Махамбет ауданы көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың аудандық штабын құру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданының әкімінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 188 шешімі Атырау облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 17 қыркүйекте 1626 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 26.12.2006  № 14 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-11 ҚР Заңының 33 бабы 1 тармағы 5 тармақшасына сәйкес тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту мақсатында шешім етемін:
      1. Полиция учаскелік инспекторлардың тіркеу пункттерінде кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, еңбек ұжымдары өкілдерінің санынан қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде ерікті жасақшылар құрылсын.
      2. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде ерікті жасақшылардың Махамбет ауданы әкімінің жанынан аудандық штаб құрылсын (1 қосымша).
      3. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың қызмет ережелері бекітілсін.
      4. Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына ерікті жасақшылардың аудандық штабына практикалық, әдістемелік және құқықтық көмек көрсету ұсынылсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары С.Арстановқа тапсырамын.

      Аудан әкімі:

      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы:

Аудан әкімінің    
14 тамыз 2003 жылғы 
N 188 шешіміне 1 қосымша

Қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде ерікті жасақшылардың аудандық
штабының құрамы:

1. Арстанов Серік Қайрболатұлы - аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы;
2. Аққайсиев Арман Үмбетұлы - ішкі істер бөлімінің бастығы, штаб төрағасының орынбасары

Мүшелері:

1. Қабдешев Асхат Масабайұлы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі;
2. Төлегенов Ұзақбай Төлегенұлы - білім бөлімінің меңгерушісі;
3. Жаңбырова Ақжұма Аққалиқызы  - денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі;
4. Андашев Ержан Сағынұлы - жастар, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі;
5. Сембаева Гүлмира Ермекқалиқызы - әкім аппаратының бас маман-заңгері.

Аудан әкімінің   
14 тамыз 2003 жылғы 
N 188 шешіміне 2 қосымша

Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қорғаудағы
ерікті жасақшылар қызметінің Ережесі
1. Жалпы  жағдайлар

      1. Ерікті жасақшылар бөлімшелері кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің еңбек ұжымдары, оқу орындарының әкімшіліктері және азаматтардың тұрғылықты жері бойынша пәтер иелері кооперативтермен ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға көмек көрсету мақсатында жасақталады.
      2. Ерікті жасақшылар бөлімшелері кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің, еңбек ұжымдары, оқу орнының әкімшіліктері және пәтер иелері кооперативтерінің ұсынысы мен азаматтардың жеке арызы бойынша 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы есебінен
құрылады.
      3. Азаматтар жасақшылыққа мүшелікке қабылдау туралы арызды аудандық штаб жетекшісінің атына беріледі. Жасақшылыққа кандидаттар мен мүшелер құқықтық және ақпарат Орталығынан арнайы тексеруден өтеді.
      4. Егер кандидат сотталмаған болса, жеке басының іскерлік және моральдық қасиеттерімен жасақшы талабына сай келетін болса, онда аудандық штаб жетекшісінің бұйрығымен ерікті жасақшылар құрамына мүше болып қабылданады.
      5. Аудандық штаб жетекшісі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің оқу орындарымен пәтер иелері кооперативтерінің ерікті жасақшылАры бөлімшелерінің жұмысына жалпы басшылық жасайды.
      6. Ерікті жасақшылардың аудандық штабы ерікті жасақшылар бөлімшелерінің ішкі істер органдарымен өзара қарым-қатынасты реттеп отырады.
      7. Меншік түріне қарамастан барлық заңды тұлғалар, азаматтар ерікті жасақшылар бөлімшелеріне, жасақшыларға қоғамдық тәртіпті қорғауға және құқық бұзушылықтың алдын-алуға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге құқылы.
      8. Ерікті жасақшылар қоғамдық тәртіпті қорғауда, өз міндеттерін атқару кезінде олардың заңды талаптарына бағынбаған немесе орындаудан бас тартқан кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

2. Негізгі міндеттері мен функциялары

      1. Ерікті жасақшылардың негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарына мынадай жолдармен көмек көрсетеді. Көшелерде алаңдарда, саябақтарда, тұрғын үй аулаларында, сондай-ақ, мәдени-көпшілік және спорттық шараларды өткізу кезінде ішкі істер қызметкерлерімен бірге кезекшілікті атқару.
      2. Ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге маскүнемдіктің, нашақорлықтың, токсикоманияның, балалардың бақылаусыздығының және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына қатысу.

3. Жасақшылар құрылымы және олардың принципі

      1. Ерікті жасақшылар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу орындары мен пәтер иелері кооперативтерінің аудандық штабынан тұрады.
      2. Ерікті жасақшылардың аудандық штабынан тұрады.
      3. Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу орындары мен пәтер иелері кооперативтері ерікті жасақшылары бөлімшелеріне аудандық штаб жетекшісі тағайындайтын командир басшылық жасайды.
      4. Ерікті жасақшылардың аудандық штабының жетекшісі қоғамдық тәртіпті қорғауда және құқық бұзушылықтың алдын-алуда ерікті жасақшылар қызметінің жұмысын ішкі істер органдарымен үйлестіру мен өзара іс қимыл жасауды қамтамасыз етеді, ерікті жасақшылар бөлімшелерінің қызметіне талдау жасайды, сондай-ақ, олардың жұмыстарының тиімділігін арттырудың шарасын алады, аудан әкіміне және облыстық ішкі істер басқармасының бастығына ұсыныстар береді, ынталандыру және ескертулер жасау шараларын алады.
      5. Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу орындары мен пәтер иелері кооперативтері ерікті халық жасақшысының командирі:
      1) ерікті халық жасақшыларына басшылық жасайды;
      2) ерікті халық жасақшыларына адамдар іріктеумен, орналастырумен айналысады;
      3) жасақшылардың кезекшілікке шығу кестесін жасақтайды;
      4) ерікті жасақшылардың қоғамдық тәртіпті қорғауда және құқық бұзушылықтың алдын-алуда өз міндеттерін атқаруын ұйымдастырады және бақылайды;
      5) ерікті жасақшылар бөлімшелері қызметін жетілдіру шараларын алады.
      6. Кезекшілікке шығарда командир ерікті жасақшылар мен аудандағы жедел жағдай олардың тұрған мақсаттар мен міндеттер туралы нұсқау кеңес өткізеді.
      7. Аудандық штаб ерікті халық жасақшыларының қызметіне талдау жасау үшін кем дегенде айына бір рет мәжілісін өткізеді.

4. Ерікті жасақшылардың міндеттері мен функциялары

      1. Ерікті халық жасағының міндеттері:
      1) қоғамдық тәртіпті қорғауға және құқық бұзушылықтың алдын-алуға белсенді қатысуға.
      2) аудандық штаб басшысының және ерікті халық жасағы командирінің талаптары мен нұсқауларын мүлтіксіз орындауға.
      2. Ерікті халық жасағы мүшесінің құқығы:
      1) азаматтардың қоғамдық тәртіптің бұзылуын тоқтатуды талап етуге меншік түріне қарамастан қажет болған жағдайда құқық бұзушы ішкі істер органының қызметкерлерінің қатысуымен аудандық ішкі істер бөліміне немесе полиция учаскелік пунктіне алып баруға.

5. Ынталандыру және ескерту шаралары

      1. Құқық бұзушылықпен күреске белсенді қатысқан жасақшылар кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдармен өз құзыреттері шегінде мынадай жолдарымен ынталандырады:
      1) алғыс жариялау;
      2) заттай немесе ақшалай сыйлық;
      3) ақылы қосымша демалыс күнін беру.
      2. Ерікті жасақшыларды ынталандыру кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ұжымдарының жиналыстарында салтанатты заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Ерікті жасақшылар бөлімшелерін қорғау шаралары

      1. Ерікті халық жасақшылары мүшелерінің әлеуметтік сақтандырылуы және кезекшілік кезінде жарақат алған әлеуметтік қорғалуы Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Материалдық-техникалық қамтамасыз етіледі

      1. Ерікті халық жасақшылары полицияның учаскелік пункттеріне орналасады, қызмет телефондарымен қамтамасыз етіледі.

8. Заңдылықтың сақталуын қадағалау

      1. Ерікті халық жасақшылары қызметінде заңдардың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысына сәйкес прокуратура органдары жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады