"Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-І бұйрығына (1027-нөмірмен тіркелген) өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 52-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2721. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 17 ақпандағы N 84-І (V053507) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-І  бұйрығына  ("Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрінің 2001 жылғы 10 шілдедегі N 217-І бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2001 жылғы 8 тамызда 1618-нөмірмен тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 қаңтарда 1027-нөмірмен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану ережесінде:
      5-тармақтың екінші абзацында "Көрсетілген арнайы құжаттарынан басқа" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады