Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша үйлестіру кеңесін құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 2869 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 қаңтарда N 1603 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 03 қыркүйектегі N 2516 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2007.09.03 N 2516 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырындағы N 111 "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Заңының негізінде және Шығыс-Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 1 маусымдағы N 108 "Өскемен қаласы әкімінің Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Заңының орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысының жағдайы туралы" қаулысын орындау мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қала әкімі жанында Үйлестіру кеңесі құрылсын.
       2. Қосымшаға сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша Үйлестіру кеңесінің Жағдайын бекіту.
      3. "Өскемен қаласының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Е.Т. Мәсәлімов) Үйлестіру кеңесінің құрамын қалалық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін қала әкімінің келісуіне ұсыну.
      4. Қаулының орындалуын бақылауы қала әкімінің орынбасарына Байбатчин Е.А. жүктелсін.

      Өскемен қаласының әкімі

Қала әкімдігінің
2003 жылғы 25 желтоқсан
N 2689 қаулысымен Бекітілген

Қала әкімдігінің
2003 жылғы 25 желтоқсан
N 2689 қаулысына Қосымша

Салауатты өмiр салтын қалыптастыру бойынша Үйлестiру кеңесiнiң
ЖАFДАЙЫ

1. Жалпы жағдайлар

      1. "Қазақстан 2030" Салауатты өмiр салтын қалыптастыру сауалдары бойынша елбасшысы Президенттiң Арнауында Қазақстан халқына деген қойылған тапсырмаларға сәйкес Үйлестiру кеңесi құрылған.
      2. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру сауалдарының шешiмiн шығаруға қалалық қоғамдық ұйымдарының, денсаулық сақтау, мәдениет, бiлiм беру басқармаларының өзара iс-қимыл жасауын Үйлестiру кеңесi жүзеге асырады.
      3. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру сауалдарында органдардың жұмысын үйлестiріп және денсаулық сақтау мекемелерiнiң iс-қимыл жасауын қамтамасыз етiп кеңестік-кеңесші органы болып табылады.

2. Үйлестiру кеңесiнiң тапсырмалары

      4. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру бойынша жағдай жасау және тұрғындардың жауапкершiлiгiн жоғарылату сауалдарында басқармалардың, комитеттердiң, қоғамдық ұйымдарының iс-қимыл жасауын қамтамасыз ету.
      5. Ынталандыру облысында және салауатты өмiр салтын олардың iс-әрекетiн үйлестiру.
      6. Тұрғындардың гигиеналық оқытуын және сауықтыруын ендiруге iс-әрекет жасау.
      7. Медициналық органдарының, мекемелердiң және қоғамдық ұйымдарының алдында салауатты өмiр салтын қалыптастыру және алдын алу сауалдары бойынша қойылатын проблемалары.
      8. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары бойынша қоғамдық ақпараты облысында мемлекеттік, мемлекеттікке кірмейтін және меншік құрылымдарын үйлестіру және ынтымақтастығын кеңейту.

3. Үйлестiру кеңесiнiң қызметi

      9. Салауатты өмiр салтын қалыптастыруға жiберiлген нұсқамаларды әзірлеу.
      10. Салауатты өмiр салтын насихаттау нысанын және жаңа әдiстемелердi әзiрлеуге мүдделi басқармаларының ұйымдастыруы.
      11. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары бойынша қоғамдық ақпараттық сауалдарының каналдары бойынша ағарту жүргiзуiн қамтамасыз ету мақсатымен қоғамдық ақпараттық өзара iс-қимыл жасау.

4. Үйлестіру кеңесінің іс-әрекетін
және жұмыс тәртібін ұйымдастыру

      12. Үйлестіру кеңесін қала әкімі басқарады.
      13. Қала әкімінің орынбасары болып табылады.
      14. Үйлестіру кеңесінің мәжілісі 3 ай сайын өткізіледі.

5. Үйлестіру кеңесінің іс-әрекетін тоқтату тәртібі

      15. Үйлестіру кеңесі өзінің іс-әрекетін қала әкімдігінің қаулысына сәйкес тоқтатады.

      Қала әкiмі аппаратының жетекшiсi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады