Қызылқоға ауданының 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз-су бағдарламасы" туралы

Күшін жойған

Атырау облысының Қызылқоға аудандық мәслихатының ХХV сессиясының 2003 жылғы 28 тамыздағы N ХХV-3 шешімі. Атырау облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 25 қыркүйекте N 1637 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2007 жылғы 7 ақпандағы № 29-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 07.02.2007  № 29-3 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 6-шы бабының 1-шi тармағын басшылыққа алып Қызылқоға аудандық мәслихаты шешім етті:
      1. Қызылқоға ауданының 2003-2005 жылдарға арналған "Ауыз-су бағдарламасы" бекiтiлсiн (аудандық әкiмият қаулысы қосымшасымен).
      2. Ауданның тиiстi басқару органдары мен жергiлiктi әкiмдер осы шешiмдi басшылыққа алып, жүзеге асыру шараларын алсын.

      Аудандық мәслихаттың
      XХV сессиясының төрағасы

      Аудандық мәслихаттың хатшысы

Қызылқоға ауданы әкімиятының қаулысы
19 наурыз 2003 жылғы N 31

Қызылқоға ауданының 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз-су бағдарламасы" туралы

      Атырау облыстық әкімиятының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы "Атырау облысының 2003-2010 жылдардағы "Ауыз сулар" аймақтық бағдарламасы туралы" N 304 қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 31 бабының 1-шi тармағының 1 тармақшасы негізінде аудан әкімияты қаулы етеді:
      1. Қызылқоға ауданының 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз-су" бағдарламасы мақұлдансын және бекiту үшiн аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Мұқанға жүктелсін.

      Аудан әкімі

Аудан әкімиятының 
2003 жылғы 19 наурыздағы
N 31 қаулысына қосымша

Қызылқоға ауданы бойынша 2003-2010 жылдарға арналған
"Ауыз-су" Бағдарламасы
Бағдарламаның құжаттары Атырау облысы, Қызылқоға ауданының 2003-2010 жылдарға
арналған "Ауыз-су" бағдарламасы

      Бағдарламада аудан тұрғындарын ауыз-сумен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы, атқарылатын іс-шаралар кешені және іске асыру жолдары қарастырылған.
      1) Ауыз-сумен қамтудың қазіргі жүйелерін қалпына келтіріп, оларды ұстау;
      2) Ауыз-сумен қамтамасыз етудің жаңа жолдарын іздестіру және баламалы жүйесін табу;
      3) Тұтынатын судың сапасын жақсарту, үнемді пайдалану жолдарын іздестіру;
      4) Су көздері мен объектілерде экологиялық және санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауды жүзеге асыру.

Бағдарламаны іске асыру мезгілі 2003-2010 жылдар.

Кіріспе

      "Ауыз-су" аудандық бағдарламасы (Бұдан әрі - бағдарлама) Атырау облысы бойынша 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз-су" аймақтық бағдарламасы негізінде әзірленеді.
      Бағдарламаның негізгі мақсаты халықты сапалы, санитарлық-эпидемиологиялық талап деңгейіндегі ауыз-сумен қамтамасыз ету.
      Бағдарлама 2003-2010 жылдар аралығында жүзеге асырылады.

1. Аудандағы ауыз-су ресурстарын пайдаланудың қазіргі жай-күйіне талдау

      Ауданның елді мекендерінде халықты ауыз-сумен қамтамасыз ету, жер астының беткі қабатындағы суымен артезиян ұңғылары арқылы алынған сулармен қамтамасыз етіледі.
      Ауданда ауыз-су мәселесі өткір мәселе ретінде қалыптасып отыр "Индер-Миялы" топтық су құбырына күрделі жөндеудің болмауы, аталған объектінің құрылысы аяқталмай пайдалануға берілмеуі көптеген қиындықтар туып отыр.
      Ауданның бірде-бір елді-мекенінде ішкі су құбырлар желісі жұмыс жасамайды.
      Аудан халқының 64 пайызы немесе 20000 халық ауыз-суды тасымалдау арқылы пайдаланып отыр.
      Топтық су құбыры бойында отырған Тасшағыл, қаракөл елді- мекендеріне су құбырдың жарамсыздығынан жеткізілмей отыр.
      Ауданның Тайсойған полигоны аймағындағы су көздері пайдалануға жарамсыз.
      Аудан халқын сапалы ауыз-сумен қамтамасыз ету мақсатында төмендегі шараларды жүзеге асыру бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылады.
      Ауданда құрылысы 1985 жылы жүргізілген ұзындығы 90 шақырым болатын Индер-Миялы топтық су құбыры тартылған. Топтық су құбыры "Атырау су шаруашылық" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының балансында. Тайсойған-Қоныстану-Қаракөл-Тасшағыл елді-мекендерінің құбыр суын пайдаланып отырғаны Тайсойған-Қоныстану елді-мекендері. Ауданның Сағыз-Мұқыр елді-мекендері ауыз-суды темір-жол цистернасымен тасып пайдаланып отыр.
      Қазіргі таңда су құбырының жағдайы нашар, өткен 2001-2002 жылдары Республикалық бюджеттен 115 млн.теңге қаржы бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
      Ауданның Тасшағыл, Қаракөл елді-мекендерін ауыз-сумен құбыр арқылы қамтамасыз ету мақсатында қосымша төмендегіше жұмыстар атқарылуы тиіс.

2. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты аудан халқын сапалы ауыз-сумен үздіксіз қамтамасыз ету.
      Негізгі міндеттері:
      халықты қажетті мөлшерде ауыз-сумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу, оларды іске асыруға қол жеткізу;
      бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында қажетті қаржы көздерінің көлемін және олардың қаржыландыру көздерін анықтау;
      Халықты ауыз-сумен үздіксіз қамтамасыз етуде негізгі жүзеге асырылуға тиіс қағидалар:
      мемлекет халықты сапалы ауыз-сумен қамтамасыз етумен жабдықтау саласындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жауапты болуға тиіс;
      суды тұтынудың заңдылықтарға сәйкес ақылы болуы, суды тиімді пайдалануға және кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға мүмкіндік береді;
      барлық су тұтынушылар су заңдары талаптарын сақтауға міндетті.

3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі
бағыттары мен тетігі

      Аудан халқын ауыз-сумен қамтамасыз етудің жәй-күйіне жасалған талдау, қалыптасқан проблемаларды шешуге төмендегіше шаралар алу қажеттігін міндеттейді:
      қолда бар сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру, оларды үнемі жетілдіру;
      ауыз-сумен қамтамасыз етудің баламалы нұсқалары мен жаңа көздерін игеру;
      Тұтынатын су ресурстарын тиімді пайдалану.
      Аудан бойынша ауыз-су мәселесін шешу үшін Жанкелдин, Жасқайрат, Миялы елді-мекендеріне 14,5 ш. поселкеішілік су құбыры мен су тазартқыш қондырғыларын салу қажет. Миялы селосында 3.1ш. су құбырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұдан басқа, Қоныстану, Қаракөл, Тасшағыл және Индер-Миялы топтық су құбырына баламалы нұсқау болатын бұдан Қосқұлақ елді-мекенінен Тасшағыл ауылына дейін ұзындығы 20 шақырымды су құбыры желісінің құрылысы қажет. Ал Жасқайрат ауылын сумен жабдықтау, 2005 ж. қоныстануда Жасқайрат ауылына дейін 35 ш. Су құбырын салу керек етеді. Сағыз бен Мұқыр стансасының халқын сумен қамсыздандыру ұзындығы 465 ш. Ноғайты-Сағыз су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді. Бұл іс-шаралардың барлығы 2004-2008 жылдарға жоспарланған.

4. Қажетті ресурстар мен оларды
қаржыландыру көздері

      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттер мен бюджеттен тыс көздер тартылатын болады.
      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының көлемі тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

5. Бағдарламаны iске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны жүзеге асыру аудан халқын сапалы экологиялық таза сумен қамтамасыз ету, тұтынудың қажетті нормасына дейін сәйкестендіруге қол жеткізуді көздейді.
      Бағдарлама аудандағы барлық ірі елді мекендерді сапалы ауыз-сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
      Орталықтандырылған су жүйесін пайдаланушылар санын өсіру.
      Су көздерінің санитарлық талап деңгейінде болуына жағдай жасалады.
      Халықтың су көздері арқылы жұғатын түрлі инфекциялық аурулармен ауруын төмендету.
      Қосымша жұмыс көздерінің ашылуы.
      Халықты ауыз-сумен қамтамасыз етудегі оң өзгерістер, өмір сүрудің қанағаттанарлық әлеуметтік-тұрмыстық және санитарлық- эпидемиологиялық жағдайларын туғызады және халықты тән саулығы мен рухани саулығына оң ықпал етеді.

Қызылқоға ауданының 2003-2010 жылдарға арналған
елді-мекендерін ауыз-сумен жабдықтау бағдарламасы
(млн.т)

N

Елді-
мекен
нің
атауы

Халық
саны

Елді-мекенді сумен жабдықтауды
жақсарту жөніндегі ұсыныстар

Орын
дау
мер-
зімі

Нысанның
шама-
мен
баға-сы

Қаржы
лан-
дыру
көзі

Су тазартқыш
қондырғылар

Су құбырлары
желілері

Қал
пына кел
тіру

Құры
лыс

Шама
мен
ба
ғасы

Күр
делі
жөн
деу

Ба
ғасы

Құры
лыс

баға
сы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


Қызыл
қоға
ауда-
ны

27895


3

189

48,1

412,03

88

610,5


1211,53


1

Миялы

6600


1

63



13,2

118,8

2004-2005

181,8

Об-
лыс-
тық
бюд-
жет

2

Миялы





3,1

7,03



2003

7,03

Об-
лыс-
тық
бюд-
жет

3

Жас-
қай-
рат

2715


1

63



0,4

2,7

2004-2005

65,7

Об-
лыс-
тық
бюд-
жет

4

Жан-
кел-
дин

1876


1

63



1

9

2004-2005

72

Об-
лыс-
тық
бюд-
жет

5

Ноғай
ты-
Сағыз топ-
тық
су
құбы-
ры

9768




45

405



2005-2008

405

Рес-
пуб-
ли-калықбюд-
жет

6

Қос
құлақ-
Тасша
ғыл топ-
тық
су
құбы-
ры

6900






20

180

2006

180

Рес-
пуб-
ли-
калықбюд-
жет

7

Қоныс
тану-
Жас
қай
рат топ
тық
су құбы
ры







35

300

2006

300

Рес-
пуб-
ли-
калық
бюд-
жет

Қызылқоға ауданы бойынша 2003-2010 жылдарға арналған
"Ауыз-су" бағдарламасын іске асыру шараларының жоспары

N

Шаралар

Бітіру
үлгісі

Орындауға
жауапты

Орындау
мерзімі

Шығындар
шамасы
млн.
теңге

Қаржыландыру
көздері

1

Қолда
бар су
құбырлар
желісін
үнемі
тексеру

Тексеру
акті

Су
шаруашылығы
мекемесі,
әкімдер

Жыл сайын

-

-

2

Жобалы-
сметалыққұжаттарды жасау


Су
шаруашылығы 
мекемесі,
әкімдер

2003-2008

-

-

3

Су тазартқыш қондырғы
лардың
құрылысы

Құрылыс

Су
шаруашылығы
мекемесі,
әкімдер

2004-2005

189,0


4

Су
құбыры
желілері
нің
құрылысы

Құрылыс

Су
шаруашылығы
  мекемесі,
әкімдер

2004-2005

430,5


5

Су
құбыры
желіле
рін
күрделі
жөндеу

Күрделі
жөндеу

Су
шаруашылығы
мекемесі,
әкімдер

2003-2008

412,03


6

Топтық
су
құбыры
ның
құрылысы

Құрылыс

Су шаруашылығы
мекемесі, әкімдер

2005-2008

180,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады