Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 шілде N 999. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.29. N 600 қаулысымен.

     Қазақстанда әйелдердің жағдайын жақсарту, әйелдердің жағдайы жөніндегі IV Бүкіл дүниежүзілік конференцияның (Пекин, 1995 ж.) іс-қимылдар тұғырнамасын іске асыру мақсатында:
     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын белгіленген тәртіппен Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдердің жағдайы жөніндегі комиссиясына жіберсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің               
1999 жылғы 19 шілдедегі       
N 999 қаулысымен           
бекітілген              

                     Қазақстан Республикасында
               Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі
                    іс-қимылдардың ұлттық жоспары      

                            Кіріспе

      Қазақстан Республикасы - өзінің негізгі мақсат-мұраты қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, мемлекет өміріндегі толғақты мәселелерді демократиялық жолмен шешу деп жариялаған, жас, егемен мемлекет. 
      Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты Қазақстан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде Үкімет қабылдаған шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді. 
      Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім азайды, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі кеміді, жұмыссыздық ұлғайды, халықта баланың тууы азайып, өлім көбейіп кетті, көші-қон құбылысы үдей түсті, соның салдарынан республика тұрғындарының саны кеміді. 
      Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы қабылданды. Ұзақ мерзімді басымдықтар ретінде мыналар айқындалады: 
      шетелдік инвестициялардың және ішкі қорлардың жоғары деңгейімен қатар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу, 
      Қазақстанның экономикалық ресурстарын тиімді пайдалану; 
      Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; 
      осы заманғы инфрақұрылымды дамыту және басқалар. 
      1999 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 8038 мың әйел болды, бұл халықтың жалпы санының 51,4 процентін құрайды. Әйелдердің еңбекке қабілетті жасқа дейінгісі - 29,8%, еңбекке жарамды жастағысы - 53,7%, еңбекке жарамды жастан асқаны - 16,5%. Әйелдердің 56%-і қалалар мен қала төңірегінде тұрады. 1997 жылы әйелдердің орташа өмір сүруінің ұзақтығы 70,2 жыл болды, бұл еркектерге қарағанда 11,2 жыл ұзақ (59 жыл). 
      Ұлттық іс-қимылдар жоспарын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мен әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия БҰҰ ұсынған нұсқаға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың және халықаралық ұйымдардың қатысуымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жасады. 
      Стратегиялық мақсат - "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі мен ролін арттыру және әйелдердің жағдайын жақсарту үшін мүмкіндіктер жасау және пәрменді тетіктер дайындау. 
 

         А. Әйелдер және кедейлік 
 

        Нарыққа көшу, өндірістің құлдырауы, бүкіл шаруашылықты жүргізу жүйесінің қайта құрылымдалуы, адамдардың кәсіпкерлік тәжірибесі және бастапқы капиталы болмауы, әлеуметтік кепілдіктер жүйесінің өзгеруі республика халқының едәуір бөлігінің тіршілік дәрежесі төмендеуіне әкеліп соқтырды. 
      Салық түсімдері есебінен өмір сүріп келген және, көбінесе, кәсіпорындардың меншігі болып табылатын бүкіл әлеуметтік сала аса қиын қаржы тапшылығына ұшырады. 
      Ең алдымен, көп балалы аналар мен асыраушысынан айрылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектердің үлкен бөлігі, жұмыссыздар, сондай-ақ жалақысын дер кезінде алмайтын қызметкерлер, еңбегіне ақы аз төленетін бюджеттік ұйымдардың өкілдері, жұмысқа қабілетсіз жастар кедейлердің арасына тап болды. Бұл ретте қалалықтарға қарағанда, ауыл халқы кедейірек тұрады. 
      Халықтың кірісінің негізгі көзі жалақы болып отыр. 
      Орташа айлық жалақы 1998 жылы 9682 теңгені (124 АҚШ долларын) құрады. Әйел еңбегі басым секторларда (білім беру, денсаулық сақтау, қызмет көрсету салаларында) республикадағы ресми орташа жалақыдан үштен бір еседен астам төмен. Күнкөрістің ең азы айына 3,3 мың теңге жағдайында, ел бойынша орташа алғанда жан басына шаққандағы ақшалай табыс айына 3 мың теңгеге жуық қана болды. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін Үкімет белгілі дәрежеде шаралар қолдануда. Мәселен, 1999 жылға дейін балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек жәрдемақылардың мынадай бес түрі бойынша көрсетіліп келді: 
      бірыңғай; 
      7 жасқа дейінгі төрт және одан көп баласы бар, жұмыс істемейтін, көпбалалы аналарға; 
      адамның шалдыққан иммунтапшылығы вирусын жұқтырған балаларға немесе СПИД-пен ауыратындарға; 
      қысқа мерзімді әскери қызметшілердің балаларына; 
      үйде тәрбиеленетін және оқу оқитын, мүгедек балаларға. 
      Бұл ретте бірыңғай жәрдемақы аз қамтылған отбасыларына ғана тағайындалып келді, жәрдемақылардың қалған бөлігі халықтың неғұрлым әлеуметтік-осал санаттарына олардың кірістеріне қарамастан беріліп отырды. 
      1998 жылы балаларға арналған жәрдемақыны жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық кірісі екі есептік көрсеткіштен аспаған отбасылары алды. Бұл көрсеткіш зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін пайдаланылады және жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда бекітіліп отырады. Өткен жылы оның мөлшері 645 теңгені (8,2 АҚШ долларын) құрады. Бірыңғай жәрдемақымен 923,2 мың бала қамтылып, жәрдемақының барлық түрлерін алатындардың 98%-ін құрады. 
      Одан басқа, тұрғын үй жәрдемақылары тұрғын үйді ұстаудың және коммуналдық қызметтерді тұтынудың ақысына жұмсаған шығындары іс жүзінде жиынтық жүзінде жиынтық табысының 30 процентінен асып кеткен, аз қамтылған отбасыларына төленді. 
      1999 жылдан бастап жәрдемақылар атаулы көмекпен ауыстырылды, ол балалы отбасыларына, адамның тууы мен өлуі жағдайларында, сондай-ақ тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін берілетін болады. 
      Әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру үшін де, жұмсау үшін де жауаптылықта болатын жергілікті атқарушы өкімет органдары әкімшілер ретінде әрекет етеді. Отбасының атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждылық шегінің мөлшері әкімдердің шешімдерімен айқындалады. 
      Қазақстанда кедейлікті азайту үшін айқындаушы кезең жұмыс орындары жасалуын және жалақы ұлғайтылуын қамтамасыз ететін ауқымды да тұрақты өркендеу болуы тиіс.
     Халықтың кірісі саясатында негізгі міндет еңбекке ақы төлеу, оның ішінде жалақының ең аз мөлшерін күнкөрістің ең аз мөлшеріне дейін біртіндеп жеткізу, барлық ақшалай кірістердің жариялылығын ынталандыру және мемлекеттік мекемелер қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің жалпы деңгейін көтеру жолымен оны ұлғайту болып табылады. Әлдеқандай себептермен жұмыс таба алмай жүрген еңбекке жарамды тұрғындар шағын несиемен кеңінен қамтылатын болады.     

      А. бөлімі бойынша іс-шаралар жоспары. Әйелдер мен кедейлік


    ________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекеттер    |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Елдің әлеуметтік-эконо.|"Әлеуметтік қамсыздандыру.|Конвенцияға      | 
|   |микалық жағдайы жақса. |дың ең аз нормалары туралы"|қосылу          |
|   |руына қарай отбасы мен |ХЕҰ-ның N 102 конвенциясы.|                 |
|   |әйелдерді әлеуметтік   |на қосылу                 |                 | 
|   |қорғау жүйесін жетілді.|                          |                 |
|   |ру                     |Отбасына қолдау жөнінде   |Қазақстан Респуб.|
|   |                       |бағдарлама қабылдау       |ликасы Үкіметінің| 
|   |                       |                          |қаулысы          |
|2  |Аз қамтылған және әлеу.|Қоғамдағы мүгедектерді    |Қолданылып жүрген|
|   |меттік қысым көрген    |сауықтыру және интегра.   |заңдарға сәйкес  | 
|   |әйелдерді қолдау       |циялау бағдарламасын      |                 |
|   |                       |әзірлеу                   |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |Әйелдер, жас өспірімдер   |Әкімдердің       |
|   |                       |мен балалар үшін әлеумет. |шешімдері        |
|   |                       |тік бейімделу орталықтарын|                 | 
|   |                       |құру                      |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Аз қамтылған отбасылары   |Әкімдердің       | 
|   |                       |үшін балалар бақшаларын   |шешімдері        |
|   |                       |ұйымдастыру               |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|3  |Мекен-жайлы адамгерші. |Аз қамтылған отбасыларына |Үкіметтің        |
|   |лік көмек              |адамгершілік көмектердің  |қаулысы          |
|   |                       |жеткізілуін үйлестіру     |                 | 
|___|_______________________|__________________________|_________________| 

таблицаның жалғасы    
________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Еңбекәлеуметмин, ІІМ, Отба.|2005 ж.       |                             |
|сы және әйелдер істері     |              |                             |
|жөніндегі ұлттық комиссия  |              |                             |
|                           |              |                             |
|КДА, Отбасы және әйелдер   |2005 ж.       |                             |
|істері жөніндегі ұлттық    |              |                             |
|комиссия, облыстардың,     |              |                             |
|Астана және Алматы қалала. |              |                             |
|рының әкімдері             |              |                             |
|                           |              |                             |
|Еңбекәлеуметмин, облыстар. |1999 ж.       |                             |
|дың, Астана және Алматы    |              |                             |
|ққ. әкімдері               |              |                             |
|                           |              |                             |
|Облыстардың, Астана және   |2005 ж.       | Жергілікті бюджеттердің     |
|Алматы ққ. әкімдері        |              |қаражаты шегінде, халықаралық|
|                           |              |ұйымдардың гранттары мен     |
|                           |              |инвестициялары               |
|                           |              |                             |
|Облыстардың, Астана және   |2005 ж.       | Жергілікті бюджеттердің     |
|Алматы ққ. әкімдері, ІІМ,  |              |қаражаты шегінде, халықаралық|
|қоғамдық бірлестіктер      |              |ұйымдардың гранттары мен     |
|(келісім бойынша)          |              |инвестициялары               |
|                           |              |                             |
|Отбасы және әйелдер істері |2002 ж.       |Халықаралық ұйымдар, заңды   |
|жөніндегі ұлттық комиссия, |              |және жеке тұлғалар           |
|Еңбекәлеуметмин, ІІМ,      |              |                             |
|Денбілімспортмин           |              |                             |
|___________________________|______________|_____________________________|     

      Б. Әйелдердің білімі және оларды оқыту    
 

        Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, барлық азаматтарға, олардың жынысына қарамастан, мемлекеттік оқу орындарында орта білім алуына кепілдік беріледі. Қазақстан азаматтарының конкурстық негізде мемлекеттік оқу орындарында жоғары білім алуға құқығы бар. Білім беру мемлекеттің бақылауында болады, мемлекет оның міндетті стандарттарын белгілеп отырады. 
      Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес барлық азаматтарға, олардың жынысына қарамастан, мемлекеттік оқу орындарында міндетті орта білім алу қамтамасыз етіледі. Қазақстанның азаматтарының конкурстық негізде мемлекеттік оқу орындарында тегін жоғары білім алуға мемлекет құқығы бар. Білім беру мемлекеттің бақылауында болады, мемлекет оның міндетті стандарттарын белгілеп отырады. 
     Қазақстанда білімді әйелдер еркектерден көбірек. Жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандардың арасында олар 62%-ті құрайды. 
      Білім беру жүйесінде жұмыс істейтін әйелдердің зиялылық өресі жоғары (77%). Соған қарамастан, 16 облыстық және қалалық оқу басқармалары бастықтарының арасында 7 ғана әйел бар (44%). Жоғары оқу орындарындағы басшылардың арасында әйелдердің проценті өте төмен. 51 мемлекеттік жоғары оқу орнының арасында екеуінің ғана ректоры әйел (4%). 
      Жоғары білімді мемлекеттік білім гранттары немесе несиелері арқылы да алуға болады. Бұл жағдайда ең алдымен кедей отбасыларының балалары мен ауылды жерлерде оқығандар қиыншылық көруде. Аз қамтылған отбасыларында қыздардың білім алуына жете көңіл бөлінбейді. 
      Балабақшаларда сәбилерді ұстаудың ақысы көтеріле түсуде. 1991 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі балалар торабы 80%-ке дерлік қысқарды.
      Білім беру саласындағы негізгі міндеттер: қаржылық ресурстарды, әсіресе ауылдық мектептер үшін үнемді пайдалану, дәріс берудің әдістемелерін жетілдіру, аз қамтылған отбасылары балаларының білім алуына жол берілуін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлу, мүгедек балаларды кәдімгі мектептерге тарту болып табылады.     

      Б. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдердің білімі және
                         оларды оқыту

________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекет       |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Халыққа гендерлік      |Жыныстық ғұрыптарды жою   |Министрдің       | 
|   |(әлеуметтік-құқықтық)  |мақсатында жаңа оқулық.   |бұйрықтары       |
|   |білім беру             |тарды шығару кезінде ген. |                 |
|   |                       |дерге байланысты көзқарас.|                 | 
|   |                       |ты енгізу                 |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Жоғары және орта оқу орын.|                 | 
|   |                       |дары жүйесінде гендер     |                 |
|   |                       |пәндерін енгізу           |                 |
|2  |Әйелдердің экономика.  |Еңбекке тәрбиелеу, оқыту  |Орталықтар құру  | 
|   |лық, құқықтық және кә. |және даярлау мәселелері   |                 |
|   |сіби сауаттылығын      |жөнінде тернинг орталық.  |                 |
|   |арттыру                |тарын құру                |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Жұмыссыздардың арасынан   |Қолданылып жүрген|
|   |                       |әйелдерді нарықтық эконо. |заңдарға сәйкес  | 
|   |                       |микаға қажетті дағдылар   |                 |
|   |                       |мен білімдерге үйрету     |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |Әйелдерді, оның ішінде    |                 |
|   |                       |жұмыссыздарды, олардың    |                 |
|   |                       |біліктілігі мен өзін өзі  |                 | 
|   |                       |жұмыспен қамтуын арттыру  |                 |
|   |                       |мақсатында компьютерлік   |                 |
|   |                       |білім алуын және жаңа     |                 | 
|   |                       |технологияларға қол жет.  |                 |
|   |                       |кізуін қамтамасыз ету     |                 |
|___|_______________________|__________________________|_________________| 

  таблицаның жалғасы
________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Денбілімспортмин,          |2000 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|Ғылыммин, СІМ, қоғамдық    |              |бюджеттер қаражаты шегінде,  |
|бірлестіктер (келісім      |              |халықаралық ұйымдардың       |
|бойынша)                   |              |гранттары мен инвестициялар  |
|                           |              |                             |
|Қоғамдық бірлестіктер      |Әрқашан       |Жергілікті бюджеттер,        |
|(келісім бойынша), СІМ,    |              |халықаралық ұйымдар қаражат. |
|Еңбекәлеуметмин, Мәдениет. |              |тарының шегінде              |
|қоғамақпаратмин, облыстар. |              |                             |
|дың, Астана және Алматы    |              |                             |
|ққ. әкімдері (келісім      |              |                             |
|бойынша) Еңбекәлеуметмин,  |Әрқашан       |Жергілікті бюджеттердің      |
|Мәдениетақпармин,          |              |қаражаты шегінде             |
|облыстардың, Астана және   |              |                             |
|Алматы ққ. әкімдері        |              |                             |
|___________________________|______________|_____________________________|     

      В. Әйелдер және денсаулық     
 

        "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясында азаматтардың денсаулығы, білім мен игілігі негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. 
      Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 1998 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы"  U983956_ Жарлығы қабылданды. Сондай-ақ Президенттің 1998 жылғы 16 наурыздағы  U984153_ Жарлығымен, ананың денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау бала тамағы, респираторлық індеттер (пневмония) мен балалардың диарей ауруларының және басқалардың алдын алу және емдеу бөлімдерін қамтитын "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 
      Республикада аналар және перинаталь өлімдерін азайту жөніндегі бағдарлама, Рұқтық (репродуктивтік) денсаулықты сақтау жөніндегі ұлттық бағдарлама, СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу жөніндегі 1996-2000 жылдарға арналған ұлттық іс-қимылдар бағдарламасы, жыныс жолымен берілетін аурулардың алдын алу және оны бақылау жөніндегі 1996-2000 жылдарға арналған бағдарлама, т.б. жұмыс істеуде. Ұлттық генетикалық тіркелім әзірленді және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі бағдарлама жасалуда. 
      Соған қарамастан әйелдер денсаулығының индексі небәрі 30%-ті құрайды, ал жекелеген облыстарда (Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан) 20%-тен де төмен. 
      Аналар мен сәбилер өлімінің, түсік тастау мен жыныс қатынастары арқылы ауысатын аурулардың деңгейі жоғары болып отыр. Рұқтық денсаулық жөніндегі қызметтерге, әсіресе ауыл тұрғындарының жаппай қолын жеткізу қамтамасыз етілген жоқ. 
      Ана өлімі көбейіп кетті. 1998 жылы ол тірі бала туған әрбір 100 мың анаға 77,5-тен келді. Әсіресе Шығыс Қазақстан облысында жағдай қолайсыз, бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,6 есе асқынған және 123,6-ға жеткен, Қостанай мен Ақтөбе облыстарында - 1.57 есе (122), Астана қаласында - 1.48 есе (115), Павлодар облысында 1.36 (105.5). 
      Жүкті әйелдердің жартысынан астамы анемиямен ауырады, Оңтүстік Қазақстан облысында осы ауруға болашақ аналардың 76%-і, Астана қаласында - 63% - шалдыққан. 
      Іштен аномалиямен туған балалардың саны көбейіп келеді. 1998 жылы олар 3371 болды. Әйелдерді контрацептивтермен қамту баяу. 
      1998 жылы оларды 1,5 млн. әйел, яғни фертильдік жастағы әйелдердің 41%-і ғана қолданды. 
      Әйелдердің денсаулығын қорғау стратегиясы халықтың аналар тобы үшін рұқтық (репродуктивтік) денсаулықтың стандарттарын әзірлеуді, қауіпсіз аналық әдістемелерін енгізуді, халықты осы заманғы контрацевтивтермен қамтамасыз етуді, аймақтардың ерекшеліктерін және халықтың әртүрлі топтарының рұқтық (репродуктивтік) әдет-ғұрпын ескере отырып, отбасын жоспарлау саласында ғылыми-әлеуметтік зерттеулер жүргізуді көздейді. 
      Репродуктивті денсаулықты қорғау мақсатында әйелдерге жүктілік және босану жөнінде біржолғы жәрдемақылар төленеді. Қазіргі кезде бұл жәрдемақыларды төлеу ата-аналардың өздеріне жүктелген. Бұл ретте жәрдемақылардың мөлшері орташа айлық жалақының есебінен айқындалады, бірақ 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспауы тиіс. 
      Бала туған кезде аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік жәрдем жасалатын болады, оның мөлшері жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне қарай анықталады. 
      Республикада әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, экологиялық репродуктология мәселелері, жыныс жолымен берілетін ауруларды емдеудің, диагноз жасау мен алдын алу, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде елеулі ғылыми зерттеулер жүргізілуде. 
      БҰҰ Халықтардың орналасу қорымен бірге Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында халықтың рұқтық (репродуктивтік) әдет-ғұрыптары мен денсаулығы бойынша әлеуметтік-әдістемелік зерттеулер жүргізілді. Мұндай зерттеулер бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіліп жатыр. 
      1999 жылы балалары жоқ жұбайлар жұптарына жәрдемдесу үшін экстракорпоральдық ұрықтандыру лабораториясын ашу жоспарланып отыр.
      Репродуктивті денсаулықты қорғаумен жекелеген үкіметтік емес әйелдер ұйымдары да шұғылданады, олардың саны Қазақстанда 30-ға жуықтайды. 
     Бұдан әрі әйелдердің денсаулығына қатысты қабылданған барлық бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жалғаса бермек.

       В. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер және денсаулық
________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекет       |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Әйелдер мен балалардың |"Халық денсаулығы" мемле. |Қолданылып       | 
|   |денсаулық жағдайын     |кеттік бағдарламасын іске |жүрген заңдарға  |
|   |жақсарту               |асыру:                    |сәйкес           |
|   |                       |Мынадай:                  |                 | 
|   |                       |рұқтық денсаулықтың       |                 |
|   |                       |медициналық-демографиялық |                 |
|   |                       |астарлары; қауіпсіз аналық|                 | 
|   |                       |проблемаларының ғылыми    |                 |
|   |                       |негіздері бағдарламаларын |                 |
|   |                       |іске асыру                |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Ананың денсаулығын сақтау;|                 |
|   |                       |Қосымша босандыру мекеме. |                 | 
|   |                       |лерін және санавиацияның  |                 |
|   |                       |реанимациялық бригадаларын|                 |
|   |                       |осы заманғы аппаратурамен,|                 | 
|   |                       |жабдықтармен және дәрі-   |                 | 
|   |                       |дәрмектермен жабдықтау    |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |Балалар тамағы 6 айға де. |                 |
|   |                       |йін балаларды омыраумен   |                 |
|   |                       |қоректендіру бағдарламасын|                 | 
|   |                       |іске асыру Отбасын жоспар.|                 |
|   |                       |лау Контрацептивтік сая.  |                 |
|   |                       |сатты әзірлеу Ұлттық      |                 | 
|   |                       |генетикалық тізілімді және|                 |
|   |                       |медициналық-генетикалық   |                 |
|   |                       |мониторингті енгізу       |                 |
|   |                       |Тәуекелге неғұрлым бейім  |                 |
|   |                       |топ ретінде қыздар мен    |                 |
|   |                       |аналарға ерекше көңіл бөле|                 |
|   |                       |отырып, ВИЧ-індеттің одан |                 |
|   |                       |әрі таралуына жол бермеу  |                 | 
|   |                       |жөніндегі бірінші кезек.  |                 |
|   |                       |тегі іс-шаралар           |                 |
|   |                       |Салауатты өмір салтын     |                 |
|   |                       |қалыптастыру Салауатты    |                 |
|   |                       |өмір сүру салтының ұлттық |                 | 
|   |                       |саясатын айқындау         |                 |
|   |                       |Темекі және алкоголь зат. |                 |
|   |                       |тарын алу, сату және      |                 | 
|   |                       |тұтыну жөніндегі мәселе.  |                 |
|   |                       |лерді реттеу              |                 |
|   |                       |Есірткілердің әсіресе     |                 |
|   |                       |жастар арасында тұтынылуы.|                 |
|   |                       |ның алдын алу             |                 | 
|   |                       |"Денсаулық қаласы",       |                 |
|   |                       |"Денсаулық мектебі",      |                 |
|   |                       |"Денсаулыққа жәрдемдесетін|                 | 
|   |                       |ауруханалар"              |                 |
|   |                       |                          |                 |
|2  |Өмірдің бастауынан ден.|"Хауіпсіз аналық" жобасын |Қолданылып жүрген|
|   |саулықты қамтамасыз    |тарату ДДҰ "Балаға        |заңдарға сәйкес  |
|   |ету, босануға дейінгі  |мейірімді ауруханалар     |                 | 
|   |және перинатальдық жәр.|бастамасы бойынша өлшем.  |                 |
|   |демге, педиатриялық    |дерді енгізу Емшектегі    |                 |
|   |қызметтерге қол жеткі. |және балғын жастағы бала. |                 | 
|   |зуді жақсарту          |ларға қатыгез қарауды     |                 |
|   |                       |болдырмау жөніндегі бағ.  |                 |
|   |                       |дарламаларды әзірлеу      |                 |
|   |                       |Бала кездегі ауруларды    |                 |
|   |                       |кешенді емдеудің страте.  |                 | 
|   |                       |гиясын енгізу             |                 |
|   |                       |                          |                 |
|3  |Отбасына, әйелдерге    |"Адамның рұқтық (репро.   |Заңның жобасы    | 
|   |және балаларға қатысты |дуктивтік) құқықтары  және|                 |
|   |заңдарды жетілдіру     |оларды жүзеге асыру       |                 |
|   |                       |кепілдіктері туралы"      |                 |
|   |                       |Қазақстан Республикасының |                 |
|   |                       |заңын әзірлеу             |                 | 
|   |                       |Тірі және өлі туу жөнін.  |Үкіметтің қаулы. |
|   |                       |дегі ДДҰ өлшемдеріне көшу.|лары             |
|   |                       |ге байланысты нормативтік |                 | 
|   |                       |құқықтық актілерді қайта  |                 |
|   |                       |қарау                     |                 |
|   |                       |                          |                 |
|4  |Аймақтарда әйелдердің  |Шығыс Қазақстан, Қараған. | Үкіметке ақпарат|
|   |рұқтық (репродуктивтік)|ды, Оңтүстік Қазақстан,   |                 | 
|   |денсаулығын жақсарту   |Павлодар, Алматы облыста. |                 |
|   |                       |рында және Алматы қ. рұқ. |                 |
|   |                       |тық денсаулықты қорғау    |                 | 
|   |                       |жөніндегі жобаларын іске  |                 |
|   |                       |асыру                     |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Алматы және Шығыс Қазақ.  |Қолданылып жүрген|
|   |                       |стан облыстарында алғашқы |заңдарға сәйкес  | 
|   |                       |медициналық-санитарлық    |                 |
|   |                       |жәрдемді дамыту жөніндегі |                 |
|   |                       |бағдарламаны іске асыру   |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Отбасындық дәрігерлік     |Қолданылып жүрген|
|   |                       |амбулаториялардың торабын |заңдарға сәйкес  |
|   |                       |құру, мамандар даярлау    |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |аймақтық медициналық-эко. |Қолданылып жүрген|
|   |                       |логиялық бағдарламалар    |заңдарға сәйкес  |
|   |                       |әзірлеу                   |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|5  |Жыныс жолымен берілетін|Жыныс жолымен берілетін   |Қолданылып жүрген|
|   |аурулардың деңгейін    |аурулардың алдын алу және |заңдарға сәйкес  |
|   |түсіру                 |бақылау жөніндегі 1999-   |                 |
|   |                       |2000 жылдарға арналған    |                 | 
|   |                       |бағдарламаларды іске асыру|                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|6  |Анемиямен және йод     |Жүкті және бала емізетін  |Қолданылып жүрген|
|   |тапшылығына байланысты |әйелдердің тамақтануын    |заңдарға сәйкес  |
|   |аурулармен аурудың     |жақсарту жөнінде бағдарла.|                 |
|   |деңгейін түсіру        |ма әзірлеу                |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|7  |Фертилдік (бала туатын |Емшек безінің қауіпті     |Қолданылып жүрген|
|   |жастағы әйелдердің     |ісігімен күрес жөніндегі  |заңдарға сәйкес  |
|   |денсаулығын жақсарту   |бағдарламаны енгізу       |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|8  |Денсаулық сақтау қыз.  |Гендерлік проблематика    |Қолданылып жүрген|
|   |меткерлерін, гендерлік |бойынша денсаулық сақтау  |заңдарға сәйкес  |
|   |(әлеуметтік-құқықтық)  |қызметкерлерін оқыту      |                 |
|   |проблематика және вале.|жөнінде бағдарлама әзірлеу|                 | 
|   |ология (салауатты өмір |                          |                 |
|   |салты) бойынша сабақ   |Валеология (салауатты өмір|Қолданылып жүрген|
|   |берушілерді оқыту      |салты) бойынша білім беру |заңдарға сәйкес  | 
|   |                       |бағдарламаларын іске асыру|                 |
|   |                       |                          |                 |
|___|_______________________|__________________________|_________________|     

  таблицаның жалғасы

________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Орындау мерзімі|Қаржыландыру көздері        |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Денбілімспортмин,          |2000-2020 жж. |Республикалық және жергілікті|
|СІМ, облыстардың, Астана   |              |бюджеттердің қаражаты шегін. |
|және Алматы ққ. әкімдері,  |              |де, ДДҰ, халықаралық ұйымдар.|
|Ғылыммин                   |              |дың гранттары мен инвестиция.|
|                           |              |лары                         |
|                           |2000 ж.       |                             |
|                           |              |                             |
|                           |2000 ж.       |                             |
|                           |              |                             |
|                           |2000 ж.       |                             |
|                           |              |                             |
|                           |2000 ж.       |                             |
|                           |              |                             |
|                           |2000 ж.       |                             |
|                           |Әрқашан       |                             |
|                           |              |                             |
|Денбілімспортмин,          |2005 ж.       |ДДҰ, халықаралық ұйымдардың  |
|СІМ, облыстардың, Астана   |              |гранттары мен инвестициялары |
|және Алматы ққ. әкімдері   |              |                             |
|                           |              |                             |
|                           |              |                             |
|Денбілімспортмин,          |2000 ж.       |                             |
|Әділетмин, БҰҰ Халықтары   |              |                             |
|орналастыру қорының        |              |                             |
|Қазақстандағы өкілеттігі   |              |                             |
|(келісім бойынша), қоғамдық|              |                             |
|бірлестіктер (келісім      |              |                             |
|бойынша) Денбілімспортмин, |2000 ж.       |                             |
|қоғамдық бірлестіктер      |              |                             |
|(келісім бойынша)          |              |                             |
|                           |              |                             |
|Облыстардың, Алматы қ.     |1999-2000 жж. |БҰҰ Халықтарды орналастыру   |
|әкімдері, СІМ, Қазақстан   |              |қоры, халықаралық ұйымдардың |
|профилактикалық медицина   |              |гранттары мен инвестициялары |
|академиясы (келісім        |              |                             |
|бойынша), БҰҰ Халықтарды   |              |                             |
|орналастыру қоры (келісім  |              |                             |
|бойынша) Алматы және Шығыс |2000 ж.       |БҰҰ Халықтарды орналастыру   |
|Қазақстан облыстарының     |              |қоры, халықаралық ұйымдардың |
|әкімдері, Денбілімспортмин,|              |гранттары мен инвестициялары |
|БҰҰ Халықтың орналасу қоры |              |                             |
|(келісім бойынша)          |              |                             |
|                           |              |                             |
|Денбілімспортмин,          |2000 ж.       |Жергілікті бюджеттер қаража. |
|Облыстардың, Астана және   |              |тының шегінде                |
|Алматы ққ. әкімдері        |              |                             |
|                           |              |                             |
|Денбілімспортмин,          |2000 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|Табиғатмин, СІМ, Қазақстан |              |бюджеттер қаражатының шегін. |
|профилактикалық медицина   |              |де, халықаралық ұйымдардың   |
|академиясы (келісім бойын. |              |гранттары мен инвестициялары |
|ша), Облыстардың, Астана   |              |                             |
|және Алматы ққ. әкімдері   |              |                             |
|                           |              |                             |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Облыстардың, Астана және   |2000 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|Алматы ққ. әкімдері,       |              |бюджеттер қаражатының шегін. |
|Денбілімспортмин, СІМ      |              |де, халықаралық ұйымдардың   |
|                           |              |гранттары мен инвестициялары |
|                           |              |                             |
|Облыстардың, Астана және   |2000 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|Алматы ққ. әкімдері,       |              |бюджеттер қаражатының шегін. |
|Денбілімспортмин,          |              |де, халықаралық ұйымдардың   |
|Ғылыммин.                  |              |гранттары мен инвестициялары |
|                           |              |                             |
|Денбілімспортмин, Ғылым.   |2000 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|мин, СІМ                   |              |бюджеттер қаражатының шегін. |
|                           |              |де, халықаралық ұйымдардың   |
|                           |              |гранттары мен инвестициялары |
|                           |              |                             |
|Денбілімспортмин, Отбасы   |2005 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|және әйелдер істері жөнін. |              |бюджеттер қаражатының шегін. |
|дегі ұлттық комиссия, СІМ  |              |де, халықаралық ұйымдардың   |
|                           |              |гранттары мен инвестициялары |
|                           |              |                             |
|Денбілімспортмин, СІМ,     |2000 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|облыстардың, Астана және   |              |бюджеттер қаражатының шегін. |
|Алматы ққ. әкімдері        |              |де, халықаралық ұйымдардың   |
|                           |              |гранттары мен инвестициялары |
|                           |              |                             |
|___________________________|______________|_____________________________|

       Г. Әйелдерге қарсы зорлық     
 

        Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның намысына қол сұғуға болмайды. Ешкім де азаптауға, зорлыққа, адамның намысын түсіретін басқа да қатыгездік немесе шабуыл әрекеттеріне ұшырауға тиісті емес. 
      Әркімнің өз ар-ожданын және намысын қорғауға құқығы бар. Қатыгездік пен зорлық-зомбылық салтын насихаттауға жол берілмейді. 
      Соған қарамастан қылмыскерлік деңгейі мен зорлық фактілері жоғары күйінде қалуда. Мәселен, 1997 жылы 97,5 мың қылмыс жасаған адам анықталды, оның ішінде 13,7 мыңы (14%-і) әйелдер. 
      Әйелдерге жасалатын зорлықтың ең көп тараған түрі тұрмыстық (денеге, психологиялық, жыныстық) зорлық. Бұл ретте әйелдерге қатысты зорлық фактілері толық статистикалық деректер жоқ, өйткені, мұндай әрбір оқиға құқық қорғау органдарында ресми түрде тіркеле бермейді. 
      Кейбір сарапшылардың пікірінше, қазақстанда барлық әйелдердің 60%-тен астамы өмірінде бір рет дене тұрғысынан немесе жыныс қатынасынан зорлыққа ұшырайды. Тек 1996 жылы ғана 2026 рет зорлық тіркелген. 1995 жылы 718 адам өлтірілген, яғни өлген адамдардың әрбір төртіншісі әйел болған. 
      Жезөкшелік етек алып келеді, бұл негізінен әйелдерге жасалатын экономикалық зорлық (коммерциялық секс) нысанында көрінуде. 
      Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылғаннан кейін ішкі істер министрлігінде әйелдерге қатысты зорлықтың көріністерімен күрес жүргізу жөнінде арнаулы бөлімше құрылды. 
      Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне әйелдерге қатысты жасалған қылмыс үшін жауаптылықты күшейтуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар дайындалуда. 
      Бұдан кейін жаңа актілерді қабылдау және қолданылып келген нормативтік құқықтық актілердің халықаралық нормаларына оларды сәйкестендіру, зорлықтың құрбаны болғандарға оларды әлеуметтік оңалту жөнінде пәрменді көмек көрсетілуін қамтамасыз ету, зорлыққа тап болған әйелдермен жұмыс істеу үшін мамандарды арнайы даярлауды және оқытуды ұйымдастыру мен басқа да шаралар қарастырылуда.
      Әйелдер, жасөспірімдер мен балалар үшін әлеуметтік бейімдеу, дағдарыс орталықтарын құру көзделіп отыр.     

       Г. бөлімі бойынша іс-қимылдар жоспары. Әйелдерге қарсы зорлық

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.09.  N 95 қаулысымен. 
________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекет       |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Әйелдерге қатысты зор. |Әйелдерге қатысты зорлық  |Сараптама        | 
|   |лық проблемалары жөнінде|мәселелері жөніндегі заң.|актісі           |
|   |қолданылып жүрген заң. |дарға сараптамалық баға   |                 |
|   |дарды халықаралық нор. |беру                      |                 | 
|   |маларға сәйкес келтіру |                          |                 |
|   |                       |Әйелдерге қатысты қылмыс. |Заңның жобасы    |
|   |                       |тық-жаза қолданатын       |                 | 
|   |                       |әрекеттер жасаған адамдар.|                 |
|   |                       |дың жауапкершілігін күшей.|                 |
|   |                       |ту мәселесі жөнінде Қылмыс|                 | 
|   |                       |тық, Қылмыстық-іс жүргізу |                 |
|   |                       |кодекстерінің баптарына   |                 |
|   |                       |өзгерістер мен толықтыру. |                 | 
|   |                       |лар енгізу.               |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |"Тұрмыстық зорлық туралы" |Заңның жобасы    | 
|   |                       |Қазақстан Республикасы    |                 |
|   |                       |заңының жобасын әзірлеу   |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|2  |Әйелдерге қатысты қыл. |Тиісті көрсеткіштердің    |Мемлекеттік ста. |
|   |мыстар жөніндегі ста.  |жүйесін әзірлеу және мем. |тистикалық есеп  |
|   |тистикалық есептерді   |лекеттік статистикалық    |                 | 
|   |халықаралық нормаларға |есептемеге енгізу         |                 |
|   |сәйкес келтіру         |                          |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|3  |Әйелдерге қатысты тұр. |Зорлықтың неғұрлым көп    |Зерттеулер       |
|   |мыстық зорлық туралы   |тараған, неғұрлым жиі     |                 |
|   |неғұрлым толық және    |зорлауға ұшыраған адамдар.|                 |
|   |объективті ақпарат алу |ды, әйелдерге қатысты     |                 |
|   |                       |зорлыққа жол ашатын себеп.|                 | 
|   |                       |тер мен жағдайларды анық. |                 |
|   |                       |тау үшін әйелдерге қатыс. |                 |
|   |                       |ты зорлау фактілеріне     |                 | 
|   |                       |зерттеу жүргізу           |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Ішкі істер министрлігі    |Деректер банкі   |
|   |                       |жанынан зорлықтың нысан.  |                 |
|   |                       |дары, себептері, сипаты,  |                 | 
|   |                       |дәрежесі мен салдары тура.|                 |
|   |                       |лы деректердің ақпараттық |                 |
|   |                       |банкін жасау.             |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Әйелдерге қатысты зорлау  |Үкіметтің        |
|   |                       |проблемаларымен айналыса. |қаулысы          |
|   |                       |тын құқық қорғау және     |                 |
|   |                       |басқа мемлекеттік орган.  |                 | 
|   |                       |дардың, қоғамдық бірлес.  |                 |
|   |                       |тіктердің өзара ақпарат   |                 |
|   |                       |алмасу, әрекет ету тетік. |                 | 
|   |                       |терін әзірлеу             |                 |
|   |                       |                          |                 |
|4  |Зорлық құрбандарына    |Зорлықтың құрбанына айнал.|Әкімдердің шешім.|
|   |көмек көрсетуді және   |ған әйелдер үшін бас сау. |дері, министрлер.|
|   |оларды оңалтуды қамта. |ғалайтын орын берілетін,  |дің бұйрықтары   | 
|   |масыз ету үшін құқық   |телефоны бар "Сенімгер"   |                 |
|   |қорғау органдарымен    |дағдарыстық орталықтарын  |                 |
|   |басқа да мемлекеттік   |ұйымдастыру               |                 | 
|   |органдардың, қоғамдық  |                          |                 |
|   |бірлестіктердің пәрмен.|                          |                 |
|   |ді өзара іс-қимыл теті.|Әйелдерге қатысты зорлық  |Министрдің       |
|   |гін жасау              |фактілері бойынша зорлық. |бұйрығы          |
|   |                       |тың құрбаны болғандардың  |                 | 
|   |                       |өз есебінен сот-медицина. |                 |
|   |                       |лық сараптама жүргізу     |                 |
|   |                       |практикасын тоқтату туралы|                 | 
|   |                       |мәселені шешу             |                 |
|5  |Арнаулы қызметкерлерді,|Оқу құралдарын әзірлеу,   |Оқу құралдары    |
|   |құқық қорғау және ден. |оларды ЖОО-ның, құқық     |және бағдарлама. |
|   |саулық сақтау органда. |қорғау колледждерінің     |лар              |
|   |рының тиісті қызметкер.|оқу бағдарламаларына      |                 | 
|   |лерін зорлыққа ұшыраған|енгізу. Оларды оқу-әдісте.|                 |
|   |әйелдермен жұмыс істеу |мелік материалдармен, кі. |                 |
|   |үшін кешенді түрде да. |тапшалармен, ақпараттық   |                 | 
|   |йындауды және оқытуды  |бюллетендермен ұдайы қам. |                 |
|   |ұйымдастыру            |тамасыз етіп отыру        |                 |
|   |                       |                          |                 |
|6  |Халықтың арасында әйел.|Халықтың қоғамдық санасын.|Жарияланымдар,   |
|   |дерге қатысты зорлық   |дағы әйелдердің дәстүрлі  |теле және радио. | 
|   |мәселелері бойынша     |әлеуметтік мәртебесі жө.  |хабарлары, кон.  |
|   |ақпараттық, білім беру |ніндегі ескі ұғымдарды    |сультациялар     |
|   |және тәрбие жұмыстарын |өзгертуге бағытталған     |                 | 
|   |ұйымдастыру            |жүйелі ақпараттық-насихат.|                 |
|   |                       |тық жұмыс жүргізу         |                 |
|   |                       |  Заңгерлік консультация. |                 |
|   |                       |лар, дағдарыстық орталық. |                 |
|   |                       |тар мен бұқаралық ақпарат |                 | 
|   |                       |құралдарын пайдалана оты. |                 |
|   |                       |рып, әйелдерге қатысты    |                 |
|   |                       |зорлықтың алдын алу мәсе. |                 | 
|   |                       |лелері бойынша кәсіби     |                 |
|   |                       |консультациялар беруді    |                 |
|   |                       |дамыту                    |                
|___|_______________________|__________________________|_________________|     

  таблицаның жалғасы
________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Әділетмин, Бас прокуратура |2007 ж.       |                             |
|(келісім бойынша), ІІМ     |1-тоқсан      |                             |
|                           |              |                             |
|Әділетмин, Бас прокуратура |2000 ж.       |                             |
|(келісім бойынша), ІІМ     |              |                             |
|                           |              |                             |
|ІІМ, Әділетмин, Отбасы және|2000 ж.       |                             |
|әйелдер ісі бойынша ұлттық |              |                             |
|комиссия, БҰҰДБ (келісім   |              |                             |
|бойынша)                   |              |                             |
|                           |              |                             |
|                           |              |                             |
|Статагенттік, ІІМ, Бас     |2000 ж.       |                             |
|Прокуратура (келісім       |              |                             |
|бойынша), Әділетмин        |              |                             |
|                           |              |                             |
|ІІМ, Бас прокуратура       |2000 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|(келісім бойынша), ҰҚК     |              |бюджеттер қаражаты шегінде,  |
|(келісім бойынша), Әділет. |              |БҰҰДБ, Халықтарды орналастыру|
|мин, Отбасы және әйелдер   |              |қоры                         |
|істері жөніндегі ұлттық    |              |                             |
|комиссия, СІМ, БҰҰДБ       |              |                             |
|(келісім бойынша), қоғам.  |              |                             |
|дық бірлестіктер (келісім  |              |                             |
|бойынша)                   |              |                             |
|                           |              |                             |
|ІІМ, Бас прокуратура       |2000 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|(келісім бойынша), ҰҚК     |Тұрақты мони. |бюджеттер қаражаты шегінде,  |
|(келісім бойынша), Әділет. |торингі       |БҰҰДБ                        |
|мин, Отбасы және әйелдер   |              |                             |
|істері жөніндегі ұлттық    |              |                             |
|комиссия, СІМ, қоғамдық    |              |                             |
|ұйымдар (келісім бойынша)  |              |                             |
|                           |              |                             |
|ІІМ, Бас прокуратура       |2000 ж.       |                             |
|(келісім бойынша), ҰҚК     |              |                             |
|(келісім бойынша), Әділет. |              |                             |
|мин, Денбілімспортмин,     |              |                             |
|Отбасы және әйелдер істері |              |                             |
|жөніндегі ұлттық комиссия, |              |                             |
|қоғамдық бірлестіктер (ке. |              |                             |
|лісім бойынша)             |              |                             |
|                           |              |                             |
|Облыстардың, Астана және   |1999 ж.-      |Жергілікті бюджеттер,        |
|Алматы ққ; ІІМ, Еңбекәлеу. |              |халықаралық ұйымдар қаражаты.|
|метмин, Денбілімспортмин,  |Алматы қ.     |ның шегінде                  |
|Әділетмин, СІМ, қоғамдық   |2005 ж.-      |                             |
|бірлестіктер (келісім      |облыс орталық.|                             |
|бойынша)                   |тарында,      |                             |
|                           |2005-2010 жж.-|                             | 
|                           |аудан орталық.|Жергілікті бюджеттер қаражаты|
|Денбілімспортмин,          |тарында       |шегінде                      |
|Әділетмин, ІІМ             |              |                             |
|                           |1999 ж.       |                             |
|                           |              |                             |
|Денбілімспортмин, ІІМ,     |2000 ж.       |Республикалық және жергілік. |
|СІМ, БҰҰДБ (келісім бойын. |              |ті бюджеттер қаражаты шегін. |
|ша), қоғамдық бірлестіктер |              |де, БҰҰДБ, халықаралық       |
|(келісім бойынша)          |              |ұйымдардың гранттары мен     |
|                           |              |инвестициялары               | 
|                           |              |                             |
|Мәдениақпармин, Денбілім.  |Әрқашан       |Республикалық және жергілікті|
|спортмин, Әділетмин, ІІМ,  |              |бюджеттер қаражаты шегінде,  |
|Отбасы және әйелдер істері |              |халықаралық ұйымдардың грант.|
|жөнінде ұлттық комиссия    |              |тары мен инвестициялары      |
|___________________________|______________|_____________________________| 

      Д. Әйелдер мен қарулы жанжалдар     
 

        Қазақстан Республикасы өмірінің негіз боларлық принциптері қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық болып табылады. Конституцияға сәйкес, ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген әрекет Конституцияға жат саналады. 
      Қазақстан ядросыз мемлекеттердің қатарына жатады және көршілес елдермен бейбіт қатар өмір сүру, басқа мемлекеттермен өзара тиімді жағдайларда интеграцияға түсу, келісім актілеріне басымдық беру және басқа мемлекеттердің ісіне араласпау саясатын жүргізіп отыр. 
      Соған қарамастан, басқа мемлекеттердегі қарулы жанжалдардың салдарынан Қазақстанда босқындар проблемасы пайда болды. 
      Босқындардың құқықтық жағдайы, босқындар мәртебесін алудың тәртібі мен ережелері "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы заңымен айқындалған. Соңғысында халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайлардан басқасында, босқындарды елден олардың келген жеріне қайтаруға немесе мәжбүрлі түрде апарып тастауға тыйым салынады. 
      1998 жылдың желтоқсанында Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы Конвенциясына және босқындардың мәртебесіне қатысты 1967 жылғы оған қосымша хаттамаға қосылды. 
      Қазіргі кезде "Босқындар туралы" заңның жобасы әзірленді, ол БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының (БҰҰ БІЖКБ) құқықтық сараптамасынан өткен. 
      Республиканың көші-қон қызметтеріне өздерін босқындар деп тану жөнінде 536 отбасы (1025 адам) өтінім жасады. 161 отбасына (440 адамға) босқындық мәртебесі берілді. 
      Қазақстанға босқындардан басқа репатриант-босқындар (оралмандар) келіп жатыр. Бұлар бір кезде Қазақстаннан саяси, ұлттық, діни және басқа себептер бойынша қудалаудың салдарынан зорлықпен немесе құқыққа жат шаралармен аласталған қазақтар, қазір олар өздерінің тарихи отанына қайтып оралуда. 
      Репатриант босқындар әскери қимылдар болып жатқан аймақтар - Тәжікстан мен Ауғанстаннан келіп жатыр. 1991 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде 3560 отбасы (16,1 мың адам) келді. Репатриант босқындардың жағдайлары өте күрделі. Олардың арасында сауатсыздар көп. Іс жүзінде бәрі дерлік ұлтаралық қатынас тілін (орыс тілін) білмейді. Репатриант босқындардың көпшілік бөлігінің мамандықтары және тіршілік ету мүмкіндіктері жоқ. Әсіресе, әйелдер ауыр жағдайда қалып отыр.
     Репатриант-босқындардың және басқа қоныс аударушылардың проблемаларын шешу үшін Қазақстанда көші-қон процестерін басқару жөнінде өкілеттік берілген - Көші-қон және демография жөніндегі агенттік құрылды.     

       Д. бөлімі бойынша іс-шаралар жоспары. Әйелдер және қарулы жанжалдар
________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекеттер    |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Босқындар проблемалары |Қазақстан Республикасы    |Заңның           | 
|   |бойынша заң жасау база.|"Босқындар туралы" заңы.  |жобасы           |
|   |сын жетілдіру          |ның жобасын әзірлеу       |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|2  |Репатриант босқындарды |Репатриант босқындардың,  |Қолданылып жүрген|
|   |қабылдау және жайласты.|оның ішінде әйелдердің    |заңдарға сәйкес  |
|   |ру                     |жұмыспен қамтылуын қамта. |                 | 
|   |                       |масыз ету                 |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Репатрианттарға және басқа|Қолданылып жүрген|
|   |                       |да қоныс аударушыларға    |заңдарға сәйкес  |
|   |                       |арналған бейімделу орта.  |                 | 
|   |                       |лықтарын құқықтық қамта.  |                 |
|   |                       |масыз ету                 |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|3  |Армиядағы зорлық көрі. |Әскери қызметшілер арасын.|Қолданылып жүрген|
|   |ністерімен күрес       |да зорлықты болдырмау     |заңдарға сәйкес  | 
|   |                       |жөніндегі іс-шаралар      |                 |
|___|_______________________|__________________________|_________________|  

  таблицаның жалғасы

________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|КДА (Көші қон және демогра.|1999 ж.       |                             |
|фия жөніндегі агенттік)    |              |                             |
|                           |              |                             |
|Еңбекәлеуметмин, КДА, ІІМ, |Әрқашан       |Жергілікті бюджеттер, БҰҰ    |
|облыстардың, Астана және   |              |УВКБ, Көші-қон жөніндегі     |
|Алматы ққ. әкімдері,       |1999 ж.       |халықаралық ұйымдар, қаража. |
|"Шағын несие" ҒӨБ          |              |тының шегінде                |
|                           |              |                             |
|Қорғанысмин, Бас прокура.  |Әрқашан       |Республикалық және жергілікті|
|тура, СІМ, ІІМ, қоғамдық   |              |бюджеттер қаражаты шегінде,  |
|бірлестіктер (келісім      |              |халықаралық ұйымдар қаража.  |
|бойынша)                   |              |тының шегінде                |
|___________________________|______________|_____________________________| 

      Е. Әйелдер және экономика     
 

        Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, ережелер мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін. 
      Әркімнің қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына, еңбегі үшін әлдеқандай кемсітушіліксіз сыйақы алуға, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. Әркім еркін кәсіпкерлік қызметке құқылы. 
      Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті жеке иеленуге құқығы бар, оның ішінде мұраға қалдыру құқығына заңмен кепілдік берілген. Соттың шешімі болмайынша ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. 
      Қазақстанның экономикалық белсенді халқы 7,5 миллион адамға жуықтайды. Жұмыс істеушілердің жалпы санында әйелдердің үлес салмағы 46%. 
      Әйелдердің неғұрлым көп бөлігі денсаулық сақтауда, дене шынықтыруда, әлеуметтік қамсыздандыруда - жалпы жұмыс істеушілер санының 82%-і, білім беруде - 77%, қоғамдық тамақтану мен ақпараттық-есептеу қызметінде - 76%, мәдениетте - 70%, саудада - 3%, "қаржы-несие және сақтандыру" саласында - 66% болып отыр. Әйелдер өнеркәсіптің тоқыма, тігін, тамақ және электроника салаларында да көп. 
      Экономиканы қайта құрылымдау жеке меншік секторында, шағын және орта бизнесте, өндірістік емес қызмет көрсету саласында әйелдердің үлесін көтеруге себеп болды. 1997 жылы тұрмыстық қызмет көрсету саласында 11,6 мың (56,5%), шағын бизнесте - 76 мыңға жуық (38%) әйел жұмыс істеді. 
      1998 жылдың аяғында республикада 156,4 мың жұмыссыз әйел ресми түрде тіркелді, мұның өзі жұмыссыздардың 62 %-ін құрайды. 
      Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған әйелдердің арасынан небәрі әрбір 6-шы әйел ғана жұмысқа ие болды. Жұмыс берушілер мұны әйелдердің еңбек рыногында бәсекелестікке қабілетінің төмендігімен түсіндіреді. Жұмыстан босатылғандардың арасында едәуір бөлігін он жылдан астам жұмыс стажы, жоғары және арнаулы орта білімі бар әйелдер құрайды. 
      Жұмыс күшіне деген сұраныстың түсіп кетуіне байланысты 45-тен жасы асқан жоғары және арнаулы орта білімі бар әйелдер өз мамандықтары бойынша жұмыс табу үмітінен айрылған. 
      Жұмыссыздар ретінде танылған әйелдердің жартысына жуығының асырауында жас балалар бар, олардың арасында мүгедек балаларды асырап отырған аналар 5%-ті құрайды. 
      Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы еркектерге қарағанда едәуір жоғары, 6,1 айға жуықтайды. Ұзақ уақыт жұмыссыз жүрген әйелдер жігі пайда болуда. 
      Қазіргі уақытта әйелдер экономиканың тіркелмейтін секторынан жұмысты тезірек тауып жүр. Көптеген әйелдер үшін "шоп-турлар" бірден бір кіріс көзі болып табылады. Мұның өзі отбасылық бюджеттің жартысынан астамын құрайды. 
      Халықтың өзін өзі жұмыспен қамтуы, отбасылық және жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Үкімет Қазақстан Республикасында неғұрлым аз қамтылған азаматтарға шағын несиелер берудің 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруда. 
      Бағдарламаны іске асыру үшін "Шағын несие" үкіметтік емес ұйымы құрылды. Шағын несиенің мөлшері 1 адамға 400 АҚШ долларын құрайды. Шағын несиелерді берген кезде аз қамтылған әйелдерге басымдық беріледі. "Шағын несие" ҒӨБ барлығы жалпы сомасы 510 миллион теңгенің шағын несиесін берді. Алғандардың арасында 63%-і әйелдер. 
      Шағын несиелерді берумен, сондай-ақ аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұлттық қор да айналысады. Ол 3,4 миллион теңге сомасында 8,7 мың шағын несиені таратты.
     Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымдардың қызметімен қатар шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі халықаралық ұйымдардың бағдарламалары іске асырылуда. Олар берген несиелердің үлесі жалпы несиенің 15 %-ін құрайды.
     1998 жылы барлығы 29 мыңға жуық шағын несие берілді, мұның әлі де жеткіліксіз екендігі аян, жұмыспен қамтылмаған халықтың саны сарапшылардың бағалауынша қазір 1 млн. адамнан асады.     

    Е. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер және экономика  
________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекеттер    |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Әйелдердің жер және    |Ауыл шаруашылығы өндірісін|Қолданылып жүрген| 
|   |қаржы ресурстарына тең |және кәсіпкерлікті ұйым.  |заңдарға сәйкес  |
|   |жағдайда қол жеткізуін |дастыру үшін жер үлестерін|                 |
|   |тездету                |табиғи қалпында жекешелен.|                 | 
|   |                       |діру, жер учаскелерін     |                 |
|   |                       |сатып алу мәселелерінде   |                 |
|   |                       |әйелдерге жәрдемдесу      |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Қазақстан Республикасының |Бағдарлама       |
|   |                       |тоқыма және тігін өнеркә. |                 | 
|   |                       |сібі шағын және орта кә.  |                 |
|   |                       |сіпорындарын жекешелендір.|                 |
|   |                       |геннен кейінгі қолдау бағ.|                 | 
|   |                       |дарламасын әзірлеу және   |                 |
|   |                       |іске асыру                |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |Қазақстан Республикасында |Бағдарлама       |
|   |                       |1999-2000 жж. арналған    |                 |
|   |                       |шағын кәсіпкерлікті дамы. |                 | 
|   |                       |тудың және қолдаудың мем. |                 |
|   |                       |лекеттік бағдарламасы     |                 |
|   |                       |шеңберінде әйел кәсіпкер. |                 | 
|   |                       |лігін дамыту бағдарламасын|                 |
|   |                       |әзірлеу                   |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |Шағын несиелендірудің     |Үкіметтің        |
|   |                       |тетігін оңайлату          |қаулысы          |
|   |                       |                          |                 |
|2  |Әйелдердің экономика.  |Халықты жұмыспен қамту    |Қолданылып жүрген|
|   |лық, оның ішінде еңбек |бағдарламасын әзірлеу     |заңдарға сәйкес  | 
|   |құқықтарын қорғау      |                          |                 |
|   |                       |Жұмыссыздар үшін ақы төле.|Қолданылып жүрген|
|   |                       |нетін қоғамдық жұмыстарды |заңдарға сәйкес  | 
|   |                       |ұйымдастыру               |                 |
|   |                       |                          |                 |
|3  |Әйелдер мен олардың    |Аз қамтылған әйелдер мен  |Несиелер,        |
|   |отбасыларының кәсіпкер.|олардың отбасыларына шағын|гранттар         |
|   |лік қызметте өздерін-  |несиелерді бөлу           |                 | 
|   |өздері қамдауы         |                          |                 |
|   |                       |Қазақстанда шағын бизнесті|Қаржылық және    |
|   |                       |дамыту, олардың филиалда. |техникалық жәр.  | 
|   |                       |рын ашу үшін Халықаралық  |демдесу бағдар.  |
|   |                       |әйелдер банкінен және     |ламасы (жобасы)  |
|   |                       |басқа да халықаралық ұйым.|                 |
|   |                       |дардан қаржылық және      |                 |
|   |                       |техникалық көмектер алуға |                 | 
|   |                       |жәрдемдесу                |                 |
|___|_______________________|__________________________|_________________|      

   таблицаның жалғасы
________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Ауылшармин, Облыстардың,   |Әрқашан       |                             |
|Астана және Алматы ққ.     |              |                             |
|әкімдері                   |              |                             |
|                           |              |                             |
|Энергоиндуссаудамин, СІМ,  |2000 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|"Шағын несие" ҒӨБ          |              |бюджеттер қаражаты шегінде,  |
|(келісім бойынша)          |              |БҰҰДБ (келісім бойынша),     |
|                           |              |халықаралық ұйымдардың       |
|                           |              |гранттары мен инвестициялары |
|                           |              |                             |
|Бизнесагенттік, СІМ, "Шағын|1999 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|несие" ҒӨБ                 |              |бюджеттер қаражаты шегінде,  |
|(келісім бойынша)          |              |халықаралық әйелдер банкі    |
|                           |              |(келісім бойынша), БҰҰДБ     |
|                           |              |(келісім бойынша), халық.    |
|                           |              |аралық ұйымдардың гранттары  |
|                           |              |мен инвестициялары           |
|                           |              |                             |
|"Шағын несие" ҒӨБ          |1999ж.        |                             |
|(келісім бойынша)          |              |                             |
|                           |              |                             |
|Еңбекәлеуметмин, Облыстар. |Әрқашан       |Жергілікті бюджеттер қаражаты|
|дың, Астана және Алматы ққ.|              |шегінде                      |
|әкімдері                   |              |                             |
|                           |              |                             |
|Еңбекәлеуметмин, Облыстар. |Әрқашан       |Жергілікті бюджеттер қаражаты|
|дың, Астана және Алматы ққ.|              |шегінде                      |
|әкімдері                   |              |                             |
|                           |              |                             |
|"Шағын несие" ҒӨБ          |Әрқашан       |Шағын бизнесті қолдау қоры,  |
|(келісім бойынша),         |              |аз қамтылған азаматтарды     |
|аз қамтылған азаматтарды   |              |қолдау жөніндегі жалпыұлттық |
|қолдау жөніндегі жалпыұлт. |              |қор, Еуропалық Қайта жаңарту |
|тық қор (келісім бойынша), |              |және Даму Банкі              |
|отбасылары мен әйелдер     |              |                             |
|істері жөніндегі ұлттық    |              |                             |
|комиссия, СІМ              |              |                             |
|                           |              |                             |
|Отбасылар және әйелдер     |Әрқашан       |Халықаралық гранттар мен     |
|істері жөніндегі ұлттық    |              |инвестициялар                |
|комиссия, СІМ, "Шағын      |              |                             |
|несие" ҒӨБ (келісім        |              |                             |
|бойынша)                   |              |                             |
|___________________________|______________|_____________________________|
 

        Ж.  Әйелдер өкімет құрылымдарында     
 

        Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтар жынысына қарамастан, мемлекеттік істерді басқаруға тікелей және өздерінің өкілдіктері арқылы қатысуға құқылы деп жазылған. 
      Еркектер мен әйелдерге мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға тең құқықтар берілген. Заңдарда әйелдер үшін мемлекеттік қызметке қол жеткізуіне ешқандай шектеулер жоқ. 
      Сайлау заңдарында да Президентке, Парламенттің, мәслихаттардың және жергілікті өзін өзі басқару органдарының депутаттарына кандидаттарды ұсынған кезде барлық азаматтардың теңдігі көзделген. 
      Іс жүзінде дәлелденіп отырғанындай, саясатпен айналысатын және жоғары және жергілікті заң шығарушы және атқарушы өкімет органдарында, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерде басшылық лауазымдарда істейтін әйелдер саяси басымдықтарды қайта қарауға өз үлестерін қосып отыр, перспективалық және ағымдағы мемлекеттік жоспарларға өзіндік ерекшелігі бар әйел проблемаларын көрсететін мәселелерді енгізуге қол жеткізуде. 
      Соңғы 2-3 жылда басшылық лауазымдардағы әйелдердің өкілдігі ұлғайды, Парламентте 114 депутаттың - 15-і әйелдер, олардың ішінде 3 әйел - негізгі тұрақты комитеттер - Сенаттың Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі, Сенат пен Мәжілістің Заң және сот-құқық реформасы жөніндегі комитеттерінің төрағалары. 
      Үкіметке әйелдер мынадай тұрғыда көрінеді: 2 министр, 4 мемлекеттік комитет пен агенттіктің басшылары, 10 вице-министр, комитеттер мен агенттіктер төрағаларының орынбасары. 
      5 әйел облыс әкімдерінің орынбасары, 2 әйел елші болып табылады. Қазақстан Республикасының Ғылым академиясын әйел басқарады. 74,5 мың қызметші әйел экономиканың әртүрлі салаларында басшы лауазымдар атқарады. 
      Қазіргі кезде елде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 13 Өкімін іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметке кіруге ықылас білдірген азаматтарды құжаттар конкурсынан өткізу және сынақтау жолымен конкурстық іріктеу жүргізілуде. 
      Өткізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген азаматтардың құжаттарын конкурстық реттеудің нәтижесі бойынша мемлекеттік органдар мәлімдеген 61 орынға 229 қатысушы жіберілді, олардың ішінде 115-і әйелдер болды. 
      Кәсіподақтарда, елдің қоғамдық және саяси өмірінің проблемаларымен айналысатын қоғамдық бірлестіктерде басшы лауазымдағы әйелдердің саны едәуір көбейді.
     Соған қарамастан саяси шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесі әзірше еркектердің құзыры (прерогатива) болып қалуда. Қызметкерлерінің басым көпшілігін әйелдер құрап отырғанына қарамастан, білім беру, өнер, мәдениет, бұқаралық ақпарат сияқты салалардағы басшы лауазымдарда олар аз.  

    Ж.бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер өкімет құрылымдарында   
________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекет       |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Әйелдердің өкімет құры.|Мемлекеттік қызметтегі бос|Қазақстан        | 
|   |лымына тең жағдайда    |лауазымдарға орналастыруда|Республикасы     |
|   |жетуін қамтамасыз ету, |конкурстық іріктеуге қаты.|Үкіметінің       |
|   |олардың шешімдерді қа. |су үшін әйелдердің әлеуе. |қаулысы          | 
|   |былдау деңгейіне дейін |тін арттыру жөнінде пәр.  |                 |
|   |ілгерілеуі үшін жағдай.|менді шаралар қабылдау    |                 |
|   |лар жасау              |                          |                 | 
|   |                       |Әйелдердің уәкілетті және |Зерттеулер,      |
|   |                       |атқарушы өкімет органдары.|Үкіметке ақпарат |
|   |                       |на, саяси партияларға қа. |                 | 
|   |                       |тысуы үшін квота туралы   |                 |
|   |                       |зерттеулер жүргізу.       |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |Әйелдердің жоғары және    |Баяндама         |
|   |                       |жергілікті заң шығарушы   |                 |
|   |                       |және атқарушы өкімет ор.  |                 | 
|   |                       |гандарына қатысуы туралы  |                 |
|   |                       |жыл сайын Қазақстан Рес.  |                 |
|   |                       |публикасының Президентіне |                 | 
|   |                       |баяндама дайындау         |                 |
|   |                       |                          |                 |
|2  |Қоғамның саяси, эконо. |Саяси  науқандар өткізу,  |Семинарлар, білім| 
|   |микалық және әлеуметтік|жария сөз сөйлеу дағды.   | беру бағдарлама.|
|   |өміріне қатысуы үшін   |ларына, т.б. сайлаушы     | лары            |
|   |әйелдердің мүмкіндікте.|әйелдер мен депутаттыққа  |                 | 
|   |рі мен олардың әлеуетін|кандидат әйелдерді жаппай |                 |
|   |арттыру                |үйрету жөнінде семинарлар |                 |
|   |                       |өткізу және білім беру    |                 |
|   |                       |бағдарламаларын іске асыру|                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |Депутаттыққа кандидат     |Штабтар, парла.  |
|   |                       |әйелдерді қолдау жөнінде  |менттік топтар,  |
|   |                       |штабтар, парламенттік топ.|қоғамдық бірлес. | 
|   |                       |тар мен қоғамдық бірлес.  |тіктер           |
|   |                       |тіктер құруды ынталандыру |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Саясаткер әйелдер үшін кі.|Кітаптар, брошю. |
|   |                       |таптар, брошюралар, оқу   |ралар, оқу       | 
|   |                       |құралдарын, сондай-ақ     |құралдары        |
|   |                       |жетекші-әйелдер туралы    |                 |
|   |                       |анықтамалар басып шығаруды|                 | 
|   |                       |ұйымдастыру               |                 |
|   |                       |                          |                 |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
 

     таблицаның жалғасы

________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|МҚА (келісім бойынша),     |Әрқашан       |                             |
|Отбасы және әйелдер істері |              |                             |
|жөніндегі ұлттық комиссия  |              |                             |
|                           |              |                             |
|Отбасы және әйелдер істері |2000 ж.       |Халықаралық ұйымдардың грант.|
|жөніндегі ұлттық комиссия, |              |тары мен инвестициялары      |
|СІМ, БҰҰДБ (келісім бойын. |              |                             |
|ша), қоғамдық бірлестіктер |              |                             |
|(келісім бойынша)          |              |                             |
|                           |              |                             |
|МҚА (келісім бойынша),     |Жыл сайын     |                             |
|Отбасы және әйелдер        |              |                             |
|істері жөніндегі ұлттық    |              |                             |
|комиссия                   |              |                             |
|                           |              |                             |
|Мәдениетақпармин,          |Жыл сайын     |Бөлінген бюджеттік қаражат   |
|Отбасылары және әйелдер    |              |шегінде, халықаралық ұйымдар.|
|істері жөніндегі ұлттық    |              |дың гранттары мен инвестиция.|
|комиссия, қоғамдық бірлес. |              |лары                         |
|тіктер (келісім бойынша)   |              |                             |
|                           |              |                             |
|Парламент (келісім бойын.  |Әрқашан       |                             |
|ша), Отбасы және әйелдер   |              |                             |
|істері жөніндегі ұлттық    |              |                             |
|комиссия                   |              |                             |
|                           |              |                             |
|Мәдениетақпармин, СІМ,     |Әрқашан       |Республикалық және жергілікті|
|қоғамдық бірлестіктер      |              |бюджеттер қаражаты шегінде,  |
|(келісім бойынша)          |              |халықаралық ұйымдардың       |
|                           |              |гранттары мен инвестициялары |
|                           |              |                             |
|___________________________|______________|_____________________________| 

      З. Әйелдерді ілгерілетудің ұстындық (институционалдық) тетіктері     
 

        Отбасының мүдделерін қорғау, елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне әйелдердің атсалысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Отбасы, әйелдер және демография саясатының проблемалары жөніндегі кеңес жұмыс істеп келген болатын. 
      Ұлттық комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының министрі болып табылады. Ұлттық комиссияның құрамына мемлекеттік қайраткерлер, ғылыми және мәдени жұртшылықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, барлығы 28 адам кірді. Мұндай комиссиялар облыстар, Астана және Алматы ққ. әкімдерінің жанында да құрылды. Оларды әкімдердің орынбасарлары басқарады. 
      Ұлттық комиссияға, "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясы мақсатындағы аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды айқындау және ұсынымдар әзірлеу, отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың тұғырнамасы мен баяндамасын әзірлеуге қатысу, осы салаға қатысты заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау және қарау, және т.б. міндеттер жүктеледі. 
      Ұлттық комиссия қызметінің басымдығы ретінде әйелдердің саясатқа, өкімет органдарына, экономикаға араласуы, оларды жұмыспен қамту, отбасы проблемалары және зорлықтан қорғау белгіленген. 
      Осы басымдықтарды атқару үшін халықаралық ұйымдардың бірлесіп, әйелдердің мәслихаттар мен Қазақстан Республикасының Парламенті сайлауларына белсенді қатысуы үшін сайлау технологияларын зерделеу жөнінде бірқатар семинарлар өткізді. 
      БҰҰДБ-мен бірлесіп гендерлік статистика жөнінде аймақтық семинар өткізілді. Статистика жөніндегі агенттіктің жоспарларында оларды таяу уақытта енгізу көзделіп отыр.
     Қолданылып жүрген заңдарға гендерлік сараптама жасалуда. БҰҰ, ЕҚЫҰ қатысуымен тең құқықтар мен мүмкіндіктер туралы заңның жобасы әзірленіп жатыр.     

    З. бөлімі іс-шаралардың жоспары. Әйелдерді ілгерілетудің ұстындық
   (институционалдық) тетіктері
________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекеттер    |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Отбасы және әйелдер    |Депутаттардың заң шығару. |Заңның жобасы    | 
|   |проблемалары жөніндегі |шылық бастамасы, тең құ.  |                 |
|   |заңдарды жетілдіру     |қықтар мен мүмкіндіктер   |                 |
|   |                       |туралы заңды әзірлеу      |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|2  |Елдің әлеуметтік-эконо.|Экономикалық және әлеу.   |                 |
|   |микалық саясатына ген. |меттік бағдарламаларды    |                 | 
|   |дерлік (әлеуметтік-    |әзірлеген кезде гендерлік |Гендерлік инди.  |
|   |құқықтық) көзқарасты   |индикаторларды пайдалану  |каторларды пайда.|
|   |енгізу                 |                          |лану             | 
|   |                       |Мемлекеттік статистикалық |                 |
|   |                       |органдарда гендерлік      |Төрағаның        |
|   |                       |статистика жөніндегі      |бұйрығы          | 
|   |                       |арнаулы құрылым жасау     |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |"Қазақстандағы әйелдер мен|Анықтамалық      | 
|   |                       |ерлер" анықтамалығын      |                 |
|   |                       |дайындау                  |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|3  |Әйелдерді ілгерілету   |Қазақстан Республикасы    |Парламент        |
|   |саласындағы ұлттық     |Парламентінің Мәжілісінде |Мәжілісінің      |
|   |тетіктерді нығайту     |Отбасы және әйелдер істері|қаулысы          | 
|   |                       |жөнінде комитет құру      |                 |
|   |                       |                          |                 |
|4  |Әйелдер мен балаларға  |Депутаттардың заң шығару. |Заңның жобасы    | 
|   |қайырымдылық көмек бе. |шылық бастамасы, "Қайырым.|                 |
|   |руде қоғамдық бірлес.  |дылық қызметі және қайы.  |                 |
|   |тіктерге және басқа ме.|ырымдылық ұйымдары туралы"|                 |
|   |кемелерге жәрдемдесу   |заңның жобасын әзірлеу    |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|5  |Қоғамдық бірлестіктер. |Қоғамдық бірлестіктерді   |Заңның жобасы    |
|   |қызметіне жәрдем       |тіркеудің рәсімдерін      |                 |
|   |беру                   |оңайлату                  |                 | 
|___|_______________________|__________________________|_________________| 

   таблицаның жалғасы
________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Парламент, Отбасы және     |2000 ж.       |                             |
|әйелдер істері жөніндегі   |              |                             |
|ұлттық комиссия            |              |                             |
|                           |              |                             |
|СЖ және РА (келісім бойын. |Әрқашан       |Республикалық және жергілікті|
|ша), Статагенттік, министр.|              |бюджеттер қаражаты шегінде   |
|ліктер мен ведомстволар    |              |                             |
|                           |              |                             |
|Статистика жөніндегі агент.|1999 ж.       |                             |
|тік                        |              |                             |
|                           |              |                             |
|Статагенттік, Отбасы және  |Жыл сайын     |                             |
|әйелдер істері жөніндегі   |              |                             |
|ұлттық комиссия            |              |                             |
|                           |              |                             |
|Парламенттің Мәжілісі      |1999 ж.       |                             |
|(келісім бойынша)          |              |                             |
|                           |              |                             |
|Парламент (келісім         |2000 ж.       |                             |
|бойынша)                   |              |                             |
|                           |              |                             |
|Әділетмин, Отбасы және     |2000 ж.       |                             |
|әйелдер істері жөніндегі   |              |                             |
|ұлттық комиссия, қоғамдық  |              |                             |
|бірлестіктер (келісім      |              |                             |
|бойынша)                   |              |                             |
|___________________________|______________|_____________________________| 

     И. Әйел құқығы - адам құқығы     
 

        Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның құқықтары әркімге туғанынан тиесілі, таласы жоқ және шеттетуге болмайды деп саналады. Ешкім шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүлік жағдайлары, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге деген көзқарасы, нанымдары, тұрған жері бойынша немесе кез келген өзгеше жағдаяттар бойынша әлдеқандай кемсітушілікке ұшырауға тиісті емес. 
      Бұл құқықтардың жүзеге асырылуы білім алуда және кәсіби даярлықта, қоғамдық-саяси және мәдени қызметте әйелдерге еркектермен тең мүмкіндіктер берілуімен, сондай-ақ әйелдердің еңбегі мен денсаулығын қорғау жөніндегі арнаулы шаралармен; еңбекті ана болумен қатар атқаруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасаумен, құқықтық қорғаумен, отбасын және әке болуды, ана мен баланы материалдық және моральдық қорғаумен қамтамасыз етіледі. 
      Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы  Z980321_ Заңы еркектер мен әйелдердің некелік одағының еріктілік принципін, отбасында жұбайлардың теңдігін бекітеді. 
      Жұбайлар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттілікте болады. Некедегі кезінде жұбайлар жинаған мүлік олардың ортақ игілігі болып табылады. Әйелдің балалар үшін олар 16 (18) жасқа жеткенге дейін алимент (асырау пұлы) алуға құқығы бар және т.б. 
      Қазақстанда әйелдердің еңбекке, оның ақысын алуға, демалуға және әлеуметтік қамтамасыз етілуге тең құқығы бар. 
      Әйелдердің еңбегіне Қазақстан КСР-ның Еңбек туралы заңдар кодексінің арнайы тарауы арналған. Онда жұмысқа қабылдаған кезде кепілдіктер беру және жүкті әйелдерді және балалары бар әйелдерді жұмыстан босатуға тыйым салу, үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беру; әйелдердің сондай-ақ жерасты жұмыстарында пайдалануға тыйым салу және т.б. көзделген. 
      Жұмыссыздық, жалпы тіршілік деңгейінің төмендеуі жағдайларында әйелдердің бір бөлігі бұл құқықтар мен шектеулерді кемсітушілік ретінде қабылдап отыр, өйткені бұл олардың еңбекке жайғасуына бөгет жасауы мүмкін. 
      Қолданылып жүрген заңдарда әйелдердің құқығын қорғаудың қылмыстық-құқықтық шаралары бекітілген. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі қылмыстық кодексіне алғаш рет "Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс" деген жаңа тарау енгізілді. 
      Балаларды немесе еңбекке қабілетсіз ата-аналарды күтуге, еңбекке қабілетсіз зайыбын (ерін) күтуге, балаларының өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, т.б. жөніндегі міндеттерін тиісті дәрежеде атқаруға қаражат бөлуден әдейі бас тартушылар үшін жауаптылық қарастырылған. 
      Қылмыстық кодексте әйелдерге қатысты жаза қолдануда шек қойылған. Жүкті әйелдерге, сегіз жасқа жетпеген балалары бар, сондай-ақ елу жасқа жеткен әйелдерге бас бостандығын шектеу қолданылмайды. Жүкті, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қамауға алу қолданылмайды. Әйелдерге өмірлік бас бостандығынан айыру да белгіленбейді. 
      1998 жылғы 29 маусымда Қазақстан Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылды. 1995 жылғы 26 мамырда ТМД шеңберінде Қазақстан Республикасы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы конвенцияға қосылды, онда әйелдерге қатысты өлім жазасын қолданбау туралы нысан бекітілген. Адам құқықтары бойынша Қазақстан 20-дан астам халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылған. 
      Бұдан әрі әйелдердің саяси құқықтары туралы, аналарды қорғау, күйеуі бар әйелдердің азаматтығы туралы, некеге отыруға келісім беру, некелік жас және некені тіркеу және отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты және басқа конвенцияларға Қазақстанның қосылуы туралы мәселені қарау көзделіп отыр. 
      Алайда, Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған азамат құқықтарының көпшілігі нақты мемлекеттік кепілдіктермен, ең алдымен соттың қорғауымен, олардың бұзылғандығы үшін жауаптылықпен бекітілмеген. Әйелдерге қарсы зорлық фактілері, еңбек қатынастарындағы, қызметі бойынша жылжудағы және т.б. теңсіздік көріністері қоғамның қатты алаңдаушылығын туғызып отыр. 
     Қалыптасқан ахуалды өзгерту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 1997 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсартудың мемлекеттік саясаты конвенциясын мақұлдады. Ол әйелдерге қатысты мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен басым бағыттарын айқындайды.     

      И. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйел құқығы - адам құқығы
________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекеттер    |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Әйелдердің құқығын іс  |Гендерлік теңдіктің:      |                 | 
|   |жүзінде қамтамасыз ету.|қолданылып жүрген заңдар. |                 |
|   |ге қол жеткізу         |дың гендерлік сараптамасы;|                 |
|   |                       |жаңа нормативтік құқықтық |Гендерлік        | 
|   |                       |актілерді әзірлеген кезде |сараптама        |
|   |                       |халықтың гендерлік айыр.  |                 |
|   |                       |машылықтарын есепке алу   |                 | 
|   |                       |жөніндегі конституциялық  |                 |
|   |                       |принциптерге сәйкес заң.  |                 |
|   |                       |дарды жетілдіру           |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Отбасы, әйелдер мен бала. |Қолданылып жүрген|
|   |                       |лар мәселелері бойынша БҰҰ|заңдарға сәйкес  | 
|   |                       |конвенцияларына және басқа|                 |
|   |                       |халықаралық конвенцияларға|                 |
|   |                       |қосылу Күйеудегі әйелдер. |                 | 
|   |                       |дің азаматтығы туралы кон.|                 |
|   |                       |венция                    |                 |
|   |                       |Әйелдердің саяси құқықтары|                 | 
|   |                       |туралы конвенция          |                 |
|   |                       |Әйелдерге қатысты зорлау. |                 |
|   |                       |дың тамырын жою туралы    |                 | 
|   |                       |декларация                |                 |
|   |                       |                          |                 |
|2  |Қоғамда және отбасында |Қылмыстық және Қылмыстық  |Заңның жобасы    | 
|   |әйелдер мен ерлер үшін |іс жүргізу кодекстерін    |                 |
|   |жыныс белгісі бойынша  |Қазақстан Республикасының |                 |
|   |кемсітушілікті жою, тең|Конституциясымен, әйелдер.|                 |
|   |құқықтарға қол жеткізу |ге қатысты кемсітушіліктің|                 |
|   |                       |барлық нысандарын жою     |                 | 
|   |                       |туралы конвенциямен және  |                 |
|   |                       |әйелдерге қатысты зорлық. |                 |
|   |                       |тың тамырын жою туралы    |                 |
|   |                       |декларациямен сәйкестікке |                 | 
|   |                       |келтіру                   |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|3  |Халықтың гендерлік     |Бұқаралық ақпарат құрал.  |Жарияланымдар,   | 
|   |проблемалар саласындағы|дарында әйелдердің құқығы |теле-және радио. |
|   |құқықтық сауаттылығына |саласындағы халықаралық   |хабарлар         |
|   |қол жеткізу            |құжаттар мен Қазақстан    |                 |
|   |                       |Республикасының заңдарын  |                 |
|   |                       |ұдайы жариялап отыру      |                 | 
|___|_______________________|__________________________|_________________| 

  таблицаның жалғасы

________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Әділетмин, Бас прокуратура |2000 ж. және  |Халықаралық ұйымдардың       |
|(келісім бойынша), ІІМ,    |әрі қарай     |гранттары мен инвестициялары |
|Еңбекәлеуметмин, Денбілім. |              |                             |
|спортмин, Отбасы және      |              |                             |
|әйелдер істері жөніндегі   |              |                             |
|ұлттық комиссия, СІМ,      |              |                             |
|қоғамдық бірлестіктер      |              |                             |
|(келісім бойынша)          |              |                             |
|                           |              |                             |
|СІМ, Отбасы және әйелдер   |              |                             |
|істері жөніндегі ұлттық    |              |                             |
|комиссия, министрліктер    |              |                             |
|мен ведомстволар           |              |                             |
|                           |              |                             |
|Әділетмин, Бас прокуратура |2000 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|(келісім бойынша), ІІМ,    |              |бюджеттер қаражатының        |
|Отбасы және әйелдер істері |              |шегінде                      |
|жөніндегі ұлттық комиссия, |              |                             |
|қоғамдық бірлестіктер      |              |                             |
|(келісім бойынша)          |              |                             |
|                           |              |                             |
|___________________________|______________|_____________________________|
|                           |              |                             |
|Мәдениетақпармин, Отбасы   |Әрқашан       |Республикалық және жергілікті|
|және әйелдер істері жөнінде.|              |бюджеттер қаражатының       |
|гі ұлттық комиссия,        |              |шегінде                      |
|қоғамдық бірлестіктер      |              |                             |
|(келісім бойынша)          |              |                             |
|                           |              |                             |
|                           |              |                             |
|___________________________|______________|_____________________________| 

       К. Әйелдер мен бұқаралық ақпарат құралдары     

      Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында әйелдерге қатысты көптеген бағдарламалар пайда болды. Соған қарамастан, ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруды талап ететін бірқатар проблемалар бар. 
      Гендерлік проблематикаға лайықты көңіл бөлінбей келеді. 
      Әйелдерге қатысты зорлықтың көріністері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы адамгершіліктік намысты түсіретін баспалық және көрсетпелік өнімдік әйелдердің әлеуметтік мәртебесіне, әйелдің, әсіресе өскелең ұрпақтың лайықты бейнесін қалыптастыруға кері әсерін тигізеді. 
      Бұқаралық ақпарат құралдары әйелдің байыпты бейнесін қалыптастыруға, оны жасампаз тұлға, елдің дамуындағы қоғамдық процестің белсенді құрылысшысы ретінде көрсетуі тиіс.
     Дәйекті ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін мынадай стратегиялық мақсаттар мен басымдықтар:
     әйелдердің өз мүдделерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білдіруіне және жаңа коммуникациялық технологияларға кең жол ашу;
     әйелдерді бұқаралық ақпарат құралдарында объективті және жаттандылықсыз бейнелеу іске асырылатын болады.     

      К. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер және бұқаралық
       ақпарат құралдары 

________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекеттер    |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Қазақстан Республика.  |Тұрақты жарияланымдар,    |Жарияланымдар,   | 
|   |сында әйелдердің жағ.  |ақпараттық және тақырып.  |теле-радиохабар. |
|   |дайын жақсарту жөнін.  |тық радио-телехабарлардың |лар              |
|   |дегі іс-қимылдардың    |бағдарламалары            |                 | 
|   |ұлттық жоспарын іске   |                          |                 |
|   |асыру мәселелерін БАҚ- |                          |                 |
|   |да жоспарлы және мақ.  |                          |                 | 
|   |сатты түрде жариялап   |                          |                 |
|   |тұру                   |                          |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|2  |Әйелдердің құқықтық    |"Дөңгелек столдар", оқу   |Дөңгелек столдар,|
|   |сауаттылығын дамыту    |семинарларын, тренингтер  |семинарлар,      |
|   |                       |өткізу.                   |БАҚ-дағы айдарлар| 
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Басылатын БАҚ-да арнайы   |                 |
|   |                       |"Әйел және құқық" айдарын |                 | 
|   |                       |жасау                     |                 |
|   |                       |                          |                 |
|3  |Елдің қоғамдық-саяси   |"Саясат келбеті" теле.    |Телехабарлар     | 
|   |өміріне әйелдердің бел.|хабарларын дайындау және  |                 |
|   |сенді қатысуын насихат.|жүргізу                   |                 |
|   |тау                    |                          |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|4  |Әйелдің қоғамдағы      |Мемлекеттік емес бұқаралық|Ұсынымдар        |
|   |рөлі туралы оңды мәлі. |ақпарат құралдары үшін    |                 | 
|   |меттермен фактілерді   |гендерлік проблемаларды   |                 |
|   |кеңінен көрсету        |насихаттау жөнінде ұсыным.|                 |
|   |                       |дар жасау                 |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Әйелдердің адамгершілік   |Қолданылып жүрген| 
|   |                       |намысын түсіретіндей бей. |заңдарға сәйкес  |
|   |                       |нелердің көрсетілуін      |                 |
|   |                       |болдырмау жөнінде шаралар |                 | 
|   |                       |қолдану                   |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Бұқаралық ақпарат құралда.|Жарияланымдар,   |
|   |                       |ры арқылы гендерлік тепе- |теле- және радио.|
|   |                       |теңдік принциптерін тарату|хабарлар         |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |БАҚ арасында қоғамдағы    |Конкурстар және  |
|   |                       |әйелдерді дұрыс бейнелеу. |пікірталастар    |
|   |                       |дің республикалық конкурс.|                 |
|   |                       |тары мен пікірталастарын  |                 | 
|   |                       |жүргізу                   |                 | 
|   |                       |"Қазіргі қоғамдағы әйел.  |Конференция      |
|   |                       |дердің жағдайы: құқықтық, |                 |
|   |                       |әлеуметтік, мәдени және   |                 |
|   |                       |білім беру салалары" атты |                 |
|   |                       |халықаралық ғылыми-практи.|                 |
|   |                       |калық конференция өткізу  |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Әйел сексуалдылығын пай.  |Ұсыныстар        | 
|   |                       |далануды және әйелдердің  |                 | 
|   |                       |азаматтық құқықтарын бұзу.|                 |
|   |                       |ды болдырмайтын Қазақстан |                 |
|   |                       |Республикасының "Жарнама  |                 |
|   |                       |туралы" заңының жобасына  |                 |
|   |                       |ұсыныстар дайындау        |                 |
|___|_______________________|__________________________|_________________| 

  таблицаның жалғасы
________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Мәдениетақпармин, Отбасы   |Әрқашан       |Республикалық және жергілікті|
|және әйелдер істері жөнін. |              |бюджеттер қаражаты шегінде   |
|дегі ұлттық комиссия       |              |                             |
|                           |              |                             |
|Мәдениетақпаратмин,        |Әрқашан       |Республикалық және жергілікті|
|Әділетмин, Отбасы және     |              |бюджеттер қаражаты шегінде   |
|әйелдер істері жөніндегі   |              |                             |
|ұлттық комиссия, қоғамдық  |              |                             |
|бірлестіктер (келісім      |              |                             |
|бойынша)                   |              |                             |
|                           |1999 ж.       |                             |
|Мәдениетақпармин           |Айына екі рет |Республикалық және жергілікті|
|                           |              |бюджеттер қаражаты шегінде   |
|                           |              |                             |
|Мәдениетақпаратмин, Отбасы |1999 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|және әйелдер істері жөнін. |              |бюджеттер қаражаты шегінде,  |
|дегі ұлттық комиссия,      |              |халықаралық ұйымдардың       |
|Әділетмин, СІМ, ҒӨБ        |              |гранттары мен инвестициялары |
|(келісім бойынша)          |              |                             |
|                           |1999 ж.       |                             |
|                           |              |                             |
|                           |Әрқашан       |                             |
|                           |Әрқашан       |                             |
|                           |1999 ж.       |                             | 
|                           |2000 ж.       |                             | 
|___________________________|______________|_____________________________| 

      Л. Әйелдер және қоршаған орта     
 

        Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет қоршаған ортаны қорғауды, әйелдер мен адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдай жасауды өзінің мақсаты етіп қойып отыр. 
      Қоршаған ортаны қорғауды заңды түрде реттеу мақсатымен республикада "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы туралы", "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы", "Еңбекті қорғау туралы" заңдар жұмыс істеуде. 
      Қазақстандағы экологиялық ахуалға, ең алдымен, экономикадағы оның шикізаттық бағдарлануы, күрделі табиғи-климаттық жағдайлары әсер етуде. 
      Қазақстан аумағында экологиялық апатты - Арал өңірі аймағы бар. Семей ядролық полигонындағы және басқа әскери полигондардағы сынақтар табиғатқа зор залалын тигізді. 
      Қазақстанның айтарлықтай күрделі шаруашылық кешені өнеркәсіптік, тұрмыстық, улы қалдықтардың едәуір көлемі жинақталуына, атмосфера ауасының, топырақ пен су бөгендерінің ластануына ықпалын тигізді. 
      Өзекті проблемалардың бірі халықты сумен жабдықтаудың тапшылығы болып табылады. 
      Ауыз судың тапшылығы, су құбырларының тозуы ауыз суының сапасы төмендеуінің және ішек аурулары таралуының себептеріне айналды. 
      Қоршаған ортаның қолайсыз жай-күйі әйелдер мен балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуде, ал әлеуметтік экономикалық жағдайдың нашарлауы елдегі демографиялық ахуалға ықпал етуде. 1992-1997 жылдарда халықтың табиғи өсуі 1000 адамға шаққанда 12,1-ден 4,6-ға дейін төмендеді. 
      1996 жылы Экологиялық қауіпсіздік конвенциясы қабылданды. Ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылдардың ұлттық жоспарының басымдығын (НПДООС/УР), ХХІ ғасырға арналған стратегияны айқындап берді. 
      1999 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ мен дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдіктерімен бірлесіп елді тұрақты дамытудың ықшам экологиялық бағдарламасына қол қойды.
     Оны іске асыру үшін (НПДООС/УР) республикалық орталығы құрылды.
     Елдегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін 26 арнаулы бағдарлама әзірленді. Оның ішінде "Ауыр металдардың техногендік биогеохимиялық провинциялар жағдайларында әйелдердің рұқтық (репродуктивтік) функциясына әсері және сауықтыру іс-шараларының жүйесін әзірлеу", "Қазақстан Республикасы су жүйелерінің эпидемиялық жарамдылығын қолдауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру" және басқа бағдарламалар бар.     

   Л. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер және қоршаған орта

________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекеттер    |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Қоршаған ортаның жай-  |Қазақстан Республикасының |Ұлттық іс-қимыл. | 
|   |күйін, әйелдердің өмірі|Қоршаған орта гигиенасы   |дар жоспары      |
|   |мен тұрмыс жағдайларын |жөніндегі іс-қимылдардың  |                 |
|   |жақсарту               |ұлттық жоспарын әзірлеу   |                 | 
|   |                       |және іске асыру           |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |"Ауыз су" мемлекеттік     |Бағдарлама       | 
|   |                       | бағдарламасын әзірлеу    |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Неғұрлым көп ластанған -  |Бағдарламалар,   | 
|   |                       |Алматы, Лениногор, Тараз, |іске асырылған   |
|   |                       |Өскемен, Шымкент, Екібас. |жобалар          |
|   |                       |тұз, т.б. өнеркәсіп орта. |                 | 
|   |                       |лықтарының ауа бассейнін  |                 |
|   |                       |сауықтыру, экологиялық    |                 |
|   |                       |таза технологиялар мен    |                 | 
|   |                       |осы заманғы жабдықтарды   |                 |
|   |                       |енгізу                    |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |Таза, экологиялық қауіпсіз|Қолданылып жүрген|
|   |                       |өнімдерді өндіруді ынта.  |заңдарға сәйкес  |
|   |                       |ландыру                   |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Арал өңірінде, Семей және |Қолданылып жүрген|
|   |                       |басқа экологиялық қолайсыз|заңдарға сәйкес  | 
|   |                       |аймақтарда әйелдердің ден.|                 |
|   |                       |саулығына әртүрлі факті.  |                 |
|   |                       |лердің ықпалын бағалаудың |                 |
|   |                       |өлшемдерін әзірлеу        |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|2  |Қоршаған ортаның жай-  |Мектептерде және басқа оқу|Министрдің       |
|   |күйі және оны қорғау   |орындарында экологиялық   |бұйрығы          |
|   |жөніндегі шаралар тура.|білім беру жүйесін        |                 | 
|   |лы халықтың хабардарлы.|жетілдіру                 |                 | 
|   |ғын көтеру             |                          |                 |
|   |                       |Қазақстан Республикасының |Атлас            |
|   |                       |Медициналық-экологиялық   |                 |
|   |                       |атласын шығаруға дайындау |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Қоршаған ортаны қорғау    |Жинақ            |
|   |                       |жөніндегі шолулар мен     |                 |
|   |                       |тұрақты есептерді дайындау|                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |Қоршаған ортаны қорғау    |Жинақ            | 
|   |                       |жөнінде жинақ дайындау    |                 |
|___|_______________________|__________________________|_________________| 

  таблицаның жалғасы
________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Денбілімспортмин,          |1999 ж.       |Республикалық және жергілікті|
|Табиғатмин                 |              |бюджеттер қаражаты шегінде   |
|                           |              |                             |
|Ауылшармин, Денбілімспорт. |2000 ж.       |                             |
|мин, Табиғатмин, облыстар. |              |                             |
|дың, Астана және Алматы ққ.|              |                             |
|әкімдері                   |              |                             |
|                           |              |                             |
|Облыстардың, Астана және   |Әрқашан       |Жергілікті бюджеттер қаражаты|
|Алматы ққ. әкімдері,       |              |шегінде, Халықаралық ұйым.   |
|Табиғатмин, Энергеиндус.   |              |дардың гранттары мен         |
|саудамин, СІМ              |              |инвестициялары               |
|                           |              |                             |
|Энергеиндуссаудамин        |Әрқашан       |                             |
|Денбілімспортмин,          |              |                             |
|Ауылшармин                 |              |                             |
|                           |              |                             |
|Табиғатмин,                |2003 ж.       |Халықаралық ұйымдардың грант.|
|Денбілімспортмин           |              |тары мен инвестициялары      |
|                           |              |                             |
|Табиғатмин,                |2000 ж.       |Халықаралық ұйымдардың       |
|Денбілімспортмин, СІМ,     |              |гранттары мен инвестициялары |
|Статагенттік               |              |                             |
|                           |2000 ж.       |                             | 
|                           |              |                             | 
|                           |Жыл сайын     |                             | 
|                           |Жыл сайын     |                             | 
|___________________________|______________|_____________________________|

       М. Қыздар

      Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес балалар туралы қамқорлық, ата-аналардың табиғи құқығы және міндеті болып табылады. Отбасы мен балалар мемлекеттің қамқорлығында болады. 
      Қолданылып жүрген заңдар білім алуда, медициналық қызметті пайдалануда және өмір тіршілігінің барлық басқа салаларында қыздарға ұл балалармен тең құқықтар береді. 
      Қазақстанда тұратын барлық ұлыстарда қыздарға қатысты теріс ұлттық дәстүрлер іс жүзінде байқалмайды. 
      1993 жылы Қазақстан "Сәбидің құқықтары туралы" БҰҰ конвенциясына қосылды, оның ережелері Қазақстан Республикасының тиісті заң актілерінде бекітілген. Қазіргі кезде Қазақстанда 14 жасқа дейінгі шамада 2283 мың қыз балақайлар мен 436,8 мың жасөспірім (15-17 жас) қыз өмір сүреді. Оқу бағдарламаларының шегінде қыздарға адамгершілік-жыныстық тәрбие, жеке гигиена жөнінде сабақтар беру, салауатты өмір салтын дарыту көзделіп отыр. Алайда, бұл жұмыс барлық мектептерде бірдей жүргізілмейді. 
      Әдетте, қыздар ұлдарға қарағанда ыждағатты және жақсы оқиды. Алайда, 1997/98 оқу жылында ЖОО студенттерінің жалпы санында қыздар 33% қана болып отыр. 
      Қазақстан Республикасының заңдары қыздарға қарсы зорлық жасағаны үшін қылмысты жауаптылықты көздейді. Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша жыл сайын 2 мыңға жуық қыз зорлау мен оларға қастандық жасау әрекеттері ресми түрде тіркеледі. Іс жүзінде мұндай оқиғалар әлдеқайда көп, өйткені жәбірленгендердің бәрі бірдей құқық қорғау органдарына өтініш жасай бермейді.     

      М. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Қыздар     

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.11.13. N  1705 , 2002.07.19. N  808 қаулыларымен.
________________________________________________________________________
|Рет|    Мақсаты және       |    Нақты іс-әрекеттер    |  Аяқтау         |
|N  |     міндеттері        |                          |  нысаны         |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
| 1 |          2            |            3             |         4       |
|___|_______________________|__________________________|_________________|
|1  |Қыздарды адамгершілік- |<*>                       |<*>              | 
|   |құқықтық тәрбиелеу,    |                          |                 |
|   |оларға салауатты өмір  |                          |                 | 
|   |салтының дағдыларын    |                          |                 | 
|   |дарыту                 |                          |                 |
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Оқу орындарында СПИД-тің  |Бағдарламалар    | 
|   |                       |алдын алу және онымен     |                 |
|   |                       |күрес жүргізу жөніндегі,  |                 |
|   |                       |"Сен туралы" жас гигиенасы|                 | 
|   |                       |жөніндегі бағдарламаларды |                 |
|   |                       |енгізу                    |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|   |                       |Жоғары сыныптағылар үшін  |Оқулықтар        |
|   |                       |"Өзіңді тани біл" оқулығын|                 |
|   |                       |шығару                    |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|   |                       |Адамгершілік-жыныстық тәр.|Мектеп бағдарла. |
|   |                       |бие жөніндегі мектеп      |маларына өзгеріс.| 
|   |                       |бағдарламаларына қыздарға |тер енгізу       |
|   |                       |қатысты зорлыққа қарсы    |                 |
|   |                       |күрес жүргізу туралы бөлім|                 | 
|   |                       |енгізу                    |                 |
|   |                       |                          |                 |
|2  |Балабақшаларда және    |Қазақстан Республикасының |Заңның жобасы    | 
|   |мектептерде қыздар мен |"Оқу туралы" заңына өзге. |                 |
|   |ұл балаларды міндетті  |рістер енгізу             |                 |
|   |түрде мектеп жасына    |                          |                 |
|   |дейінгі даярлауды енгі.|                          |                 |
|   |зу                     |                          |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|3  |Қоғамда кемсітушіліктің|Қазақстан Республикасының |Заңның жобасы    |
|   |кез келген нысанынан   |"Баланың құқықтары туралы"|                 | 
|   |баланы құқықтық және   |заңының жобасын әзірлеу   |                 | 
|   |әлеуметтік қорғаудың   |                          |                 |
|   |тетігін жасау          |                          |                 |
|   |                       |                          |                 |
|4  |Өсуінде мүмкіндіктері  |Қазақстан Республикасының |Заңның жобасы    |
|   |шектеулі балаларды     |"Денсаулығында мүмкіндік. |                 |
|   |әлеуметтік қолдау      |тері шектеулі балалар мен |                 |
|   |                       |жасөспірімдерді әлеуметтік|                 |
|   |                       |және коррекциялық-педаго. |                 |
|   |                       |гикалық қолдау туралы"    |                 | 
|   |                       |заңының жобасын әзірлеу   |                 | 
|   |                       |                          |                 |
|5  |Балалар еңбегін қорғау.|ХЕҰ-ның "Жұмысқа қабылдау |Қолданылып жүрген|
|   |ды қамтамасыз ету      |үшін ең аз жас шамасы ту. |заңдарға сәйкес  |
|   |                       |ралы" N 138 және баланың  |                 |
|   |                       |еңбегі жөніндегі N 173    |                 |
|   |                       |конвенцияларына қосылу    |                 |
|   |                       |                          |                 | 
|6  |Қыздардың қауіпсіздігін|Қыздарға қатысты сексуал. |Қолданылып жүрген| 
|   |және оларды коммерция. |дық зорлықтың, трафиктің  |заңдарға сәйкес  |
|   |лық пайдаланудан қор.  |(саудалау) және порногра. |                 |
|   |ғауды қамтамасыз ету   |фияның таралуына жол бер. |                 | 
|   |                       |меу жөніндегі саясатты    |                 | 
|   |                       |әзірлеу                   |                 |
|___|_______________________|__________________________|_________________| 

  таблицаның жалғасы
________________________________________________________________________
|  Жауапты атқарушылар      |Атқару мерзімі|Қаржыландыру көздері         |
|___________________________|______________|_____________________________|
|            5              |       6      |              7              |
|___________________________|______________|_____________________________|
|Денбілімспортмин,          |2001 ж.екінші |Республикалық және жергілікті|
|Ғылыммин, СІМ, Облыстардың,|жартыжылдығы  |бюджеттер қаражаты шегінде,  |
|Астана және Алматы ққ.     |<*>           |халықаралық гранттар мен     |
|әкімдері                   |              |инвестициялары               |
|                           |              |                             |
|Денбілімспортмин           |2000 ж.       |                             |
|                           |              |                             |
|Денбілімспортмин,          |2000 ж.       |                             |
|Әділетмин, Отбасы және     |              |                             |
|әйелдер істері жөніндегі   |              |                             |
|ұлттық комиссия            |              |                             |
|                           |              |                             |
|Еңбекәлеуметмин,           |1999 ж.       |                             |
|Денбілімспортмин           |              |                             |
|                           |              |                             |
|Еңбекәлеуметмин,           |2001 ж.       |                             |
|Отбасы және әйелдер істері |              |                             |
|жөніндегі ұлттық комиссия, |              |                             |
|СІМ                        |              |                             |
|                           |              |                             |
|ІІМ, Денбілімспортмин      |2000 ж.       |                             |
|___________________________|______________|_____________________________| 

                             Қорытынды

      Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары әйелдердің жағдайы жөніндегі ІV конференцияда (Пекин, 1995 ж.) айқындалған 12 басымдықты қамтиды. Бұл басымдықтар Қазақстан Республикасының Президенті Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия үшін белгілеген іс-қимылдың төрт негізгі бағыттарына топтастырылған. Бұл - әйелдердің және олардың отбасыларының денсаулығын жақсарту, елдің қоғамдық-саяси өміріне әйелдердің белсене араласуы және олардың шешімдер қабылдау деңгейіне дейін көтерілуі, экономикалық ілгерілеу және әйелдерге қатысты зорлықтың жолын кесу. 
      Іс-қимылдардың ұлттық жоспарының мақсаты мен міндеттеріне кезең-кезеңмен жету көзделіп отыр: І кезең (қысқа мерзімді) - 1999-2000 ж., ІІ кезең (орта мерзімді) - 2001-2005 жж. ІІІ кезең (ұзақ мерзімді) - 2006-2030 жж. 
      Әйелдердің денсаулығы мәселелері жөніндегі негізгі мақсаттар әйелдердің рұқтық (репродуктивтік) денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау, анемия ауруын және әйелдер мен балалардың денсаулығына экологиялық құбылыстардың зиянды ықпалын төмендету, жыныс жолымен берілетін аурулардың алдын алу, т.б. болып табылады. 
      Әйелдерді экономикалық ілгерілету экономикалық және жер ресурстарына олардың тең жағдайда жіберілуін қамтамасыз етуді, әйел кәсіпкерлігін дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасауды, отбасы мен әйелдерді әлеуметтік қорғаудың жүйесін жетілдіруді көздейді. 
      Қолданылып жүрген заңдарды қайта қарау жолымен іс-қимылдардың жоспарын, сондай-ақ әйелдерді зорлықтан қорғау және зорлықтың құрбандарын сауықтыру жөніндегі пәрменді тетіктерді жасауды, зорлықтан зардап шеккен әйелдер үшін деректердің ақпараттық базасын, дағдарыстық орталықтар мен сенімгерлік телефондарын құруды және т.б. көздейді. 
      Әйелдердің саяси қатысуы саласында әйелдерді өкімет құрылымына ілгерілетудің пәрменді тетіктерін жасауды, гендерлік көзқарастарды, оның ішінде тең құқықтары мен мүмкіндіктер туралы заңды ескере отырып, заңдардың қолданылып жүргендерін қайта қарауды және жаңасын әзірлеуді көздейді.
      Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын қаржыландырудың республикалық және жергілікті бюджеттерде қарастырылған шегінде, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды, донор-елдер мен халықаралық ұйымдардың көмектерін тарту жолымен жүзеге асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады