"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес, "Қазақстан-2030" Стратегиясының міндеттерін іске асыруда атқарушы органдарға консультативтік және пәрменді көмек көрсету мақсатында, ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын одан әрі өмір жүзіне асыру, қала аумағында әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді нығайту, сондай-ақ қаланың және қала қызметтерінің алдында тұрған кешенді проблемаларды шешу үшін, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігі жанынан Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі Кеңес 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған, Кеңес туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Кеңестің дербес құрамы қалалық мәслихаттың бекітуіне енгізілсін.
4. Әкімдіктің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
5. Әкімдіктің осы қаулысы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Семей қаласының әкімі |
Қала әкімдігінің 2003 жылғы 04 тамыздағы N 436 қаулысына 1-қосымша |
Қала әкімдігі жанындағы, Семей қаласын
әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі Кеңестің
ҚҰРАМЫ
2-қосымша Қала әкімдігінің 2003 жылғы 04 тамыздағы N 436 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН |
Қала әкімдігі жанындағы, Семей қаласын
әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі
Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) қала әкімдігі жанындағы консультативтік-Кеңесші орган болып табылады.2. Кеңес осы Ереже мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әлеуметтік-экономикалық, білім және мәдени-сауықтыру бағытындағы мәселелерді талқылауға шығарады және шешеді.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
4. Кеңестің мақсаты қала әкімдігіне "Қазақстан – 2030" Стратегиясының міндеттерін іске асыруда, ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын одан әрі өмір жүзіне асыру, қаламызда әлеуметтік-экономикалық татулықты нығайту, сондай-ақ қала мен қаланың қызметтері алдында тұрған кешенді проблемаларды шешу үшін практикалық көмектесу болып табылады.5. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру жөніндегі келісілген тәсілдерді жасау;
2) экономика мен әлеуметтік сала дамуының негізгі маңызды мәселелері бойынша, экономика мен әлеуметтік салада дағдарысты құбылыстар туындауының алдын алу немесе олардың ықтималды жағымсыз зардаптарын жұмсарту жөніндегі жобаларды, ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
3. Кеңес функциялары
6. Кеңес оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады;1) көкейкесті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысып, оларды іске асыруға мемлекеттік құрылымдарды, қоғамдық ұйымдарды, шағын, орта бизнес, сауда және қызмет көрсету субъектілерін тартады;
2) әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша орта және ±заң мерзімді перспективаға ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді;
3) экономика мен әлеуметтік салада ішкі және сыртқы факторлардан дағдарысты құбылыстар туындау ықтималдығын талқылайды, олардың алдын алу жөніндегі барабар шараларды жасайды.
4. Кеңес және оның мүшелерінің құқықтары
7. Кеңес заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барынша көкейкесті мәселелерін қарауға;
2) өз жұмысына қала ұйымдарының басшыларын, ғалымдарды, мамандар мен консультанттарды тартуға;
3) өнеркәсіп өндірісі және кәсіпкерлік қызмет саласындағы дамудың деңгейін жоғарылату үшін перспективалы жобалар мен барынша әсерлі әдістерді әзірлеуге қатысуға құқылы.
8. Кеңес мүшелері мыналарға құқылы:
1) Кеңестің осы Ережесінде белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес өз қызметін жүзеге асыруға;
2) Кеңес өткізетін мәжілістерге және өзге іс-шараларға қатысуға;
3) Кеңес мүшелері мәжілісінің жұмысына қатысуға;
4) әлеуметтік - экономикалық, білім және мәдени-сауықтыру бағытындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды, жобалар мен ұсынымдарды Кеңестің талқылауына енгізуге;
5) осы Ереже және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде Кеңес қызметі туралы ақпаратты алуға, беруге және пайдалануға;
6) осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жасауға құқылы.
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
9. Кеңестің дербес құрамы қалалық мәслихат шешімімен бекітіледі.10. Кеңес басшысы оның қызметіне басшылық етеді, Кеңес мәжілістеріне төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, Кеңес жүзеге асырған жұмыс үшін жауапты болады. Кеңес басшысы орнында болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.
11. Кеңес хатшысы Кеңес мәжілістеріне қатысады, хаттамаларды ресімдейді, күн тәртібін әзірлеуге және қарауға қатысады, осы Ережедегі мақсаттар мен міндеттерге сәйкес ұсыныстар енгізеді және жобалар әзірлейді, оған басшы (басшы орнында болмаған жағдайда - оның орынбасары) жүктеген өзге функцияларды орындайды.
12. Мәжілісті жүргізу тәртібін және күн тәртібін Кеңес басшысы, мүшелері және оның талдау тобының мүшелері анықтайды.
13. Кеңес мәжілістері қажеттілігіне қарай және айына бір реттен сиретпей, оның мүшелерінің кемінде жартысы болған жағдайда өткізіледі және оны төраға шақырады.
14. Кеңесті төраға - қала әкімі, төраға Кеңес мүшелерінің келісімімен тағайындайтын екі орынбасар, хатшы басқарады.
15. Кеңестің және оның талдау тобы мүшелерінің сандық және дербес құрамын қала әкімі анықтайды.
16. Кеңес мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады және оны төраға бекітеді.
17. Мәселелердің бекітілген тізбесі Кеңес мүшелеріне тізім бойынша жолданады.
18. Барлық мәселелер бойынша шешім ашық дауыс беру жолымен мәжіліске қатысушы Кеңес мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
19. Кеңес шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған төраға қол қояды.
Қала әкімі аппаратының |
басшысы |