Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 596 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3965. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 222 бұйрығымен.

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2000.04.14 N 222 бұйрығымен.

      " Өсімдіктерді қорғау туралы " және " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын, сондай-ақ "Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 613 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
      2) Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;
      3) Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.
      2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға  лицензиялар беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 26 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2701 тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде" жарияланған, 2004 ж., N 21-24, 931-құжат) күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау
      вице-министрі,
      Бас мемлекеттік
      санитарлық дәрігер

      2005 жылғы 20 қазан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда
      бірінші вице-министрі

      2005 жылғы "__"__________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны
      қорғау министрі

      2005 жылғы 9 қараша

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2005 жылғы 14 қазандағы   
N 596 бұйрығымен бекітілген 

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау)
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы пестицидтердi (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) " Өсімдіктерді қорғау туралы " және " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген, пестицидтердi (улы химикаттарды) (бұдан әрі - пестицидтер) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті лицензиялау саласындағы заңнаманың қолданылуын регламенттейді және нақтылайды.

      2. Осы Ережеде өндіру (формуляциялау) (бұдан әрі - өндіру) ұғымының астарында пестицидтерді синтезделген (дайын) белсенді компоненттер негізінде технологиялық дайындау процесі түсініледі.

2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары

      3. Пестицидтердi өндіру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беруді облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы департаменттері және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің тиісті құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - Лицензиарлар) жүзеге асырады.
      Лицензия белгіленген үлгідегі бланкте қосымшасымен қоса беріледі. Қосымшада бекітілген техникалық шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Лицензиаттар) өндіруге құқы бар пестицидтер тізбесі көрсетіледі. Тиісті қосымшалары жоқ лицензия жарамсыз болып табылады.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 29 бұйрығымен .

      4. Пестицидтерді өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін Лицензиаттар Лицензиарға мына құжаттарды тапсырады:
      1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
      4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
      5) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар.

      5. Пестицидтерді өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленеді.

      6. Өтініш берушінің пестицидтерді өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар болып мыналар табылады:
      1) Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала салу және құрылыс қызметі саласында жұмыс жасауға мемлекеттік лицензиясы бар және табиғатты қорғау жобалау, нормалау қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензиясы бар ұйыммен келісілген және бекітілген пестицидтерді техникалық өндіру жобасының көшірмесі;
      2) өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау органдарымен келісілген және өндірістің орналасқан жеріндегі стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі органда белгіленген тәртіппен тіркелген пестицидтерді өндірудің техникалық шарттарының нотариус растаған көшірмесі;
      3) өндірістің орналасқан жеріндегі жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі орган берген, пестицидтерді өндіру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариус растаған көшірмесі, өндірістік үй-жайларды жалға алған жағдайда - жалға алу шарттарының нотариус растаған көшірмесі;
      4) өндірістің орналасқан жеріндегі жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі орган берген, пестицидтерді сақтау үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі, қойма үй-жайларды жалға алған жағдайда - жалға алу шарттарының нотариус растаған көшірмесі;
      5) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары берген, пестицидтерді сақтау қойма үй-жайларына берілген санитарлық паспорттардың нотариус растаған көшірмелері;
      6) аккредитацияланған зертханалардың болуы жөніндегі анықтама немесе өндірілетін пестицидтердің техникалық регламентіне, стандарттарына және нормаларына зертханалық сапалық бақылау жүргізуге аккредитацияланған зертханамен жасалған шарттың нотариус растаған көшірмесі;
      7) техникалық басшылардың, мамандардың сәйкес тиісті білім (химик-технолог) алуы туралы дипломдарының, біліктілікті көтеру туралы сертификаттардың, пестицидтерді өндірумен тікелей айналысатын барлық мамандардың, пестицидтерді өндіру жөніндегі практикалық жұмыс өтілін көрсету арқылы еңбек кітапшасынан үзінділердің көшірмесі;
      8) пестицидтерді өндірумен тікелей айналысатын техникалық басшылардың, мамандардың денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сай өтініш беруші қол қойған міндетті медициналық тексеруден өтуі туралы анықтамасы;
      9) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласының және өртке қарсы қызмет мемлекеттік органдарының оң қорытындысы;
      10) өтініш беруші қол қойған, жеке қорғану құралдарының, өртке қарсы керек-жарақтың, күзет және өрт дабылының болуы туралы анықтама;
      11) өтініш беруші қол қойған, пестицидтерді өндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық.

      7. Лицензияны беру туралы өтінішті қарау мерзімі осы Ереженің 4, 6-тармағында қарастырылған барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген күннен бастап есептеледі. Өтінім беру фактісі Лицензиар жүргізетін өтінімдерді арнайы тіркеу журналында белгіленеді.

      8. Лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді Лицензиар барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірмей, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күннен кешіктірмей қабылдайды.

      9. Жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда ол осы туралы бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса Лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

      10. Заңды тұлғаның атауы (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа, ұйымдастыру-құқықтық нысанның өзгеруі), мекен-жайы (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда ол бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті.

      11. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он күн ішінде Лицензиар лицензияны қайта рәсімдейді.

      12. Лицензияны қайта рәсімдегенде және көрсетілген құжат берілгенде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мөлшерде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді.

      13. Лицензия бір данада беріледі. Лицензия жоғалған кезде көшірме нұсқасын алуға лицензиаттың құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша Лицензиар он күн ішінде лицензияның көшірме нұсқасын береді. Бұл ретте Лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мөлшерінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейді.

3. Лицензия беруден бас тарту

      14. Лицензия беруден мына негіздемелер бойынша бас тартылуы мүмкін:
      1) субъектілердің осы санатына пестицидтерді өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен тыйым салынса;
      2) осы Ереженің 4, 6-тармақтарында көрсетілген барлық құжаттар берілмесе;
      3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;
      4) өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарға сай болмаса;
      5) өтініш берушіге қызметтің осы түрімен шұғылдануға соттың шешімімен тыйым салынса.

      15. Лицензия беруден бас тартылса өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде дәлелді жазбаша жауап беріледі.

      16. Өтініш беруші көрсетілген кемістіктерді жойғанда, өтініш жалпы негізде қаралады.

      17. Лицензия беруден бас тартуда өтініш беруші айлық мерзім ішінде сот тәртібімен шағымдана алады .

4. Лицензияны қайтарып алу және оның
күшін тоқтата тұру

      18. Егер басқа заңнамалық кесімдермен өзге жағдай көзделмесе, лицензияны сот тәртібімен мына жағдайларда кері қайтарып алу мүмкін:
      1) Лицензиат лицензияланған осы қызмет түріне қойылатын талаптарды орындамаса;
      2) Лицензиатқа лицензиясы бар қызмет түрімен шұғылдануына сот тыйым салса;
      3) Лицензиар лицензияның күшін тоқтатқан себептер жойылмаса;
      4) Лицензиат лицензия алу кезінде әдейі жалған мәліметтер берсе.

      19. Лицензиардың, күшін тоқтату себептерін көрсетіп, лицензияның күшін алты айға дейін мерзімге тоқтатып тұруға құқығы бар.

      20. Лицензияның күшін тоқтата тұру Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сотпен жүргізіледі.

      21. Лицензияның күшін тоқтата тұру себептері жойылған соң лицензияның күші қайта жаңғыртылады.

      22. Лицензияның күшін тоқтата тұру туралы шешімге Лицензиат сот тәртібімен шағымдануына құқығы бар. Сот шешімімен лицензияның күшін тоқтата тұру туралы шешім заңды деп танылса оны тоқтата тұру мерзімі Лицензиардың шешімі қабылданған күнінен бастап саналады.

                                   Пестицидтердi (улы химикаттарды)
                                   өндіру (формуляциялау) жөніндегі
                                   қызметті лицензиялау ережесіне
                                              N 1 қосымша

___________________________________________________________________
                  (лицензиялау органының толық атауы)

          (жеке тұлғаның толық фамилиясы, аты, әкесінің аты)

                              ӨТІНІШ

_________________________________________________________ аумағында
           (Қазақстан Республикасы немесе облыстың атауы)
__________________________________________________________ қызметті
                   (қызметтің түрі көрсетіледі)
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Жеке тұлға туралы мәлімет:
1. Туған жылы _____________________________________________________
2. Паспортының деректері __________________________________________
                             (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
3. Білімі _________________________________________________________
                  (диплом бойынша мамандығы, дипломның нөмірі,

                        оқу орнының атауы, аяқтау жылы)

4. Шаруашылық жүргізуші субъектіні тіркеу туралы куәлік (қажет
болған жағдайда) __________________________________________________
                        (куәліктің нөмірі, кім және қашан бергені)
5. Мекен-жайы _____________________________________________________
          (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
6. Жұмыс орны _____________________________________________________
7. Есеп шоты (егер болса) _________________________________________
                         (шот нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)
8. Қоса берілген құжаттар: ________________________________________

      ___________              ___________________________________
         (қолы)                         (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

      "____" 200 _ж.

      Өтініш қарауға 200__ жылғы "___"__________________ қабылданды

           (лицензиялау органының жауапты тұлғасының фамилиясы,
                            аты, әкесінің аты, қолы)

                                   Пестицидтердi (улы химикаттарды)
                                   өндіру (формуляциялау) жөніндегі
                                   қызметті лицензиялау ережесіне
                                              N 2 қосымша

___________________________________________________________________
                  (лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________________
                      (заңды тұлғаның толық атауы)

                              ӨТІНІШ

_________________________________________________________ аумағында
           (Қазақстан Республикасы немесе облыстың атауы)
__________________________________________________________ қызметті
                   (қызметтің түрі көрсетіледі)
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Ұйым туралы мәлімет:
1. Меншік нысаны __________________________________________________
2. Құрылған жылы __________________________________________________
3. Тіркеу туралы куәлік ___________________________________________
                               (нөмірі, кім және қашан берген)
4. Мекен-жайы _____________________________________________________
          (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
5. Есеп шоты (егер болса) _________________________________________
                         (шот нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)
6. Өкілдіктің филиалдары __________________________________________

                        (орналасқан жері, реквизиттері)
7. Қоса берілген құжаттар: ________________________________________

      Басшысы __________              ______________________________
               (қолы)                     (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

      "____" 200 _ж.

      Өтініш қарауға 200__ жылғы "___"__________________ қабылданды
___________________________________________________________________
            (лицензиялау органының жауапты тұлғасының фамилиясы,
                          аты, әкесінің аты, қолы)

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2005 жылғы 14 қазандағы   
N 596 бұйрығымен бекітілген 

Пестицидтердi (улы химикаттарды) сату
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы пестицидтердi (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) " Өсімдіктерді қорғау туралы " және " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген, пестицидтердi (улы химикаттарды) (бұдан әрі - пестицидтер) сату жөніндегі қызметті лицензиялау саласындағы заңнаманың қолданылуын регламенттейді және нақтылайды.

      2. Осы Ережеде сату ұғымының астарында өсімдіктерді қорғауда қолдану үшін жеке және заңды тұлғаларға пестицидтерді сату түсініледі.

2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары

      3. Пестицидтердi сату жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беруді облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы департаменттері және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің тиісті құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - Лицензиарлар) жүзеге асырады.
      Лицензия белгіленген үлгідегі бланкте қосымшасымен қоса беріледі. Қосымшада жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Лицензиаттар) сатуға құқы бар пестицидтер тізбесі көрсетіледі. Тиісті қосымшалары жоқ лицензия жарамсыз болып табылады.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 29 бұйрығымен .

      4. Пестицидтерді сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін Лицензиаттар Лицензиарға мына құжаттарды тапсырады:
      1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
      4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
      5) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар.

      5. Пестицидтерді сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленеді.

      6. Өтініш берушінің пестицидтерді сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар болып мыналар табылады:
      1) өндірістің орналасқан жеріндегі жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі орган берген, пестицидтерді сақтау үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариус растаған көшірмесі, қойма үй-жайларды жалға алған жағдайда - жалға алу шарттарының нотариус растаған көшірмесі;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары берген, пестицидтерді сақтайтын қойма үй-жайларына және тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарын берілген санитарлық паспорттардың нотариус растаған көшірмелері;
      3) өтініш беруші қол қойған, жеке қорғану құралдарының, өртке қарсы керек-жарақтың, күзет және өрт дабылының болуы туралы анықтама;
      4) сәйкес арнаулы білім (агрономдық) алуы туралы дипломдарының, біліктілікті көтеру туралы сертификаттардың, пестицидтерді өткізумен тікелей айналысатын барлық мамандардың, пестицидтерді өткізу жөніндегі практикалық жұмыс өтілін көрсету арқылы еңбек кітапшасынан үзінділердің көшірмесі;
      5) пестицидтерді сатумен тікелей айналысатын техникалық басшылардың, мамандардың денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сай өтініш беруші қол қойған міндетті медициналық тексеруден өтуі туралы анықтамасы;
      6) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласының және өртке қарсы қызмет мемлекеттік органдарының оң қорытындысы.

      7. Лицензияны беру туралы өтінішті қарау мерзімі осы Ереженің 4, 6-тармағында қарастырылған барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген күннен бастап есептеледі. Өтінім беру фактісі Лицензиар жүргізетін өтінімдерді арнайы тіркеу журналында белгіленеді.

      8. Лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді Лицензиар барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірмей, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күннен кешіктірмей қабылдайды.

      9. Жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда ол осы туралы бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса Лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

      10. Заңды тұлғаның атауы (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа, ұйымдастыру-құқықтық нысанның өзгеруі), мекен-жайы (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда ол бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті.

      11. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он күн ішінде Лицензиар лицензияны қайта рәсімдейді.

      12. Лицензияны қайта рәсімдегенде және көрсетілген құжат берілгенде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мөлшерде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді.

      13. Лицензия бір данада беріледі. Лицензия жоғалған кезде көшірме нұсқасын алуға лицензиаттың құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша Лицензиар он күн ішінде лицензияның көшірме нұсқасын береді. Бұл ретте Лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мөлшерінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейді.

3. Лицензия беруден бас тарту

      14. Лицензия беруден мына негіздемелер бойынша бас тартылуы мүмкін:
      1) субъектілердің осы санатына пестицидтерді сату бойынша қызметті жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен тыйым салынса;
      2) осы Ереженің 4, 6-тармақтарында көрсетілген барлық құжаттар берілмесе;
      3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;
      4) өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарға сай болмаса;
      5) өтініш берушіге қызметтің осы түрімен шұғылдануға соттың шешімімен тыйым салынса.

      15. Лицензия беруден бас тартылса өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде дәлелді жазбаша жауап беріледі.

      16. Өтініш беруші көрсетілген кемістіктерді жойғанда, өтініш жалпы негізде қаралады.

      17. Лицензия беруден бас тартуда өтініш беруші айлық мерзім ішінде сот тәртібімен шағымдана алады.

4. Лицензияны қайтарып алу және оның
күшін тоқтата тұру

      18. Егер басқа заңнамалық кесімдермен өзге жағдай көзделмесе, лицензияны сот тәртібімен мына жағдайларда кері қайтарып алу мүмкін:
      1) Лицензиат лицензияланған осы қызмет түріне қойылатын талаптарды орындамаса;
      2) Лицензиатқа лицензиясы бар қызмет түрімен шұғылдануына сот тыйым салса;
      3) Лицензиар лицензияның күшін тоқтатқан себептер жойылмаса;
      4) Лицензиат лицензия алу кезінде әдейі жалған мәліметтер берсе.

      19. Лицензиардың, күшін тоқтату себептерін көрсетіп, лицензияның күшін алты айға дейін мерзімге тоқтатып тұруға құқығы бар.

      20. Лицензияның күшін тоқтата тұру Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сотпен жүргізіледі.

      21. Лицензияның күшін тоқтата тұру себептері жойылған соң лицензияның күші қайта жаңғыртылады.

      22. Лицензияның күшін тоқтата тұру туралы шешімге Лицензиат сот тәртібімен шағымдануына құқығы бар. Сот шешімімен лицензияның күшін тоқтата тұру туралы шешім заңды деп танылса оны тоқтата тұру мерзімі Лицензиардың шешімі қабылданған күнінен бастап саналады.

                                 Пестицидтердi (улы химикаттарды)
                                сату жөніндегі қызметті лицензиялау
                                             ережесіне
                                            N 1 қосымша

___________________________________________________________________
                  (лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________________
          (жеке тұлғаның толық фамилиясы, аты, әкесінің аты)

                              ӨТІНІШ

_________________________________________________________ аумағында
           (Қазақстан Республикасы немесе облыстың атауы)
__________________________________________________________ қызметті
                   (қызметтің түрі көрсетіледі)
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Жеке тұлға туралы мәлімет:
1. Туған жылы _____________________________________________________
2. Паспортының деректері __________________________________________
                             (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
3. Білімі _________________________________________________________
                  (диплом бойынша мамандығы, дипломның нөмірі,
___________________________________________________________________
                        оқу орнының атауы, аяқтау жылы)

4. Шаруашылық жүргізуші субъектіні тіркеу туралы куәлік (қажет
болған жағдайда) __________________________________________________
                        (куәліктің нөмірі, кім және қашан бергені)
5. Мекен-жайы _____________________________________________________
          (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
6. Жұмыс орны _____________________________________________________
7. Есеп шоты (егер болса) _________________________________________
                         (шот нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)
8. Қоса берілген құжаттар: ________________________________________

      ___________              ___________________________________
         (қолы)                         (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

      "____" 200 _ж.

      Өтініш қарауға 200__ жылғы "___"__________________ қабылданды
___________________________________________________________________
           (лицензиялау органының жауапты тұлғасының фамилиясы,
                            аты, әкесінің аты, қолы)

                                  Пестицидтердi (улы химикаттарды)
                                сату жөніндегі қызметті лицензиялау
                                             ережесіне
                                            N 2 қосымша

___________________________________________________________________
                  (лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________________
                      (заңды тұлғаның толық атауы)

                              ӨТІНІШ

_________________________________________________________ аумағында
           (Қазақстан Республикасы немесе облыстың атауы)
__________________________________________________________ қызметті
                   (қызметтің түрі көрсетіледі)
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Ұйым туралы мәлімет:
1. Меншік нысаны __________________________________________________
2. Құрылған жылы __________________________________________________
3. Тіркеу туралы куәлік ___________________________________________
                               (нөмірі, кім және қашан берген)
4. Мекен-жайы _____________________________________________________
          (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
5. Есеп шоты (егер болса) _________________________________________
                         (шот нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)
6. Өкілдіктің филиалдары __________________________________________
___________________________________________________________________
                        (орналасқан жері, реквизиттері)
7. Қоса берілген құжаттар: ________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Басшысы ___________              _____________________________
               (қолы)                     (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

      "____" 200 _ж.

      Өтініш қарауға 200__ жылғы "___"__________________ қабылданды
___________________________________________________________________
            (лицензиялау органының жауапты тұлғасының фамилиясы,
                          аты, әкесінің аты, қолы)

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2005 жылғы 14 қазандағы   
N 596 бұйрығымен бекітілген 

Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі
қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) " Өсімдіктерді қорғау туралы " және " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген, пестицидтердi (улы химикаттарды) (бұдан әрі - пестицидтер) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау саласындағы заңнаманың қолданылуын регламенттейді және нақтылайды.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) аэрозольдік тәсіл - пестицидтерді аэрозольдік генераторларды пайдалана отырып аэрозольді бөлшектер (сұйықтықтың ұсақ тамшыларының немесе пестицидтердің қатты бөлшектерінің ауада қалқып тұрған) түрінде қолдану;
      2) фумигациялық тәсіл - ауыл шаруашылығы объектілерін (өсімдік текті өнімді, астықты және басқа карантинге жатқызылған өнімді өсіруші, дайындаушы, қоймалаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің, үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының қоймалық және өзге үй-жайларын, астық қабылдау орындарын, астық қоймаларын, жылыжайларын, топырақтарын) пестицидтердің буларымен немесе газдарымен түтіндету жолымен залалсыздандыру.

2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары

      3. Пестицидтердi аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беруді облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы департаменттері және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің тиісті құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - Лицензиарлар) жүзеге асырады.
      Лицензия белгіленген үлгідегі бланкте қосымшасымен қоса беріледі. Қосымшада бекітілген техникалық шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Лицензиаттар) қолдануға құқы бар пестицидтер тізбесі көрсетіледі. Тиісті қосымшалары жоқ лицензия жарамсыз болып табылады.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 29 бұйрығымен .

      4. Пестицидтерді қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін Лицензиаттар Лицензиарға мына құжаттарды тапсырады:
      1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
      4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
      5) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар.

      5. Пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленеді.

      6. Өтініш берушінің пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар болып мыналар табылады:
      1) өкілетті органдар берген аэрозольдік генераторларды тасымалдау үшін көлік құралының тіркелуі туралы куәліктің нотариус растаған көшірмесі және аккредитивтелген машина сынау станциялары берген химиялық өңдеулер қауіпсіздігі мен сапасы талаптарына аэрозольдік генераторлардың сәйкестігі туралы қорытындысының тұпнұсқасы, жалға алу жағдайында - жалға алу туралы шарттардың нотариус растаған көшірмелері (пестицидтерді аэрозольдік тәсілмен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін);
      2) жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі органдар берген фумиганттарды сақтау үшін қоймалық үй-жайларға құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары берген фумиганттарды алу және сақтауға, фумиганттарды тасымалдауға қолданылатын көлік құралдарына құқық беруші санитарлық паспорттың нотариус растаған көшірмесі, жалға алу жағдайында - жалға алу туралы шарттардың нотариус растаған көшірмелері (пестицидтерді фумигациялық тәсілмен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін);
      3) өтініш берушінің санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерінің талаптарына, экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік органдарының оң қорытындыларының түпнұсқалары;
      4) өтініш берушінің қолымен берілген қорғаудың жеке құралдары және өртке қарсы құрал-саймандары болуы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      5) пестицидтерді қолданумен тікелей айналысатын техникалық басшылардың, мамандардың денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сай өтініш беруші қол қойған міндетті медициналық тексеруден өтуі туралы анықтамасы;
      6) пестицидтерді қолданумен тікелей айналысатын барлық қызметкерлердің тиісті білім алуы туралы дипломдарының, біліктілігін арттыру туралы сертификаттарының, еңбек кітапшаларының пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі практикалық жұмысының өтілі көрсетілген үзінділерінің нотариус растаған көшірмелері.

      7. Лицензияны беру туралы өтінішті қарау мерзімі осы Ереженің 4, 6-тармағында қарастырылған барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген күннен бастап есептеледі. Өтінім беру фактісі Лицензиар жүргізетін өтінімдерді арнайы тіркеу журналында белгіленеді.

      8. Лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді Лицензиар барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірмей, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күннен кешіктірмей қабылдайды.

      9. Жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда ол осы туралы бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса Лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

      10. Заңды тұлғаның атауы (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа, ұйымдастыру-құқықтық нысанның өзгеруі), мекен-жайы (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда ол бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті.

      11. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он күн ішінде Лицензиар лицензияны қайта рәсімдейді.

      12. Лицензияны қайта рәсімдегенде және көрсетілген құжат берілгенде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мөлшерде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді.

      13. Лицензия бір данада беріледі. Лицензия жоғалған кезде көшірме нұсқасын алуға лицензиаттың құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша Лицензиар он күн ішінде лицензияның көшірме нұсқасын береді. Бұл ретте Лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мөлшерінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейді.

      14. Пестицидтерді қолдану жөніндегі қызметке лицензия мерзімі шектелмей беріледі. Бұл ретте аккредитивтелген машина сынау станциялары берген химиялық өңдеулер қауіпсіздігі мен сапасы талаптарына аэрозольдік генераторлардың сәйкестігі туралы қорытындысының түпнұсқасы жыл сайын беріледі (пестицидтерді аэрозольдік тәсілмен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін).

3. Лицензия беруден бас тарту

      15. Лицензия беруден мына негіздемелер бойынша бас тартылуы мүмкін:
      1) субъектілердің осы санатына пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен тыйым салынса;
      2) осы Ереженің 4, 6-тармақтарында көрсетілген барлық құжаттар берілмесе;
      3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;
      4) өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарға сай болмаса;
      5) өтініш берушіге қызметтің осы түрімен шұғылдануға соттың шешімімен тыйым салынса.

      16. Лицензия беруден бас тартылса өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде дәлелді жазбаша жауап беріледі.

      17. Өтініш беруші көрсетілген кемістіктерді жойғанда, өтініш жалпы негізде қаралады.

      18. Лицензия беруден бас тартуда өтініш беруші айлық мерзім ішінде сот тәртібімен шағымдана алады.

4. Лицензияны қайтарып алу және оның
күшін тоқтата тұру

      19. Егер басқа заңнамалық кесімдермен өзге жағдай көзделмесе, лицензияны сот тәртібімен мына жағдайларда кері қайтарып алу мүмкін:
      1) Лицензиат лицензияланған осы қызмет түріне қойылатын талаптарды орындамаса;
      2) Лицензиатқа лицензиясы бар қызмет түрімен шұғылдануына сот тыйым салса;
      3) Лицензиар лицензияның күшін тоқтатқан себептер жойылмаса;
      4) Лицензиат лицензия алу кезінде әдейі жалған мәліметтер берсе.

      20. Лицензиардың, күшін тоқтату себептерін көрсетіп, лицензияның күшін алты айға дейін мерзімге тоқтатып тұруға құқығы бар.

      21. Лицензияның күшін тоқтата тұру Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сотпен жүргізіледі.

      22. Лицензияның күшін тоқтата тұру себептері жойылған соң лицензияның күші қайта жаңғыртылады.

      23. Лицензияның күшін тоқтата тұру туралы шешімге Лицензиат сот тәртібімен шағымдануына құқығы бар. Сот шешімімен лицензияның күшін тоқтата тұру туралы шешім заңды деп танылса оны тоқтата тұру мерзімі Лицензиардың шешімі қабылданған күнінен бастап саналады.

                                   Пестицидтердi (улы химикаттарды)
                                      қолдану жөніндегі қызметті
                                         лицензиялау ережесіне
                                             N 1 қосымша

___________________________________________________________________
                  (лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________________
          (жеке тұлғаның толық фамилиясы, аты, әкесінің аты)

                              ӨТІНІШ

_________________________________________________________ аумағында
           (Қазақстан Республикасы немесе облыстың атауы)
__________________________________________________________ қызметті
                   (қызметтің түрі көрсетіледі)
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Жеке тұлға туралы мәлімет:
1. Туған жылы _____________________________________________________
2. Паспортының деректері __________________________________________
                             (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
3. Білімі _________________________________________________________
                  (диплом бойынша мамандығы, дипломның нөмірі,
___________________________________________________________________
                        оқу орнының атауы, аяқтау жылы)

4. Шаруашылық жүргізуші субъектіні тіркеу туралы куәлік (қажет
болған жағдайда) __________________________________________________
                        (куәліктің нөмірі, кім және қашан бергені)
5. Мекен-жайы _____________________________________________________
          (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
6. Жұмыс орны _____________________________________________________
7. Есеп шоты (егер болса) _________________________________________
                         (шот нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)
8. Қоса берілген құжаттар: ________________________________________

      ___________              ___________________________________
         (қолы)                         (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

      "____" 200 _ж.

      Өтініш қарауға 200__ жылғы "___"__________________ қабылданды
___________________________________________________________________
           (лицензиялау органының жауапты тұлғасының фамилиясы,
                            аты, әкесінің аты, қолы)

                                   Пестицидтердi (улы химикаттарды)
                                      қолдану жөніндегі қызметті
                                         лицензиялау ережесіне
                                             N 2 қосымша

___________________________________________________________________
                  (лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________________
                      (заңды тұлғаның толық атауы)

                              ӨТІНІШ

_________________________________________________________ аумағында
           (Қазақстан Республикасы немесе облыстың атауы)
__________________________________________________________ қызметті
                   (қызметтің түрі көрсетіледі)
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Ұйым туралы мәлімет:
1. Меншік нысаны __________________________________________________
2. Құрылған жылы __________________________________________________
3. Тіркеу туралы куәлік ___________________________________________
                               (нөмірі, кім және қашан берген)
4. Мекен-жайы _____________________________________________________
          (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
5. Есеп шоты (егер болса) _________________________________________
                         (шот нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)
6. Өкілдіктің филиалдары __________________________________________
___________________________________________________________________
                        (орналасқан жері, реквизиттері)
7. Қоса берілген құжаттар: ________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Басшысы ___________              _____________________________
               (қолы)                     (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

      "____" 200 _ж.

      Өтініш қарауға 200__ жылғы "___"__________________ қабылданды
___________________________________________________________________
            (лицензиялау органының жауапты тұлғасының фамилиясы,
                          аты, әкесінің аты, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады