Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 19.12.2007 № 3-18 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 " Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты
әлеуметтік қорғау мәселелерін бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңына сәйкес "Жылыой ауданында аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жобаны талқылап, аудандық Мәслихаттың XXXII сессиясы шешім етеді:
Жылыой аудандық Әкімиятты мақұлдап, ұсынылған "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмек көрсету тәртібі туралы Ережеге төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: (Шешім мемлекеттік тіркеуден 2003 жылдың 26 маусымында N 1530 тіркеліп, "Кең Жылыой" газетінің 2003 жылғы 29 нөмірінде жарияланды).
1. Ережедегі тағайындау тәртібі тараудағы 4-тармақ алынып тасталып, оның орнына төмендегідей жаңа мәтінде жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй жалдаушысының (иесінің) жанұя құрамы, тұрғын үйдің нақты иеленген көлемінің пайдалы алаңы, отбасының жиынтық табысы, коммуналдық қызметке (жылумен қамтамасыз ету, салқын және ыстық сумен қамту, канализация және газ) төленген
шығындар көлемі көрсетілген сауалнама-арызы негізіне тағайындалады. Сауалнама-арызда енгізілген мәліметтер тұрғын-үй көмегін есептеудің негізі болып табылады. Келесі тоқсанның бірінші айында 15-інен кешіктірмей тұрғын үй көмек тағайындалған азаматтардың тізіміне,
сонымен қатар жыл бойынан бері азаматтардың тұрғын үй көмегін алу құқығына ие болу немесе жоғалтуын ескере отырып, өзгерістер енгізілді:
Сауалнама-арызға жанұя құрамы үй кітапшасы бойынша енгізілді, тек даулы жағдайларда ғана мәлімет қосымша анықтамамен расталады.
Сауалнама-арыз беруші қолданыстағы заңдарға сәйкес сауалнама арызда көрсетілген мәліметтердің, тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.
Сауалнама-арызға міндетті түрде жалғанатын құжаттар:
1. Өткен үш ай ішіндегі еңбекақысы туралы мәлімет;
2. Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар туралы анықтама;
3. Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде анықтама;
4. Жеке меншігіндегі тұрғын үй (үй, пәтер) бар екендігін растайтын құжат.".
2. Ережедегі тағайындау тәртібі тараудағы 15-тармақ алынып тасталып, оның орнына төмендегідей жаңа мәтінде жазылсын:
"15. Егер жанұяда жұмыс жасамайтын, оқымайтын, не әскери қызмет атқарып жүрмеген, тиісті органда жұмыссыз ретінде есепте тұрмаған еңбекке қабілетті адамдары бар болса ол отбасыларының тұрғын үй көмегін алуға құқылары болмайды.
Мыналардан басқа:
- Көмекті қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асыратындар;
- Бір баласы бар отбасындағы баланың 1,5 жасқа дейінгі тәрбиесімен айналысатындар;
- 45 жастан асқан және екі жылдан аса тұрақты жұмысы жоқ азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау коммуналдық қызмет төлемақысын өтеу түрінде жүргізіледі, бірақ ол коммуналдық қызметтің осы түрлеріне есептелген нақты төлемнен аспауы керек;
- екі және одан да көп, бірақ кіші баласы 7 жастан аспайтын бала тәрбиесімен айналысатындар;
- Жұмыстан босату жөніндегі жазбасымен еңбек кітапшасы бар, айлық табысы бір есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіп ерікті түрде арыз берген жұмысқа жарамды азаматтар;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерінің қорытындысымен куәландырылған аурудың күрделі түрімен ауыратын мүшесі бар жанұяларға тұрғын үй көмегін тағайындау.".
Аудандық Мәслихаттың
кезектен тыс XXXII
сессиясының төрайымы
Аудандық Мәслихат хатшысы