Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2008.06.27 N 722 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 16 мамырындағы N 394 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын", Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы, 17 тармағын орындау мақсатында Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу жөнінде аудандық комиссия құрылсын.
2. Есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі аудандық комиссияның жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясына бекітуге жіберілсін (қосымша N 1).
3. Есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі аудандық комиссияның Ережесі бекітілсін (қосымша N 2).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нәзигүл Үсерқызы Сейсембинаға жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі
Қосымша N 1
Әкімдіктің 2003 жылдың
26 желтоқсандағы N 822
"Есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен
күресу жөніндегі аудандық комиссия құру
туралы" қаулысымен бекітілген
Есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен
күресу жөніндегі аудандық комиссияның жеке
Құрамы
Сейсембина Нәзигүл |
аудан әкімінің орынбасары, комиссия |
Чернышева Земфира |
аудандық ішкі істер бөлімінің |
Комиссия мүшелері |
|
Убин Бауыржан Алпысбайұлы |
аудан прокурорының орынбасары |
Сембаев Айдар Мұратұлы |
аудандық ішкі істер бөлімі |
Сағатов Тоқтасын Сағатұлы |
аудандық денсаулық сақтау бөлімінің |
Абдуллина Нұршат |
аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі |
Әлімбетов Ерназар Зинұрұлы |
аудандық мәслихат депутаты |
Жанғозин Жансап Шыңғысұлы |
аудандық "Ұлан таңы" газетінің |
Ақанов Сағынбек Ақанұлы |
аудандық мәдениет және спорт |
Қасенов Әділ Қадырұлы |
Ұлан аудандық қылмыстық атқару |
Жанұзақова Жанар |
мемлекеттік құқықтық сұрақтар |
Сұлтанғазин Қапар |
аудандық ардагерлер кеңесі |
Мусин Думанай Маратұлы |
Молодежный кентінің әкімі |
Ашканова Ирина |
Молодежный орыс орта мектебінің |
Попелехова Анна Борисовна |
"Ұлан ауданының "Ұлан жастары" |
Қосымша N 2
Әкімдіктің 2003 жылдың
26 желтоқсандағы N 822
"Есірткі құмарлық және есірткі
бизнесімен күресу жөніндегі
аудандық комиссия құру туралы"
қаулысымен бекітілген
Есірткі құмарлық және есірткі бизнесіне қарсы
күрес жөніндегі аудандық комиссиясы туралы
Ереже
Комиссияның негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдары есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу Стратегиясын жүзеге асыру болып табылады.
1. Жалпы ережелер
1. Аудандық есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу комиссиясы аудан әкіміне қазіргі заңдар бойынша берілген өкілеттігін пайдалана отырып есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күрес саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдар, мекемелер және қоғамдық бірлестіктердің жұмысын үйлестіретін кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өзінің жұмысын Конституция, қолданыстағы заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 16 мамырындағы N 394 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдары есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу Стратегиясы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия өзінің құзырына қатысты мәселелер бойынша қорытынды жасайды, ұсыныстар әзірлейді, Ұлан ауданы аумағында күші бар бұл мәселе сипаты мен мазмұнына қарай комиссия хаттамасымен, немесе әкімнің шешімімен, бұйрығымен рәсімделеді.
4. Комиссия аудан әкімінің орынбасары болып табылатын төрайымнан(төрағадан), хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның мүшелігіне лауазымы бойынша аудандық мекемелердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
2. Комиссияны ұйымдастыру
5. Комиссияның сандық құрамы және құрылымы әкімдіктің қаулысымен бекітіледі.
6. Комиссияның жеке құрамы аудандық мәслихат шешімімен бекітіледі.
7. Комиссия өз құрамында кіші комиссиялар, кеңестер құра алады.
8. Комиссия жұмысында алқалық және жариялықты ұстануы қажет.
9. Комиссия өзінің жұмысын Ережеде көрсетілген негізгі міндеттер мен қызметтер негізінде мемлекеттік органдар, мекемелер және қоғамдық бірлестіктермен үйлестіреді;
10. Комиссия өзінің кезекті жиналыстарын тоқсан сайын өткізеді. Кезектен тыс жиналыстар аудан әкімінің, комиссия төрайымының(төрағасының) немесе комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбінің бастамашылығымен шақырылады.
3. Комиссия төрайымы (төрағасы)
11. Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және оның жұмысын басқарады, комиссия мүшелері мен мемлекеттік органдар, мекемелер және қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғалары орындауға міндетті шешімдер шығарады және нұсқау береді.
12. Комиссия мемлекеттік және басқару органдар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтармен өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істейді.
13. Комиссия жұмысы бойынша есеп береді.
14. Осы Ережеде, аудан әкімінің шешімдері мен тапсырмаларында қарастырылған басқа да өкілдіктерді орындайды.
4. Комиссия мүшелері
15. Комиссия алқаның құзырына кіретін мәселелерді қарастыру кезінде кеңесші дауыс беру құқығына ие.
16. Комиссияның қабылдаған шешіміне келіспеген жағдайда жазбаша немесе ауызша әкімге жеткізілетін ерекше пікір айтуға құқылы.
17. Комиссия төрайымының(төрағасының) тапсырмаларын орындауға міндетті.
18. Комиссия төрайымының(төрағасының) рұқсатымен мемлекеттік органдар, мекемелер және қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларына Стратегияны жүзеге асыру мәселелері бойынша қажетті мәліметтерді сұрауға құқылы.
19. Комиссия төрайымының(төрағасының) тапсырмасы бойынша мемлекеттік басшы органдардың, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің жиналыстары мен отырыстарына қатысуға құқылы.
5. Комиссияның негізгі міндеттері және қызметтері
20. Қазақстан Республикасында есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлеп, әрі қарай мәслихатта бекіту үшін әкімдіктің отырысына жібереді.
21. Жалпы мемлекеттік Стратегия мен бағдарламада қаралған шаралардың өз мәнінде және уақытында орындалуын қамтамасыз етеді.
22. Аудан аумағында есірткі заттары мен психикаға әсер ететін заттардың заңсыз таратылуына байланысты болатын қылмыстардың жағдайын, дамуын, құрылымы мен деңгейін талдау және есірткіге қарсы саясатты, сонымен қатар есірткі заттары мен психикаға әсер ететін заттарды қолдану деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар енгізеді.
23. Есірткі заттары мен психикаға әсер ететін заттарға байланысты құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу бойынша жиынтық шаралар жүйесін әзірлеу, ұйымдастыру және орындауға қатысады.
24. Құқық қорғау органдарымен біріге отырып есірткі заттары мен психикаға әсер ететін заттардың заңсыз дайындалуы, таралуы және пайдалануын табу, болдырмау және тоқтатуға бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау органдарына есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдарды оңалту проблемаларын шешуге ықпал етеді.
25. Мәдениет және адамгершілікті қалыптастыру саласында жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау органдары, мәдениет, ғылым және білім мекемелері, қоғамдық бірлестіктермен жастар арасында есірткіге қарсы идеология жүйесін және салауатты өмір салтын насихаттау жүйесін құрып, жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс істейді.
26. Өзінің құзыры аясында есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу саясатын жүзеге асыруға қатысатын барлық мемлекеттік органдар, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктерден ақпараттар сұрау және алу.
27. Есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу саласында көкейтесті және қоғамдық маңызы бар мәселелерді әкімдік пен мәслихат сессиясының қарауына ұсыну.
28. Барлық мемлекеттік органдар, мекемелер және қоғамдық бірлестіктердің лауазымды қызметкерлерінің баяндамалары мен есептерін тыңдау.
29. Есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігіне есірткі құмарлық және есірткі бизнесімен күресу саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
30. Қазіргі заңдарға сәйкес өзінің құзырына кіретін қызметтерді жүзеге асыру кезінде жұмысын үйлестіретін мемлекеттік органдардың дербестігін сақтау.
31. Әкімдік алдында комиссияның жұмысы, аудандағы есірткі жағдайы және онымен жұмысты жетілдіру жөнінде есеп беру.
Аудан әкімі
аппаратының басшысы