Тұрғын үй комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 393 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 29 тамызда N 1378 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 1/1195 хатымен

      Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 1/1195 хатымен.

      2001 жылдың 23 қаңтарынан Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылдың 16 сәуірінен "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-1 Заңдарына және 1999 жылдың 2 қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жайларды беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" N 1292 қаулысына сәйкес Шемонаиха ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 1 қосымшаға сәйкес құрамда Шемонаиха ауданы әкімияты жанында тұрғын үй комиссиясы құрылсын.
       2. Шемонаиха ауданы әкімияты жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.В.Шаламовқа жүктелсін.

      Шемонаиха ауданының әкімі

Шемонаиха ауданы әкімиятының
2003 жылдың 13 тамыздағы N 393
қаулысына 1 қосымша

Шемонаиха ауданы әкімияты жанындағы тұрғын үй комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Шаламов Михаил
Васильевич

аудан әкімінің орынбасары,
төрағасы

Данилов Алексей
Николаевич

аудан әкімінің мемлекеттік-
құқықтық мәселелер жөніндегі
көмекшісі, комиссия
төрағасының орынбасары

Мейстер Галина
Евдокимовна

тұрғын-коммуналды, жол
шаруашылығы және көлік
бөлімінің бастығы, комиссия
хатшысы

Комиссия мүшелері:

Лонзингер Галина
Михайловна

аудандық еңбек, жұмыстылық
және тұрғындарды әлеуметтік
қорғау басқармасының бастығы

Колтунова Татьяна
Дмитриевна

аудандық білім бөлімінің
меңгерушісі

Крузмягина Нина
Родионовна

аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі

Перевозова Ольга
Ивановна

аудандық денсаулық сақтау
бөлімінің меңгерушісі

Иванова Нина
Ильинична

аудандық мәслихат
аппаратының бас маманы,
мемлекеттік мекемелер
қызметкерлер кәсіподағының
аудандық комитетінің
төрайымы (келісім бойынша)

      Аппарат басшысы

Шемонаиха ауданы әкімиятының
2003 жылдың 13 тамыздағы N 393
қаулысына 2 қосымша

Шемонаиха ауданы әкімияты жанындағы
тұрғын үй комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелері

      1. Аудандық тұрғын үй комиссиясы (ары қарай Комиссия) аудан әкімияты жанындағы үнемі қызмет жасап тұратын орган болып есептеледі.
      2. Комиссия өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, 2001 жылдың 23 қаңтарынан ҚР "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылдың 16 сәуірінен "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-1 заңдарын, 1999 ж. 02.09. ҚР Үкіметінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" N 1292 қаулысын, осы Ережені және басқа да Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі қызметтері мен
өкілеттіктері

      3. Комиссия ауданның осы елді мекенінде үнемі тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және тұрғындардың аз қамтамасыз етілген әлеуметтік қорғаудағы қабаттарына жататын мұқтаж азаматтарына, сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметкерлерге, бюджетті ұйымдар жұмысшыларына, әскери қызметкерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымдарындағы тұлғаларға тұрғын үйлерді пайдалануға беру мақсатында құрылады.
      4. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты. Мемлекеттік тұрғын үйді беру, Комиссия шешімі негізінде жергілікті атқарушы органның қаулысымен ресімделеді.
      5. Комиссияның негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:
      1) мемлекеттік қордан тұрғын үйді берудің кезегін анықтау;
      2) ауданның тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының бөлек тізім есебін жүргізу;
      3) мүдделі тұлғаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді алуға тіркеуде тұрған тұлғалар тізімімен, сондай-ақ соңғы 24 айда тұрғын үйлерді алған тұлғалар тізімімен таныстыру. Осындай тізімдер қалыптарына міндетті түрде отбасы құрамы, тіркеуге тұру уақыты туралы мәліметтер, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алуға және оның көлеміне негіздемелер енеді.
      6. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан азаматтарға берілген тұрғын үйлер жақсы қалыпта болуы керек, тұрғын үйге мұқтаж тұлға тіркеуде тұрған елді мекеннің жағдайларына жауап беретін, орнатылған техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беру керек.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия төраға (әкімнің орынбасары), комиссия мүшелері және аудан әкімі аппаратында штатты лауазымдағы комиссия хатшысы құрамында құрылады.
      8. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия мәжілістерінде төрағалық жасайды, мәжілістің күн тәртібін бекітеді, оның шешімдерін жүзеге асыруға жалпы бақылау жасайды және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты. Төраға жоқ кезде оның қызметін орынбасар атқарады.
      9. Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия мәжілісіне күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Комиссия шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      3) Комиссия мәжілісінің хаттамасын құрады.
      10. Комиссия мәжілістері қажеттілік болған жағдайда өткізіледі және төрағамен шақырылады.
      11. Комиссияның мәжіліс нәтижелері бойынша хаттама құрылады, оған төраға, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданады, комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыс теңдігі жағдайында шешуші дауыс төрағаның дауысы болып есептеледі.
      12. Комиссия мүшелерінің ерекше көзқарасқа құқықтары бар, сондай көзқарасты білдірген кезде ол хаттамаға енгізіліп, жазбаша түрде мазмұндалып және де комиссия мәжілісінің хаттамасына қосымша тіркелуі керек.

      Аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады