Пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру бойынша нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 10 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2701. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 596 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 596   бұйрығымен .
__________________________________

      "Өсiмдiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңын  және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңын  iске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берiлген Пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру бойынша нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген сәтінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң орынбасары -
      Ауыл шаруашылығы министрi

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрінің орынбасары - 
Ауыл шаруашылығы министрінің   
2004 жылғы 24 қаңтардағы     
N 26 бұйрығымен        
бекітілген           

  Пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және
фумигациялық тәсілдермен қолдану жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруға лицензиялар беру бойынша нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) " Өсімдіктерді қорғау туралы " және " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген және пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау саласындағы заңнаманың қолданылуын нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) аэрозольдік тәсіл - пестицидтерді аэрозольдік генераторларды пайдалана отырып аэрозольді бөлшектер (сұйықтықтың ұсақ тамшыларының немесе пестицидтердің қатты бөлшектерінің ауада қалқып тұрған) түрінде қолдану;
      2) фумигациялық тәсіл - ауыл шаруашылығы объектілерін (өсімдік текті өнімді, астықты және басқа карантинге жатқызылған өнімді өсіруші, дайындаушы, қоймалаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің, үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының қоймалық және өзге үй-жайларын, астық қабылдау орындарын, астық қоймаларын, жылыжайларын, топырақтарын) пестицидтердің буларымен немесе газдарымен түтіндету жолымен залалсыздандыру.

  2. Лицензия беру шарттары

      3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беруді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық басқармалары (бұдан әрі - Лицензиарлар) жүзеге асырады.

      4. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - Лицензиаттар) Лицензиарға мына құжаттар тапсырады:
      1) 1- және 2-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
      3) жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматтары үшін);
      4) лицензиялық алымды төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
      5) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар.

      5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялық алым мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленеді.

      6. Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар болып мыналар табылады:
      1) ішкі істер органдары берген аэрозольдік генераторларды тасымалдау үшін көлік құралының тіркелуі туралы куәліктің нотариус растаған көшірмесі және аккредитивтелген машина сынау станциялары берген химиялық өңдеулер қауіпсіздігі мен сапасы талаптарына аэрозольдік генераторлардың сәйкестігі туралы қорытындысының түпнұсқасы (пестицидтерді аэрозольдік тәсілмен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін);
      2) жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі органдар берген фумиганттарды сақтау үшін қоймалық үй-жайларға құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары берген фумиганттарды алу және сақтауға құқық беруші санитарлық паспорттың нотариус растаған көшірмесі (пестицидтерді фумигациялық тәсілмен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін);
      3) өтініш берушінің санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерінің талаптарына, экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қызметі органдарының оң қорытындыларының түпнұсқалары;
      4) өтініш берушінің қолымен берілген қорғаудың жеке құралдары және өртке қарсы құрал-саймандары болуы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      5) пестицидтерді қолданумен тікелей айналысатын барлық қызметкерлердің тиісті білім алуы туралы дипломдарының, біліктілігін арттыру туралы сертификаттарының, еңбек кітапшаларының пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі практикалық жұмысының өтілі көрсетілген үзінділерінің нотариус растаған көшірмелері.

      7. Лицензияны беру туралы өтінімді қарау мерзімі осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген күннен бастап есептеледі. Өтінім берудің фактісі Лицензиар жүргізетін өтінімдерді тіркеу арнайы журналында белгіленеді.

      8. Лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді Лицензиар барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап заңды тұлғалар үшін бір айлық мерзімнен кешіктірмей, жеке тұлғалар үшін - он күннен кешіктірмей қабылдайды.

      9. Жеке тұлғаның фамилиясы, аты, тегі өзгерген жағдайда ол осы туралы бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса Лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
      Заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда ол бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он күн ішінде Лицензиар лицензияны қайта рәсімдейді.
      Лицензияны қайта рәсімдегенде және көрсетілген құжат берілгенде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мөлшерінде лицензиялық алым төленеді.

      10. Лицензия бір данада беріледі. Лицензия жоғалған кезде көшірме нұсқасын алуға лицензиаттың құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша Лицензиар он күн ішінде лицензияның көшірме нұсқасын береді. Бұл ретте Лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мөлшерінде лицензиялық алым төлейді.

      11. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке лицензия мерзімі шектелмей беріледі. Лицензиат жыл сайын Лицензиарға біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттарды тапсырады.

  3. Лицензия беруден бас тарту

      12. Лицензия беруден мына негіздемелер бойынша бас тартылуы мүмкін:
      заңды және жеке тұлғалардың осы санатына пестицидтерді қолдану жөніндегі қызмет көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен тыйым салынса;
      осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген барлық құжаттар берілмесе;
      лицензиялық алым төленбесе;
      өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарға сай болмаса;
      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен шұғылдануға соттың шешімімен тыйым салынса;
      Лицензия беруден бас тартылса өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде дәлелді жазбаша жауап беріледі.
      Өтініш беруші көрсетілген кемістіктерді жойғанда, өтініш жалпы негізде қаралады.

      13. Егер лицензия беруден бас тарту өтініш берушімен негізсіз деп танылса, ол айлық мерзім ішінде оны сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.

  4. Лицензияның күшін тоқтата тұру
және оны қайтарып алу

      14. Егер басқа заңнамалық кесімдермен өзге жағдай көзделмесе, лицензияны сот тәртібімен мына жағдайларда кері қайтарып алу мүмкін:
      1) Лицензиат лицензияның мазмұнындағы талаптарды орындамаса;
      2) Лицензиатқа лицензиясы бар қызмет түрімен шұғылдануына сот тыйым салса;
      3) Лицензиар лицензияның күшін тоқтатқан себептер жойылмаса;
      4) Лицензиат лицензия алу кезінде әдейі жалған мәліметтер берсе.

      15. Лицензиардың, күшін тоқтату себептерін көрсетіп, лицензияның күшін алты айға дейін мерзімге тоқтатып тұруға құқығы бар;
      Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының күшін тоқтата тұру Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сотпен жүргізіледі.

      16. Лицензияның күшін тоқтата тұру себептері жойылған соң лицензияның күші қайта жаңғыртылады.

      17. Лицензияның күшін тоқтата тұру туралы шешімге Лицензиат сот тәртібімен шағымдануына құқығы бар. Сот шешімімен лицензияның күшін тоқтата тұру туралы шешім заңдылы деп танылса оны тоқтата тұру мерзімі Лицензиардың шешімі қабылданған сәттен (күнінен) бастап саналады.

Пестицидтердi (улы химикаттарды) 
аэрозольдiк және фумигациялық   
тәсілдермен қолдану жөнiндегi   
қызметтi жүзеге асыруға       
лицензиялар беру бойынша      
нұсқаулыққа N 1-қосымша       

Қазақстан Республикасы        
Премьер-Министрінің орынбасары - 
Ауыл шаруашылығы министрінің   
2004 жылғы 26 қаңтардағы     
N 26 бұйрығымен         
бекітілген             

___________________________________________________________
(лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық фамилиясы, аты, тегі)

ӨТІНІШ

      Қазақстан Республикасының облысы аумағында _________________
                                                  (облыстың атауы)
_________________________________________________________ қызметті
            (қызметтің түрі көрсетіледі)

жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Жеке тұлға туралы мәлімет:
      1. Туған жылы  _____________________________________________
      2. Паспортының деректері ___________________________________
      3. Білімі __________________________________________________
                    (диплом бойынша мамандығы, дипломның нөмірі) 
__________________________________________________________________
                (оқу орнының атауы, аяқтау жылы)

      4. Шаруашылық жүргізуші субъектіні тіркеу туралы куәлік
(қажет болған жағдайда) __________________________________________
                        (куәліктің нөмірі, кім және қашан бергені)

      5. Мекен-жайы ______________________________________________
    (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)

      6. Жұмыс орны ______________________________________________
      7. Есеп шоты (егер болса) __________________________________
                  (шот нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)

      8. Қоса берілген құжаттар:
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________

      _________           ________________________________________
      (қолы)                       (фамилиясы, аты, тегі)

      "___"__________________ 200___ж.

      Өтініш қарауға 200___жылғы _________"___" қабылданды
      ____________________________________________________________
       (лицензиялау органының жауапты тұлғасының фамилиясы, аты,
                                тегі, қолы)

Пестицидтердi (улы химикаттарды) 
аэрозольдiк және фумигациялық   
тәсілдермен қолдану жөнiндегi   
қызметтi жүзеге асыруға       
лицензиялар беру бойынша      
нұсқаулыққа N 2-қосымша       

Қазақстан Республикасы        
Премьер-Министрінің орынбасары - 
Ауыл шаруашылығы министрінің   
2004 жылғы 26 қаңтардағы     
N 26 бұйрығымен         
бекітілген             

______________________________________________________
(лицензиялау органының толық атауы)
______________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІШ

      Қазақстан Республикасының облысы аумағында _________________
                                                 (облыстың атауы)
_________________________________________________________ қызметті
            (қызметтің түрі көрсетіледі)

жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлға туралы мәлімет:
      1. Меншік нысаны ___________________________________________
      2. Құрылған жылы ___________________________________________
      3. Тіркеу туралы куәлік ____________________________________
                                 (нөмірі, кім және қашан берген)
      4. Мекен-жайы ______________________________________________
    (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)

      5. Есеп шоты (егер болса) __________________________________
                (шот нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)

      6. Филиалдары, өкілдіктері _________________________________
__________________________________________________________________
                    (орналасқан жері, реквизиттері)

      7. Қоса берілген құжаттар: _________________________________
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________

      Басшысы _________           ________________________________
               (қолы)                  (фамилиясы, аты, тегі)

      "___"__________________ 200___ж.

      Өтініш қарауға 200___жылғы _________"___" қабылданды
      ____________________________________________________________
       (лицензиялау органының жауапты тұлғасының фамилиясы, аты,
                                тегі, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады