Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi аудандық комиссия туралы

Күшін жойған

Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 2 шілдедегі N 89 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 6 тамызда N 1350 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 569 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2007.04.18 N 569 хатымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" заңының 31 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайларын жақсарту бойынша әрекет етушi ұлттық жоспарға сәйкес және қоғамдық-саяси өмiрде әйелдердің белсендiлiгi мен рөлiн жоғарлатуға арналған қолданылатын механизмдердi өңдеу және жағдай жасау мақсатында, Бесқарағай аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ етедi:
      1. Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі аудандық комиссия құрылсын.
      2. Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (қосымша).
      3. Iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмi (Мұхамедқалиева К. С.) отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын белгiлеп және аудандық Мәслихат отырысына енгiзсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. К. Иманғазинаға жүктелсiн.
      
      Аудан әкiмi


      Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2003 жылдың 2 шiлдесiндегi
N 89 қаулысына қосымша

      
      Аудан әкiмi жанындағы отбасы және әйелдер
iстерi жөніндегі аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

      
      1. Аудан әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі аудандық комиссия (бұдан былай комиссия) консультативтiк - кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия iс-қимылдарының құқылық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінің актiлерi, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтi құқылы актiлерi, облыс әкімінің шешiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссияның ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

      
2. КОМИССИЯНЫҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI

      
      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссиясының белгiлi артықшылықтарына және ұсыныстарына сәйкес отбасы, әйелдер және балалар мәселелерi бойынша кешендi аймақтық (аудандық бағдарламаны қалыптастыру);
      2) отбасын, әйелдердi және балаларды әлеуметтiк, экономикалық, заңдылық және психологиялық қолдау жөнiнде басқа да шараларды белгiлеу мен жүзеге асыруға қатысу;
      3) үдеме өндiрiс процестерiне және халықтың денсаулық, ана мен баланы қорғау жағдайына, отбасылары тұрмысының әлеуметтiк - экономикалық жағдайларына кешендi талдау жасауды жүргiзу;
      4) отбасының, әйелдер мен балалардың қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi нақты жағдайлары мәселелерi бойынша ақпараттық базаны қалыптастыруға қатысу;
      5) жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарда әйелдер өкiлдiктерiн кеңейтуге ықпал ету;
      6) әйелдердi қатыстырумен шағын және орта бизнестi дамыту мәселелерi бойынша ұсыныстарды жасауға және оларды жүзеге асыруға қатысу;
      7) жергiлiктi өкілетті және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң (келiсiм бойынша) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен шешiмдер жобаларын қарауға қатысу;
      8) көпбалалы және аз қамтамасыз етiлген отбасыларын әлеуметтiк қолдауды жүзеге асыруға, жалпыға бiрдей мектеп бiлiмiн берудi қамтамасыз етуге, жетiм балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерi бойынша басқа әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыруға ықпал жасау;
      9) комиссияның құзырына енетiн мәселелер бойынша жергiлiктi өкілетті және атқарушы органдар үшiн ұсыныстар әзiрлеу;
      10) аймақта отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайларын неғұрлым толық және объективтi көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қимылдасу;
      11) өз құзыры шеңберiнде барлық мүдделi ұйымдармен ынтымақтасу, сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерi бойынша аймақтық конференциялар, семинарлар өткiзу;
      12) функциялары бойынша осындай төменгi комиссиялардың iс-қимылдарын үйлестiру және әдiстемелiк қамтамасыз ету.

      
3. КОМИССИЯНЫҢ ӨКІЛЕТТІЛIГI

      
      4. Комиссия өзiнiң құзыры шеңберiнде құқылы:
      1) Аудан әкіміне тiкелей бағынышты және есеп берушi мемлекеттiк органдар басшыларын өз мәжiлiстерiне шақыруға және тыңдауға;
      2) өз iс-қимылдарын жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпараттарды белгiленген тәртiпте сұрап алуға;
      3) тиiстi жергiлiктi мемлекеттiк органдар басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерiн регламенттеушi заңдарды бұзуға жол берiлген фактiлер бойынша тексерулер және қызметтiк тергеулер жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      4) жұртшылықтың беделдi және бiлгiрлi даярланған өкiлдерiнен штаттан тыс сарапшыларды комиссия мәжiлiстерiн дайындауға, аймақтық бағдарламаларды тексерулерге және әзiрлеуге қатыстыру үшiн белгiленген тәртiпте қатыстыруға;
      5) функциялары бойынша осындай төменгi комиссиялардың iс - қимылдарын үйлестiруге және бақылауға;
      6) әйелдер арасынан кандидатураларды басшы қызметтерге жоғарылатуға ықпал жасауға;
      7) отбасыларының, әйелдер мен балалардың жағдайларын жақсарту мақсатында жергiлiктi мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да ұйымдарға статистiк, аналитикалық, әдiстемелiк және басқа ақпараттық материалдар жолдауға;
      8) түскен азаматтар өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау қорытындылары бойынша материалдарды iс жүзiнде шешiм қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жiберуге.

      
4. КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      
      5. Комиссия өз iс-қимылдарын аудан әкімі бекiткен Ереже негiзiнде жүзеге асырады.
      6. Комиссияны төраға, әдеттегiдей әкiм орынбасарларының бiрi басқарады.
      Комиссия төрағасының орынбасары болуы мүмкiн.
      7. Комиссияға әдеттегiдей жергiлiктi мемлекеттiк органдардың және басқа ұйымдардың өкiлдерi енедi.
      Комиссияның сан және дербес құрамын аудан әкімі комиссия төрағасының ұсынысы бойынша белгiлейдi.
      8. Комиссия мәжiлiсi қажет болған жағдайда, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
      9. Комиссия шешiмi мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерi санынан қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыс беру тең түскенде төрелiк етушiнiң даусы шешушi болып табылады.
      Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
      10. Комиссия төрағасы:
      1) комиссия iс-қимылдарын ұйымдастырады және оған басшылық етедi;
      2) комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн белгiлейдi;
      3) комиссия мәжiлiсiн шақырады және оған төрелiк жасайды;
      4) комиссия мүшелерiнiң арасынан комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiне енгiзiлген мәселе бойынша баяндамашы белгiлейдi;
      5) аудан әкімі және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы алдында комиссия жұмысының қорытындылары туралы тоқсан сайын есеп бередi.
      6) аудан әкімінің шешiмiнде көзделген басқада өкiлдiктердi жүзеге асырады.
      
      
      Бесқарағай ауданы
      әкімінің аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады