша белгіленген нысанмен қаржы органдарына есеп береді.
     36. Тұрғын үй көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын және уақытылы төленуін қадағалауды уәкілетті органдар жүзеге асырады.
     37. Лауазымды тұлғалардың кінәсінен немесе еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер берген арыз берушінің заңсыз төленген тұрғын үй көмегі сомалары кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға
жатады.

      Аудандық Мәслихат хатшысы

Аудандық Мәслихаттың 
21.05.2003 жылғы   
30-4 шешіміне № 2 қосымша

Аудандағы жағдайы өте ауыр аз қамтылған отбасыларына
тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шешім қабылдайтын
комиссия құрамы

Ермекұлы Қайырғали     - аудан әкімінің орынбасары, комиссия
                         төрағасы;
Ұлханов Мақсот         - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және
                         халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің
                         меңгерушісі, комиссия төрағасының
                         орынбасары;
Төлешова Сәуле         - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және
                         халықты әлеуметтік қорғау
                         бөлімінің жетекші маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Сабырова Айгүл         - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісінің
                         орынбасары;
Сүйембаев Нұрбай       - аудан әкімі аппаратының әлеуметтік даму
                         бөлімінің меңгерушісі.

      Аудандық Мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады