Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігінің 2006.03.20 N 595 хатымен.
Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін күшейту, пәтер иелері кооперативтерінің қызметкерлерін өрттердің, сондай-ақ олардың ықтимал зардаптарының алдын алу жөніндегі ұйымдастыру техникалық іс-шараларды жүргізуге қатысуға тарту мақсатында, "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48-1 Заңының8-бабы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2003 жылдың 15 қарашадан 15 желтоқсанға дейін тұрғын үйлердің өртке қарсы үлгілі жағдайы үшін өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығы туралы ереже және өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық және тұрғын үйлерді есепке алу бөлімінің бастығы С. Д. Әшеловке жүктелсін.
4. Қала әкімдігінің осы қаулысы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Семей қаласының әкімі
міндетін атқарушы
Қала әкімдігінің
2003 жылғы 7 қазандағы
N 546 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі
айлығы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Өрт қауіпсіздігі айлығының негізі мақсаты азаматтардың меншігі мен жеке мүлкін өрттен қорғау болып табылады.
2. Айлық ұйымдастыру техникалық тапсырмаларды орындау, бұған жұртшылықты тарту, өрттердің алдын алуда оның рөлін күшейту, сондай ақ олардың ықтимал зардаптарын шектеу есебінен тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған өрттің алдын алу жұмысының әсерлілігін жоғарылату мақсатында жүргізіледі.
2. Айлықты ұйымдастыру және өткізу
3. Өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыру және өткізу үшін қалалық комиссия құрылады. Өртке қарсы қорғаныс жөніндегі ұйымдастыру жұмысымен айналысатын қызметкерлер комиссия мүшелері болып табылады, олар айлықты насихаттауды жүзеге асырады, оны тұрғын үй қатарларында ұйымдастыру жөнінен жұмыс жүргізеді.
4. Комиссия үйлердің өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жасайды, шарттардың орындалу нәтижелерін қорытады және айлық жеңімпаздарын анықтайды.
3. Өрт қауіпсіздігі айлығының шарттары
5. Тұрғын үйлерде өрттердің алдын алу жөніндегі жұмыста ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген және мыналарды:
1) тұрғын үйлерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелерін, Мемлекеттік өрт қадағалау ұйғарымдарын, комиссия ұсыныстарын орындауды;
2) тұрғын үй ғимараттарын өрт сөндіргіштермен және басқа да өрт сөндіру құралдарымен жабдықтауды;
3) ведомстволық бағынышты тұрғын үй секторындағы өрт сөндірудің бастапқы құралдарын, өрт гидранттарын техникалық әзірлікке келтіруді;
4) тұрғын үйлерде өрттердің алдын алу іс-шараларының жүргізілуін, жөндеу қалпына келтіру, пісіру және басқа да от қызуымен жасалатын жұмыстарды жүзеге асырған кезде өртке қарсы режимді қатаң сақтауды;
5) пәтерлер иелерімен және пәтер жалдаушылармен өртке қарсы нұсқаулар мен әңгімелерді ұйымдастыруды және өткізуді және тұрғын үйлерді өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жаднамалармен, нұсқаулармен қамтамасыз етуді;
6) халықты тұрмыста, азаматтардың тұрғылықты жерінде өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуды;
7) бекітіп берілген тұрғын үй секторында өрт оқиғаларының болмауын;
8) пәтер иелерімен және пәтер жалдаушылармен өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту жөнінде жиналыстар өткізуді қамтамасыз еткен ПИК айлық жеңімпазы болып саналады.
6. ПИК жүлделі орын осы шарттар орындалған жағдайда бекітіп берілген тұрғын үй секторындағы өртке қарсы жағдайды бағалау кезінде жиналған баллдар ескеріле отырып беріледі.
4. Өртке қарсы жағдайды бағалау әдістемесі
7. Тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі жағдайы мыналарды сипаттайтын:
1) өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын;
2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінен орындалған ұйымдастыру-алдын алу іс-шараларының көлемін;
3) пәтер иелері мен пәтер жалдаушылар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөніндегі көпшілік-үгіт жұмысының жай - күйін;
4) әңгімелер мен нұсқаулар жүргізу жолымен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне азаматтарды оқытуды сипаттайтын көрсеткіштердің мәнімен бағаланады.
8. Бағалау баллдық жүйе бойынша жүргізіледі.
Тұрғын үйлерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелерінің мерзімінде орындалуын қамтамасыз еткен ПИК 30 балл алады өрт қауіпсіздігінің орындалмай қалған әр талабы үшін 2 баллдан алынып тасталады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі орындалған ұйымдастыру іс-шараларының көлемі мына көрсеткіштердің орындалғандығы үшін берілетін баллдар сомасы ретінде анықталады:
рет NN |
Іс-шаралардың атауы |
Баллдар сомасы |
1. |
Тұрғын үйлер өрт қауіпсіздігі нұсқауларымен, жаднамалармен, белгілермен толық қамтамасыз етілген |
3 |
2. |
Шатыр астылары, жертөлелер, техникалық қабаттар, баспалдақ алаңшаларының ұсталуы тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі режимі ережелерінің талаптарына сәйкес келеді |
8 |
3. |
Эвакуация жолдары көрсеткіштермен және электрмен жарықтандырумен қамтамасыз етілген |
3 |
4. |
Бекітіліп берілген тұрғын үй секторындағы өрт гидранттары дұрыс күйге келтірілген және көрсеткіштері бар |
3 |
5. |
ПИК жанында өрт қауіпсіздігі бұрышы жабдықталған. Пәтерлер иелерімен, пәтер жалдаушылармен өрт қауіпсіздігі туралы нұсқамалар қолдары қойдырылып өткізілген |
4 |
Қала әкімі
аппаратының басшысы
Қала әкімдігінің
2003 жылғы 7 қазандағы
N 546 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыру және
өткізу жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Райымов Нұржан Дүйсенұлы |
- |
Семей қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы, төраға |
Әшелов Сабыр Даярханұлы |
- |
қала әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық және тұрғын үйлерді есепке алу бөлімінің бастығы |
Лузянин Виктор Владимирович |
- |
тұрғын үй-камуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары |
Шегедеков Бағлан Салықұлы |
- |
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас дәрігері |
Қала әкімі
аппаратының басшысы