Төтенше жағдайлардың алдын алу, ескерту және жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімиятының 2003 жылғы 15 қаңтардағы N 83 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 25 ақпанда N 1129 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2004 жылғы 2 сәуірдегі N 375 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2004.04.02 N 375 қаулысымен.      

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы N 148-ІІ санды Заңының 31 бабының 1 бөлімінің 17 тармағын және Шығыс Қазақстан облысының әкімиятының "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссия туралы" 11 ақпан 2002 жылғы N 75 санды қаулысын басшылыққа ала отырып және төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимыл жасаудың аудандық жүйесін одан ары жетілдіру, тұрғындар мен аумақтарды апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден және күтпеген қайғылы жағдаяттардан қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесінде жергілікті органдардың, аудандық ұйымдардың және меншік нысандарына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекеттерін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Абай ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
      2. "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия туралы Ереже" бекітілсін (N 2 қосымша).
      3. "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия туралы" аудан Әкімінің 2002 жылғы 6 мамырдағы N 205 шешімі күшін жойды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан Әкімінің орынбасары Н.А Жүнісжановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулымен құрылған ведомствоаралық аудандық комиссияның дербес құрамы Абай аудандық мәслихатына бекітуге ұсынылсын.
      
      
      Абай ауданының
      әкімінің міндетін атқарушы

      

      Абай ауданы әкімиятының
2003 жылғы 15 қаңтардағы
N 83 қаулысына
N 1 қосымша

      

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі
ведомствоаралық аудандық комиссияның құрамы

      

Жүнісжанов Нұрғазы Әнуарұлы

аудан Әкімінің орынбасары - комиссия төрағасы

Өтемісов Серік Сейітжағыпарұлы

аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы-комиссия төрағасының орынбасары

Қырқынбайұлы Жұмағали

аудан Әкімі аппаратының бас маманы-комиссия хатшысы

Мамырбаева Қанымкүл Садыққызы

"Қазақтелеком" ААҚ аудандық бөлімінің бастығы (өз келісімімен)

Сатыбалдиев Сәтбек Жақыпұлы

аудандық әскери комиссары (өз келісімімен)

Бекежанов Жанат Досымжанұлы

аудандық электр жүйесі мекемесінің бастығы (өз келісімімен)

Битенова Қазима Қажымұқанбетқызы

аудандық емхананың бас дәрігері

Әбеуов Серікқан Зейноллаұлы

аумақтық басқарманың бастығы (өз келісімімен)

Асқатов Айдар Асқатұлы

қаржы бөлімінің меңгерушісі

Ерденбеков Талғат Ерденбекұлы

аудандық санитарлық - эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері

Мүсәпіров Абай Мұқайұлы

аумақтық қоршаған ортаны қорғау филиалының бас маманы (өз келісімімен)

Құлекенов Қалибек Сейсекейұлы

N 49 өрт сөндіру бөлімінің бастығы

Белібаев Ардақ Сағадиұлы

"Қазақ селден қорғаудың" аудандық филиалының бас маманы (өз келісімімен)

      
      Аудан әкімі аппаратының жетекшісі

      

Абай ауданы әкімиятының
2003 жылғы 15 қаңтардағы
N 83 қаулысына
N 2 қосымша

      

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі
Абай аудандық ведомствоаралық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

      

      1. Төтенше жағдайлардың алдын алып ескерту және жою жөніндегі ведомствоаралық Абай аудандық комиссиясы (ары қарай-комиссия) консультативтік-кеңес беруші орган болып табылады және апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден, күтпеген табиғи және басқа жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұсыныстарды жасау мақсатында құрылған.
      2. Комиссия өзінің өкілеттілігін жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып жүзеге асырады.
      3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар бойынша ұсыныстар жасау болып табылады:
      1) аудан аумағында апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден, күтпеген табиғи және басқа қайғылы жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу;
      2) апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден, күтпеген табиғи және басқа жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардан тұрғындардың, аудан аумағының қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа шаралардың жүйесін қалыптастыру;
      3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштері мен құралдарын құру мен дамыту саласында біртұтас техникалық саясатты жүргізу;
      4) төтенше жағдайлардың алдын алу мен әрекет етудің аудандық жүйесін жетілдіру мен онан ары дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;
      5) төтенше жағдайлардың алдын алуға, тұрғындар мен аудан аумағының төтенше жағдайлардан қорғалуына және осы бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге бағытталған мақсатты және ғылыми-техникалық аудандық бағдарламалардың жобаларын жасауды ұйымдастыру;
      6) апаттардың, сұрапыл бүліншіліктердің, күтпеген табиғи және басқа қайғылы жағдаяттардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау, медициналық сауықтыру мәселелері бойынша аудандық басқармалардың комитеттердің, департаменттердің, жергілікті атқару органдарының қызметін үйлестіру;
      7) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелерінде көршілес аудандармен бірлескен қызметтің бағыттарын белгілеу.
      4. Аудан әкімінің тапсыруы бойынша комиссия мыналарға құқылы:
      1) өз құзыры шеңберінде аудандық аймақтық ведомстволық мемлекеттік билік органдары, меншік түріне қарамастан аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар және басқа шаруашылық жүргізуші құрылымдар міндетті түрде орындауға тиісті хаттамалар түрінде шығарылатын шешімдер қабылдауға;
      2) комиссияның құзырына жататын қажетті заң актілерінің жобаларын жасауға қатысуға;
      3) комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың, аудандық басқармалардың, департаменттердің, комитеттердің және шаруашылық жүргізуші құрылымдардың лауазымды адамдарын тыңдауға;
      4) жергілікті атқару органдарынан, аудандық басқармалардан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден олардың қызметі туралы комиссияның жұмысына қажетті ақпаратты сұрауға;
      5) аудан кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының мамандарын (олардың басшыларымен келісіп) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелері бойынша талдау, сараптау және басқа жұмыстарды орындауға тартуға.
      5. Комиссияның төрағасы аудан әкімінің орынбасары болып табылады, оны аудан әкімі тағайындайды.
      6. Комиссия өзінің қызметін төрағасы бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады.
      Комиссияның мәжілістері қажетіне қарай, бірақ тоқсан сайын бір рет өткізіледі.
      Комиссияның шешімдері хаттамамен рәсімделеді.
      Комиссия мәжілістерінің аралығында шешімдері оның төрағасы немесе оның орынбасары аудан аумағында орындалуға міндетті тиісті нұсқаулар мен тапсырмалар түрінде қабылдайды.
      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету Абай ауданы әкімінің аппаратына жүктеледі.
      8. Аудан әкімінің шешуін талап ететін мәселелер бойынша комиссия белгіленген тәртіппен тиісті ұсыныстар енгізеді.
      9. Өз құзырына сәйкес комиссия қабылдайтын шешімдер ұсыныстық сипатқа ие.
      10. Комиссия өзі қараған және шешкен неғұрлым маңызды мәселелер бойынша аудан әкімін хабарландырып отырады.
      
      
      Аудан әкімі аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады