Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009.05.19 N 624 қаулысымен
Семей аймағында кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту және қолдау, сауда саясатын жүзеге асыру мақсатында және Шығыс Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 2 маусымдағы N 83 "Шағын және орта бизнес, сауда және қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" қаулысын орындау үшiн, Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 3, 4 тармақшалары негiзiнде қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шағын және орта бизнес, сауда және қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Комиссияның дербес құрамы қалалық мәслихаттың бекiтуiне енгiзiлсiн.
4. Қала әкiмiнiң 2000 жылғы 27 сәуiрдегi N 231 "Қала әкiмi жанындағы Шағын, орта бизнестi дамытудың қоғамдық-сараптау Кеңесi туралы" шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
5. Әкiмдiктiң осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары А. Е. Бектұровқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Семей қаласының әкiмi
Қала әкiмдігінің
2003 жылғы 04 тамыздағы
N 395 қаулысына N 1-қосымша
Семей қаласы әкiмдiгi жанындағы шағын және орта
бизнес, сауда және қызмет көрсету мәселелерi
жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ:
Бектұров Аманкелді Елубайұлы |
қала әкімінің орынбасары,төраға |
Шакеев Тұрсынғали Шакейұлы |
шағын, орта бизнес және сауда комитетiнiң бастығы, төрағаның орынбасары |
Ахметов Жәнiбек Мұқанұлы |
шағын, орта бизнес және сауда комитетiнiң білiм бастығы |
Бұтабаев Арқалық Базарұлы |
"Әдiлет" Семей аймағы шағын,орта бизнес кәсiпкерлерi қоғамдық бiрлестiгiнiң директоры (келiсiмi бойынша) |
Доғалақов Амантай Айтмұрзаұлы |
ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы |
Қыдырбаев Мейрамхан Иманбазарұлы |
Семей қаласы бойынша салық комитетiнiң төрағасы (келiсiмi бойынша) |
Мусина Раушан Рысханқызы |
Семей аймағындағы БҰҰДБ бағдарламасының басшысы (келiсiмi бойынша) |
Молотков Николай Александрович |
қала әкiмi жанындағы Семей аймағы кәсiпкерлер Одағының тең төрағасы (келiсiмi бойынша) |
Сұлтанов Нұрлан Кәрiбайұлы |
өнеркәсiп, көлiк және байланыс комитетiнiң бастығы |
Тортаев Аманжол Қабдыслямұлы |
- шағын, орта бизнес және сауда комитетi бастығының орынбасары |
Қала әкімдігінің
2003 жылғы 04 тамыздағы
N 395 қаулысына N 2-қосымша
Семей қаласы әкiмдiгi жанындағы шағын және орта
бизнес, сауда және қызмет көрсету мәселелерi
жөнiндегi Комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қала әкiмдiгi жанындағы шағын және орта бизнес, сауда және қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және шағын кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту және қолдау тұжырымдамасын iске асыру, Қазақстан Республикасында сауда саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылды.
2. Комиссия Шығыс Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 2 маусымдағы N 83 "Шағын және орта бизнес, сауда және қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi Комиссияны құру туралы" қаулысы негiзiнде құрылды.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
2) салық ауыртпалығын төмендету мәселелерi бойынша тиiстi мемлекеттiк органдар үшiн ұсынымдар әзiрлеу;
3) меншiк пен активтердi заңдастыру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу;
4) несие ресурстарына қол жетуiн жеңiлдету жөнiндегi iс-шараларды өткiзу бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
5) әкiмшiлiк ресiмдер мен рұқсаттарды оңайлату мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу;
6) ауылда шағын және орта бизнестi, сауда және қызмет көрсетудi дамыту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
7) шағын және орта бизнес, сауда және қызмет көрсету мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар үшiн ұсынымдар әзiрлеу;
8) кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарының сындарлы бастамаларын қолдау, әр кәсiпкердiң экономикалық дамыған мемлекеттi құру және азаматтардың әл-ауқатын жоғарылату жөнiндегi белсендi өмiрлiк ұстамын насихаттау;
9) жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк қызмет мәселелерi жөнiндегi қаулылары мен өзге нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобаларын бастамашылдықпен әзiрлеу;
10) шағын және орта бизнестi, сауда және қызмет көрсетудi қолдау және қорғау жөнiндегi мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
5. Комиссия функциялары оған жүктелген мiндеттерге сәйкес:
1) Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың қалалық Бағдарламасын әзiрлеуге, үйлестiрудi қамтамасыз етуге қатысу;
2) көкейкестi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге қатысып, оларды iске асыруға шағын және орта бизнес, сауда және қызмет көрсету субъектiлерiн, олардың бiрлестiктерiн, одақтары мен қауымдастықтарын тарту;
3) шағын және орта бизнес, сауда және қызмет көрсету мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын заңнамада белгiленген тәртiппен бастамашылдықпен әзiрлеудi жүзеге асыру;
4) заңнамада белгiленген тәртiппен шағын және орта бизнес, сауда және қызмет көрсету өкiлдерiн жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi жобаларын дайындауға, шағын және орта кәсiпорындарға, кәсiпкерлер одақтарына, бiрлестiктерiне, қауымдастықтарына ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге тарту;
5) жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу кезiнде кәсiпкерлер пiкiрлерiн заңнамада белгiленген тәртiппен ескеру;
6) шағын және орта бизнестiң салалық, кәсiптiк және аумақтық одақтарымен, қауымдастықтарымен және бiрлестiктерiмен, басқа да кәсiпкерлiк құрылымдармен өзара iс-қимыл;
7) үйлескен шешiмдердi әзiрлеу және шағын және орта бизнес, сауда және қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты жетiлдiру үшiн шағын және орта бизнестi қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен тұрақты өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
8) тиiстi мемлекеттiк органдардың, кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарының өкiлдерiнiң, сондай-ақ кәсiпкерлердiң өздерiнiң қатысуымен тақырыптық мәжiлiстер өткiзу;
9) заңнамада белгiленген тәртiппен кәсiпкерлердiң мүдделерiн бiлдiру және заңды құқықтарын қорғау;
10) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссиядағы жұмысқа ғалымдар, беделдi кәсiпкерлер, басқару органдарының өкiлдерi және басқа мамандар арасынан сарапшылар мен консультанттарды тарту;
11) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк актiлердi алу болып табылады.
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
6. Комиссияны төраға-қала әкiмiнiң орынбасары басқарады.
7. Комиссияның жұмыс органы функциялары шағын, орта бизнес және сауда комитетiне жүктеледi.
8. Комиссияның жұмыс органы:
1) Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн қалыптастырады;
2) Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
3) Комиссия мүшелерiнiң және оған тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
9. Комиссия мәжiлiстерiнде қарауға арналған мәселелер тiзбесi қажеттiлiгiне қарай жасалады және оны төраға бекiтедi.
10. Бекiтiлген тiзбе тiзiм бойынша Комиссия мүшелерiне жолданады.
11. Комиссия мәжiлiстерiнiң нәтижелерi бойынша хаттама жасалып, оған төраға қол қояды. Комиссия шешiмдерi жай көпшiлiк дауыспен, ашық дауыс беру жолымен қабылданады және Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусы болған жағдайда қабылданған болып есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға жақпен дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
12. Комиссия шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
13. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ол қарсы болған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына қоса берiлуi қажет.
14. Комиссия мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына бiр реттен сиретпей шақырылады және оны төраға шақырады. Шешiмдердi дереу қабылдау қажет болған жағдайларда төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның кезектен тыс мәжiлiсi өткiзiлуi мүмкiн.
15. Комиссия мәжiлiстерiне төрағаның шақыруы бойынша сондай-ақ өтiнiштерi қаралатын мүдделi мемлекеттiк органдардың басшылары және басқа лауазымды адамдары, кәсiпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi қатыса алады.
Қала әкiмi аппаратының
басшысы